1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет82/98
Дата07.09.2022
өлшемі1,05 Mb.
#39174
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   98
3. Ерік сапалары
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан алуан.
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, 
ӛзін-ӛзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.); 
Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені 
ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда кӛрінетін ерік сапалары); 
Үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады 
(инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.). 
Тоқтамға келгіштік.
Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның қиын-қыстау 
кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. 
Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына 
салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін 
дұрыс бағалап, жоспарлай алады, ӛзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа 
пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, ӛзін тежей алу, 
қателерді кӛре білу - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер. 
Біреу тоқтамға келуде оншама кӛп қателікке жол бермейді, ал екінші 
біреу кӛптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, 
әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, 
алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, кӛбінесе, орындай алмайды. 
Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады. 
Батылдық. 
Мақсатты таңдау мен оған жету жолын аңықтаудың 
шапшаңдығы мен ақылға сайлылығынан кӛрінетін жеке адамның еріктік 
қасиеттері батылдық деп аталады. Әрекет мақсаттары мен оларға жету 
тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешімнің маңызын 
түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жӛнінде ӛзіне-ӛзі есеп беріп отырады. 


Бір қарағанда батыл адам мақсатты оңай және еркін таңдайтын тәрізді болып 
кӛрінеді. Бірак, шындығында олай болмайды. Батыл адам да күрделі, азапты 
ішкі тартысты, қарама-қарсы мотивтер қақтығысын, эмоциялық, тебіреністерді 
басынан кешіреді. Батылдық - жеке адам еркінің жоғары дәрежеде екендігін 
кӛрсететін қасиет. Батылдық қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында
айқын кӛрінеді. 
Табандылық. 
Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай 
бағыттап, бақылап отыру қабілетінен кӛрінетін жеке адамның еріктік қасиетін 
табандылық
деп атайды. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан 
мақсатқа жетуге кӛмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қиындықтан 
тайсалмайды, тап болған күдікке, тағылған кінәларға мойын ұсынып 
берілмейді. Ӛмірден біз табандылығы тӛменгі дәрежеде қалып қойғандай 
болып кӛрінетін адамдарды аз кездестірмейміз. Мұндай адамдар ақылды, тіпті 
талантты да болуы мүмкін, бірақ біршама күрделі жағдайда немесе алғашкы 
қиындықтармен кездескенде ӛз мінез-құлықтарын ұзақ уақыт бойы басқара 
білуге қабілетсіз болып шығады. Оларға пайда болған кедергі алынбас 
қамалдай болып кӛрінеді де сондықтан босқа күш жұмсағылары келмейді.
Бір қарағанда ерекше табанды сияқты болып кӛрінетін адамдар да 
кездеседі. Бірақ жақынырақ танысып кӛрсеңіз, олардың бар болғаны кәдімгі 
қиқар адамдар екеніне кӛзіңіз жетеді. Қиқар адам ӛз пікірін, ӛз дәлелдерін ғана 
мойындайды, бұл дәлелдері қате болса да, соларды басшылыққа алады.
Табанды адам алған бетінен қайтпай, кӛздеген мақсатына қайткен күнде 
де жетуді ойлайды.
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына 
шараларды жүзеге асырып отырады: 
1) Баланы жас кӛзінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан 
іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет; 
2) Оқушы дербес әрекет жасауға, ӛз бетімен қиыншылықтармен күресе 
білуге үйрету. Қажетті жерінде тәрбиешінің ӛзі ӛнеге кӛрсетіп отырса тіптен 
жақсы; 
3) Баланы ұжымдағы ортақ мүде үшін күресе білуге баулу, кӛпшілік 
алдындағы борышын, жауапкершілігін ӛтеуге жұмылдыру, оған берілген 
тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау - табандылыққа тәрбиелеудің 
басты жолдары. 
Ұстамдылық.
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, 
орынсыз сӛйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды 
адам әр кез терең ойланып, ағат істерге бара бермейді. Мұндай адам ӛзінің бар 
күш-жігерін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады.
Ұстамдылық, ӛзін-ӛзі меңгере алу - адамның тӛзімділік, шыдамдылық, 
батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай 
қасиеттердің арқасында ғана ӛзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, ӛзін 
қорқу сезіміне билетпей, кӛңілге алған ісін қажетінше істеп шығады.
Тәртіптілік пен жинақылық. 
Тәртіптілік дегеніміз адамның ӛз қимыл-
қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу 
қабілеті. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз 


болады. 
Кісінің 
тәртіптілігі 
оның 
жинақылығымен, 
іс-әрекетінің 
жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны 
мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртіптілігі мен жинақылығы оның 
қоғамдық әрекетімен қатар жеке ӛмірінде де ерекше маңыз алады. 
Оқушыларды тәртіптілік пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз олардың 
оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің ӛзіне тиісінше мән 
беріп отыруға үйрету қоғамдық істе де, жеке ӛмірде де қатаң тәртіп сақтау, 
ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сӛзбен айтқанда, осылардың 
барлығын олардың қанына "сіңіріп" отыру деген сӛз. 
Ерлік. 
Ерлік дегеніміз алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда 
ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана 
қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік - батылдық пен ұстамдылықтың, 
табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамның басында ойдағыдай 
тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам ӛзіне ӛлім қаупі тӛнсе де сасқалақтамайды, ӛз 
рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай кӛтереді, ӛз 
мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негізгі борышым деп есептейді. 
Ерлік кӛбінесе қоғамдық мәні бар істерде кӛрінеді. Сондықтан да ол адамның 
ӛз 
халқына, 
Отанына 
қалайша 
берілгендігін 
сипаттайтын 
негізгі 
кӛрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кір жуып, 
кіндік кескен жерін кӛздің қарашағындай сақтап, басқыншы жаудан асқан 
ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар кӛптеп кездеседі. Мәселен, 
Қарасай, Қобыланды, Қамбар, Сырым, Бӛгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Исатай, 
Махамбет, Амангелді, Бауыржан т. б. осылар секілді әр рухты, намысты қолдан 
бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батырлардың 
бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына үлкен ӛнеге.
Дербестілік.
Бұл ерік-жігері күшті адам, кім болса соның айтқанына жүре 
бермейді. Ол ӛзінше ойлайтын, ӛздігінен әрекет ететін кісі. Басқалардың 
айтқанын, істегенін қайталамай, соларға жай ілесе бермей, әр нәрсеге сын 
кӛзбен қарап, ӛз қатесін кезінде біліп, түзетіп отыратын адамның тамаша 
сипаты. 
Шыдамдылық.
Адам ӛзінің мақсатына жету үшін қиыншылықтардың 
кӛптігіне, не болмаса ӛзінің әрекетінің, жұмысының сәтсіз болуына қарамастан 
алға тұтқан мақсатын жүзеге асырам деген үмітін, ол еш уақытта бас тартып 
қайтпай, осы жолда кездесетін қиыншылықтардан қашпай шыдамдылық 
кӛрсетіп, қайткен күнде де мақсатына жетпей тынбауын айтамыз. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   98




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау