Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет82/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Егін­шаруашылығы.­
Қазақтар орта ғасырларда егін шаруашылығымен 
де айналысқан. Түрлі аудандарда егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі бол-
ды. Кейбір аудандарда егін шаруашылығы төмен дәрежеде болды. Ал ежел-
ден бері қалалық мәдениеттің дамыған ошақтары болып саналатын Жетісу 
мен Оңтүстік Қазақстан қалаларының маңында егіншілік кең етек жайды. 
Қала тұрғындарының қала сыртында өңделетін жер учаскесі болып, жазда 
олар сол жерге көшіп барған. 
XVІ-XVІI ғ. Қазақ хандығында егін шаруашылығы біркелкі дамымады. 
Кейбір жерлерде бұл шаруашылық түрі өте маңызды болып, кең етек жайса, 
кей жерлерде мүлдем дамыған жоқ. 
Отырықшы мәдениеті дамыған Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда, әсі-
ресе Сырдария, Арыс, Шу мен Талас өзендерінің бойында, Қаратаудан бас-
талған өзен аңғарлары, Ұлытау төңірегінде, Атбасар даласы мен Зайсан кө-
лінің маңайында халық егін егумен айналысқан. Олар бидай, арпа, тары, 
жүгері, сұлу, күріш, маш, тагар, анис, жүзім, қарбыз, қауын, өрік, алма, мақта 
еккен. Сол кезеңдегі қазақтардың шаруашылығы туралы мәліметтер XVІI ғ. 
соңында Тәуке ханға жіберілген орыс елшілерінің жазбаларында кездеседі. 
Ибн Рузбихан Исфахани «Михман наме-йи Бұхара» еңбегінде: «Сығанақта 
егістік Сейхуннан (Сырдария) тартылған арықтармен суландырылады», – деп 
хабарлайды. Сығанақтағы грамоталарда Қызылтал, Шығыл-Торғай, Орда-
кент, Қалта-Жалғия, Жүлек, Жыңғылбұлақ, Арыстанды арықтары, сондай-ақ 
Тоқтамыс, Қараси, Хисаршық бұлақтары аталған. 
Отырарда ішінара жаппа жабылған шаруашылық аулалары, астық пен 
ауыл шаруашылық өнімдеріне арналған үлкен қоймалар, малға арналған ар-
наулы қора-қопсылар сол кезеңдегі қаланың аграрлануы күшейе түскендігін 
көрсетеді. Қоймаларда астық, кептірілген жемістер сақталған. Астық пен ұн 
сақтау үшін көзелер мен астық ұралары пайдаланылған. 
Сырдарияның сол жақ жағалауындағы соңғы ортағасырлардағы қала -
лар – Қожан, Аркөк, Үзкент, Аққорған ауданындағы археологиялық зерт-
теулер мұнда суландыру негізінен өзен арналарынан бастау алып, өздігінен 
ағатын басты жүйелерге негізделгенін көрсетеді. Бұл қалалар дерек мәлі-
меттері бойынша астықты мол өндірушілер болған. 
Тау етегіндегі аудандарда суландыру үшін тау өзендерінің сулары пай-
даланылған, сондай-ақ тәлімді жерге егіс салу кеңінен қолданылған.
Оңтүстік аудандарда егіншілік әдетте суармалы болған. Өзендерден ка-
налдар мен арықтар жүйесі тарам-тарам болып егістікке тартылды. 
Бұл кезеңде егін егетін құралдар да қарапайым болды. Олар кетпен шот, 
кетпен, ағаш соқа, тырма, орақ болды. Тұқымды қолмен себетін. Астықты ат 
тұяғымен, кейде астық басатын тоқпақтармен бастыратын. Егін суаруға су 
тартатын қарапайым аспан-атпа пайдаланылды. Аспа деген сабы үш аяқты 


ІІІ тарау. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық құрылымы ...
249
аспаға ілінген ожау. Су көтеретін аспап шығыр да пайдаланылды. Шығыр 
әдетте теріден жасалынады. 
Жазба дерек мәліметтері мен археологиялық деректерге қарағанда қала 
тұрғындарының егіншілік кәсібі тұрмыста маңызды рөл атқарғандығын 
дәлелдейді.
Дешті Қыпшақтың алуан түрлі жануарлар дүниесі бар кең-байтақ ке-
ңістігі көшпелілерге жеке-дара және ұжым болып аңшылық етуге зор 
мүм кіндіктер берді. Ортағасырлық деректердің мәлімдеуінше дештілік 
көшпелілердің «көбінесе садақпен тамаша аң аулай білетіндігін» атап өтеді. 
Ибн Рузбихан Исфахани «Михман наме-йи Бұхара» шығармасында: 
«Сол көп нұр жауған елдің бүкіл шөл даласы жабайы аңдарға толы. Сол да-
лада шөбі шүйгін жайылымдары мол болуынан киіктер семіз сиыр сияқты 
жүгіре алмайды, ал сол өңірдің аңшысы аң қуғанда аты аңға зорықпай 
жетеді», – деп сипаттайды. 
Аң аулаудың бірнеше түрі болған: құс салған, тазы иттер қосып, қау малап 
аулаған. Қыран құстардан қаршыға, бүркіт, сұңқар, лашын, т.б. пай даланылған. 
Жалпы қорыта келгенде, XV-XVІIІ ғ. Қазақстан тарихында мал, егін, аң 
шаруашылықтары дамып, өркендеді. 

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау