Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат


 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет20/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   112
academ-sayasat

 
4 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 
4.1 БАКАЛАВРИАТ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАБЫЛДАУ 
 
4.1.1 НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 
4.1.1.1 Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын 
«Сырдария» университетіне (бұдан әрі – Университет) оқуға қабылдаудың 
қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі 
Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына 
және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі 
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген 
және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарына оқуға қабылдау және «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша 
оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды. 
4.1.1.2 Университетке талапкерлерді қабылдау республикалық бюджет немесе 
жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын 
тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім 
алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы 
жүзеге асырылады. 
4.1.1.3 Университетке жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады. 
4.1.1.5 Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен 
жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы 
оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар 
кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 27-беті 
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен 
және оның нәтижесі бойынша: 
Университетке кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру 
саласы бойынша – кемінде 70 балл жинаған адамдар жіберіледі. 
Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) әр шығармашылық 
емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет. 
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен 
қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың 
ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру 
конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, 
ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-
ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл 
жинаған адамдар жіберіледі. 
4.1.1.6 SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық 
стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау 
конкурсына қатысады және немесе осы Үлгілік қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес 
балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге 
қабылданады. SAT (САТ) балдарын ҰБТ-ға ауыстыру SAT reasoning (САТ 
ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификаттары болған жағдайда ғана 
жүзеге асырылады. Бұл ретте SAT subject (САТ сабджект) нәтижелерін ҰБТ балына 
ауыстыру бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана жүргізіледі. 
4.1.1.7 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі 
бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін 
көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады. 
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, 
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар 
Университетке қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын 
даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды 
Университеттің қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. 
Университетке жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін 
көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды Университеттің 
қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. 
4.1.1.8 Шетел азаматтарын ақылы негізде у қабылдау Университеттің 
қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл 
ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық 
күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын 
жүзеге асырылады. 
4.1.1.9 Оқуға түсу кезінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен 
бекітілген мөлшерде қабылдау квотасы қарастырылады. 
4.1.1.10 Түсушілерді қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде 
пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 28-беті 
қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі 
сертификат және (немесе) үміткердің бірегей деректері бар ұлтттық бірыңғай 
тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін растайтын Ұлттық тестілеу орталығының ресми 
сайтында жарияланатын электрондық сертификат (бұдан әрі – ҰБТ сертификаты) 
балдарына сәйкес олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге 
асырылады. 
4.1.1.11 Университетте басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның 
шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына 
ректор, проректорлар, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессорлық-
оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны 
тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ректор болып табылады. 
Университет басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен 
қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады. 
4.1.1.12 Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін 
жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде 
«Педагогика ғылымдар» білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы 
және (немесе) шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге 
асырылады. 
4.1.1.13 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру 
және өткізу үшін ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен 
емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады. 
Комиссияның құрамына Университет өкілдері оның ішінде, профессорлық-
оқытушылық құрамның қатарынан, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат 
құралдарының өкілдері кіреді. 
«Өнер» және «Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін 
даярлау» даярлау бағыты бойынша шығармашылық емтихандар бойынша комиссия 
құрамына тиісті бейінді білімі бар және мәдениет және спорт саласындағы 
жергілікті уәкілетті орган ұсынған өкілдер кіреді. Комиссия тақ саннан тұрады және 
комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен комиссиясының төрағасы сайланады. 
Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды 
деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік 
дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, 
төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 
4.1.1.14 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы 
қағидадағы 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан 
өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру 
бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады. 
Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның 
ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің 
білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) 
шығармашылық емтихандар тапсыру үшін қабылдау комиссиясына мынадай 
құжаттар тапсырады: 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 29-беті 
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі 
туралы құжат (төлнұсқа); 
2) 3 x 4сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет; 
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
4) ҰБТ сертификаты (бар болса); 
5) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан 
Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық 
разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын 
құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады. 
4.1.1.15 Шығармашылық емтихан тапсыру үшін түсушілерден өтініштерді 
қабылдау Университетте күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 7 шілдесіне дейін 
жүзеге асырылады. 
Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында 
өткізіледі. 
4.1.1.16 Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі 
білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары 
білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан 
тапсырады. 
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру 
бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары 
білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір 
шығармашылық емтихан тапсырады. 
Осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы және (немесе) 
шығармашылық емтиханды өткізу нысаны бекітіледі. 
4.1.1.17 Университетке «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы 
бойынша білім беру салаласы бойынша оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау 
және оқуға түсу үшін арнайы емтихан күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 
тамызы аралығында жүзеге асырылады. 
Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру 
бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы 
(оқутілі) бойынша балдар ескеріледі. 
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды 
даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, 
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін 
арнайы пәннен балдары ескеріледі. 
4.1.1.18 «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша түсуші 
адамдар қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады. 
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша түсуші адамдар үшін 
Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі 
бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі. 
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды 
даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 30-беті 
саласы бойынша түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және арнайы пәндер бойынша 
балдар ескеріледі. 
4.1.1.19 
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу 
бағдарламаларын Университет әзірлейді және қабылдау комиссиясының төрағасы 
бекітеді. 
4.1.1.20 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды 
өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) қабылдау 
комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін 
оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі. 
4.1.1.21 Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан 
өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде 
жіберіледі. 
Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар бейне және 
(немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі. 
4.1.1.22 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін 
оқуға түсушілергеемтихан материалдары беріледі және титулдық парақты ресімдеу 
тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның 
басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және 
апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі. 
4.1.1.23 Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 
білім туралықұжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 
балдық жүйе бойынша бағаланады. 
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын 
даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық 
емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады. 
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілер үшін 
арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. 
4.1.1.24 
Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау 
ведомосымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары рұқсат беру 
ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және 
қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді 
жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық 
қатысқан мүшелері қол қояды. 
4.1.1.25 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері 
емтихан өткізілген күні жарияланады. 
4.1.1.26 «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша арнайы 
емтихандардың нәтижелері бойынша түсушіге шығармашылық емтихан тапсыру 
орнына қарамастан Университетке ұсыну үшін рұқсат беру ведомосінен үзінді 
беріледі. 
4.1.1.27 Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық 
емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті 
емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір 
ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен төрағасын 
қосқанда тақ саннан тұратын апелляциялық комиссия құрылады. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 31-беті 
4.1.1.28 Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына 
арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі тапсырады, ол арнаулы 
немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 
13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды. 
4.1.1.29 Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының 
кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық 
емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы 
комиссия мүшелері санының көпшілік дауысымен қабылданады. Апелляциялық 
комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші 
болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық 
қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді. 
Меншік нысанына қарамастан Университет республикалық бюджет қаражаты 
есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін және (немесе) ақылы 
негізде оқуға қабылдау үшін арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның 
қорытындысын арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан аяқталған күні 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу 
орталығының ақпараттық жүйесіне береді. 
4.1.1.30 Университетке қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушылар 
көрсетілетін қызметті берушіге (қабылдау комиссиясы арқылы) немесе www.egov.kz
«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы қағиданың 3-
қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін 
жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік 
көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны 
мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере 
отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын 
негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 
келтірілген. 
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын 
қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар 
топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін 
қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды 
қабылдаудан бас тартады. 
Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының 
«жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау 
мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу 
күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі. 
Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған 
құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда 
өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы 
«жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі. 
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған 
жағдайда қызмет берушіге Университетке қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 32-беті 
туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті 
алушы көрсетілетін Университетке құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік 
жылдың 10 мен 25 тамызы аралығында ұсынады. 
Құжаттарды қабылдағаннан кейін ректор көрсетілетін қызметті алушыны 
студент қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады. 
Университет Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында 
көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. 
4.1.1.30.1 Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 
туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-
тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету 
мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы 
мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді. 
4.1.1.30.2 Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін 
қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының 
атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі 
уәкілетті органға берілуі мүмкін. 
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің 
мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген 
күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі 
уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы 
тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. 
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, 
көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 
4.1.1.30.3 Түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқу үшін 
студенттер қатарына қабылдау ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның 
бұйрығымен қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылғы 10 мен 25 тамыз аралығында 
өткізеді. 
4.1.1.31 Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды 
даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, осы қағидалардың 4-
тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша), бейінді 
пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар, ҰБТ нәтижелері 
жойылған орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар 
тұлғалар Университетке күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады. 
Академиялық оқу кезеңі аяқталғаннан кейін осы тұлғалар жыл бойы ҰБТ-ны 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы 
№ 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында 
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып 
тіркелген) (бұдан әрі - № 204 бұйрық) белгіленген мерзімде тапсырады. 
4.1.1.32 Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен 
білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік алған адамдар 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 33-беті 
Университетке қабылдау жөнінде өтініш береді және ректордың немесе оның 
міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен студент қатарына қабылданады. 
4.1.1.33 № 204 бұйрықпен белгіленген мерзімге сәйкес ҰБТ тапсырған 
ағымдағы жылғы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі 
бар және осы қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған адамдар 
жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі Университет 
ректорының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде оқуға 
қабылдау туралы өтініш береді. 
Бұл ретте орта білімді ұйымдардың бітіруші 11 (12) сыныптың білім 
алушылары күнтізбелік жылғы 1 ақпан мен 25 тамыз аралығы кезеңінде жалпы орта 
білім туралы құжат алғанға дейін Университет басшысының немесе оның міндетін 
атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде Университетке қабылдау туралы өтініш 
береді. 
Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім 
туралы құжат алғаннан кейін оқуға түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 33-
тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды тапсырады. 
4.1.1.34 Осы қағидалардың 5-тармағында көзделген ҰБТ-ның нәтижелері 
бойынша осы қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балды жинаған 
адамдар ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде 
оқуға қабылдау туралы өтініш береді. 
Өтінішке ҰБТ сертификаты мен уәкілетті адамның қолы қойылған және 
мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі. 
Осы Үлгілік қағидалардың 15, 33, 36, 37-тармақтарында белгіленген құжаттар 
тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжат 
қабылдамайды. 
4.1.1.35 Университетке қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары 
мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі. 
Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру 
бағдарламаларына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына 
отырып жүргізіледі. 
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша қабылдау арнаулы 
емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі. 
4.1.1.36 Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін 
ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті 
анықтаманы ұсынған кезде студент қатарына қабылданады. 
Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және 
азаматты оқуға қабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру 
кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап 4 (төрт) 
аптадан асырылмай ұзартылады. 
4.1.1.37 Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі 
нотариалдык куәландырылған аудармасы болуы тиіс. 
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға 
қабылданғаннан кейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада 
белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 34-беті 
4.1.1.38 Университет меншік нысанына қарамастан, қабылдау аяқталғаннан 
бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға 
Университетке студенттерді қабылдау бойынша қорытынды есеп ұсынады. 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау