1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет37/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

Қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасағанда  айрықша  белсенді 
рөл атқару
 
Бұл  ауырлататын  мән
-
жай  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
бір  ғана 
адам  жасаған  жағдайда  да,  адамдар  тобы  жасаған  жағдайда  да  орын  алуы 
мүмкін.  Кез  келген  қатысушының  (орындаушының,  қоса  орындаушының, 
айдап  салушының,  көмектесушінің,  ұйымдастырушының)  белсенділік 
дәрежесі әрбір нақтылы жағдайда істің барлық жай
-
жапсарын ескере отырып 
анықталады.  Дегенмен,  заң  жалпы  белсенділікті  емес,  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
жасағандағы айрықша белсенді рөл атқаруды атап көрсетеді.
 
Сот  тәжірибесінде  адамның  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасағанда 
айрықша  белсенді  рөл  атқаруы  туралы  сөз  тек  қылмыстық  құқық 
бұзушылықпен
 
қоса қатысып жасалғанда ғана болуы тиіс деген пікір бар. Бұл 
пікір  дұрыс  емес.  Иә,  айрықша  белсенді  рөл  көп  жағдайларда  қатысып 
жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  тән  болып  келеді,  дегенмен 
олар  бір  адам  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
да  кездеспейді 
деуге болмайды.
 
Айыпкердің  айрықша  белсенді  рөлі  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауға  дайындалу  және  оқталу  сатыларына  да  тән.  Ол  міндетті  түрде 
ұйымдастырушыға  ғана  емес,  сондай
-
ақ  қылмыстық
 
құқық  бұзушылардың
 
басқа  қатысушыларына  да  тиесілі  болуы  мүмкін.  Бұл  мән
-
жайды 
ауырлататын  деп  тану  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  57-
бабы  талаптарынан 
келіп шығады, онда: «Қатысып жасалған қылмыстық құқық бұзушылық
 
үшін 
жаза тағайындау кезінде оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен 
дәрежесі, осы қатысудың қылмыстық құқық бұзушылық
 
мақсатына жетудегі 
мәні,  оның  келтірілген  немесе  келтірілуі  мүмкін  зиянының  сипаты  мен 
мөлшеріне ықпалы ескеріледі
», - 
деп атап көрсетілген.
 
Қарағанды облыстық сотының 2001 жылғы 25 наурыздағы үкімімен Ф.
 
Д.
 
Шабақбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 99
-
б. 2
-6. «2,  5,  7» 
тармақтарымен 


68 
қылмыстық  жауапқа  тартылған.  Бұл  іс  бойынша  онымен  бірге,  осы  бап 
бойынша Б.А.Залевский қоса сотталды. Істің фабуласы бойынша Шабақбаев 
мен  Залевский  бір  таныстарының  үйінде  қонақта  отырғанда  Шабақбаев 
өздерімен  бірге  қонақта  болған  Козыревке  себепсіз  тиісе  бастайды.  Оның 
арнамысына тиетін ауыр сөздер айтады. Козырев мас адаммен байланысқысы 
келмей, басқа бөлмеге кетіп қалса да, Шабақбаев соңынан барып, тіпті қол 
жұмсап  та  жібереді.  Бірге  отырған  адамдар  айырып  алғаннан  кейін  ғана, 
қылмыстық  іс  әрекетін  біраз  уақытқа  тоқтатады.  Шамалы  уақыттан  кейін 
барлық адамдар ұйықтауға кеткен кезде Козыревті тауып алып тағы да ұра 
бастайды.  Басын  еденге  соғып,  қатты  қиналуын,  азап  шегуін  көздейді. 
Ұйқыдан  оянған  Залевский  Шабақбаевтың  Козыревті  басынан,  денесінен 
ұрып жатқанын көріп, ол да оған қосылады. Біраз уақыттан кейін Залевский 
қылмыстық  іс
-
әрекетін  тоқтатып,  өз  бөлмесіне  ұйықтауға  кетеді.  Ал 
Шабақбаев  болса,  қылмыстық  ұрып
-
соғуды  жалғастыра  береді.  Әлсіреп 
қалған  Козыревті  кеңірдегінен  қылғындырып,  әбден  жан  тәсілім  еткенше 
қинап өлтіреді. Жәбірленушінің өлі денесін далаға сүйреп шығарып, Ермеков 
көшесіндегі  18
-
үйдің  жанындағы  құдық
 
қатастайды.  Сот  жаза  тағайындай 
отырып,  жоғарыдағы  айтылған  мән
-
жайдың  Шабақбаевтың  іс
-
әрекетінде 
айқын көрініс тапқанын баса айтып кетті.
 
Аталған  мән
-
жай бір  де  бір қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамының 
дәрежелеуші  белгісі  болып  табылмайтындығы  себепті,  осы  негізде  ол  топ 
жасаған  кез  келген  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
іс  бойынша  кез  келген 
адамның
 
жауаптылығын ауырлататын мән
-
жай болып танылуы мүмкін.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау