Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет87/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Бақылау­сұрақтары:
1. Қазақ қоғамындағы меншік, салық, міндеткерлік, борыш мәселесіне қа-
тысты көзқарастарға талдау жасаңыз.


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
272
2. Қала халқына салынатын салық түрінің ерекшелігін көрсетіңіз. 
3. Мал жеке-отбасылық меншік ретінде қарастырылуын сипаттаңыз.
4. Салықтың түрлерін саралап беріңіз.
§­7.­Сауда,­айырбас­және­ақша­айналымы
Кез келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының 
бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерт-
тейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады. Онда
тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) 
арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретін-
де ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды, оның негізін салушы – Вена 
нумизматигі И.Х. Эккель болды.
Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құ-
нын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, 
тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.
Ақша тауар өндірісі мен айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде сти-
хиялы жолмен пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек 
өніміне тікелей айырбасталды. Айырбастың өзі ерте заманда шықты, әуелгі 
кезде ол кездейсоқ сипатта болды. Мұнда бір еңбек екінші түрдегі еңбек 
өніміне тікелей айырбасталды.
Нумизматикалық материалдардың негізінде Қазақстан террито риясын-
дағы ортағасырлардағы халықаралық сауда мен қалалар арасындағы сауда 
қатынастары туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Әсіресе Отырар 
мен Түркістаннан табылған ақшалардың құндылығы жоғары. 1986 ж. Оты-
рар қалашығындағы қазба жұмыстарының нәтижесінде 3000 жететін теңге 
табылды. Бұл мыс теңгелер Ясы, Сауран, Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Ан-
диган ақша сарайларында соғылған. Олардың негізгі бөлігі Ясы мен Сауран 
қалаларында шығарылған екен.
ХVІІ ғасырға жататын 118 күміс теңге 1972-1973 ж. Отырардан табылды. 
Олар Ташкент, Ясы қалаларынан шығарылды. Бұл ақшалардың бір жағында 
аңның суреті, екінші жағында құстың суреті салынған. Кейбіреуінде тек бір 
жағында ғана аңның суреті бар, ал екінші жағы теп-тегіс болып келген. Бұл 
ақшалардың арасында ешбір суреті жоқтары да болды. 
1976-1977 ж. Отырардағы қазба жұмыстарының нәтижесінде орыстың 
30 бақыр тиіні табылды. Онда Алексей Михайлович патшаның аты ойылған 
және тиінде 1655-1663 ж. жатады. Ондай ақшалар Ясы мен Сауран, басқа 
да Сыр бойындағы қалалардан табылды. Бұл ақшалардың табылуы, орыс 
елімен сауда-саттық байланыстың дамығандығының белгісі екендігі анық. 
Халықаралық сауданың және қалалар мен өңірдің арасындағы, жекеле-
ген Сырдария қалаларынын арасындағы сауданың мөлшері туралы, негізі-
нен, Отырарды, Түркістанды, Сауранды қазу жұмыстарынан алынған нумиз-
матикалық материал бойынша білуге болады. Отырардан мыс теңгелердің 
көптеген олжалары шықты, оларды екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне Ясы
(Түркістан) мен Ташкентте соғылғандары жатады. Екінші топ Орта Азия 
қалаларының (Бұхара, Самарқан және басқалар) теңгелерін қамтиды. Ясы


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
273
мен Ташкент ақша сарайлары көрсетілген мыс теңгелер типологиясы жағы-
нан біртектес кешен болып табылады және Түркістан мен Отырардан та-
был ған теңге көмбелерінің негізін құрайды. Қала жұрттарында мұндай тең-
гелердің жекелеген олжалары да аз емес. Оларда билеушілердің есімдері 
мен соғылған жылдары көрсетілмеген. Алайда
­
синхронды археологиялық 
материалды ескергенде, теңгелер XVI-XVII ғасырларда айналыста жүрген 
деп санауға болады. Ұсақ мыс тиындардың да Түркістан ақша сарайының 
өнімі болуы мүмкін. Оларда жазбалардың орнына керамика ыдыста бейне-
ленген таңбаларға ұқсайтын әр түрлі белгілердің салынуы жиі кездеседі. 
Ясы каласында II Абдаллахтың әкесі (1560-1583 ж.) Ескендір ханның атынан 
күміс теңге шығарылған. Осы ханның екі теңгесі Раң қаласының жұртынан 
табылды. Олжаларда мезгілі XVI ғасыр деп белгіленетін мыстан соғылған 
теңгелердің мүлдем көп болуы сол кезеңде Отырардың қалалык базарында 
мыс негізгі рөл аткарған деп санаймыз. Сол кездегі бүкіл Орта Азияға осын-
дай жағдай тән. XVI-XVII ғасырлар кезеңіндегі мыс теңгелердің айналы-
мы туралы мәселе нумизматикада аз зерттелген мәселе болып отыр. Соңғы 
орта ғасырлардағы мыс теңгелердің басым бөлігінде айқын белгілер жоқ. 
Отырардағы төрт көмбенің мыс теңгелері негізінен Ташкентте, Ясыда және 
беймәлім жерде соғылған болып табылатын үш топқа бөлінеді; мыс дайын-
дамаларда штемпель іздері жоқ, оларды ақша айналысының тең құқықты 
құралы деп санауға болады. 
Ең көп тобын анэпиграфтық теңгелер құрайды. Олардың бір жағында 
аң екінші жағында құс бейнеленген, аң бейнеленген кейбір теңгелердің 
екінші жағы тегіс. Ташкент облысының аумағынан табылған материалдар-
да осылай соғылған теңгелер бар. Аталған теңге үлгілерінің кейбіреулерін 
қазақ хандары Ташкентте және Түркістанда соққызған деп санауға әбден 
болады. Мыс көмбелердің мерзімін анықтауға олардың біреуінде Алексей 
Михайлович патшаның есімі бар, 1655-1663 жылдары соғылған отыз орыс 
тиынының болуы негіз береді.
Қалалардың аты қойылмай соғылуында іс жүзінде әлдебір саяси және 
фискалдық мақсаттар көзделмеген, қалалар өмірінде рөл атқарған нарықтық 
сауданы қамтамасыз етуге ғана арналған.
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы транзиттік сауда Орта Азияның көптеген 
елдерімен және Ресеймен сауда-саттық қатынасын орнатады.
XV ғасырдың екінші жартысы-XVII ғасырдағы халықаралық саудада 
Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей
сауда қатынастарының жолға қойылуы байқалады. Ресеймен сауда эконо-
миканың дамуында манызды факторға айналды. XVI ғасырдын 90-жыл-
дарына қарай Ресей қазақ хандықтарымен саяси байланыстар орнатуға 
әрекет жасайды. Ресей мен Орта Азияның Қазақстан арқылы сауда және 
дипломатиялық қатынастары XVII-XVІII ғасырларда жанданды.
Орыс мемлекетінің Қазақстанмен берік байланыс жасауы Орта Азия мен 
шығыс елдеріне әрі төте, әрі қауіпсіз жол ашты. Мұның өзі Россияның Қазақ 
хан дығымен де тікелей екіжаққа тиімді сауда жүргізуіне қолайлы жағдай 
туғызды. Мәселен, 1574 жылы орыс патшасы ІV Иван Кама бойының біраз 
жерлерін биле ген Строгоновтар дейтін ірі феодалдарына қазақтар мен емін-
еркін сауда жасауға грамота қағаз береді. Бұл құжаттың мәліметтеріне қарағанда 


ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
274
қазақ саудасының ба сты саласы жылқы болған. Строгоновтарға берілген гра-
мота қағазда Қазақ жері нен, Бұқарадан келген саудагерлермен олардың баж 
салығынсыз сауда жасалуына патшаның ризалығымен рұқсаты берілген. 
Орыс мемлекеті Орта Азиядан мақта-мата, мақта, жібек шикізатын, асыл 
та стар, Шығыс қаруын алды. Қытай тауарлары Ресейге Орта Азия арқылы 
түсіп отырды. Қазақстан мен Орта Азияға Ресейден шұға, атлас, айна, аң 
терілері, күміс, жылы киім әкелінді.
Сауда керуендері – Созақ, Қарашоқ, Түркістан қалалары арқылы өтті. Жаз-
ба деректер Сығанақты Дешті Қыпшақтың сауда аймағы болды деп бостан-
босқа айтпаса керек. Отырар, Түркістан, Сауран қалаларының ескі орнынан 
ХVІ-ХVІІ
­
ғ. қытай фарфорлары мен ресейлік мыс теңгелер табылды. 
Ясы мен Ташкент ақша сарайларында жасалғандығы көрсетілген бақыр 
ақшалар біртекті типологиялық жинақ құрып, Түркістан мен Отырардағы 
ақша қазынасының негізін қалайды. 
Түркістан ақша сарайының өнімдеріне майда мыс теңгелер де жатқы-
зылуы ықтимал. Оларда көбінесе жазулар орнына, керамикалық ыдыстарда 
бейнеленгендей таңбалар шекілген. 
Ортағасырлардағы Қазақстан халқы көршілес Орта Азияның оты рық-
шы-егінші халықтармен бейбіт қарым-қатынастар орнатты. Тату көршілік 
қатынастар бейбіт сауда-экономикалық байланыстар арқылы жасалды. Ал 
сауда байланыстарының дамуы көрші елдермен қатынастарды нығайтып, 
экономиканың дамуына ықпал жасады. Шығыс авторлардың деректерінде 
қазақтар мен көрші елдер арасындағы сауда тоқтаусыз соғыс пен ауыр 
жылдары да жалғасқандығы және соғыстың сауданың дамуына кері әсер 
ететіндігі туралы мәліметтер кездеседі. 
Көрші халықтардың экономикалық құрылымының мазмұны мен ерек ше - 
ліктері олардың бір-бірімен тығыз араласуын қажет етті. Көшпелі қазақтар, кө - 
бінесе, қалалық қолөнер кәсіпшілігінің бұйымдарымен және отырықшы ша-
руалардың еңбегінің өнімдерімен жабдықтауды қажет етті, өз кезегінде олар ар-
тық малы мен мал шаруашылығында өндірілген өнімдерін өткізуге мұқтаж болды.
Қазақстан мен Орта Азияның көршілес аймақтар халықтарының ша-
руа шылық, сауда байланыстары өзара мүдделікке негізделген дағдылы 
құбылыс еді. Көшпелілер мен Орта Азияның отырықшы халықтарының
сауда орталықтары Сыр бойының қалалары еді. Олар: Яссы (Түркістан), 
Отырар, Сығанақ, Сауран, Аркук, Үзгент және т.б. еді.
Сауда керуендері Қазақстанның Созақ, Қарашоқ, Түркістан қалалары 
арқылы жүріп өтетін еді. Рузбихан Исфахани Сығанақты Дешті Қыпшақтың 
сауда айлағы деп атайды. Сығанақты суреттей келіп, ол былай деп хабарлай-
ды: бұл елге «... Дешті жағынан, Хажы Тарханнан көптеген игіліктер, семіз 
қойлар және аң терісінен, киш пен тиннен, яғни бұлғын мен тиін терісінен 
тігілген тондар, берік садақтар, ақ кайыңнан жасалган жебелер, жібек маталар 
сияқ ты басқа да бағалы тауарлар және өзге де асыл бұйымдар жеткізіледі... 
Түркістан, Мауараннахр аймақтарының және Шығыстың көпестері Қашғар, 
Хотан шегінен Сығанаққа сол елдердің тауарларын әкеліп, Дешті адамда-
рымен сауда мәмілелерін және айырбас жасайды». «Ясы қаласына, – деп 
атап өтеді сол автор, – тауарлар мен қымбат бағалы бұйымдар әкеліп, сол 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
275
жерде сауда жасалады, ол (қала) көпестердің теңдерін шешетін жері және 
саяхатшылардың топтанып, елдерге аттанатын жері бо лып табылады».
Шығыс деректерінің мәліметтерін археологиялық олжалар растайды.
Отырар, Түркістан, Сайрам қалаларының жұрттарынан XVI-XVII ғасырлар-
дағы қытай селадоны мен фарфоры та былды.
Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының отырықшы тұр-
ғындары көшпелілермен сауда жүргізген. Даладан мал, тері, жүн, дайын
бұйымдар әкелінген. Мәсе лен, Сейфидің 1582 жылы жазылған шығарма-
сында қазақтардың сауда-
сы туралы қызықты хабар 
бар. Ол былай деп жазады: 
«Оларда қой, жылқы мен 
түйе көп... Олардың шапан-
дары қой терісінен тігілген, 
олар түрлі түске боялып, 
атласқа ұқсас болады, олар-
ды Бұхараға әкеліп, атла-
стан тігілген шапандардың 
бағасымен сатады, олар сондай сәнді әрі әдемі». Сырдария қалаларынан 
далаға астық, қала қолонерінің өнімдері, мата апарылды.
Сауда-экономикалық байланыстың екі жакка да зор маңызы болды,
сондықтан қазақтардың күш-қуатын әлсіреткісі келген Шайбанидің қа-
зақтардың қалаларда сауда жасауына тыйым салуға тырысқаны кездейсоқ 
емес. Қазақтардың қалалармен сауда байланысының тұрақтылығын қам-
тамасыз етуге ұмтылуы қазақ және өзбек хандарының күресін туғызған 
себептердің бірі болды.
Қалалар төңіректегі егінші және көшпелі халықты қажетті тауарлар-
мен базар арқылы жабдықтап отырды. Дүкен-дүңгіршек, әдетте, қолөнер-
шілердің иелігінде еді және ол екінің бірінде, әрі шеберхана, әрі сауда 
жа сайтын орын болды. Хиуа хаңдары мұрағатының құжаттары арасында
«тейджай» – базардағы орын үшін баж төлеген қолөнершілер тізіп кел-
тірілген. Атап өтілгеніндей, қалаларда қолөнер бұйымдарының алыпсатар-
лар тобы – «вафуруш» болған. Олардың арасында бұйымдарды сатып алу 
түрлері бойынша мамандану байқалды. Түркістан қаласында дүкендер 
бол ғанын Ахмет Яссауи кесенесінің вақфтарына қатысы бар жазбаша құ-
жаттардың мәліметтері растайды. Отырарда қазба жұмыстары кезінде көше 
жакка қаратылып салынған сауда дүңгіршектері анықталды.

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау