1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


Алькогольдік,  есірткілік  немесе  уытқылық  еліту



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет45/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

Алькогольдік,  есірткілік  немесе  уытқылық  еліту
 
жағдайында 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасау
 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Соты  Пленумының  1999  жылғы  30 
сәуірдегі №1 қаулысының 4
-
тармағында аталып өткендей:
 
«ҚР  Қылмыстық  кодекстің    54
-
бабы  бірінші
 
бөлігінің  «12»
 
тармағына 
сәйкес  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  сипатына  қарай  сот  қылмыстық 
құқық  бұзушылықты
 
масаң
 
күйінде  жасауды  жауапкершілік  пен  жазаны 
ауырлататын  мән
-
жай  ретінде  танымауға  құқылы.  Бұл  мәселені  шешу 
барысында  соттар  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық  әрекеттің  өзінің 
сипаты  бойынша  кінәлінің  масаңдығына  қатысы  бар
-
жоғын,  сондай
-
ақ  оны 
осындай  күйге  алып  келген  жағдайларды  ескеруі  тиіс.  Атап  айтқанда, 
кәмелетке толмаған адамның қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасаған кезде 
мас болуы, егер оны мұндай күйге арақ, есірткі немесе басқа да есеңгірететін 
заттарды  пайдалану  арқылы
 
ересек  қылмысқа  қатысушы  жеткізсе, 
жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән
-
жай ретінде есептелмейді
». 
Адамның  масаң  күйі  маман
-
дәрігерлердің  қатысуымен  анықталады. 
Өкінішке  орай,  көп  істер  бойынша  тергеу  органдары  кінәлі  адамның 
жағдайын куәландыруды кешеуілдетіп отырады. Біздіңше, сол масаң күйдің 
әсерінен болатын қылмыстық құқық бұзушылықтар
 
үшін ең алдымен тергеу 
органдары автотранспорт қылмыстарындағыдай қылып куәландыруды дереу 
жүргізу  керек  сияқты.  Мұндай  пікір  Ю.
 
Манаевтың  жұмысында  да  баса 
айтылған
 (69). 
Заң  масаң
 
күйді  жауапкершілікті  ауырлататын  жағдай  деп  тануды 
соттың  өзі  қарауына  қалдырған.  Қылмыстық  заң  бұл  мәселе  төңірегінде 
ешқандай да кеңес бермеген, соның салдарынан болар, ғылыми әдебиеттерде 
осы орайда көптеген қарама
-
қарсы пікірлер туып отыр.
 


76 
Б.С.
 
Бейсенов қылмыстық құқық бұзушылық
 
субъектісінің масаң
 
күйде 
қалуы  фактісі  бойынша  мастықты:  шарасыз  мастық,  кездейсоқ  мастық, 
қасақана істелген мастық, саналы түрдегі мастық деп төртке бөледі. Шарасыз 
мастық 

ол  адамды  еркіне  қоймай,  сондай  халге  жеткізу  болса,  кездейсоқ 
мастық 

адамның ешқандай пиғылсыз мас болуы, қасақана істелген мастық 
дегеніміз 

кінәлі адамның қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасау үшін өзін
-
өзі 
қайрауы,  соған  бекіну  үшін,  немесе  мастығын  кейін  жауаптылықтан 
құтылуға  себеп  қылу  үшін  жасауын  айтады.  Саналы  түрдегі  мастық  деп 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасаған адамның ешқандай пиғылсыз өзін
-
өзі 
мас қылуын, соның әсерінен қылмыс
 
жасауын сезінуін айтады
 (70). 
1  және  2
  - 
жағдайларда  жағдайды  ауырлататын  мән
-
жайлардың 
субъективтік белгілерінің жоқтығынан оларды бұл мән
-
жайға қоса алмаймыз. 
Ал,  әдейі
 
және  саналы  түрдегі  мас  күйге  келетін  болсақ,  қылмыскер  өзінің 
осындай  халге  жеткізуін  түсінуі  немесе  түсінуге  міндетті  екендігі  бұларды 
жауаптылықты ауырлататын жағдайларға жататындығын көрсетіп отыр.
 
А.А.
 
Габиани өзінің кандидаттық диссертациясында заңның мастықтың 
қандай қылмыстық құқық бұзушылықтар
 
үшін жауаптылықты ауырлататын 
жағдай  екендігін  көрсетіп  беру  керектігіне  тоқталады.  Ол  10
-
тармақтың 
мынадай  редакциясын  ұсынады:  «Егер  мас  күйде  жасалған  қылмыс  қызмет 
бабында,  кәсіби  немесе  басқа  қызмет  бабында  жасалынып,  соның 
салдарынан  адамдардың  өміріне,  денсаулығына,  меншігіне  зиян  келсе  ол 
жағдайды ауырлататын мән
-
жай деп есептеледі
» (71). 
Бұл  айтылған  пікірді  жоққа  шығармай,  кейбір  авторлар  осы  ойды  әрі 
қарай өрбітеді: «мас күйдегі қылмыс жеке қылмыстық құқық бұзушылықтар
 
үшін  жауапкершілікті  ауырлататын  жағдай  болып  қалуы  дұрыс
 
емес. 
Қылмыстық
 
құқық бұзушылықтың
 
алдын алу, онымен күресу барысында мас 
күйдегі  барша  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін  жауаптылықты 
ауырлататын мән
-
жай деп қаралуы керек
» (72). 
Біздіңше, жоғарыдағы екі пікірдің соңғысы дұрыс. Мас күйдегі жасалған 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  саны  тек  қана  адамдардың 
денсаулығы,  өмірі,  меншігіне  бағытталған  қылмыстық  құқық
 
бұзушылық
 
бітпейді ғой. Мас күйде жасалған  қоғамдық тәртіп, басқару жүйесіне, т.с.с. 
қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
толып  жатыр  және 
соларды  адамның  мас  күйде  жасауы  көп  жағдайда  олардың  қауіптілігін 
көтеріп  отырады.  Сондықтан  да  А.
 
Габианидің  пікірі  ұшқарылау  айтылған 
сияқты.
 
Көптеген істерді зерттеу барысында қылмыскердің өздерінің қылмыстық 
құқық бұзушылықтарын масаң
 
күйде жасағандығын желеу етіп, жуып
-
шаюға 
тырысатынына  куә  болдық.  Олардың  дені  масаң
 
күйді  жауаптылықты 
жеңілдететін  мән
-
жай  деп  түсінеді.  Мұндай  пікір  осы  мәселелермен 
шұғылданатын  ғалымдардың  да  қаламына  жел  беріп  отыр.  Кей  кездерде 
кінәліні  еріксіз  мас  қылу  немесе  оның  өміріндегі  аса  бір  атап  өтерлік 
жағдайда  мас  болуы  және  оның  мастығының  арқасында  қылмыстық 
болатынын  сезінуі  кінәлі  адамның  жауапкершілігін  төмендетеді  деп  те 
айтылады
 (73). 
Біздің  пікірімізше,  масаң
 
күйде  жасалынған  қылмыстық
 
құқық 
бұзушылық
 
жағдайды  жеңілдететін  мән
-
жай  деп  есептелінуі  тіпті  дұрыс 
емес.  Біріншіден,  адам  өміріне  қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық 


77 
бұзушылықтар  үшін  де,  басқа  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар  үшін  де 
масаң
 
күйде  қылмыс  жасаудың,  тіпті,  олар  кінәлі  адамның  еркінен  тыс 
болып,  алдаудың  немесе  бір  кездейсоқ  жағдайдың  салдарынан  болса  да, 
ауырлығы  сол  бетінде  сақталады.  Қылмыскердің  масаң
 
күйі  бұл  жағдайда 
ауырлататын  мән
-
жай  деп  танылмайды.  Екіншіден,  жауаптылықты 
жеңілдететін мән
-
жайға жататын «қылмысты жеке басына немесе отбасына 
түскен ауыр жағдайлардың салдарынан жан күйзелісі үстінде ашумен істеуі»
 
туралы  айтылған.  Заң  нормасын  жоғарыда  айтып  өткен  жағдайлар  кезінде 
пайдалануымызға  болады.  Олай  болса  масаң
 
күйді  жағдайды  жеңілдететін 
мән
-
жай деп қарау көзқарасы дұрыс емес.
 
Адам  өміріне
 
қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
көбіне  кінәлілердің  масаң
 
күйінде  жасалады.  Оған  дәлел  ретінде  соңғы 
жылдарғы  еліміздегі  қылмыстылықты  статистикалық  талдау  мәліметтерін 
келтіруге  болады.  Мәселен,  1998  жылы  жасалған  16329  қылмыстық  28,0 
пайызы,  1999  жылы  17975  қылмыстық  27,1  пайызы,  2000  жылы  19744 
қылмыстық  25,3  пайызы,  2001  жылы  21500  қылмыстық  30,3  пайызы 
айыпкердің мас күйінде жасалғаны анықталған.
 
Сот  жаза  тағайындау  кезінде  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған 
адам  «кәнігі  маскүнем  емес  пе»
 
деген  сұраққа  баса  назар  аударуы  қажет. 
Біздің  зерттеулеріміз  бойынша,  спирттік  ішімдіктерді  жиі  ішкен  137 
қылмыскердің  жартысы  дерлік  кәнігі  маскүнем  емес  пе  деген  мәселе 
төңірегінде өз мәнінде зерттелмегендігі анықталды.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау