Бақылаусұрақтары:
1. ХV-ХVІІІ ғ. Қазақстан территориясындағы қалалар мен елдімекендердің та-
рихы.
2. Ортағасырлық қалалар тарихын жазба деректердің негізінде зерттеу (Ибн
Рузбихан Исфахани «Михман наме Бұхара», М.Х. Дулати «Тарих-и Раши-
ди», Хафиз Таныш «Абдаллах наме» т.б.).
3. А.Ю. Якубовский, М.Е. Массон, А.Н. Бернштам, Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич және
т.б. зерттеушілердің ортағасырлық Қазақстан қалаларын зерттеуге қосқан үлесі.
4. А.Х. Марғұлан, К.М. Байпақов, У.Х. Шәлекенов, С. Жолдасбаевтың ортаға-
сырлық қалалар тарихына арналған еңбектеріне тарихнамалық талдау жасау.
5. К.А. Пищулина, Б.Б. Кәрібаевтың ортағасырлық қалалардың маңызын ашып
көрсетуге арналған еңбектеріне талдау жасаңыз.
6. Ортағасырлық қалаларға сипаттама беріңіз.
§2.Қазақхалқыныңшаруашылығыжәнеоныңтүрлері
Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне байланысты қа-
зақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болған. Қазақтардың басты
байлығы болған мал олардың тамақ өнімдерімен, киім-кешек және тұрғын
үй материалдарымен қамтамасыз етіп отырды, сондай-ақ көлік қызметін
атқарды. Ол сонымен бірге оларға көрші халықтармен ең қажетті заттарды
айырбастап алатын қаражат көзі болды.
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
246
Қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен ай-
налысқан. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді бол-
ды. Жыл маусымына байланысты көшіп-қону бағыттары да өзгеріп отырды.
Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) алмастырып
көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық ай-
налымы орнықты. Қалыптасқан дәстүр бойынша әрбір ру белгілі бір аймақ
шеңберінде көшіп-қонған. Жайылымдық қоныстардың арақашықтығы жүз -
деген шақырымға созылды. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тә-
жірибелі адамдары жер шолып, малға жайлы жайылым іздестіретін. Онда
жерінің шөбі шүйгін, міндетті түрде су көзінің болуы қарастырылды. Ата-
лас туыстар, әдетте, белгілі бағытта бірлесіп көшетін. Жайылымды қоғам
мүшелері қауымдасып пайдаланған. Әр рудың өзіндік көшіп-қонатын жері
болды және бұл жерге меншік ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды.
Мал жеке адамның және отбасының меншігінде болды. Ол көшпелі-
лердің байлығының басты өлшемі және тұрмыстық жағдайының негізгі
көр сеткіші болды. Көшпелілер өміріндегі малдың маңызын Шоқан Уәли-
ха новтан артық айтқан адам жоқ: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де,
киіндіретін де мал, ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны
қымбат. Қырғыздың амандасуы «мал-жан аман ба» деп басталады. Бұл мал-
жан жөнінде хабар береді, көшпелілер тұрмысын сипаттайды».
Мал басы көшпелі қазақтарды ішіп-жем, тағаммен қамтамасыз етті
Қой мен құлын, ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім
тігуге пайдаланылды. Қойдың және түйенің жүнінен киіз басылды, жіп
иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар жасалды, кілем тоқылды.
Ешкінің түбіті әдемі де жылы шәлілер тоқуға пайдаланылды. Малшылар
серкенің, өгіз бен жылқының терісінен құдықтан су тартатын ыдыстар –
қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.
Қазақтар малдың тезегін отын ретінде пайда ланды.
Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі
сақталып, үнемі жетілдірілумен болды. Жем-шөп дайындау болмады, қыс -
та мал тебіндеп жайылды. Қар қалың, аязды болған жылдары жұт болып,
малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін. Бұл жылдары малшылар тақыр-
лана кедейленіп, көпшілігі отырықшылыққа ауысатын.
Қыс кезінде үйір-үйір жылқылар ашық далада қарды тұяғымен аршып,
тебіндеп жайылатын. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол жерлерге мүйізді
ірі қара, түйе және ұсақ мал жіберілетін.
Көшпелі қазақтардың өсіретін малының негізгі түрлері қой-ешкі, жыл-
қы мен түйе, сиыр болды. Соның ішінде жылқыға үлкен мән берілген.
Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүнді
әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Қой қандай қиындыққа да төзімді
түлік. Ол ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да шыдамды келеді. Ірі қойлар
2 пұтқа дейін ет, 1 пұтқа дейін құйрық майын, 4 қадаққа дейін жүн бере
алады. Арал маңында болған ағылшын көпесі А. Дженкинсон: «Қойлары
ірі, құйрықтары үлкен, салмақтары 60-80 фунт», – деп жазған. Ал А. Лев-
шин қазақтардың қойларының ерекшелігін: «Қойдың өзі 4-5 жаста болса,
ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
247
2 пұтқа дейін құйрық май беретін. Олар мығым, күшті әрі биік, 10-12 жас-
тағы балалар ойнап, үстіне мініп алатын», – деп сипаттаған.
Қазақ жылқысы тұрқы аласа, кеуделі келеді. Ол жыл бойы өз аяғымен
тебіндеп жайылады. Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді, сондықтан да
ол ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыстардың арасында өте жоғары
бағаланды. Жылқы малы қазақты етпен, қымызбен қамтамасыз етті, салт
мінуге және ауыл шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланылды.
Ибн Рузбиханның айтуынша, қазақтар өгізбен қатар түйе малымен
де арбаға орнатылған үйлерін сүйретіп алып жүрген. Сонымен бірге түйе-
ден жүні алынған, ал түйе сүтінен дайындалатын калориялы дәмді су-
сын (шұбат) қымызбен бірдей бағаланған. Дешті Қыпшақтың барлық
көшпелілері сияқты, қазақтар да қос өркешті жүндес түйе өсірген.
Қазақтардың шаруашылығында ірі қара болмашы орын алған. Өйткені
ол жыл бойы бағуға, әсіресе қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға на-
шар бейімделген. Сиыр малы биік емес, ұсақтау болып келді. Сүтті де көп
бермейді. Сиыр елдің солтүстік аймақтарында көбірек өсірілді. Отырықшы
және жартылай отырықшы шаруашылықтарда ол жер жырту кезінде соқаға
жегілетін күшкөлігі ретінде пайдаланылды. Қазақ байлары өз сиырларын
ежелгі дәстүр бойынша кедейлерге сауын ретінде таратып беретін. Кедей-
лер сиырдың сүтін сауып ішетін. Оның есесіне ол сиырларды жем-шөппен
қамтамасыз етіп, бағып-күтуді, төлін аман өсіруді өз міндеттеріне алатын.
Қазақтар ешкіні негізінен тамаша түбітіне бола өсіретін. Қазақта әр
отар қойды бастайтын серке болады. Түйе түлігі негізінен айыр өркешті
болып келеді. Жалғыз өркешті нар түйелер Қазақстанның оңтүстік және
оңтүстік-батыс аймақтарында өсірілді. Қазақтар түйені көші-қон, егін ша-
руа шылығында күш көлігі ретінде де пайдаланды.
Көшпелілер өздерін қыс кезінде азық-түлікпен жабдықтау үшін жылы-
на бір рет желтоқсан айында соғым сойған.
Ғасырлар бойы мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ төрт түлік
малдың сыр-сипаты мен жай күйіне қанық еді. Үнемі мал сойып отырған-
дықтан малдың барлық денесінің анатомиялық құрылысы жөнінде мол
білімге ие болды. Сонымен қатар жас ерекшелігіне сай атап отырған.
Мүйізді қара сиыр, бұқа, өгіз, бұзау, тайынша, құнан-өгіз; түйе бота,
тайлақ, құнан; қой қозы, тоқты, сек, бойдақ; ешкі теке, лақ деп жас ерек-
шеліктеріне сәйкес бөлінген.
Көшпенділердің шаруашылық-экономикалық тарихын зерттеген
С.Е. Толыбеков көптеген мәліметтердің негізінде «XV-XVIIІ ғ. қазақ тар-
дың шаруашылығын жыл бойы көшіп-қонумен сипаттауға болады және
Қазақстанда революцияға дейін де бұл типтегі шаруашылық адай, табын,
шекті, шөмекей, кете және т.б. көптеген ру-тайпалық топтарда өзінің өмір-
шеңдігін сақтап қалды», – деген болатын. Шын мәнінде, әрбір ру-тайпада
ежелден бері қалыптасып қалған көшіп-қонуы сонау ХХ ғасырдың І ши-
регіне дейін өзгеріске ұшырамаған еді.
Сондай-ақ автор «көшпелі мал шаруашылығы өнебойы рулық-патриар-
халдық қатынастармен байланыста болды. Себебі туысқан ру-тайпалық
ІІ бөлім. Қазақстан тарихындағы хандық дәуір
248
одақтармен байланысын үзбеу, онымен үнемі жақсы қатынастарда болу,
жыл бойы көшіп-қонатын көшпелі халыққа оның мүлкі мен өз жанының
амандығын сақтап қалуын қамтамассыз етіп отырды дейді. Және әрбір үш
жүз ешбір белгіленген шекараларсыз-ақ қалыптасып қалған үрдіс бойын-
ша қазақтың кең сахарасында белгілі бір аймақтарда көшіп-қонып жүрді.
Достарыңызбен бөлісу: |