Операциялық жүйелерге



жүктеу 356,81 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.01.2022
өлшемі356,81 Kb.
#33147
түріПрограмма
1 апта лек



Операциялық жүйелерге 

Информатика мамандығында оқитын студенттер үшін жүйелік программаларды оқыту 

Мемлекеттік білім беру стандартында көрсетілген. Ал операциялық жүйелер пәнінің мақсаты 

студенттерге операциялық жүйелер ұғымы және оның қызметін, түрлерін (UNIX, Linux, MS 

DOS, Windows), типтерін оқыту. Сонымен бірге студенттерге шақыру жүйелерін, операциялық 

жүйенің конфигурацияларын, процессорлық байланыстарды, семафорлар, операциялық 

жүйелердің программалық интерфейстерін және операциялық жүйелерді орнату және баптау 

тәсілдерін үйрету. Барлық компьютерлік программалардың ішінде операциялық жүйе ерекше 

орын алады. Операциялық жүйе компьютер іске қосылғанда жүктелетін программа. Ол 

пайдаланушымен сұхбат, компьютер және оның ресурстарын басқару, басқа қолданбалы 

программаларды жүктеу жұмыстарын атқарады. Операциялық жүйе пайдаланушы және 

қолданбалы программалардың компьютер құрылғыларымен ыңғайлы байланысын қамтамасыз 

етеді. 1965 жылдан бастап 4 жыл бойы American Telegraf&Telephonе Bell Labs компаниясы 

General Electric фирмасы мен Масачусет технология институтының зерттеушілерімен бірге OS 

Multics жобасын (проект) жасады. Жобаның мақсаты көптеген пайдаланушыларға есептеуіш 

ресурстарына қол жеткізудің ыңғайлы күшті құралдарымен қамтамасыз ететін операциялық 

жүйе құру еді. Бірақ, түрлі себептерге байланысты жоба іске аспай, жабылып қалады. Кен 

Томпсон және Денис Ритчи бұл жобаның құрамында болатын. Unics-тың пайда болуына 

компьютерлік ойын себеп болды десек те болады. Өйткені, не үшін екені белгісіз Кен Томпсон 

Space Travel ойынын ойлап табады. Ол оны 1969 жыл Multics жобасында пайдаланылған 

Honeywell – 635 компьютерінде жазады. Бірақ бұл айтылған компьютер де, сол кезде 

зертханада бар болған GE 645 компьютері де бұл ойыншыққа сәйкес келмеді. Сондықтан да 

Кен басқа 18 разрядты РDР 7 компьютерін табады. Кен Томпсон өз өмірін және жұмысын 

жеңілдету үшін жаңа файлдық жүйені құрады. Өзінің ойлап тапқанын жаңа ЭЕМ-ге салып 

көреді, барлығы ойдағыдай болады. Кен Томпсон оны арықарай дамытуға кіріседі. Кен және 

оның қызметкерлері Мultics жобасын іске асыру үшін төккен еңбектерін естен кетіре қойған 

жоқ еді. Сондықтан да олар құрған жүйесін Uniсs деп атауды ұйғарады. Біраз уақыт өте оны 

Unix деп қысқартады. Операциялық жүйе ассемблер тілде жазылады. 1971 жылы қараша 

айында Unix-тің бірінші нұсқасы көпшілікке жарияланады.Оны Unix-тің бірінші редакциясы 

деп атайды. Бір жылға жетпей оның екінші редакциясы шығады. Көп ұзамай шыққан үшінші 

редакцияның ешқандай өзгешелігі болмайды. Бірақ осы редакцияда Денис Ритчи Си тілін 

жазып шығарады. Осы Си тілінде 1973 жылы Unix-тің төртінші редакциясы жазылады. 1974 

жылы шілде айында бесінші редакциясы шығады. Ал 1975 жылы шыққан Unix-тің алтыншы 

редакциясы көпшілікке таратылған бірінші редакция болады. Оның көптеген бөлігі Си тілінде 

жазылған. Linux 1990 жыл пайда болады. Linux Unix-тің бір нұсқасы. Оны Линус Торвальдс 

жасап шығарды. 1991 жылы 5 қазанда Линус Linuxтің бірінші арнайы 0.2 нұсқасын жария 

етеді. Linux-та кез-келген пайдаланушы операциялық жүйені өзіне қажетіне қарай орнатады. 

DOS-тар туралы. 1980 жылы Seatle computer products фирмасында алғашқыда QDOS деп 

аталатын операциялық жүйе жылдың соңында біраз өзгертіліп Мicrosoft фирмасына сатылады. 

IBM корпарациясы Мicrosoft-ке IBM РС үйлесімді компьютерлердің жаңа модельдеріне 

арналған операциялық жүйені құруды тапсырыс етеді. 1981 жылдың соңында жаңа PC DOS 1.0 

операциялық жүйесі жарыққа шығады. Бірақ операциялық жүйені әрбір жаңа компьютерге 

орнатқан сайын оны баптау үлкен қиындық туғызады. Осыдан кейін IBM корпарациясы PC 

DOS және MS DOS–тың мүмкіндіктері біраз кеңейтілген 1.1 нұсқалары шығады. 1983 жылы 

файлдарды администрациялау жүйесі жақсартылған 2.0 нұсқасы шығады. Аздап жаңартылған 

MS DOS-тың үшінші версиясы 1984 жылы шығады. Ал келесі 6.22 нұсқаға дейінгі барлық 

нұсқалар базалық жаңа виртуальды жадыны басқаруға бағытталған еді. Кейінірек Windows-



тың құрамына кіретін 7.0 нұсқасы шығады. Бұдан соң MS DOS-тар мен айналыспады. IBM 

Operating System-нің бірінші нұсқасы 1987 жылдың соңында шығады. Оның IBM фирмасының 

үлкен машиналары мен байланысты қамтамасыз ете алатын мүмкіндігі бар еді. 1993 жылы IBM 

Windows-қа арналған қосымшаларды орындай алатын және көптеген перифериялық 

құрылғыларды қамтамасыз ететін OS\2-нің 2.1 нұсқасы шығарады. 1994 жыл OS\2 Warp3 

шығады. Бұл нұсқада интернетпен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Қазіргі таңда соңғы нұсқа 

болып OS\2 Warp4 болып табылады. Бұл операциялық жүйенің жұмыс станциялары немесе 

желілік серверлерге орнатуға мүмкіндігі бар. Microsoft Windows операциылық жүйесі. 

Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері. Microsoft Windows. Windows Билл 

Гейтстің ешкімнің сұранысысыз жасап шығарған алғашқы операциялық жүйесі болып 

табылады. Оның қандай ерекшелігі бар? Біріншіден графикалық интерфейс, екіншіден көп 

есептілік. 1985 жылы қараша айында Windows1.0 шығады. Негізінен 286 машиналар 

пайдаланылады. 2жыл өте Windows2.0 шығады. Жарты жылдан соң 2.10 нұсқасы шығады. 

Бірақ бұлардың еш қандай ерекшклігі болмайды. 1990 жылдың мамыр айы үлкен төңкеріс. 

Windows-тің 3.0 нұсқасы шығады. Мұнда DOS қосымшасы бөлек толық экранда орындалды. 

Берілгендермен алмасу үшін Cope-Paste жұмыс істеді. Винчестерде жадтың бірнеше режимінде 

жұмыс істеді. Екі жылдан соң 3.1 нұсқасы шығады. Мұнда алдынғы нұсқалардағы базалық жад 

мәселелері жойылады және Turie-Type шрифттарын қолдайтын жаңа функция енгізіледі, 

жергілікті желімен қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігі туады. Drag&Drop пайда болады. 

(файлдарды тышқанмен жылжыту) 3.11 нұсқасында желімен жұмыс істеу жақсартылды. 1995 

жыл 24 тамызда Windows 95 шығады. Бұл жай ғана операциялық орта емес, бұл қамтылған 

операциялық жүйе еді. Интерфейсінде көптеген өзгешеліктер, көптеген баптаулар, 

жақсартулар болды. Біраз уақыт өте интерфейзі 95 тікі сияқты Windows NT шығады. Ол екі 

түрде сервер сияқты және жұмыс станциясы сияқты болды. Windows-тің жүйесі тұрақты еді. 

1998 жылы internet Explorer және Outlook кірістірілген Windows 98 шықты. Қатты дисктерді 

Fat16 дан Fat32 бірден ауыстыруға болатын керемет утилита қосуға болады. Windows 95 

операциялық жүйесі компьютер токқа қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Ал, 

Windows 3.х жүйесі MS DOS үстіндегі жапсырма жүйе болғандықтан әдеттегі қарапайым 

программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда win командасын теріп, 

енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады. Мысалы, C:> win командасын тергеннен кейін 

экранға Windows жүйесі жүктелу кезіндегі стандартты бейне шығады. Оның толық жүктелу 

уақыты 1 – 2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранда тұра 

берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болып қалғаны, мұндайда мамандар көмегі қажет 

болады. Windows жүктелгеннен кейін экранға жұмыс столы шығуы тиіс, Windows 3.х 

жүйесінде Программа диспетчері шығады да, Windows 95 – те жарлықтары мен шарт белгілері 

және іске қосу қатары бар қалыптағы көрініс пайда болады. Windows жүйесінің негізгі 

технологиялық принциптері. Енді Windows ортасының DOS технологиясында кездеспейтін 

кейбір технологиялық принциптерін атап өткен жөн. Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған 

стандартты интерфейс. MS DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік 

интерфейсі болған еді, олар: меню жүйесі (көлденең, төмен, қалқып шығатын, иерархиялық) 

сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттардыф таңдау) және т.б. Point – and Click 

(көрсетіп тұрып сырт еткізу) принципі. Бұл принцип бойынша графиктік технологиядағы 

көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол 

немесе оң батырмасын сырт еткізсек жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға 

болады: - программа немесе құжат терезесінің көлемін кішірейту, үлкейту және бұрынғы 

қалпына келтіру; - көлденең орналасқан менб пункттерін таңдау; - экранға шығатын меню 

командаларын таңдау; - инструменттер панелі командаларын таңдау; - мәліметтері бар тізімнің 

бір қатарын белгілеу; - командалық батырманы басу, таңдау; - ауыстырып қосқыштың мәнін 




өзгерту; - текстік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын өзгерту; - текст 

енгізілетін өріс қатарларының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер. 

Select (таңдап алу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу 

барысында бізге үнемі текст фрагменттерімен үзінділерімен әр түрлі операциялар орындауға 

тура келеді. Ол операциялар мынадай іс - әрекеттерден тұрады: - фрагментті көшіру, жылжыту, 

жою, олардың шрифтын, көлемін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп, 

қараңғылау т.б. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады: ең алдымен біз фрагментті 

белгілеп алуымыз керек, ал сонан соң нақты команданы орындау (мысалы фрагментті өшіру 

немесе оның шрифтын өзгерту). Оның түріне немесе программа талабына сай фрагментті әр 

түрлі тәсілдермен белгілейді. Мысалы, текст бөлігін (символды, сөзді, қатарды, абзацты т.б.) 

тышқанның көмегімен немесе арнайы перне (Shift) және бағыттауыш тілсызық символдар 

арқылы белгілеп алуға болады. Графиктік түрдегі фрагменттерді белгілеуде, әдетте қайшымен 

қиюды қолданады. Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагменттен 

тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай сырт еткізу жеткілікті – мұның 

нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады. Яғни орындалмайды. Жұмыс істеуді 

жаңадан үйреніп жүргендер ешбір объектіні белгілеместен команда орындауға тырысады. 

Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ? Кейде бұл команда орындаусыз қалады. (мысалы, 

буферге жоқ фрагментті алуға болмайды); кейде команда ескерілмей, еленбей де қалады 

(мысалы, шрифті өзгертуде); кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалып та (мысалы, 

абзацты форматтау) кетеді. Сондықтан, осындай қателерден аулақ болу үшін, фрагментті 

алдын ла белгілеп алуды ешқашанда естен шығармау керек! Drag-&-Drop принципі (жылжыту 

және сол жерде қалдыру). Бұл әдіспен өңделініп жатқан құжаттың белгіленген фрагментін 

шартбелгіні (пиктограмманы), терезені басқа орынға жылжытуға немесе олардың көшірмесін 

алуға болады. Мысалы, егерде суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда 

тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып 

тұрып, жаңа орынға көшіруге болады. Батырманы босатқан мезетте сурет қиығы жаңа орынға 

бекітіледі. Егер оны жылжыту барысында Ctrl пернесін басып тұратын болсақ, онда жаңа 

орынға сол сурет фрагментінің көшірмесі орналасады. Осындай жолмен үнемі көшіру мен 

жылжыту амалдарын қатар қолдануға тура келеді. Мысалы көп элементтері ұқсас болып 

келген күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін сызып алып (айталық, 

тіктөртбұрыш), сонан соң Drag-&- Drop режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін 

алуға болады. Ақырында осы әдіспен жылжыту режимінде экрандағы элементтердің шеттерін 

тегістеп түзетуге болады. Windows жүйесінде Drag-&-Drop әдісімен келесі операцияларды 

орындау жиі жүргізіледі: - үлкейтілмеген терезелер мен шарт белгілерді (пиктограммаларды) 

жылжыту. Көп жағдайларда, тышқанның сол жақ батырмасымен бірге Ctrl пернесін бассақ, 

онда программалық элементтерді бір топтан екінші топқа көшіруге болады; - графикалық 

редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагментін жаңа орынға жылжыту 

немесе оның көшірмесін алу. Әдетте, мұндай фрагмент рөлін көбіне басқа графиктік файлдан 

текстік құжатқа қойылуға тиіс бейне суреттер атқарады; - Word редакторында текстік 

информацияның белгіленетін фрагментін басқа жерге жылжыту немесе оның көшірмесін алу; - 

Суреттер мен кестелерді жылжыту және кқшірмесін алу; - Текст беттеріндегі абзацтың жаңа 

жолын және оның оң жақ, сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі 

кішкене үшбұрыштарын жылжыту арқылы анықтау; - Дайын шартбелгілер жиынынан әрбір 

адам өзі қолданатын инструменттер панелін құрастыру. Қазіргі жүйелерде Drag-&-Drop әдісін 

программалаушылар да жиі қолданады, олар әртүрлі объектілер жиынынан өздерінің 

программаларын балалар кубиктерінен сурет бейнелер жинаған тәрізді құрастырады. 

WYSIWYG принципі (не көрсеңіз, соны аласыз). Экранда текстік құжатты баспаға дайындау 

кезіндегі символдар бейнесі басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады. 




Бірақ мұнда көңіл аударарлық сәттер де жоқ емес. Windows жүйесі символдарды экранда 

бейнелегенде олардың шеттерін нықтап анық етіп көрсетеді. Ал қағазға таңбалар бейнесі дәл 

экрандағыдай болмай қалуы мүмкін. Бұларды бірдей етіп көрсету үшін арнаулы операциялар 

қолданылады, олар туралы текст редакторларын оқу кезінде айтылады. OLE технологиясы – 

объектілерді байланыстыра отырып құрастыру (Object Linking and Embedding - OLE ). Бұл 

программаларды біріктірудегі ең басты құрал болып табылады. Ол бір программада өңделген 

объектіні басқа программалардың құжаттары арасына (мысалы, Word редакторына) енгізіп, 

оны негізгі, яғни бастапқы программа құралдарымен редакциялауға мүмкіндік береді. DDE 

технологиясы – объектілерді динамикалық түрде байланыстыру. Объектілерді басқа құжатқа 

не программалық қосымшаға енгізе отырып, негізімен байланыстырудың ең қуатты түрі мұнда 

объектіні бастапқы программада түзетсек, ол түзету онымен DDE технологиясы арқылы 

байланысқан екінші программада да автоматты түрде жүзеге асады





жүктеу 356,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау