Оқулық ретінде бекіткен Ал ма ты «Қа зақ уни вер си те ті» 016 Әож 94



жүктеу 24,43 Mb.
Pdf просмотр
бет8/103
Дата18.07.2022
өлшемі24,43 Mb.
#39024
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы (Омарбеков Т.) (z-lib.org)

Профессор,­ҚР­ҰҒА­
Құрметті­мүшесі­
Т.­Омарбековтің­
деректер­негізінде­
салған­портреті


І тарау. Ұлы Далада моңғол билігінің орнығуы және ұлыстардың құрылуы 
13
Осы жерде сәл шегініс жасап, хаджиб сөзінің мағынасын түсіндіре кетсек. 
Хорезмшахтар мемлекетінің тарихын зерттеуші З.М. Буниятов аталған 
мемлекеттің әкімшілік құрылысы туралы жаза келе, негізгі мемлекеттік 
және сарайдағы қызмет түрлеріне талдау жасайды. Солардың ішінде Хо-
резмшахтар мемлекетіндегі маңызды қызметтердің бірі – үлкен немесе 
ұлы хаджиб лауазымы. Дәстүр бойына хаджибтер тек түркі ақсүйектерінен 
ғана сайланған. Хаджибтер Хорезмшахқа билеушінің тікелей өзіне қатысты 
істерді ғана мәлімдеп отыратын болған. Хорезмшахтың бір мезгілде бір-
неше хаджибтері болатын. Олар оған барлық жерде ілесіп жүретін әрі оның 
барлық маңызды тапсырмаларын орындайтын.
Деректер­негізінде­картаны­жасаған­профессор­Т.О.­Омарбеков
Тарих ғылымында Шыңғыс хан бастаған моңғол әскерінің Орта Азия 
мен Қазақстан аумағына басып кіруіне түрткі болған оқиға ретінде аталатын 
«Отырар опаты» деп аталатын оқиға, Отырар қаласының даңқты билеушісі 
Қайыр ханның іс-әрекеті түрлі ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектерде 
әр түрлікөзқарастар тұрғысынан бағаланып келеді. Бұл пікірлерді қысқаша 
топтастырып берер болсақ, Шыңғыс хан бастаған моңғол әскерінің батысқа 
жорығының шынайы себептері туралы мынадай тұжырымдарды кездестіреміз.
Бірінші, тонаушылықты ғана басты мақсат етіп алған соғыс. Бұл пікірді 
қолдаушы авторлар Шыңғыс хан бастаған моңғолдардың өмірлік ұстанымы, 
жалпы тіршілік ету формасы тек әрқашан соғысқа, сол арқылы баю, тір ші-
лік ету болған деген тұжырымдардың, жалпы көшпелі халықтардың бар-
лығының ежелден тонаушылық пен басып алушылыққа бейімділігі туралы 
сыңаржақ ұстанымға сүйенушілер.


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
14
Екінші пікірді жақтаушылар бойынша, Шыңғыс ханның батысқа жо-
рығы «соғыс қажетінен» туындаған. Бұл пікірді негізінен ХХ ғасыр басы-
нан бері қарайғы қытай авторларының еңбектерінен кездестіруге болады. 
Бұл пікір бойынша, Шыңғыс хан Алтын хандығын немесе Қытайды толық 
бағындыру үшін жасалған саясаттан туындаған.
Үшінші пікірді жақтаушылар бұл соғыстың шынайы себебі «империя 
аумағын кеңейту» мен «Алтын әулетін қоршау» қажеттілігінен туындағанын 
алға тартады. Бұл – екінші пікірмен біршама үндесетін ұстаным.
Төртінші пікірлер легі «қылмысқа қарсы кек қайтару» әрекетін, яғни
бейбіт елшілердің өлтірілуін соғыстың шынайы себебі ретінде қарастырады
11

Жоғарыда келтірілген пікірлерді қорыта келе, біз төртінші топ авторлары 
атап көрсеткен оқиға батысқа жорықтың шынайы себебінен гөрі, бұрыннан 
ойластырылған үлкен жоспарды жүзеге асыруға сылтау болған себеп деген 
ғылымда негізінен қабылданған пікірмен келісеміз. 
Ерен ерліктің жарқын үлгісіне айналған Отырар қорғанысы оның би-
леу шісі мен тұрғындарының жанкешті ерлігіне қарамастан алты айдан 
соң құлады. Негізінен бес ай уақыт өткен соң қала қақпасынан хаджиб 
Хараджаның көмегімен ішке лап берген моңғол әскері қаланың әр көшесін, 
әр қорғанысын алу үшін тағы бір ай шайқасуға мәжбүр болады. 
Қала мұнарасына бекінген Қайыр хан соңғы оғы таусылғанда жаулары-
на кесек лақтырып, ең соңғы мүмкіндігі қалғанша шайқасады.
Моңғолдар 1220 жылдың ақпанында Отырарды алғаннан кейін оның
цитаделін толық күйретеді, ал аман қалған тұрғындарының ішінен қол өнер-
шілерді бөліп алып, қалғандарын басқа қалаларды аларда шабуылға шыққан 
моңғол әскерінің алдындағы қалқан ретінде пайдалануға айдап кетеді
12
.
Шыңғыс ханның ұлдарына қала алынбай тұрған кезде Отырар қала-
сының басшысы Қайыр ханның бұрынғы орынбасары Бадр ад-Дин ал-Амид 
келеді. Ан-Нисавидің хабарлауынша, ол Шыңғыс ханға өзінің Мұхаммед Хо-
резмшахты қаншалықты жек көретінін айтып, оны тез жеңудің құпиясын бі-
ле тінін жеткізген. Осылайша, моңғол ханы Бадр ад-Дин Амидтің ақылымен 
Хорезмшахтың анасы Теркен хатунның туыстары болып келетін әскер 
бас шыларының атынан Шыңғыс ханның атына жа - 
зылған жалған хат мәтінін даярлайды. Әрине, бұл
хат түпкі мақсат бойынша Шыңғыс ханның жансыз-
дарының көмегімен Хорезмшахтың қолына түседі
13

Бұл арандатушылықтан кейін өзінің тегі қаңлы-қып - 
шақ көптеген әскер басшыларының Шыңғыс хан 
жағына өтуге дайын екендігіне кәміл сенген Хорезм-
шах көп санды әскерін одан әрі бөлшектеуге бел 
шеше кіріседі. 
Ал бұл кезде Жошы Сырдария бойындағы Сы-
ғанақ қаласын қоршауға алады. Жеті күн, жеті түн
11
Сайшиял. Сказание о Чингизхане. – Улан-Уде, 2006. – С. 267-268.
12
Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Кн. 2. – М.-Л.,1952. – Т. 1. – С. 198-199.
13
Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия // Соч. – М.: Наука, 1963. – Т. 1. – С. 473.


І тарау. Ұлы Далада моңғол билігінің орнығуы және ұлыстардың құрылуы 
15
қоршаудан кейін қаланы шабуылмен алған моң ғолдар «кеңшілік пен аяу-
шылық қақпасын жауып тастап» халықты аяусыз қырып салды
14

Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыруға ат - 
танған Алак-нойан, Сакту-Бұқа басқарған 5 мың моңғол әскеріне қарсы Бе-
некет қорғанысын Илегту-Мәлік бастаған халық қарсы тұрды. Моңғолдарға 
қарсы үш күнге созылған теке-тірес шайқастан соң Илегту-Мәлік моңғол-
дардан сауға сұрайды. Моңғолдар қаланы қорғап, әскердің тең жартысын
қырып салып, әдеттегідей тұрғындардың ішінен қолөнершілер мен шебер-
лерді бөліп алып, қалғандарын басқа қалаларды қоршау кезінде моңғол 
әскеріне қалқан ретінде пайдалануға айдап кетеді
15
.
Моңғол шапқыншылығына қарсы күресте ерен ерлігімен аты қалған, бір 
өзінің тағдыры ғана үлкен бір батырлық дастанына арқау болатын тұлға – Ход-
женд қаласының қорғанысын ұйымдастырушы Темір-Мәлік. Рашид ад-Диннің 
мәліметтеріне сүйенсек, Ходженд қаласын қоршауға алған 70 мың әскерге төтеп 
берудің мүмкін еместігін түсінген Темір-Мәлік өзі сияқты ержүрек жігіттерден 
құралған бір мың әскермен Сырдарияның ортасындағы бір аралға бекінеді. Деген-
мен бұл тәсілмен ұзақ қорғану мүмкін болмағандықтан, Темір-Мәлік тобы түнде 
Сырдың төменгі ағысы бойымен, бүкіл адамдарымен, аттарымен 70 қайықпен 
жүзіп кетеді. Өзеннің екі жағымен бойлай оларды қуалаған моңғолдарға Темір-
Мәлік те аяусыз тойтарыс береді. Олар Бенекет түбіне жеткенде моңғолдар 
өзенге шынжыр байлап, тоқтатпақ амал жасайды. Бұл жолы да бұғауды бұзып 
өтіп, Отырар, Сығанақ, Жанд қалаларының жанынан да өтіп кетеді.
Моңғолдар Темір-Мәлік тобын Баршынкент түбінде понтонды көпір 
құрып, оларға катапульттер орнатып, өзеннің екі жағына моңғол әскерін 
толтырып күтіп тұрады. Бұл туралы хабар алған Темір-Мәлік қалаға жет-
пей, жағаға түсуге мәжбүр болады. Артынан қуғынға түскен моңғол әскері 
көбейген сайын, Темір-Мәлік тобы солғұрлым азая береді. Ең соңында ол бір 
сынық, екі бүтін жебесімен, артынан қуған үш моңғолмен жеке-дара қалады. 
Әлгі сынық жебемен бір моңғолды көзінен жаралайды. Ал қалған екеуіне: 
«Менде екі жебе қалды, мен оларды шығындауға қимай тұрмын, бірақ екеуіңе 
жетеді. Сондықтан екеуің кейін бұрылып, өз өмірлеріңді сақтап қалғандарың 
абзал», – деп айқай салады. Екі моңғол оның сөзіне құ лақ асса керек, Темір-
Мәлік аман-есен Үргенішті қорғаушылардың қата рына моңғолдарды біраз 
әуреге салған Хорезмшахтың ұлы Жалал ад-Динге барып қосылады
16
.
Темір-Мәлік Үргенішке келіп жеткенде, Хорезмшах мемлекетінің аста-
насындағы жағдай өте қиын еді. Себебі бұған дейін моңғолдардың Шыңғыс 
ханның өзі, оның кенже ұлы Төле мен атақты Жебе мен Сүбедей баһадүрлер 
басқарған негізгі әскері Сыр бойынан, Қызылқұм арқылы Бұхараға тікелей 
аттанған еді. Олар Бұхараны қырғын мен талан-таражға ұшыратқаннан 
кейін, Хорезмшахтардың екінші астанасы Самарқандқа тіке шабуыл жа-
сайды. Түптің түбінде Самарқандта да моңғолдар алдында тізе бүккен кез-
де, ең алдымен, Шыңғыс ханның тікелей жарлығымен қала қорғанысын 
14
Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Кн. 2. – М.-Л.,1952. – Т. 1. – С. 199 
15
Там же, 101 с.
16
Там же, 201-203 с.


І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
16
ұйымдастырған 30 мың әскерді 20 әмірімен түгел қырып салады
17
. Ал 
Үргеніш қаласындағы жағдай Теркен хатунның қаланы тастап шығып кет-
кеннен кейін одан әрі шиеленіскен еді. Дегенмен қала моңғолдарға қарсы 7 ай 
қорғанды
18
. Бірақ қала қорғанысын ұйымдастырушы әскер басшыларының 
арасында алауыздық туып, Каспий теңізінің бір аралында қайтыс болған 
сұлтанның соңғы өсиеті бойынша тақ мұрагерлігіне сайланған Жалал ад-
Динді қолдаудан бас тартып, өзара бүлік шығарды. Олар өзара ақылдасып, 
Теркен хатунның туысы Құмар тегінді сұлтан деп жариялайды. Үргеніштің 
құлауымен моңғолдар Орта Азияны толық басып алды. 
Хорезмшах сұлтаны Жалал ад-Дин моңғол шапқыншылығына қарсы аяу-
сыз күресін тоқтатпайды. Деректерде ол «сөзі бойынша түркі еді, бірақ парсы 
тілінде де сөйлейтін, арыстандардың арасындағы арыстаны және жауынгер-
лер мен батырлардың ең ержүрегі болатын» деп сипатталатын Жалал ад-Дин 
сұлтан билікті 1220 жылы Мұхаммед Хорезмшахтың даңқсыз өлімінен кейін 
ғана қолына алды. Хорезмнің қорғанысын ұйымдастыра алмайтынына көзі 
жеткеннен кейін әрі өз өміріне жасалған қастандықтан кездейсоқ аман қалған 
сұлтан өзіне адал берілген, 300-дей түркілерден құ ралған әскерімен, Темір-
Мәлікпен бірге қазіргі Ауғанстан аумағына өтіп кетуге мәжбүр болды. Сәл алға 
озып айта кетсек, бұдан былай Жалал ад-Динмен бірге моңғолдар үшін үлкен 
қауіпке айналған Темір-Мәлік тағдырдың талай сынынан өтеді. Жалал ад-Дин 
қайтыс болғаннан кейін сопы киімін киіп, Шамға, Сирияға кетеді. Бірақ туған 
жерге деген махаббаты мен сағынышының әсерінен қайта оралып, біраз уақыт 
Ош маңында тұрып, бала-шағасы жайлы мәліметтер жинап, бір күндері Ход-
жентке қайтып оралады. Алайда дерек мәліметтеріне қарағанда ол өзін танып 
қойған моңғол қолбасшысы Қадакан-Оғұлдың қолынан қаза табады. 
Көп ұзамай қыпшақ даласы да моңғолдар билігіне өтеді. Кейбір мәлі-
меттерге сүйенсек, қаңлы, қыпшақ және т.б. тайпалардың бірнеше бөліктері 
Шыңғыс хан әскеріне еш қарсылықсыз бағынғаны да белгілі. 
Шыңғыс хан бастаған моңғол әскері Орта Азия аумағын 1221 жылы, 
ал бүкіл Қазақстан аумағын жаулап алуды 1224 жылы аяқтағаны белгілі. 
Моңғол шапқыншылығын көзімен көрген автор: «Адамдар бұрынғы ға-
сыр ларда, жойылған мемлекеттер заманында да құлақ естіп, көз көрмеген 
апаттардың куәсі болды», – деп сипаттаған моңғол шапқыншылығы адамзат 
тарихындағы ең қайғылы, күрделі оқиғалар қатарына жатары даусыз.
Алғашында «киіз туырлықты халықтарды біріктіру» ұранымен жүр-
гізілгені моңғол жаулап алушылығының нәтижесінде Шыңғыс хан Сібір, 
Қазақстан, Шығыс Түркістан аймағындағы түркі тайпаларын күшпен ба-
ғындыру, жаулап алу, бейбіт құда-жекжаттыққа негізделген байланыстар ор-
нату, т.с.с. әдіс-тәсілдермен өзіне бағындыру саясатын сәтті аяқтап шықты. 
Бірақ ол «киіз туырлықты халықтардың» ендігі үстемдік жүргізушілері 
моңғолдар екендігін мықтап орнықтыруды да ұмытқан жоқ. Сондықтан 
бүкіл жаулап алған жерлерін өз балаларына бөліп бере отырып, Шыңғыс 
хан бұл жерлердегі моңғолдардың үстемдігін сақтап қалатын идеологиялық 
саяси-әкімшілік негізін қалап үлгерді.
17
Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Кн. 2. – М.-Л.,1952. – Т. 1. – 208 с.
18
Там же, 216 с.


І тарау. Ұлы Далада моңғол билігінің орнығуы және ұлыстардың құрылуы 
17

жүктеу 24,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау