Билингвальды компонент:
арба – телега.
2. Негізгі кезең.
Педагог табиғат аясында жол бойымен келе жатқан арбаның суретін көрсетеді.
Арбаның жалпы
пішіні, дөңгелектері не үшін қажет екендігі жөнінде таныстырады. Педагог арбаның не
үшін пайдаланылатындығы туралы, оның қай жерлерде көбірек қажет екендігі туралы
әңгіме жүргізеді.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру.
Балаларға сурет үлгісін таратып береді. Дайын үлгідегі арбаны салады. Бояуға
қылқаламды батырып алып, ұқыппен, сызықтан шығармай бояйды.
Сергіту сәті.
Құлпыра берші кең дала,
Гүліңді мен терейін.
Жапырағыңмен жасарып,
Қойныңа мен енейін.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог жеке жұмыс жүргізіп, көмектеседі.
3.
Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Суреттерін тақтаға іліп, балаларға талдау жасатып,
мадақтайды. Иа атты есек өте өзінің ризашылығын білдірді, енді оның арбасы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |