Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет84/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Халық кәсіпшілігі мен қолөнердің дамуы.
2. Орта ғасырлардағы қазақ халқының кәсіпшілігі және оның түрлері.
3. Орта ғасырлардағы қазақ халқының қолөнерінің даму ерекшелігі. 
4. Қолөнердің түрлері.
§­4.­Қазақ­халқының­әлеуметтік­құрылымы
Қазақ қоғамы өзіне тән әлеуметтік қатынастардың күрделі даму үде-
рісінен өтті. Кеңестік дәуірдің тарихнамасында адамзат қоғамының дамуын 
қоғамдық-экономикалық формацияға «бес мүшелі» схемалық тұжырым-
дамада пайымдады. Оның негізгі нысанын, қоғам дамуының кезеңдерін 
тек өндіріс әдісі мен өндірістік қатынастар бойынша ғана анықталатын 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
255
фор мациялық шеңбер құрады. Бұл кезеңнің зерттеулерінде қоғамдық-эко-
номикалық формацияда материалдық примат қоғамның руханилығынан 
үстем қарастырылды. Қоғамның дамуындағы қоғамдық сана, мәдениет, идео-
логия тыс қалып отырды. Рухани өмірдің динамикасы тарихи прогрестің 
негізгі факторы ретінде ескерілмеді. Қазақ қоғамының дамуы капита-
лизмге дейінгі біртұтас қоғамдық-экономикалық формациядан өткендігі 
қабылданып, қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани даму 
ерекшелігі ескерілмей қалды. Қазақ қоғамын зерттеуге арналған еңбектерде, 
таптық қанау, тап арасындағы күрес формасы терең қарастырылды. Со-
нымен қатар қазақ қоғамындағы әлеуметтік жіктеліс мәселесі әлеуметтік 
топтың экономикалық мүддесі тұрғысынан анықтау орын алды. Бұл жағ-
дайда дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымның саяси және ру-
хани жағынан атқарған тарихи қызметін қарастыру мүмкін болмады.
Тарих ғылымындағы соңғы кезеңдердегі зерттеулердегі басымдылық 
танытқан тұжырымдар адамзат тарихының дамуын «бес мүшелі» схема 
бойынша анықтау жеткіліксіз болатындығын көрсетті. Мұнда өркениетті 
халықтардың мәдениетін, шаруашылық тәжірибесін, саяси құрылыс нысан-
дарын, идеологиясын қабылдай отырып, көптеген халықтардың тұтас даму 
сатыларына соқпай өтетіні анықталды. Осыған орай қазақ қоғамының даму 
үдерісінде көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдардың өркениеттілік 
ерекшеліктері және қазақ қоғамының өркениеттілік ерекшеліктерін тал-
дау қажеттілігі туындады. Қазақ қоғамын зерттеудегі бағыттардың бірі – 
«көшпелі қоғам» жағдайындағы қоғамдық құрылым, әдет-ғұрып жүйесін 
зерттеу. Қазақ қоғамын номадизмнің қоғамдық қатынастары тарапынан 
зерттеу өзінің ағысын тапты. Осыған орай, «номадизм» аясында қоғамның 
мәдени-тарихи дамуын зерттеудің бағыттары қалыптасты. Көшпеліліктің 
қалыптасуының бастапқы факторлары және оның өзіндік қоғамдық даму 
ерекшелігі жөніндегі ізденістер жүргізілді. Номадизмнің шығуы және 
оның дамуы арқылы көшпелі қоғам өміріне табиғи-климаттық жағдайдың 
әсері және әлеуметтік-экономикалық фактордың ықпалының зерттелуі 
тарихшылардың тарапынан тыс қалған жоқ. Тарихнамада көшпелілікке өту 
үдерісі кездейсоқтық емес деп қорытынды жасалынды. Сонымен қатар мал 
шаруашылығымен айналысып жүрген тайпалардың дәстүрлі шаруашылық 
типіне өтуі және оның сапалы деңгейге көтерілуінің себептерін ашатын 
пікірлер қалыптасты. Номадизмге жартылай отырықшы малшылар мал басы 
санын өсіру, жайылымды кеңейту мақсатында өткізді деген пікір білдірсе, 
тағы бір зерттеушілер бұл үдерістегі шешуші қызмет атқарған климаттық 
өзгерістер болғандығына тоқталады. Номадизмнің қалыптасуындағы та-
биғи ортаның әсеріне Л.Н. Гумилевтің еңбектерінде жан-жақты талдау жа-
салынды. Сонымен қатар номадизмнің пайда болуына алғашқы қауымдық 
қатынастардан ыдыраған көшпелілерге оңтүстігіндегі отырықшы мемлекет-
тердің саяси және экономикалық қысымы болғандығы туралы пікірді 
А.М. Хазанов өзінің зерттеуінде ұсынған болатын. Көшпелілердің өзінің 
мемлекеттілігіне жетуде отырықшы өркениеттің алатын орны ерекше, бірақ 
көшпелі қоғамның өз ішіндегі саяси институттардың қалыптасуына деген 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
256
мұқтаждығына баса назар аудару қажет. Номадизм қоғамдық қатынастардың 
өзгеше бір ағымын қалыптастырған болатын. Оның басты бір тірегі – ру-
лық қатынас. Кеңес тарихнамасында рулық қатынастың болуы қазақ дала - 
сындағы мемлекеттік деңгейге өздігімен жете алмайтын қауымдық қаты-
нас тағы тайпалардың өмір сүрді деген қорытындылар жасалынды. Көш - 
пелі тұрмыста мал шаруашылығымен айналысатын тайпалардың сана-сезі-
мінде әскери қоғамдық қатынастардың сақталуы – олардың көшпелілікпен 
айналысуының бастауы болды деген сияқты тұжырымдар да болды.
Г.Е. Марков мал шаруашылығымен және бақташылықпен айналысатын ха - 
лықтардың номадизмге өтуіне ықпал еткен ауқымды факторлар жиын ты - 
ғын климаттық, антропогендік, әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени не-
гіздер құрайтындығын көрсетті. Көшпелі қазақ қоғамының құрылымында 
көшпелі тұрмыстың маңызды орын алатындығы рас. Көшпелі тұрмыс қазақ 
қоғамының саяси құрылысына, әлеуметтік құрылымына, дүниетанымына, 
мәдениетіне өз әсерін тигізді. Көшпелі қоғамның дамуы, таптық деңгейі, 
әлеуметтік-экономикалық құрылымы және өз мемлекетін құруға қабілет-
тілігі жөніндегі мәселелер Кеңестік дәуірдегі зерттеулерде жиі талқыланып 
отырды. Көшпелі қазақ қоғамына қатысты зерттеулерде екі бағыттағы 
тұжырым қалыптасты. Бірінші бағыт көшпелі қоғамның таптарға бөлін-
ген дігін, әлеуметтік жіктелу болғандығын және оның мемлекетті құрудағы 
мүмкіндігін ашып көрсетті. Екінші бағыт көшпелі қоғам таптық қоғамға 
дейінгі деңгейде болды деген пікір білдірді. Бірінші көзқарасты қолдаушылар 
қазақ қоғамындағы малға немесе жерге қатысты меншік түрінің болуы 
әлеуметтік дифференциацияны қалыптастырды деген ұйғарымдар жаса-
ды. Қазақ қоғамында малға қатысты меншік түрінің болғандығын және 
көшпеліні қанап меншіктеу негізінде жүзеге асқандығын С.Е. Толыбе-
ков және В.Ф. Шахматов зерттеулерінде, жерге қатысты меншік түрінің 
болғандығын Б.Я. Владимирцов, М.П. Вяткин, Н.Г. Аполлова, К.А. Пи-
щулина, Т. Сұлтанов қарастырған болатын. Мұнда қазақ қоғамында жер 
– өндіріс шарты ғана емес, өндіріс құрал-жабдығы болып табылады деп 
санады. Дағдылы құқық нормаларына байланысты жерді (жайылымдарды) 
пайдаланудың қауымдық нысаны сақталған жағдайда, малдың ірі меншік 
иелері көшіп-қонатын жерлеріне билік етті, іс жүзінде ең жақсы жайылым-
дарды иеленді, қанау малды меншіктену ғана емес, жерге меншік негізінде 
де жүзеге асырылды. К.А. Пищулина көшпелілер арасындағы әлеуметтік 
жіктеліс, отырықшы халықтардың әлеуметтік дамуындағыдай заңдылық 
болды деген қорытынды жасады. Осы бағыттағы көзқарасты қолдаушылар 
көшпелі тайпалар мен халықтар адамзаттың тарихи дамуының жалпы ар-
насында жүріп өтіп, өз даму эволюциясында таптық қатынастарға жетті 
деген тұжырым қабылдады. Қазақ қоғамының формациялық деңгейі
пат риархаттық-феодалдық қоғам болды деген баға орнығып қалыптасты. 
Екінші бағыттағы зерттеулердің тұжырымдамасы бойынша көшпелілер 
ертедегі таптық қоғам немесе дамымаған қатынастар деңгейінде анықталды. 
Сонымен қатар көшпелілерде әлеуметтік құрылымдар жетілмеген, таптық 
тартыстың формасы болмады, жеке шаруашылық түрінде ыдырай бастады 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
257
деп көрсетілді. Көшпелілер мемлекеттік деңгейге өз бетінше жете алмайды, 
бұл оларда отырықшы шаруашылықты өңірлерді жаулап алу арқылы және 
осылардың тәуелділігінің нәтижесінде қалыптасуының мүмкін екендігін 
ұсынды. 
Номадизмді зерттеушілер арасында көшпелі қоғамды дәріптеушілер 
немесе оның артта қалушылығын білдіретін пікірлер пайда болды. Көшпелі 
мәдениеттің отырықшы мәдениетсіз өмір сүруі мүмкін емес деп, кейбір 
жағдайда екеуін бір-біріне қарсы қою зерттеулерде орын алды. 
Қазақ қоғамына көшпелі қоғам тұрғысынан қарау жеткіліксіз. Себебі 
қазақ қоғамы өзінің даму үдерісінде көшпелі және отырықшы мәдениеттің 
ортақ ұштасуының нәтижесі болды. Өркениет зерттеушілерінің бір тобы 
Еуразия даласындағы көшпенділердің тарихи даму үдерісін бөліп алып 
қарауға болмайтындығын ескертеді. Өйткені ол көшпенділер, біріншіден, 
басқа көршілес қауымдармен ара қатынаста болды, ал ол қауымдар болса 
отырықшы-егіншілер, қала мәдениеті дамыған өлкелерде тұрды. Екіншіден, 
көшпенділердің өз ішінде жартылай отырықшы малшылар тобы болды. 
Үшіншіден, көшпенділіктен отырықшылыққа көшу, қалалық мәдениетпен 
ұштасу, түйісу тенденциясы тарихта орын алды. Таза көшпенділік Еуразия-
ның сайын даласында болған емес, қала мен дала одағы, отырықшылық 
пен көшпенділік өзара ұштасып, бір-біріне кірігіп, байланысып жатты. 
Сондықтан да Еуразия сахарасында таза көшпенділер өркениеті емес дала 
мен қала мәдениеті ұштасқан Дала өркениеті дамыды. Дала өркениетінің 
жоғары деңгейдегі өзіндік дамуы, әлеуметтік-саяси құрылымы, рухани 
әлемі, экономикалық негіздері дәстүрлі қазақ қоғамын қалыптастырды. 
Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымын 
өркениеттілік тұрғысынан пайымдау зерттеулерде орын алып отыр. Қазақ 
қоғамының әлеуметтік құрылымын саяси белсенділігі, биліктегі құқықтары 
арқылы анықтау қажеттілігінің дұрыстығы зерттеулерде көтерілді. Кеңестік 
дәуірде орныққан қоғамдық қатынастарда жеке меншіктің болуы, қарама-
қарсы екі тап арасындағы қайшылықтарды қоғам дамуының анықтамасы 
ретінде қарастыру бәсеңдеді. Қоғамның дамуын формациялық шеңберде 
қарастыруда қоғамның саяси дамуы, мемлекеттік нысандары, мәдениеті, 
діні, идеологиясы сияқты өркениет ұғымына кіретін жақтары ескерусіз 
қалып отыратындығына көңіл бөлді. Дәстүрлі қазақ қоғамын құрайтын 
инс титуттардың қызметін «өркениеттілік» тұрғысынан теориялық зерттеу 
тарихшылар тарапынан жүргізілуде.
Өркениет – мәдени тип, ол ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі, тұйық, 
ағысы жоқ жерде эволюциялық даму емес, борсу бар, іру бар, шіру бар, 
бір орнынан қозғалмай, тыпырлау бар. Қалай болғанда, өркениет дегеніміз 
– эволюциялық белгілі бір дәрежеде этностар мен мемлекеттердің аралас-
құралас қана емес, тарихи және мәдени біртектілік болмысының автономды 
дамуы болса керек. Қазақ қоғамын Дала өркениетінің тұрғысында пайымдау 
арқылы оның әлемдік дамуға қосқан үлесін М.Қ. Қозыбаев жіктеп, зерттеді. 
Олай болса, қазақ қоғамының ерекшелігін осы өркениеттің тұтастық не - 
гізінде талдауға болады. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын өрке-


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
258
ниеттілік тұрғысын-да зерттеу қағидасы бойынша ізденіс жүргізген
А.И. Оразбаеваның дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер институтына 
арналған еңбегінде берілген төмендегі тұжырымның маңыздылығы ерек-
ше: «Сонымен, көшпелі қоғамның шаруашылық-экономикалық және сая-
си ерекшелігі айналып келгенде, бір ғана өркениеттілік факторға – көлбеу 
(горизонталды) қарым-қатынастарға негізделген әлеуметтік байланыстарға 
тәуелді десе болады. Көлбеу әлеуметтік қарым-қатынастар экономикалық 
мүдделікке негізделген таптық жіктелісті жоққа шығарады. Нақты таптық 
жіктелістің болмауы өз кезегінде қоғамдық іс-әрекет атаулының барлығы 
экономикалық немесе саяси ғана емес, сол сияқты әлеуметтік және мәдени 
қажет-тіліктерге негізделуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан келгенде, 
тарихилық қағидасының өзі тарихи болмыстың тек материалдық қыры ғана 
емес, рухани мәнін де айқындайтыны ақиқат. Ендеше, ұлттық тарихымыз-
ды талдау, саралау барысында зерттеудің негізгі нысаны ретінде қандай да 
бір жалаң, абстрактілі өндіріс тәсілін емес, қоғамдық дамудың әлеуметтік-
мәдени қырынан келгендегі ұдайы өндірісін қарастыру тиімдірек сияқты», 
– деп қорытынды жасады.
Әлем тарихын бір сызықты үрдіс тұрғысынан қарау мүмкін емес. 
Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда және тарихта адамзат қоғамының пайда бо-
луын және оның дамуын, ыдырауын түрлі бағытта түсіндіретін төрт ұғым 
қалыптасқан. Біріншісі – бір-бағытты даму ұғымы немесе эволюциялық. 
Мұнда адамзат қоғамы өзінің ұзақ даму жолында кіші қарапайым аңшылар 
тобынан қазіргі әлемдік постиндустриалды қоғамға дейін жеткендігі ту-
ралы тұжырым жасалынады. Екіншісі – өркениет ұғымы. Бұл ұғымды 
ұстанушылардың пікірі бойынша бірыңғай әлемдік тарих жоқ. Өркениет 
тірі организм сияқты пайда болып, өмір сүріп, жойылады. Мәдениеттің 
ұйысқан жандануы өркениет болып саналады. Осы екі полюс аралығындағы 
орынды әлемдік-жүйелік тәсіл және көпбағытты эволюция ұғымы алады. 
Әлемдік-жүйелік тәсіл қоғамның дамуын бірбағытты ұғым сияқты үш 
қоғамдық модельге бөледі: кіші жүйелер, империя әлемі, экономика әлемі. 
Бірақ ол уақытқа сәйкес емес кеңістік бойынша қарастырылады. Қазіргі 
көпбағытты ұғым саяси ұйым құрылуының және өзгеруінің бірнеше жо-
лын ұсынады. Мұнда бірнеше бағыттар оның ішінде күрделі қатынастың, 
яғни көсемдіктен ұлттық мемлекетке дейін жетуін, келесісі ешқандай бю-
рократтық әкімшіліксіз суперкүрделі қауым, үшіншісі экологиялық жағдайға 
сәйкес тайпалық жүйенің сақталуына қатысты тұжырымдар жасалынады. 
Көшпелі қоғамның әлеуметтік құрылымын біз әлемдік тарихи үдерістің 
шеңберінде көпбағытты ұғым құрамында қарау арқылы мүмкіндік аламыз.
Бұл әлеуметтік жүйенің қалыптастыру факторы ретінде табиғи-гео-
графиялық жағдай және әлеуметтік қатынастардың бағыттары, осыған орай 
қалыптасқан бірігу мақсатымен тікелей байланысты. Әлеуметтік ұйымның 
қалыптасуын кеңес тарихнамасында маркстік теорияға негізделген өнді-
ріс тік қатынастар, шаруашылықтағы ортақтық алғашқы әлеуметтік ұйым - 
дардың қалыптасуына ықпал жасады деп пайымдайды. Әлеуметтік жүйе нің 
қалыптасуында, ең алдымен, адамдар арасындағы қатынастардың күрде-


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
259
ленуіне қандай жағдай ықпал жасады, материалдық өндірістің ықпалынан 
немесе қоғамдағы адамдардың арақатынасының күрделі және сұранысты 
баспалдаққа көтерілуіне ықпал жасағандығын қарастыру қажет. 
Қазақ қоғамының дамуы оның әлеуметтік-экономикалық қатынаста-
рынан емес, қоғамның саяси құрылымы, билік тетіктерінің ұйымдастырылуы 
және мәдени қажеттіліктердің құрылымы тұрғысынан ерекшеленді. Қазақ 
қоғамындағы нақты таптық жіктелістің болмауы, өз кезегінде қоғамдық 
іс-әрекет атаулының барлығы әлеуметтік-экономикалық немесе саяси ғана
емес, әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерден келіп туындауын қамта-
масыз ететіндігін көрсетеді. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау