Сапа менеджмент жүйесі академиялық саясат


 ШЕТЕЛДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БЕРГЕН ҚҰЖАТТАРДЫ



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет21/112
Дата28.08.2022
өлшемі2,41 Mb.
#38416
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   112
academ-sayasat

4.1.2 ШЕТЕЛДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ БЕРГЕН ҚҰЖАТТАРДЫ 
НОСТРИФИКАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ 
 
4.1.2.1 Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау басқа 
мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың 
филиалдарында) білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім 
туралы құжаттарын тану және нострификациялау «Білім туралы құжаттарды тану 
және нострификациялау қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады. 
4.1.2.2 "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін 
мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
"Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу 
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады. 
4.1.2.3 Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы 
құжаттарды қабылдау және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік 
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. 
4.1.2.4 Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы 
шешімді "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" қабылдайды. 
4.1.2.5 Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті 
куәліктерді беру көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхаты негізінде 
алушының мүддесін білдіретін адамның өтініші бойынша жүзеге асырылады. 
4.1.2.6 Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтініш берілген жағдайда 
мынадай құжаттар ұсынылады: 
1)
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларының 
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау 1-қосымшасына сәйкес 
нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш; 
2)
білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған немесе 
апостильденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және 
білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда 
нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса). 
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын 
ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы 
халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше мемлекетте берілген жағдайда білім 
туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған 
көшірмелері және нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен 
шет тілінде болса) ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостильдеу 
талап етілмейді. 
3)
бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын 
сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде 
уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты. 


«Cырдария» университі 
Сапа менеджменті жүйесі 
Университет ережесі 
2-нұсқа 
Академиялық саясат 
165- беттің 35-беті 
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат 
иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен). 
Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің 
атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған 
жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт 
жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынуы қажет; 
4)
төлем туралы түбіртек. 
Қағидалардың 12-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келу мақсатында 
көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын растайтын, оның ішінде кәсіби 
қызметке рұқсаты, практикалық тәжірибесі туралы құжаттарын ұсынады. Аталған 
құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері олардың нотариалды 
куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге 
ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда). 
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі 
аудармасының 
дұрыстығын 
куәландыруды 
Қазақстан 
Республикасының 
аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының 
дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. 
4.1.2.7 
Өтiнiштер 
халыққа 
қызмет 
көрсету 
орталықтарының 
ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі базасында (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) тiркеледi. 
4.1.2.8 Заңдастырылған немесе апостелденген білім туралы құжатты тану 
туралы өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды. 
4.1.2.9 Егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немес апостелденбеген 
болса мұндай өтінішті қарау мерзімі білім туралы құжаттың берілгендігі туралы 
деректердің және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға 
құқығы барының расталуын алу уақытын ескере отырып 30 (отыз) жұмыс күнін 
құрайды. 
Мерзім Орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және 
Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін жеткізу 
уақытын есептемей осы Қағиданың 7 тармағында көрсетілген барлық құжаттарды 
тапсырған уақыттан бастап есептеледі. 
Егерде білім туралы құжаттың берілу деректерін және шетелдік білім беру 
ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барын растау туралы алғашқы 
сұранысқа жауап болмаған жағдайда қайта сұраныс жолданып білім туралы 
құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге 
ұзартылады. 4.1.2.10 Көрсетілетін қызметті алушы өзара тану және баламалылығы 
туралы халықаралық шарттар (келісімдер) қолдану аясына жататын білім туралы 
құжатты ұсынған жағдайда Орталық 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін 
қызметті алушыға құжаттарды қайтару себебін көрсете отырып еркін түрдегі 
ескертпе-хат жолдайды және ұсынылған құжаттарын қайтарады. 
4.1.2.11 Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды 
нострификациялау оқуға тапсырғанға дейін немесе кабылданғаннан кейін 1 
(бірінші) академиялық кезеңі ішінде өткізіледі. 

жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау