І бөлім. Еуразия аумағындағы XIII-XVIII ғасырлардағы ұлыстар мен ордалар
12
В.В. Трепавлов Шыңғыс хан бастаған моң-
ғол дардың жаулап алу соғыстарын екі кезеңге бө-
ліп қарастырады.
Алғашқы кезең
1207-1218 жыл -
дарды қамтиды. Бұл кезеңде моңғолдардың Моң-
ғо лия аумағынан тыс жерлерде жүргізген жаулап
алушылықтары «киіз туырлықтылардың» бірлігі
идеясы аясында жүзеге асты. Осылайша, көптеген
түркі тайпалары мен халықтары моңғолдардың
билігін өз еріктерімен қабылдап, олармен одақтық
қарым-қатынастар орнатты. Тіпті, ендігі жерде
моңғол әскерінің құрамы түркілерден құралды.
Сондықтан да Алмалықтың билеушісі Бұзардың
(Озардың) баласы Сунақ-тегін бастаған қаңлылар
Шыңғыс ханның әскері құрамын толықтырды.
Ал
екінші кезеңде
1218-1223 жылдары түркі-
моңғол бірлігі туралы идея тек жау қолын ыды-
рату құралы есебінде пайдаланылды. Дәл осы кезеңде қаңлылар және
қыпшақтардың бір бөлігін моңғолдар жаулап алып талқандады
6
. Осы саясат-
ты шебер пайдалана білген моңғол қаһаны негізгі тірегі түркі-қаңлылардан
құралған Хорезмшах әскерін ыдыратуға қол жеткізді.
Моңғолдардың жаулап алу жорықтары 1219 жылы Ертіс бойынан баста-
лып, моғол әскері Сырдарияға дейін бұрынғы жаулап алушылардың жолы-
мен Жетісу арқылы жүрген. Моңғол әскері Ертіс бойынан күзде жылжыған
кезде, оған қарлұқ Арслан хан, ұйғыр билеушісі Баурчик және Алмалықтың
билеушісі қаңлы Озардың баласы Сунақ-тегін өз жасақтарымен барып
қосылады. Бірақ деректерде ұйғыр билеушісі мен Сунақ-тегіннің қол астын-
да неше адам болғандығы туралы мәлімет сақталмаған
7
.
Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыны Отырардан кейін Сырдарияның бойы -
мен төмен қарайғы жерлерді бағындыруға аттандырды. В.В. Бартольд
Шың ғыс ханның Жошыға мұндай тапсырма беруінің себебі, Моңғол импе-
риясының солтүстік-батыс аймақтарын үлкен ұлының иелігіне бергісі кел-
гендігінен болар деп тұжырымдайды
8
.
Моңғол әскерінің алғашқы нысаны Отырар қаласы болғаны белгілі. Шың-
ғыс ханның шешімімен қаланы Шағатай мен Үгедей бастаған әскер қоршауға
алса, үлкен ұлы Жошы Сырдың төменгі ағысы бойындағы қа ла ларды қоршауға
аттанған. Келесі топ Сырдың жоғарғы ағысы бойы қа ла ларын бағындыруды
міндеттеріне алса, Шыңғыс ханның өзі Бұқараға қарай жылжыған
9
.
Қаһармандық ерліктің жарқын үлгісіне айналған Отырар қаласын қор-
ғау бас-аяғы алты айға созылғанын білеміз. Рашид ад-Дин бойынша Хо-
резмшах қаланы қорғауға 20 мың әскер қалдырған және оған өзінің хаджибі
Қараша ханды 10 мың әскерімен тағы қосымша күш ретінде аттандырған
10
.
6
Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи. – М., 1993. – С. 58.
7
Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Кн. 2. – М.-Л., 1952. – Т. 1. – С. 198.
8
Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия // Соч. – М.: Наука, 1963. – Т. 1. – С. 481.
9
Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Кн. 2. – М.-Л., 1952. – Т. 1. – С. 198.
10
Рашид ад-Дин. Сборник летописей. Кн. 2. – М.-Л., 1952. – Т. 1. – С. 191.
Достарыңызбен бөлісу: