1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет7/98
Дата07.09.2022
өлшемі1,05 Mb.
#39174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98
 Зоологиялық психология
– жануарлардың психологиялық әрекеттерін 
қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін 
зерттейді. 
Салыстырмалы психология
– адамдар мен жануарлардың психикасының 
айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді.
Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен 
салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның 
қалыптасу жолын және оның туысынан ӛсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын 
қарастырады.
Педагогикалық психология
- оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін
яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім 
және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол 
оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, 
олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы
қарым-қатынастарды 
реттеудің 
түйінді 
мәселелерін 
қарастырады. 
Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бӛлінеді:
а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту 
мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын 
қалыптастыру сияқты ӛзге де мәселелерін зерттейді;
ә)тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие 
мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету 
педагогикасының 
психологиялық 
негіздеріне 
қатысты 
мәселелерді 
қарастырады. 
Медициналық психология
- дәрігер мен аурулардың арасындағы қарым-
қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің 
іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол 
мынадай бӛлімдерге бӛлінеді: психикалық кұбылыстардың мидың 
физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; 
адамның 
психикалық 
әрекетіне 
дәрілердің 
әсер 
етуін 
зерттейтін 
психофармақологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған 
шараларды жүзеге асыру саласын, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын 
психопрофилактика 
және 
гигиенадан; 
адамның 
психикалық 
ауытқушылықтарын 
зерттейтін 
патопсихологиядан; 
психикалық 
ауытқушылықтары бар адамдардың ӛзіндік психикалық ерекшеліктерін 
зерттеп, психотерапевтикалық кӛмек кӛрсететін клиникалық психологиядан.
Әскери психологиясы
– адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, 
әскери дәрежесі жоғарыларға сӛзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен,
әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың 
қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, 
әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т.б. 
мәселелерді зерттейді. Әскери психологияның маңызды міндеті- әскери оқу-
тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады. 


Спорт психологиясы
-
спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін 
зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. 
Спорт жетекшілері мен бағынушылардың ӛзара қарым-қатынасын, оларды 
даярлаудың 
жағдайын, 
құрал-жабдықтармен 
қамтамасыз 
етілуін, 
психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-
қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, ӛткізу мәселелерінің 
факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және 
моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Әрбір ел мен 
халықтың спорт ӛнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды 
жаттықтыру міндеттері анықталады. 
Даму психологиясы
-
әр адамның жасына байланысты психикалық даму 
заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, 
сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп 
талдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектер 
психологиясы, жасӛспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және 
қарттық психология салалары бар.
Ғарыш психологиясы – 
психологияның ең жас және жаңа саласы, ол 
адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің 
еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру 
тәсілдерін зерттеумен шұғылданады. 
Ӛнер психологиясы
– қызметтің ӛнер туындыларын жасауға бағытталған 
психологиялық компоненттерін қарастырады.Ӛнер психологиясының маңызды 
міндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық кӛркемдік және әдебиетке 
қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді.
Әлеуметтік психология- 
әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың 
ұжымдардың психикалық кӛріністерін (олардың кӛңіл – күйін, қоғамдық 
пікірін, еліктеуін т.б.) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы ӛзара 
қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым- 
қатынасын, дін психологиясының ӛзекті мәселелерін де зерттейді.
Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, 
корпорациялар, ұжымдар, ресми және биресми топтар арасындағы қатынастар, 
олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары 
қарастырылады. 
Басқару психологиясы 
– басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық 
мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-
тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс 
қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады. 
Сонымен, психология ғылымының ӛмірде араласпай отырған саласы жоқ 
деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде 
психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам 
бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сӛзбен 
айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   98




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау