Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет15/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

 
(А.Харисов, “Башқұрт 
халқының әдеби мұрасы”, 
Уфа, 1965, 74-бет). 
 
Бұқар жыраудың әйгілі толғауынан үзінді: 
 
Асқар таудың өлгені – 
Басын мұнар шалғаны; 
Көктегі бұлттың өлгені – 
Аса алмай таудан қалғаны; 
Ай мен күннің өлгені – 
Еңкейіп барып батқаны; 
Айдын шалқар өлгені – 
Мұз болып тастай қатқаны; 
Қара жердің өлгені – 
Қар астында жатқаны... 
 
(“Ежелгі әдебиет нұсқалары”, 
Алматы, 1967, 133-бет). 
Екі  шығармаға  да  негіз  болған  көне  үлгі  бар  дейміз  бе,  яки  бір 
әдебиеттен  екінші  әдебиетке  көшкен  сарын  дейміз  бе,  әлде  ұқсас 
жағдайлардан  туған  ұқсас  жырлар  дейміз  бе?  Осы  байламдардың 
бәрінің де жаны бар. 
Көршілестіктен, 
тұрмыс, 
салттың 
ұқсастығынан, 
рухани 
жақындықтан  болар,  татар  прогресшіл  өнерінің  түркі  тілдес 
әдебиеттерге жасаған бірталай ықпалы бар еді. 
Орыс  тіліне  жетік  Абай,  Ыбырайлар  Европа  айдынынан  еркін 
сусындап, алысқа жүзды. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев 
сынды  жазушылардың  шығармашылық  кезеңнің  алғашқы  сапарында 


 
100 
татар  әдебиетінің  ықпалында  болып,  оның  жақсы  үлгілерінен  сабақ 
алғандығын зерттеушілер дәлелдеп көрсетіп жүр. 
Тонның ішкі бауындай жақын халықтар әдебиетіндегі телқозыдай 
ыстық, қымбат, бойы биік көрінетін әсем дүние – Ғалымжан Ибраһимов 
туындылары. 
Ғалымжан  Ибраһимов  1887  жылы  қазіргі  Башқұртстандағы, 
Сұлтан-Мұрат деген жердегі татар шаруасының шаңырағында дүниеге 
келген.  
Ол  1898-1905  жылдары  Орынбор,  кейін  Уфа  медреселерінде 
оқиды.  Мәнсіз,  миқата  схоластика  жаны  сергек,  көңілі  ояу,  көкірегі 
ашық  Ғалымжанды  түңілдіріп,  ол  өз  бетімен  төбеге  шығып,  оң  мен 
солын қармана бастайды, төңірекке көз тастайды. 
Мұсылмандық  жоғары  оқу  орны  болып  табылатын  “Ғалия” 
медресесінен кеткен Ибраһимов тұрмысының ауырлығына қарамастан, 
толарсақтан  саз  кешкен  қиындыққа  шыдап, ғылым, білім іздейді.  Осы 
кезде  жазылған  “Зәки  шәкірттің  медреседен  қуылуы”  деген 
тырнақалды әңгімесінде дін туындыларына қарсылық айтады. 
Бірінші орыс революциясы Ибраһимовтың жазушылық тағдырына 
қоғамдық-әлеуметтік  көзқарасының  қалыптасуына  ерекше  әсер  етті. 
“Жастар өмірінің суреттері” (1909) әңгімесінде реакция кезіндегі татар 
интеллигенттерінің  басындағы  ой  толқындары,  ізденіс-қиналыстары 
көрсетіледі. 
Ғалымжан 
Ибраһимов 
Октябрь 
революциясына 
дейін 
шығармашылық  үлкен  даму  эволюциясын  кешірді.  Өзін  қоршаған 
ортаны місе тұтпайтын ұрт мінезді, өрт қимылды жандар – оның сүйікті 
қаһармандары. 
“Теңізде”,  “Махаббат  –  бақыт”  тәрізді  романтикалық  әуендегі 
әңгімелерден  кейін,  Ғалымжан  татар  әдебиетіндегі  алғашқы 
психологиялық роман “Дос жүректерді” (1912) жазды. 
Қуғын-сүргін,  империалистік  соғыс  жылдарында  көптеген 
суреткер күрестен шеттеп, жеміс бермес жат ағымдарға түсіп кеткенде, 
Ғалымжан  өзінің  демократтық  бағытын  берік  ұстап  қалған.  “Қарт 
жалшы” (1912), “Бақташы мал” (1913) секілді шығармаларында өмірді 
реалистікпен бейнелеп, маңдай тер, табан ақысына сенген жандардың 
ауыр,  азапты  тірлігін  суреттейді.  Әр  түрлі  тақырыпқа  мақала  арнады. 
Қазанда  шыққан  “Аң”  журналының  1916  жылғы  бесінші  санында: 
“Түркологтардың көпшілігі қазақтарды көне түркілердің шын сақталған 
жері деп біледі. Бұл күнгі қазақ халқы өзінің күн көрісі, өмір қалпымен 
басқа  жұрттардан  ерекше.  Бұл  халықтың  рухында  зор  қуат-күш  бар. 
Олардың  халық  әдебиеті  ешбір  түрік  үлгілеріне  ұқсамайтын  орасан 
бай.  Бізге  қазақтарды  татар  тілі  мен  татар  әдебиеті  астына  қарату 
қиялын  былай  тастап,  қайта  өз  қазынамызды  байыту  үшін  қазақ 
халқының әдебиетінен көп-көп үйренуіміз керек”, - деп жазды. 


 
101 
Октябрь  революциясы  күндерінде  Ибраһимов  әр  түрлі  саяси 
жұмыстар атқарады: Советтердің Одақтық ІІІ съезінің делегаты болды, 
ВЦИК-тің құрамына енді. 
1920  жылы  Ғалымжан  “Біздің  күндер”  трилогиясының  алғашқы 
кітабын жариялады. Шығармада бірінші орыс революциясы тұсындағы 
ұлттық  интеллигенцияның  тағдыры  бейнеленген.  Жазушының  арман, 
идеал жолына өмірін бағыштаған, революция ардагерлерін көрсететін 
“Жаңа  адамдар”  пьесасы  –  татар  драматургиясының  кезеңдік 
шығармаларының  бірі.  Октябрь  революциясына  дейін  қабырғалы 
суреткер,  ойшыл  ретінде  қалыптасқан  Ғ.Ибраһимов  Совет  өкіметі 
орнаған соң әр бағытта білек сыбанып, бел талдырып еңбек етіп, көп 
іс тындырды. 
Коллективтендіру  кезіндегі  әлеуметтік-психологиялық  қақтығыс 
татар  әдебиетінде  алғаш  “Терең  тамырлар”  (1928)  романында 
суреттелген. Бұл шығарма көп тілдерге аударылды. 
Татар өмірінде Ибраһимов қалам тартпаған тақырып кем де кем. 
Әйел басындағы ауыр халді, шариғатты айыптап жазған. Соның ішінде 
“Татар қызының тағдыры” романының жөні бөлек. 
Ибраһимов  өнерге  қатал  талап  қойған  суреткер,  оның  қайта 
жазбаған,  бірнеше  рет  өңдемеген  шығармасы  жоқтың  қасы.  Уақыт 
өтіп,  мол  тәжірибеге  ие  болған  Ғалымжан  “Татар  қызының  тағдыры” 
романына 1929 жылы қайта оралды. 
Бұл  шығармамен  сарындас  “Қазақ  қызы”  романы  1909-1911 
жылдары жазылса да, түрлі себептермен талай уақыт басылмай, 1928 
жылы бір-ақ жарық көрді. 
Ғалымжанның  филолог,  тарихшы,  ғалым  ретінде  мәдениет 
тарихында алатын орнын “Татар тілінің морфологиясы”, “Татар тілінің 
синтаксисі”,  “Әдебиет  теориясы”,  “Татар  арасындағы  революциялық 
қозғалыс”,  “Татарлар  1905  жылғы  революцияда”  дейтін  еңбектері 
айқындап берсе керек. 
СССР  Көркемөнер  Ғылымдар  академиясының  академигі,  Еңбек 
Ері,  В.И.Лениннің  шығармаларын  татар  тіліне  аударуға  ат  салысқан 
публицист,  үлкен  сөз  зергері  Ғалымжан  Ибраһимов  1938  жылы 
репрессияға ұшырап, опат болды. 
“Қазақ  қызы”  романында  ХІХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  елінің 
өмірі  көрсетілген.  Бұл  бір  белеңді  қиракерзік,  қилы  заман:  Қазақстан 
Ресей  империясына  бүтіндей  қосылып,  оның  колониясына  айналған, 
осыдан  келіп  кешегі  ел  заңы,  ата  салты  дейтіндердің  көбесі  сөгіліп, 
қиюы  қашты,  құрығы  ұзын  чиновниктер  отар  елге  өзгеше  тәртіп 
орнатты. 
Енді әкімдер сайланып қойылатын болған. Кімнің қолына мансап 
тисе,  соның  ақ  дегені  –  алғыс,  қара  дегені  –  қарғыс,  аузында  май. 
Иықтас байларға көз аларту, сормаңдай кедейлерді бұрынғыдан бетер 


 
102 
жаншудың  құралы  бір-ақ  нәрсе:  ол  –  билік  екендігіне  ақ  сүйек 
атаулының  көзі  жеткен.  Сондықтан  билік  үшін  күрес  олардың  бар 
мақсат-нысанасына айналды, бұл жолда құрбан болмайтын ештеңе де 
жоқ: мал да, қазына-байлық та, ақша да, керек десеңіз, қыздарын да 
беруге  бар.  Ру-руға  бөлінген  феодалдық  елдегі  бұрынғы  күрес  күрес 
пе,  отаршылар  оған  май  құйып,  қырық  пышақ  арпалыстың  жалынын 
аспанға  лаулатқан.  Қызуы  бет  шарпитын  бұл  жұлқыласудан  шет 
қалатын ру табылмас, күрес додасына бәрі тартылған. 
Әлеуметтік  санасы  әлі  балаң,  тартыс  тәсіліне  шалағай  кедей-
кепшік,  жарлы-жақыбай  да  мықтының  алдау,  арбауымен  осы  күреске 
қосылады,  өз  мұңы,  өз  тілегі  емес,  жаттың  жоғын  жоқтап,  сойылын 
соқпақ.  Қараңғыдан  жол  таба  алмай  басын  тауға,  тасқа  ұрған  есіл 
халық.  Қолына  бүкіл  байлықты  жиып,  дүйім  жұртты  бір  шыбықпен 
айдаушы  үркердей  аз  топ.  Ұлан-асыр  атойдың,  үлкен  дүрбелеңнің 
алғашқы  дүмпуіндей  боп,  анда-санда  халықтың  сұсты  ажарын 
танытып, қанды қанжар көтеріледі. 
Ибраһимов  романы  қазақ  өмірінің  осы  дәуіріне  арналған.  Автор 
көтерген  мәселе,  оның  көркемдік  шешімі  қандай?  Роман  эпикалық 
сарында  басталып,  Қарлығаш  пен  Қалтайдың  атастырылу  хикаясын 
баяндайды.  Бұл  құдалықтың ар  жағында  не  жатқанын  салған  жерден 
сезіп қоясың. Найман, Төртқара руларынан шыққан Қарайғыр, Сарман 
тобы сүйек шатыстырып, қыз берісіп, құда болмақ. 
Нөсер жауын алдында шоғырлана бастаған алғашқы қою бұлттар 
елестегендей.  Сар  төсек  ауру,  өлім  алдында  жатқан  найман  Байтөре 
өзін  “Шыңғыс  әулетіненбіз”  дейтін,  жетпіс  жеті  атасынан  бері  қарай 
дәулет  арылмаған  шынжыр  балақ,  шұбар  төстің  нағыз  өзі.  Бойында 
қайрат, қолында билік барда талайға қамшы сілтеген, батырған тізені. 
Көз  жұмар  алдында,  соңғы  сәтте  қанды  ауыз  қасқыр  соңғы  байлам, 
ақырғы билігін айтып қалмақ. Дұшпан рудың күші өсіп, бел алып бара 
жатқанын  көріп  те,  мойындап  та  отыр,  бұрын  оларды  бақайына 
отырғызбаса, енді мәмлеге келуге дайын. Бұған бел байлаған Байтөре 
ғана,  басқалар  танауынан  арғыны  көрмейтін  соқыр  тауық,  аруақ 
шақырып,  кеуде  қаққан  бәзбаяғы  бойлауық  қалыпта.  Тіпті  қалай 
тазыға шалдырмаған қырдың алпыс алты айлалы түлкісі Әзімбай да, ә 
дегенде, Байтөренің бітімге келмек ойынан шоршып түскен. 
Бұлардың  қас-дұшпаны  –  Сарман  руының  бетке  ұстар  белдісі 
Сәрсенбай.  Келе-келе  түйесі,  отар-отар  қойы,  үйір-үйір  жылқысы  бар 
мыңғырған бай, төрт құбыласы тең. Әттең дегізіп жүрген бір-ақ өкініші 
– қолы болыстыққа жетпей-ақ қойды. 
Сірә,  бұланқұйрық  арман  қолға  түспес,  өйткені  Сәрсенбайдың 
Байтөреге  қарағанда  қапысы,  олқылығы  көп.  Әсіресе,  билік  тұтқасын 
ұстаған  чиновниктермен  қолтықтасып,  ауыз  жаласып  кете  қоймаған, 
ет  жеп  еліріп,  қымыз  ішіп  қызарған  кеңбалақ  байлардан 


 
103 
айырмашылығы шамалы. Бірақ аузы күйген үріп ішеді, алдағы сайлауға 
Сәрсенбай бес қаруын дайындап, тас-түйін отыр. 
Ел ішінде шашбау көтеріп, сойыл соғар топтың қарасын көбейтіп, 
ертерек  талайлардың  аузын  алған,  сондықтан  дәл  осы  жолы 
болыстықтан  дәмесі  зор.  Сәрсенбайға  бұл  сәт  бас  жарып,  қол 
сындырған  итжығыс  күрестен  кейін  келді.  Қарайғырлармен  бел  құда 
болғанда да жақтастар қатарын көбейтуді ойлаған. Қызы Қарлығаш ай 
десе  аузы,  күн  десе  көзі  бар  сұлу,  бойжетіп  сылқылдап  отыр,  құтты 
орнына  қондыратын  мезгіл  де  жеткен.  Асыл  ару  еріксіз  тұрмысқа 
шыққанша, өлгенді артық санайды. Татар романисі қазақ қыздарының 
өжет,  асқақ  тұлғасын  Қарлығаш  бейнесі  арқылы  сомдап  жасаған. 
Арыстанбай болса өмірдің ыстық-суығына күйіп-піскен, жер аударылып 
барып,  тескен  таудан  асып  қайтқан  жігіт.  Махаббат  жолында 
қабырғасы сөгілсе де, тайғанақтамайтын қайсар азамат. 
Шығармадағы үлкен қақтығыс – билік үшін болып жатқан күреске 
тағы бір тартыс қосылады. Ол – бірін-бірі құлай ұнатып, айырылмастай 
боп  сүйген  жастар  –  Қарлығаш  пен  Арыстанбайдың  махаббаты  және 
оған қарсы тұрған қараңғылық пен етек алған ескілік моралы. 
Ибраһимов  шеберлікпен  екіұдай  тартысты  қатар  өрбітеді. 
Шынтуайттап келгенде, Қарлығаш пен Арыстанбай тағдырына мансап, 
билік  таласын  қырсығын  тигізеді.  Азаттыққа,  бостандыққа  ұмтылу, 
надандық  шырмауын  үзу  -  сахарада  белең  алған  осындай  прогресті 
құбылыстарды,  Арыстанбай  мен  Қарлығаштың  салт,  әдет  дегендерге 
бойсұнбай,  сүйген  жүректерінің  әмірімен  азуы  алты  қарыс 
мықтылардан  сескеніп,  бұқпантайламай,  ұрт  қимыл  жасап,  шідер  үзіп 
кетуін  жазушы  сенімді  бейнелеген.  Қатерлі  өткел,  көпірсіз  өзенді 
кешкен  жастар  махаббаты  әуезді  тіл,  көтеріңкі  серпінмен 
романтикалық әуенде суреттеліп, толқынды сыр шертіледі. 
Романдағы көңіл тоқтатар бір бейне – Бірімжан. Жасы сексеннен 
асып  кеткен.  Көзі  кемтар  болса  да,  көңілі  ояу,  ақылды,  сөйлер  сөзі 
орамды,  уытты.  Байтөре  тұқымына:  “Сарыарқаны  саттың.  Халық  шөл 
дала,  қу  медиенге  босып  кетті”  деп  көптің  көкірегінде  жүрген  сөзді, 
ызаны  жеткізеді.  Бірімжан  -  өмірден  алынған,  қайшылықты  образ.  Ол 
Сәрсенбайларды жақтап, Қарайғыр, Сармандарды татуластырғанда ру 
ақсақалы, жастардың құрық сүйретіп, өз бетімен кетуіне қарсы, қалың 
мал жолын құптайды. Ибраһимов ел сорған, пара жеген чиновниктерді 
шенеп, нәубетін, ырыздығын еңбекпен тапқаш шаруаларды жаны аши 
суреттеп,  қазақтармен  олардың  қарым-қатынасын  сенімді  түрде, 
реалистік  арнада  бейнелейді.  Бірімжанның  бұл  орайдағы  көзқарасы, 
эволюциясы нанымды берілген. Әуелде орыс атаулыға оқ атып, қылыш 
суырған  Бірімжан  кейін,  шаруалардың  да  кедейлер  секілді  қорғансыз, 
панасыз, жалаң аяқ екеніне көзі жетіп, оларды жақтап шығады. 


 
104 
Болыс  сайлауы  алдындағы  дүрбелең,  күш  жинаған  рулар, 
махаббат  үшін  күреске  түскен  жастар  –  романның  сюжеті  осы 
арналарда  өрістеп,  өрбиді.  Байтөре  дүние  салған.  Арыстанбай  қалың 
малы  беріліп  қойған  Қарлығаш  сұлуды  алып  қашқан.  Шиеленіс 
кемеліне келді. 
Қарайғырлар 
мен 
Танабұға 
өзара 
шайнасса, 
Найман, 
Төртқаралар  тағы  бел  алып  кетпек.  Бұл  жолы  ру  арасындағы  күрес 
толқыны  Арыстанбай  мен  Қарлығашты  үміт  жағасына  шығарып 
тастайды. 
Мерейі  өсіп,  мәртебесі  көтеріліп,  Сәрсенбай  болыс  сайланды, 
төбесі көкке екі-ақ елі тимей тұрғандай еді. Ибраһимов қазақ өмірінің 
әлеуметтік  шындығына  тереңдей  түседі.  Сапты  аяққа  ас  құйып, 
басынан қарауыл қараған патша чиновниктері өздеріне ауыз жаласып, 
ішек-қарны  араласып  кетпеген  Сәрсенбайды  көп  ұзамай  мансап 
тұғырынан  ұшырып  жібереді.  Жер  аударады.  Жұлқынбай  сияқты 
жалшыларға  бостан-босқа  тағы  пәле  жабылып,  қуғындалады.  Жанын 
шығарып,  қанын  сорған  патша  саясаты  дегеніңіз  осы.  Қарлығаш  пен 
Арыстанбай махаббаты не болды? Оларға дес бермейтін тегеурінді күш 
бұларды екі айырған. Роман аяқталды. 
Ибраһимов  –  татар,  ендеше,  оның  қазақтар  өмірін  көрсетуде 
қандай  ерекшеліктері  бар  деген  сұраудың  жауабын  іздеу  керек. 
Кітапты  шүу  деп  оқығанда-ақ  оны  басқа  ұлттың  өкілі  жазғаны 
байқалады.  Романист  “әдеттері  осы”,  “қазақ  айтқандай”,  “салт 
бойынша”  деген  түсінік  сөздерді  қосып  отырады.  Немесе  қазақ 
атаулыға  бесенеден  белгілі  жайларды,  тіпті  ұсақ  детальдарды 
тәптіштеп  баяндайды.  Осылардың  өзінен  қыр  өмірімен  татарларды 
таныстыру мақсаты көзделгені жақсы аңғарылады. 
Қазақтардың  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпы,  жүріс-тұрысы,  киім  киісі 
реалистік дәлдікпен бейнеленген. Той, ас беру, ат үйрету, көш, үй тігу, 
киіз  басу,  тамақ  ішу  көріністері  әсерлі  де  нанымды.  Және  бұлардың 
баршасы  экзотикаға  соқпай,  шын  қалыпта,  сахара  сырын  ашатын, 
әлеуметтік  күрестерді  айқындайтын  жағдайлар,  бейнелер  арқылы 
суреттеледі. 
Ибраһимов – дала табиғатын жүрегімен сезініп, тебірене толғаған 
суреткер,  ол  пейзажды  кейіпкерлерінің  қабылдауы  арқылы,  көңіл 
күйіне  байланыстыра,  сюжетке  қабыстыра  алады.  Бұл  картиналар  – 
шығармадан  өшіруге  болмайтын,  жанды  дүниелер.  Ибраһимов 
романының айтылмыш сипаттары осы дәуірді көрсететін революциядан 
бұрынғы қазақтың өз жазушыларының туындыларымен салыстырғанда 
өте анық көрінеді. 
Міржақып  Дулатовтың  “Бақытсыз  Жамал”,  Спандияр  Көбеевтің 
“Қалың  мал”,  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  “Қамар  сұлуы”  секілді 
туындыларда әйел теңдігі мәселесі бірінші орынға қойылып, қалың мал 


 
105 
айыпталып, әділетсіз  заманға  лағынет  айтылады.  Кезең  талабы  қазақ 
жазушыларының алдына жаңағыдай көкейкесті мәселені тартты. Содан 
шығар, олар тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа ат-үсті ғана тоқталады, тіпті 
сараң суреттейді. 
Ал  Ғалымжан  Ибраһимов  басқа  ұлттың  өкілі  болғандықтан, 
көшпелі елдің өзгешеліктеріне кең тоқталып, әдейі тәптіштей жазады. 
Әрине,  татар,  қазақ  халықтары  жақын,  бауыр  дегенімізбен,  олардың 
психологиясында  өзгешеліктер  мол.  Сол  даралықты  Ибраһимов  
кейіпкерлердің  мінезі,  іс-әрекеті,  сөздік  сипаттамасы  арқылы  жақсы 
аша білген. 
Портрет  Ибраһимов  үшін  жеке-дара  мақсат  емес,  ол 
психологиялық 
мінездеудің 
құрамына 
еніп 
кетеді. 
Қазақы 
оралымдардың,  мақал-мәтелдердің,  шешендік  сөздердің  романда  жиі 
қолданылуы ұлттық колоритті айқындай түсу үшін көп ықпал жасаған. 
Задында,  кейін  “Татар  қызының  тағдыры”,  “Терең  тамырлар” 
романдарында  жарқырап  көрінген  Ибраһимовтың  шеберлігі,  стиль 
сұлулығы  осы  шығармадан  басталған.  “Қазақ  қызы”  романының, 
асылында,  шиыршық  атқан  сюжеті  жоқ  болса  да,  композициясы 
жіптіктей. Ғалымжан қосалқы кейіпкерлердің тебіреніс сәттерін жақсы 
пайдаланады.  Дуана  кемпір  Меңдінің,  Байтөре  тоқалының  бейнелері 
бұл  айтқанымызға  жақсы  айғақ.  Романдағы  көпшілік  көріністерінің 
бояуы  есте  қаларлықтай  анық.  Рас,  халық  өкілдерінің  жан  дүниесін 
тереңірек  ашып,  рухани  эволюцияға,  таптық  сана-сезімнің  ояну 
процесіне  жете  көңіл  аударылғанда,  шығарманың  әлеуметтік  тынысы 
кеңи түсетіні сөзсіз еді. 
“Қазақ  қызы”  романы  Ғалымжан  Ибарһимовтың  берік  идеялық 
позициясын, өмір құбылыстарын жіті көріп, екшеп бейнелейтін сырбаз 
шеберлігін,  халық  өмірін,  тұрмыс-салтын  жақсы  білетіндігін  көрсетеді. 
Бұл  шығарма  –  түркі  тілдес  әдебиеттердегі  жанр  шарттарына  жауап 
берген, европалық деңгейден шыққан ең алғашқы романдардың бірі. 
Өздері  өмір  сүріп  отырған  ортаны  танып  білуде,  құбылыстардың 
терең  мәнін  түсініп,  адамдардың  әлеуметтік  психологиясын  көрсету 
үшін  бейнелі  тіл,  дара  стильді  меңгеруде  қазақ  жазушыларына 
Ибраһимов  шығармалары  жемісті  ықпал  жасады.  Бейімбет  Майлин 
“Төңкерістен  бұрынғы  татар  жазушыларының  көрнектісі  Ғалымжан 
болып  келді.  Сөзге  шеберлігі,  ұтқырлығы,  кітабының  шын  тұрмыс 
айнасы  болғандығы  оқушыларды  маңына  үйірілтумен  келді”,  -  деп 
жазды.  Ғабит  Мүсірепов  өзіне  әсер  еткендер  “Орыс  жазушылары  мен 
Ғалымжан Ибраһим ұлы шығар деп ойлаймын”, - деп жазды. 
Ғалымжан  Ибраһимов  қазақ  мәдениетінің  төрінен  сыйлы  орын 
алуға лайық суреткер деген тұжырымның ақиқатына шәк жоқ. 
 


 
106 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау