белсенді болып, тапсырманы орындауға қабілетті болған кезде аналарға арналған
жадынамадан неғұрлым күрделірек ойын немесе коммуникативті сабақтарды таңдап
алыңыз.
Баланың бастап кетуіне көмектесіңіз. Баланың жаңа тапсырмаға қалай қарайтынын бақылаңыз.
Баланы тапсырманы істей алғаны үшін қалай тағы да мақтаңыз. Баланың жаңа ойын ойнауға
тырысқанына қуанғаныңызды көрсетіңіз.
Ойнап болған соң, баланың ұстаған ойыншықтарын жуыңыз. Бөлімдегі басқа балаларға бер-
мес бұрын аурудың басқа балаларға жұғу қаупін мейлінше азайту үшін ойыншықтарды жуу
керек.
Бөлімнен кетпес бұрын баламен қоштасу тәсілін табу қажет. Мысалы, тәрбиеші баламен ой-
насын. «Сау бол – сау бол» деп қолыңыз арқылы ишарат жасаңыз. Балаға ойыншықты ойнауға
қалдырыңыз.
Ойыншық міндетті түрде сатып алған болуға тиіс емес. Ойыншық ретінде, мысалы, тәрбиешінің
кесесі мен қасығын немесе қарапайым пластик контейнер немесе «ку-ку» ойнау үшін матаны
пайдалануға болады.
|