Б. К. Кенжембетова сурет салу әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


Көркемдік ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) ерекшеліктері



жүктеу 0,75 Mb.
Pdf просмотр
бет2/133
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#36647
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133
Suret salu Metodika 3 Kaz

Көркемдік ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) ерекшеліктері 

 

Әркімнің  өмір  құбылыстарын  көркемдік  тұрғысынан  қабылдауы  қашан  да  өзіндік 

ерекшелік болып табылады. Оның негізінде әсемдікті түйсініп, оған өз көзқарасын білдіру 

жатады.  Бала  қашанда  табиғаттағы,  заттық  дүниедегі,  өнердегі  әсемдікке,  адамдардың 

мейірбан  сезіміне  үн  қосуға  бейім.  Бұл  жағдайда  сәбидің  бастан  кешірген  қуанышы, 

талпынысы, толғанысының маңызы зор. 

Көркем  ойды  тәрбиелеу  әдістері  де  алуан  түрлі.  Олар  көп  жағдайда:  көркем 

ақпараттың көлемі мен сапасына, ұйымдастырылуы мен іс-әрекет түрлеріне, баланың жас 

ерекшелігіне  байланысты.  Бұл  жерде  педагогтің  даярлық  деңгейі,  шеберлігі  мен 

қабілеттілігінің атқаратын рөлі аз емес. 

Көркемдік  жайлы  ұғымдарды  бала  әлеуметтік  ортадан,  заттық  дүниеден,  табиғи 

құбылыстардан,  көркем  шығармалардан  алады.  Сондықтан  да  оның  сурет,  ертегілер 

мазмұнын,  әуеннің  сазын  тұтастай  қабылдауы  өте  маңызды.  Бұдан  әрі  педагог  балаға 

дыбыстарды беріле тыңдауға, заттың бояуы мен пішініне зер сала қарауға көмектесу үшін 

оның назарын бөлшектерді  қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады. Мысалы: педагог 

балаға  теледидардан  хабар  көруді,  ондағы  жеке  кейіпкерлерге,  олардың  мінез-

құлықтарына, әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады. 

Педагог  балалардың  көркемдік  әсерді  қалай  қабылдайтындығына  қарай  өнер 

туындысын  тамашалай  отырып,  музыкалық  әуен  сазын,  әнді,  ертегіні  тыңдай  отырып, 

суреттерді көре отырып, тікелей әңгімелеу, түсіндіру, сұрақтар қою арқылы көркем ойды 

тәрбиелеудің  әдістері  мен  тәсілдерін  көрнекі  және  ауызша  деп  бөле  алады.  Бұл  әдіс-

тәсілдерге нақты талаптар қойылады. Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем 

мәнді,  эмоциялық  тұрғыда  болуы  тиіс,  әйтпесе  өнердің  қай  түрімен  танысу  да  әсерсіз 

болады. Сөйлесу барысында балалар сурет, өлең, ән мазмұнын не тапсырма мәнін түсініп 

қана  қоймай,  кейіпкер  көңіл  күйлеріне  сәйкес  жайды  өз  бастарынан  кешіргендей  күйде 

болуы үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет. 

Әдістер  іс-әрекеттің  ұйымдастырылу  формасына  байланысты  өзгеріп  отырады. 

Көркемөнер сабақтарында педагог дәл нұсқаулар береді де, балаларға орындау тәсілдерін 

өздері  табуын  ұсынады,  т.б.  Мысалы:  Көркем  жапсыру  ҰОҚ-де  балалардың  жеке 

бөлшектерден  зат  құрастыруға  немесе  тұтас  материалдан  (сазбалшық,  ермексаз)  жеке 

бөлшектерді мүсіндей білуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер қолданылады. Демек, үйрету 

жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде үлкендердің жетекшілігі 

жанама  ықпалмен  шектеледі,  ол  тек  іс-әрекетке  итермелеу,  еске  түсіру  немесе  қателерді 

түзету деңгейінде қалады. 

Өлең  мен  әндерді  жаттап  үйрену  де  оларды  үлкендердің  алдында  орындауын, 

шығарманың  мазмұны  мен  күйін  білдіретін  көркемдік  қасиеттері  туралы  әңгімелесуді, 

көрнекі құралдарды пайдалануды, балалардың мәтінді бірнеше рет қайталауын т.б. талап 

етеді. 


Көркемдік  тәрбие  әдістерінің  мәні  балалардың  жас  ерекшелігіне  де  тәуелді. 

Сәбилерді  әсемдік  әлеміне  тарта  отырып,  педагог  оның  назарын  жапырақтардың  күзде 




 

қандай олатындығына, бөлменің таза болғаны қандай тамаша екендігіне аударады. Ересек 



топ  балалары  алдына  үлкендердің  көмегімен  қоршаған  дүниені  белсенді  түрде,  бірақ 

олардың  шама-шарқы  жететіндей  етіп  өзгерту  міндеті  қойылады.  Олар  бақылап  және 

бағалап қана қоймай, ойын бұрышын, дербес көркемөнер бұрышын безендіруге қатысып, 

гербарий  және  басқаларды  жасай  білулері  тиіс.  Сөйтіп  бақылағыштықты,  дербес  әрекет 

етуді,  өз  іс-әрекеттерін  жоспарлауды  және  ойын  жүзеге  асыруды  қалыптастыру  әдістері 

тәжірибеде  қолданылады.  Балалардың  жас  ерекшеліктеріне,  даярлық  деңгейіне,  жеке 

ынтасы мен талаптарының артуына қарай әдістер күрделеніп отырады. 

Педагогикалық  ғылым  мен  тәжірибе  балалардың  эстетикалық  сезімдері,  көркемдік 

талғамдары,  ой  қорытуы,  бағалауы  тәрізді  тәжірибелік  іс-әрекеттерінің  қалыптасуына 

көмектесетін келесі әдістерді анықтайды: 

–    эстетикалық  қабылдауы,  бағалауы,  талғамының  бастапқы  көріністерін  дамытуға 

бағытталған сендіру әдісі; 

–    қоршаған  ортаны  көркем  ой  арқылы  қабылдау  және  мінез-құлық  мәдениеті 

дағдыларын қалыптастыруға арналған іскерлік дағдыларға жаттықтыру әдісі; 

–    шығармашылық  және  тәжірибелік  іс-әрекеттерге  итермелейтін  проблемалық 

жағдаяттар әдісі; 

–    әсемдікке  ұмтылып,  эмоциялық-жағымды  пікір  тудыратын  және  қоршаған 

ортадағы келеңсіздіктерге қарсылық сезімдерін ояту әдісі. 

Көркемдік  тәрбие  беруде  қолданылатын  сендіру  әдісінің  ерекшелігі  –  оны 

қабылдайтын  құбылыс  әсем  болған  жағдайда  ғана  пайдалану  керек.  Мерекелік 

ертеңгілікке,  өнер  мұражайына  саяхатқа  барғанда  бала  эмоциялық  сезімге  беріледі.  Бұл 

әдісті  көрнекілік,  сондай-ақ  әңгімелесу  әдісі  деп  те  санауға  болады,  өйткені  балалардың 

кез келген бақылауы педагогтің сол сәтте немесе кейінірек айтылатын баланың сезімі мен 

ойлауын  оятуға  бағытталған  түсініктемесімен  қосарланып  жүргізіледі.  Аса  жарқын  да 

әсерлі  көркем  шығармаларды  тандап,  тиісті  іс-әрекет  пен  жан  толқынысын  тудыра  білу 

маңызды.  Педагог  балаларға  ұсынылатын  материалды  жақсы  меңгеруі  қажет.  Оның  сөзі 

нақты,  мәнерлі  болуы  тиіс.  Педагог  бала  назарын  түрлі  пішіндегі  әсем  көріністерге 

аударып, нақты мысалдар арқылы «не жақсы, не жаман» екендігіне сендіре білуі тиіс. 

Үйрету,  жаттықтыру  әдістерінің  мәні  –  баланы  тыңдай,  көре,  бағалай  білуге  және 

соған  сәйкес  белсенді  іс-әрекет  етуге  бағыттау.  Жүйелі  түрде  көркем  іс-әрекет  жасауға 

жаттығу,  қоршаған  ортаны  шамасы  жеткенше  өзгертуге  үлес  қосу  балалар  белсенділігін 

арттырады.  Бұл  әдіс  көп  қайталауды  талап  етеді.  Ол  түрлі  жағдайда  қолданылады. 

Жағдайды өзгерту балаға меңгерген дағдыны  күнделікті тұрмыста пайдалануға, одан әрі 

пысықтауға көмектеседі. Жағдайды өзгерте отырып қайта-қайта жаттығу тиісті нәтижеге 

қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Мысалы:  педагог  үзік  сызықтар  салуға  (штрихтеуге) 

үйреткен  кезде  балаларға  бірде  сурет  шегінен  шықпауды  ұсынса,  енді  бірде  «шөп 

үлпілдек», өсімдік сабақтары «үшкір» болып шығатындай етіп сызуды ұсынады. 

Сонымен  қатар,  сызба  ойын  жаттығуларын,  мысалы  «Әдемі  сызықтар»,  «Затты 

бейнеле», «Суретті аяқта», «Ою-өрнек сыз», «Менімен бірге сыз», «Сызықтарды қайтала» 

т.б.  жаттығуларын  жүргізудің  маңызы  зор.  Балалар  әр  тақырыпқа  сәйкес  сурет  салғанда 

оның  заттық,  мазмұнды  және  сәндік  суреттің  қайсысына  жататынын  сезінуі  үшін  алдын 

ала  ойын  жаттығуы  жүргізіледі.  Мұнда  бейнеленетін  заттың  пішіні  мен  көлеміне  сәйкес 

қол қимыл қозғалысын икемге келтіру, кеңістікті бағдарлау, бейнені көз алдына елестету 

мақсатында  сызба  ойын  жаттығуларын  жүргізудің  тиімді  екендігін  тәжірибе  көрсетіп 

отыр.  Бала  қылқаламды  қолына  алып  ауаға,  қағаз  бетіне  бояусыз  сызып,  затты  ойша, 

қиялында  бейнелеуге  жаттығады.  Тек  содан  кейін  барып  қана  қарындашпен,  бояумен 

сурет салуға кіріседі.  

Сендіру және үйрету әдістерінің бір-бірімен тығыз байланыста екенін білу маңызды. 

Жақсы  мінез-құлықтың  аса  маңыздылығына  баланы  сендіре  отырып,  педагог  балаларда 

бұл дағдыға айналғанға дейін сан қайта оралып отырады. Игерілген дағдыларды тәжірибе 

жүзіндегі  іс-әрекетпен  бекіту  баланың  мінез-құлқында  болуы  мүмкін  сөз  бен  іс 



 

арасындағы  алшақтықты  жоюға  мүмкіндік  береді:  яғни  ол  маңындағылар  жылы  лебіз 



білдіргенімен, оған керісінше әрекет жасауы мүмкін. 

Баланың әсемдік әлемімен тікелей байланыста болуы аса маңызды болғанымен, бұл 

жеткіліксіз. Эстетикалық  талғам қашан да этикалық мінез-құлыққа тәуелді. Эстетикалық 

талғам мен этикалық ұғымдар бірлігі жас ұрпақты тұлға ретінде қалыптастырудың ерекше 

маңызды  белгісі  болып  табылады.  Әсемдікке  сендіруді  оның  өнердегі,  қоғамдағы, 

тұрмыстағы,  табиғаттағы  тікелей  әсерімен  ғана  емес,  сондай-ақ  баланы  тәжірибелік  іс-

әрекеттерге тарта отырып, оның сана-сезіміне сөзбен де белсенді әсер ету арқылы жүзеге 

асыруға болады. 

Балабақшада көркемдік тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда балаға өзі өмір сүретін 

ортаны  бақылату  арқылы  көргендерін  есте  сақтауға,  қабылдауға,  арнайы  қабілеттілігін 

дамытуға  көңіл  бөліп,  бейнелеу  іс-әрекеті  дағдыларын  меңгерудің  жолдары 

қарастырылуда.  Бейнелеу  өнерінің  түрлері  жайында  жас  ерекшелігіне  сәйкес  алғашқы 

түсініктер  беріп,  қылқалам  шеберлерінің  туындыларымен  таныстыру  арқылы  көркем 

өнерге  қызығушылықтарын  тәрбиелеу  мақсатында  «Балбөбек»  бағдарламасының  «Өнер 

көзі халықта» бөлімі дайындалды. Бұл бөлімде балаларға көркемдік тәрбие беруде айнала 

қоршаған  өмірдегі,  болмыстағы,  табиғаттағы,  көркемөнердегі  әсемдікті  қабылдау,  оған 

қызығушылық  сезімдерін  тәрбиелеу,  ой-өрісін  кеңейту,  көркемдік  таным-  түсінігін, 

сұлулыққа  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  көркемдік  талғамын  қалыптастыру  мақсаты 

алға қойылады. 

Бағдарлама  мазмұнына  сәйкес  жыл  бойы  жүргізілетін  педагогикалық  үрдіс 

барысында  педагог  негізгі  белгіленген  уақытта  бейнелеу  өнерінен  балалардың  бұрын 

меңгерген  білім-білік  дағдыларын  бекітіп,  жаңа  материалды  игерудің  әртүрлі  әдіс-

тәсілдерін  таңдап  алып,  сурет  салу,  мүсіндеу  және  қиып  жапсыруға  қажетті  құрал-

жабдықтарды  пайдаланудың  тиімді  жолдарын  қарастырады,  бейнелеу  іс-әрекетінің 

мақсаты  мен  міндетін  айқындап,  оны  жүзеге  асыру  бағыт-бағдарын  белгілейді.  Суретін 

салатын  не  мүсіндейтін  зат,  құбылысты  бақылату,  түр-түсі,  көлемі,  пішіні  жайында 

мағлұмат беріп, оны есте сақтау дағдыларын қалыптастыру көзделеді. 

Педагог  бейнелеу  ҰОҚ-де  ауызша  баяндау,  сұрақ-жауап,  өткенді  қайталау,  бекіту 

жұмыстарынан  кейін  жаңа  ҰОҚ  түсіндіру,  үлгіні  талдау,  көрсету,  бейнелеу  іс-әрекетіне 

бейімделудің  әртүрлі  тәсілдерін  тақырыпқа  сәйкес  таңдап,  жалпылама  нұсқау  беріп  іс-

әрекетке бағыттайды.  Көркемөнер туындыларын әңгімелеуді  сабақтың мақсатына сәйкес 

кіріспе немесе негізгі бөлімде пайдалануға болады. 

Балалар  оқу  қызметіне  кіріскеннен  кейін  басшылық  жасап,  жеке  нұсқаулар  беріп 

көмек  көрсетіледі.  Әр  баланың  бейнелеу  оқу  қызметіне  қабілеттілігін  ескере  отырып 

бағыт беріледі. 

Дайын  болған  жұмыстардың  бірнешеуін  алып  тақтаға  іліп,  балалардың  назарын 

аударады.  Қалған  балалардың  да  жұмыстарын  аяқтауды  талап  етіп,  еңбек  нәтижесіне 

балалармен  бірлесіп  талдау  жасайды.  Қорытынды  ой-пікірлерді  өзі  айтып,  сәтті  шыққан 

жұмыстарды  үлгі  етіп  көрсетеді.  Балалардың  кейбір  сәтсіздіктері  мен  жұмысқа 

ұқыпсыздықты  болашақта  қайталамайтындай  етіп  ұсыныс  жасай  отырып  ескертеді. 

Жұмыс  барысында  балалардың  шаршағандығы  байқалса,  бой  сергіту  сәтін  өткізіп  алып, 

қайтадан жұмыстарын жалғастырады. ҰОҚ-нің негізгі бөлімінде балаға берілетін жүктеме 

толық  орындалып,  еңбек  нәтижесіне  қол  жеткен  соң  қосымша  берілетін  жүктемелер 

жүзеге  асырылады.  Содан  кейін  5–10  минут  үзілістен  соң  немесе  тақырыптың  мазмұн 

үндестігін сақтай отырып сабақты ойын әдіс-тәсілдерімен жалғастыруға болады. 

Балаларды  бейнелеу  іс-әрекетіне  бейімдеу  жұмыстары  балабақшада  педагог  пен 

әдіскердің  оқу  іс-әрекет  кестесіне  сәйкес  жоспарланады.  Бұл  күні  бейнелеу  іс-әрекетіне 

баса назар аударылып, әрекет түрлері бірде кезектесіп, бірде қосарланып балаға берілетін 

түсініктер  мен  іскерлік-дағдыларды  қалыптастыру,  жаңа  ұғымдарды  меңгеру,  нақты 

көрсету,  түсіндіру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  ересектер  тобында  сабақ  9.00–

10.00-ге  дейін  кешенді  түрде  өткізіліп,  қалған  уақытта  серуенге  шыққанға  дейін  шағын 



 

топпен немесе жеке балалармен жүргізілетін жұмыстармен жалғастырылады. Бос уақытта 



(10.00–10.10-ға  дейін)  балалар  оқу  қызметі  барысында  меңгере  алмай  қалған  білім-білік 

дағдыларын  жетілдіріп  немесе  қайталауды  қажет  ететін  материалдарды  пысықтайды. 

Педагогтің  балалардың  ой-қиялын  дамытуға,  шығармашылық  белсенділігін  арттыруға, 

көркемдік  іс-әрекетке  қызығушылық  сезімін  оятуға  бағыт-бағдар  жасауына  толық 

мүмкіндік 

жасау 


қажет. 

Уақытты 


тиімді 

пайдалану 

педагогтің 

ізденісіне, 

шығармашылығына,педагогикалық шеберлігіне байланысты болмақ. 

Бейнелеу  іс-әрекетін  тәрбиелеу  мен  білім  беру  үрдісінің  басқа  салаларымен 

кіріктіріп, сабақтастыра жүргізу ұсынылады. Қосымша немесе басқа тәрбие жұмыстарына 

кіріктіріп өткізілетін тақырыптарды да жоспарлауға болады немесе ол педагогтің қалауы 

бойынша тақырып мазмұны мен оқу қызметінің мақсатына сәйкес таңдалады. Бағдарлама 

бойынша көркемдік іс-әрекетті ұйымдастыруда педагогтерге қойылатын талаптар: 

–   көркемдік тәрбиенің мақсатын, міндеттерін нақты айқындап алу

–   мақсатқа жету жолында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді алдын-ала анықтау

–      әрбір  (пәндік)  жеке  әдістемелік  нұсқаулармен  жүйелі  танысып,  оқу  қызметінің 

бір-бірімен үндесуін, мазмұн сабақтастығының болуын қадағалау; 

–   балалардың дербес, еркін, шығармашылықпен әрекет етуіне толық жағдай жасау

–   әрбір көркемдік іс-әрекет баланың жағымды мінез-құлқын, адамдық қасиеттерін 

қалыптастыратындай ықпалды болуын қадағалау; 

–   тақырыпқа сәйкес мазмұнды ашып, жаңа білім дағдыларын меңгерту

–  апта  бойына  жалпы  тақырыпты  сақтап  келіп,  негізгі  тірек  ретінде  тәрбие 

жұмысының бір түрін басшылыққа алып, басқалармен сабақтастыра жүргізу; 

–  жаңа материалдар негізгі аса көңіл бөлінетін тәрбие саласына байланысты беріліп, 

басқа тәрбие жұмыстарын бекіту, толықтыру, қайталау, еске түсіру мақсатында қолдану; 

–  әртүрлі  іс-әрекеттер  барысында  педагогтің  басшылығымен  баланың  ойлауына, 

қабілетіне, дербестігіне, шығармашылықпен әрекет етуіне толық мүмкіндік жасау; – апта 

бойындағы тәрбие жұмысының нәтижесін жинақтап, халық педагогикасы негізінде әрбір 

жұма күндері түрлі жолдармен қорытындылап отыру

  –  тәрбие  жұмысының  мазмұны  күнделікті  іс-әрекет  барысында,  серуенде,  күннің 

екінші  жартысындағы  жұмыстарда  және  кешкі  жұмыстарда  жалғастырылып, 

тиянақталып,  бекітіледі  (жеке  балалармен,  шағын  топпен,  дарынды  балалармен  жұмыс 

жүргізу ескеріледі). 

Аталған  талаптарды  ескере  келіп, педагог  болашақ  қоғам  азаматтарын  тәрбиелеуде 

өзіндік  ізденіспен,  ынта-ықыласымен,  балаға  деген  сүйіспеншілік  сезімін  жоғалтпай, 

жүйелі  түрде  жұмыс  жүргізсе,  өз-өзіне  сенімді,  өмірге  қабілетті,  өзіндік  көзқарасы  бар 

ұрпақ тәрбиелеп шығу мүмкін болмақ. 




жүктеу 0,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   133




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау