№22 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру салалары:
шығармашылық, әлеумет.
Бөлімі:
сурет салу.
Тақырыбы:
«Менің мәшинем».Заттық сурет салу.
Мақсаты:
дөңгелек пішінді заттарды салу дағдыларын кеңейту.
Міндеттері:
балалардың мәшине жайлы түсініктерін, айналадағы қоршаған ортадан
көргендерін, алған әсерлерін бейнелеу іс-әрекетінде бере білуге жаттықтыру. Тік
төртбұрыш, дөңгелек пішіндерден тұратын заттық сурет салу дағдыларын қалыптастыру,
ұсақ қол моторикасын дамыту. Ұқыптылыққа, әдемілікке үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
біледі:
мәшинелердің әртүрлі болатындығын;
игереді:
түрлі геометриялық фигуралар жайлы алғаш
түсініктерді;
меңгереді:
үзік сызықтарды қосу арқылы мәшиненің суретін салуды.
Достарыңызбен бөлісу: |