Рымєали Нўрєали



жүктеу 2,19 Mb.
Pdf просмотр
бет13/73
Дата19.01.2022
өлшемі2,19 Mb.
#33505
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
eda5ce42ce30f2a77b971a82b9f7e067-1

ІҮ 
 


 
79 
Бірен-саран  үлгі  демесек,  қазақ  әдебиетінде  жазушының  көп 
томдығын  шығару  тәжірибесі  әлі  жетілген  жоқ.  Абай,  Сұлтанмахмұт 
кітаптары  текстологиясының  өзі  биік  ғылыми  талаптарға  жауап  бере 
алмайды.  Қолжазба,  автордың  көзі  тірісінде  жарияланған  басылым 
болғандықтан  зерттеушілер,  құрастырушылар  кейде  әлдеқандай 
мақсат  үшін  белден  басып  жүре  береді.  Басқаны  айтпаған  күнде 
Абайдың әйгілі “Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” шығармасынан екі 
тармақ алайық. Кейде: 
 
 
 
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, 
 
 
Өлеңі бірі – жамау, бірі құрау, - 
деп басылады. 
Кейде: 
 
 
 
 
Өлеңі бәрі – жамау, бәрі – құрау, - 
деп басылады. 
Бір  әріп  өзгерді!  Бір-ақ  әріп!  Содан  келіп  мүлде  басқа  мағына 
шығып  тұр.  Соңғы  редакцияға  бақсақ,  өзінен  бұрынғы  аруақты 
ақындардың барлығына Абай топырақ шашқан секілді. Өлеңнің үшінші, 
төртінші тармағын тыңдайық: 
 
Әттең дүние-ай, сөз таныр кісі болса, 
Кемшілігі әр жерде көрініп тұр-ау. 
 
Рас,  Мүрсейіт  қолжазбалары  –  бүгінде  Абай  шығармаларының 
текстологиясын  қарастырғанда  ден  қояр,  сеніп  жүгінер  бірден-бір 
құжат.  Бірақ  көшіруде  ол  қате  жіберуді  мүмкін  емес  пе  екен?  Оның 
үстіне  араб  графикасында  “А”  мен  “І”-ні  шатастыру  оп-оңай.  Басты 
тиянақ  –  мағынаға  назар  аударыңыз.  Егер  “бәрі  жамау,  бәрі  құрау” 
десек,  кемшілігі  әр  жерінде  емес,  бәр  жерінде  болу  керек.  Ендеше, 
“бірі”  деген  сөзді  қалдыру  дұрыс.  Осы  алуандас  пікірді  А.Нұрқатов  та 
айтады. 
Бұл  мысалдан  қазіргі  қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы 
текстологияның қаншалықты ақсап жатқанын аңғару қиынға соқпайды. 
Сәкен,  Ілияс,  Бейімбеттердің  алты  томдығы  өте  асығыс,  ат  үсті 
шығарылды. Бірінен соң бірін тіркеп, тізіп, түптей салған. Қай шығарма 
қашан  жазылды,  қалай  бағаланды,  кейінгі  тағдыры  не  болды, 
жоспарлар, варианттар бар ма, басқа тілдерге аударылды ма – қалың 
оқырманның  бұл  сауалдары  жауапсыз  қалды.  Ұлттық  әдебиетіміздің 
дамуындағы 
жетекші 
жанрлардың 
көшбасшысы 
болған 
классиктеріміздің  туындыларына  ғылыми-сыншылдық  көзқараспен 
қайта келетін уақыт жетті. Халық сағынып барып қауышқан Әсет, Әріп 
жинақтарының да текстологиясы көңілдегідей емес.  


 
80 
Сөз тиегі – Мұхтар Әуезовтің он екі томдығы. 
Түбірлі сөзді айтсақ, Әуезов тағдыры – бақытты тағдыр. Қазақтың 
ұлттық  драматургиясын  жасау  бақыты,  қазақтың  ұлттық  эпопеясын 
жазу бақыты, ең бастысы тұңғыш рет әлем әдебиетін қазақ халқының 
рухани  дүниесімен  жалғастыру  бақыты  Мұхтар  Әуезов  маңдайына 
біткен. 
Әуезов 
жиырмасыншы 
жылдардағы 
прозасымен-ақ, 
тырнақалды  драмалық  туындыларымен-ақ  әдебиетте  өшпейтін, 
өлмейтін із қалдырған. 
Кейде  жазушы  кейбір  туындысын  көзі  тірісінде  жарияламайды. 
Мұның  себебі  шығарманың  өмірлік  материалына,  фактілік  негізіне, 
идеялық  арқауына,  басқа  да  субъективті  себептерге  сабақтас  болса 
керек.  Ал  Әуезовтің  кезінде  жарияланбаған  сүйекті  үлкен  шығармасы 
жоқ.  1921  жылы  Семейде  Затон  жұмысшыларына  көрсетілген  “Ел 
ағасы” драмасы, жиырмасыншы жылдары туған “Сұғанақ сұр” хикаяты 
жоғалған. Прозалық дүниелері түгел дерлік жазылысымен, көп ұзамай 
оқырман қолына тиіп отырды. Баспа жүзін көрмеген, сахнаға шықпаған 
бірталай бимәлім пьесалар бар. 
Оқырман  ең  алдымен  өзіне  таныс  емес,  қолға  түспеген 
туындыларды іздейді. 
Жазушы  шығармалары  жанрлық  және  хронологиялық  тәртіппен 
берілген.  Бірінші  томда  алғаш  жиырмасыншы  жылдарда  “Таң”, 
“Шолпан”,  “Сана”,  “Жаңа  мектеп”,  “Жаңа  әдебиет”  журналдарында 
жарияланған  әңгімелер,  хикаяттар  бар.  Бұлар  Әуезов  талантының 
қуатын,  даралығын,  бояуын  танытқан,  дала  стихиясын  реалистікпен 
бейнелеген,  әр  түрлі  әлеуметтік  типтердің  психологиясын  терең 
ашқан,  бас-аяғы  жұмыр,  көркемдіктің  биігінде  тұрған  кесек  дүниелер. 
Құбылыстардың  сыртқы  өзгерістерін  емес,  күрделі  қайшылықтарды 
ашқан бұл көлемі шағын прозалық шығармалардың тіліндегі бейнелілік 
әйгілі эпопеядағы суреттіліктен кем соқпайды. Тіпті қысқа жанрды 20-
жылдарда  өзі  жеткен  көркемдік  өреге  Әуезовтің  кейін  шыға  алмай 
қалған  тұстарын  да  жасыруға  болмайды.  Дайын  қалып,  таптаурынға 
түскенде  ұлы  суреткер  де  сылтып  басты:  әрине,  “Қаралы  сұлу”, 
“Көксерек” сияқты  жауһарлармен  “Құм  мен  Асқар”,  “Шатқалаң”  қатар 
тұра алмайтыны хақ. 
Баз  бір  суреткер  қаламына  өз  өмір  тарихын  өмір  бақи  талғажау 
етіп, әманда бастан кешкендерінің тар ауқымынан шымырлап шықпай 
қоймақ. Әуезов мұндай қаламгер санатында емес, ол қолына іліккенін 
шикі  қалпында  алмайды.  Көрген,  білген,  естіген,  оқыған,  зерттеген 
дүниелер  түгелдей  жазушылық  қиялмен  балқытылып,  авторлық, 
идеялық мұратқа орай қайтадан құйылады. 
Күнделікті  тіршіліктің  тамырын  басу  ниетімен  іргелі  дүниелерге 
бару  үшін  әдейі  зерттеу  -  өзі  қоғамдық-әлеуметтік  істерге  бел  шешіп, 
белсене  араласып  жүрген  20-25  жастардағы  кезінде  Әуезовке  қажет 


 
81 
болмаған.  Ал  оқу  қуып,  ғылым  қуып,  таза  жазу  жұмысына  қарай 
ойысқан,  сүйікті  даласынан  қол  үзгендей  кездерінде  Әуезов  арнаулы 
ізденістерге,  мақсатты  жол  –  сапарларға  ден  қояды.  Бұл  ұмтылыстар 
жемісі - әр кезде, әр түрлі ыңғайда жазылған очерктер. Зады қоғамдық 
ойға  түрткі  болмаған,  көркемдік  шарттарына,  биік  талаптарға  жауап 
бере  алмаған  шығарманың  қайсысының  да  ғұмыры  қысқа,  ал  жанр 
табиғаты,  әсіресе  очеркте,  проблема  көтерілуін,  әлеуметтің  мазасын 
алып  отырған  сауалдарға  жауап  айтылуын  талап  етеді.  Әуезов 
очерктері  өзінің  идеялық  сипатымен,  жазылу  мәнерімен,  сюжеттік-
композициялық  даралығымен  әңгімеге  жақын,  дәлірек  айтқанда 
болашақ  күрделі  шығарманың  эксизі,  асығыс  қағазға  түсіп  қалған 
жобасы секілді. 
Бұл  құбылысты  “Өскен  өркен”  романының  туу  тарихынан  жақсы 
аңғаруға  болады.  Мақсатты  сапарлар,  жұртпен  етене  танысу,  табысу, 
қыстау,  жайлауларды  аралау,  Қаратау  бауырындағы  жер-су,  дүние-
мүлік,  жиһаз  аттарына  дейін  зерттеу,  бір  жиналыс  әсерін,  бір  саяхат 
әсерін  репортаж,  очерк  ыңғайында  жазып  тастай  жүріп,  кесек 
туындыға  жол  тартуды  көреміз.  Бұл  “Жерминаль”,  “Шығармашылық”, 
“Нана”  романдарын  жазғанда  Эмиль,  Золя,  “Жас  гвардия”  романын 
жазғанда Александр Фадеев қолданған әдіс, жемісті әдіс. 
Тамсанбайық, талдайық, мақтамайық, - байыбына барайық. Бұл – 
байсалды  эстетика  талабы.  Кейбір  есімдердің  алды-артын,  қызылды-
жасылды  әсіре  бояулармен  қымтап-шымқап,  көбік  сөзді  көпіртіп 
отырып  алатындар  бар.  Шығарма  далада  қалады,  “керемет  шебер”, 
осылай жел сөзді ысқыртып, шашбау көтеру әлегіне түсіп кете береді. 
“Өскен өркеннің” кең жоспармен жазылмақ шығармалар циклінің 
алғашқы  кітабы  екендігі  және  жазушы  ойлаған  мақсатын  жеріне 
жеткізе  алмай  кеткені  ешкімге  жасырын  сыр  емес.  Әйгілі  эпопеяға 
жұмсалған  еңбекті  Әуезов  айтылмыш  туындысына  жұмсап  үлгірмеді. 
Бұл – бір. Екінші, осы романдағы авторлық идеалды, қаһарман таңдау 
принципіндегі  жаңалықты,  бүгінгі  өмір  проблемаларына  араласудағы 
батылдықты айту шарт. 
Абай! 
Қазақ өнері, мәдениеті, әдебиеті  тарихында  бұдан зор  ілтипатқа 
алынған,  мұнда  көп  қастерленген,  мұндай  көп  сыр  шертер,  мұндай 
жүрек тебірентер есім жоқ. 
Тарихи қайраткердің өмір жолын ашып, еткен шаруа, бітірген ісін 
бағалағанда, 
әрқашан 
диалектикаға 
жүгінбесе, 
эклекцизмнің 
орманында  адасып  кету  оп-оңай.  Абайдың  қазақ  қоғамдық  ойындағы 
алатын орны, миссиясы деген сұраудың жауабын іздеу үшін төмендегі 
мәселелерге тоқталу шарт.  
Көп  уақыт  кейбір  оқымыстылардың  зиянды  қате  концепциясы 
қазақ  халқының  тарихын  теріс,  байыбына  жетпей,  шалағай  түсіндіріп 


 
82 
келді. Бұл адасудың түп-төркіні – бағзы бір елдер өз тарапынан әлем 
мәдениетіне  еш  нәрсе  қоса  алмайды,  олар  тек  цивилизация 
дастарқанындағы  қалған-құтқанды  талғажау  етеді  дейтін  жалған, 
нәсілшілдік қисынмен байланысып жатыр. 
Қазір  қазақ  оқымыстыларының  басым  көпшілігі  әдебиетіміздің 
көне тамыр, ежелгі дәстүрлерін терең ғылыми негізде зерттеп, танып, 
бағалауға  ден  қойды.  Әрбір  халық  мәдениетіндегі  арғы  арналарды 
терең қарастыра отырып жасалған ізденістердің нәтижесінде мәнді де 
маңызды шаруалар тынды. 
Ұлы 
жазушы 
қашанда 
ұлттық 
топырақ 
қажеттілігінен 
жаратылады.  Ендеше,  Абайға  дейінгі  қазақ  әдебиетінде  шолып, 
жинақтап, түйіп айтқанда, қандай бел-белестер, биік шыңдар бар еді, 
соған аялдайық. Қазақ эпосының ғаламат байлығын, гөзәл сұлулығын, 
терең идеялылығын, сан алуан жанрларын ориенталистер ерекше атап 
көрсеткен, сол дария қазына ұлы Абайдың бала күнінен бастап алтын 
құндағы болған. Қалың елдің ортасында, қыр сахарасында өмір кешкен 
ақын тамаша жырлардың, даналық сөздердің, мақал-мәтелдердің қан-
қазынасынан  еркін  сусындап,  өз  шығармаларына  содан  нәр  алған, 
бояу қосқан, ажар енгізген. 
Рас,  Абай  ескілік  атаулыға,  бұрынғы  сөз  үлгілеріне  бас  шұлғи 
беретін  эпигон  емес,  өз  эстетикасында,  идеялық  авторлық  мұратына 
орай  халық  фольклорын  еркін  пайдаланып,  айрықша  сапалы 
туындылар  берген  ұлы  жаңашыл.  Қазақ  өлеңіндегі  сан  алуан 
формаларды  Абай  жіті  байқап,  зерек  танып,  өз  тарапынан  ұштап, 
мәнерлеп,  соны  мазмұнмен  байытып,  әдебиеттің  тұрақты    байлығына 
айналдырды. Неше түрлі қанатты сөздер, ұшқыр оралымдар, құнарлы 
тіркестер  Абай  қаламында  қайта  тірілді,  өлместей  боп  жаңарды. 
Сөйтіп,  Абай,  бір  жағынан,  халқының  ғасырлар,  заманалар,  ықылым 
дәуірлер бойы әулеттен сұрыпталып, екшеліп жеткен ересен байлығы 
– фольклорды қажетке пайдалана отырып, екінші жағынан, оны жаңа 
бір  сапаға  көшіріп,  классикалық  туындылар  жасап,  еліне  мәңгілік 
жауһарлар – шедеврлер сыйлады. 
Ешқашан  аптап  ыстық,  ми  қанаттар  шөл  далада  жапырағы 
шулаған  алып  бәйтерек  тамыр  жая  алмайды.  Сол  секілді  алдында 
дәстүрі, ежелгі төсегі жоқ елде ұлы жазушы да тумақ емес. Қазақтың 
Абайға  дейінгі  жазба  әдебиетінің  көне  тарихының  әлі  толық  ашылып 
бітпеген  беттеріне  асығыс  көз  жүгірткеннің  өзінде  бірқыдыру 
топшылаулар жасауға болады. 
Дүние жүзі филологтары әдеби маңызын, көркемдік қуатын әбден 
мойындаған  Ү-ҮІІІ  ғасырларда  Орхон-Енисей,  Талас-Шу  өзендерінің 
бойында  зәулім  биік  тастарға  қашалып  жазылған  жырларға    бір-ақ 
халық  иемдене  бастаса,  ол  тарихқа  жасалған  қиянат  болар  еді. 
Жалғыз  бұл  емес,  Ү-ХҮ  ғасырлар  аралығында  туған  көптеген 


 
83 
шығармаларға  қазақ,  өзбек,  қырғыз,  татар,  башқұрт,  азербайжан, 
түрікпен  секілді  түркі  тілдес  халықтардың  түгел  ортақ  болуын  тарихи 
жағдайлардың, әлеуметтік-қоғамдық себептердің салдарынан екендігін 
тарих жақсы түсіндіреді. 
Жас  кезінде  медреседе  оқыған  Абай  түркі  тілдес  елдерге  ортақ 
әдеби тіл – шағатай тілін еркін игеріп, “Дивани лұғат ат-түрік”, “Кодекс 
Куманикус”,  “Құтадғу  білік”,  “Оғыз-наме”,  “Мұхаббат-наме”,  “Хисса-
суланбия”  секілді  шығармалармен  жете  танысқан.  Айтылмыш 
еңбектердегі  кейбір  сарындар,  мотивтер  Абай  шығармаларында 
тереңдей  түскен.  Абай  қара  сөздерінің  формасы  “Құтадғу  білік” 
формасына ұқсас. 
Абай түркі тілдес халықтарға ортақ мұралармен қоса, араб-парсы 
тілдеріндегі  поэтикалық  туындыларды  ерекше  сүйіп,  ыждаһатпен 
зерттеп  білген,  өзінің  қаламгерлік  тәжірибесінде  жемісті  сабақтарды 
пайдаланған.  Фзули,  Шамси,  Сәйхали,  Науаи,  Сағди,  Фирдауси,  Қожа 
Хафиздерді аузына алып, медет сұрауы, жәй бір ақындық шалқу емес, 
өзінің олармен рухани жақындығын сезіну, туыстығын аңғарту. 
Әлеуметтік 
факторлар 
– 
жазушының 
шығармашылық  
тағдырындағы    маңызды  күш.  Абай  рухани  эволюциядан  өтіп,  бірте-
бірте  жаңа  сапалы  белдерге  көтерілу  арқылы  әлемдік  өркениеттің 
биігіне шығады. Абай исі Шығыс атаулыдан безіп, ат-тонын ала қашты 
деу  қателесу  болар  еді,  академик  Конрад  “Шығыс  ренессансы”  деп 
атаған  дәуірдің  барлық  рухани  жемісін  қазақ  данышпаны  мейлінше 
жете  пайдаланған,  сол  арқылы  марқайып  өскен.  Абайдың  орыс 
мәдениетіне  бет  бұруы,  орыс  қоғамдық  пікіріне  қарай  ойысуы 
шығыстан мүлдем қашу емес, сол шығыс даналығын әбден игерген ұлы 
жанның  әлем  цивилизациясына  тереңдей  бойлау  үшін,  алдыңғы 
қатарлы демократтық ағынмен бауырласуы заңды қадам еді. 
Мұндай  бақытты  тағдыр  қазақтың  ұлы  ағартушы-демократтары 
Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов бастарында да болатын. Орыс 
әдебиетіне  ден  қою  арқылы  Абай  өткен  ғасырда  шығыс  елдерінде 
ешкім  көтеріле  алмаған  биік  тұғырға  шықты.  Пушкин,  Лермонтов, 
Салтыков-Щедрин,  Толстойлар  меңгерген  Абай  шығармаларының 
реалистік қуаты артып, халықтық рухы күшейді, психологиялық дәлдігі 
тереңдеп,  шеберлік  кестесі  айқындала  түсті.  Абай  қазақтың  жаңа 
жазба  әдеби  тілінің  негізін  салып,  сөз  өнерін  бұрын  болмаған  биік 
сатыға көтерді.  
Қазақ халқының тарихында Абай жаңа әдебиеттің реформаторы, 
сөз  ұстасы  ғана  емес,  терең  ойшыл,  үлкен  қоғам  қайраткері.  Жалпақ 
сахарада,  ауыр,  қысталаң  жағдайда  тірлік  кешкен  халқының 
сормаңдай  тіршілігі  ақын  жанын  азаптағанмен,  ол  мүлде  түңіліп 
сарыуайым теңізіне түсіп кетпейді, өткен күндерді ой көзімен бағалап, 
бүгінгі өмірді таразылап, келешек өткелдерін іздейді. 


 
84 
Сонда қоғам қайраткері Абай, философ Абай, ойшыл Абай қазақ 
халқының ертеңгі болашағы өркениетті елдермен сабақтас деп байлам 
жасап,  тарихи  көрегендік,  прогресс  биігінен  табылады.  Өз  халқының 
болашақ  тағдырын  қиырдан  шолу  арқылы  Абай  ұлы  ақын,  ғажап 
суреткер  даңқына,  ілгерішіл  қайраткер,  әлеумет  ойшылы  атағын  тағы 
қосып,  өзіне  дәуір,  заман  артқан  ерекше  істі,  дара  шаруаны,  тарихи 
миссияны  абыроймен  орындап  шығып,  күллі  адамзат  қастерлейтін, 
әлемі мақтан етер перзенттердің біріне айналды. 
Мұхтар  Әуезов  төрт  томдық  эпопеяда  осындай  тарихи  тұлға  – 
данышпан Абайдың реалистік бейнесін жасады. 
Төртінші-жетінші  томдарда  ұлы  шығарма  басылған  “Абай  жолы” 
эпопеясы  –  қазақ  прозасы  шыққан  ең  биік  заңғар,  ұлттың  көркемдік 
дамуындағы  жаңа  тенденциялардың,  жаңа  қайнарлардың  басы.  Бұл 
шығармалардың  әсемдік,  сұлулық  қасиеттерін,  ғажап  поэтикалық 
рухын,  идеяларын,  көкейкесті  сарындарын,  етжүректі  елжіретер 
күйлерін  толқын-толқын  ұрпақ  өз  тарапынан  қайта-қайта  ашары  хақ. 
Өйткені,  үздік  шығарма  –  ұлы  табиғат  анасының  өзі  іспетті,  әркімге 
айтар  сыры  әр  түрлі.  Әуезовтің  құбылыстарды  таңдау,  эстетикалық 
баға  беру  көрегендігі,  оны  идеямен  байланыстыру  тапқырлығын, 
материалдарды  орналастырудағы  шеберлігін  ежіктегіштік,  әріп 
кеміргіштік дертіне шалдыққа мыжыма методология ешқашан танытып 
бере  алмайды.  Бір  сөзді,  бір  сөйлемді,  бір  ситуацияны,  бір  кейіпкерді 
жырып  алып,  суреткер  даралығын  көрсетпек  әурешілікпен  де  “Абай 
жолы” эпопеясының маңынан жүре алмайсың. Озық эстетика Әуезовтің 
атақты  романынан  көркемдіктің  жалпы,  нақты  заңдылықтарына 
қатысты,  ұлттық  әдебиеттің  әлемдік  арнаға  шығуындағы  қозғаушы 
күштер жайлы, жанр дамуындағы ерекше тенденциялар жөнінде әлі де 
қызықты,  маңызды  жинақтаулар  жасап,  теориялық  пікірлер 
түйетіндігіне біздің сеніміміз кәміл. 
Түркі  тілдес  әдебиеттер  тарихында  Әуезов  әзірбайжанның 
Наджафбек  Уәзіровімен,  өзбектің  Хамза  Хакимзада  Ниязиімен, 
татардың  Ғалиасқар  Камалымен,  түріктің  Назым  Хикметімен  ұқсас 
драматург. Қазақ драматургының жанрдың европалық үлгісіне жасаған 
реформасы әлі толық зерттелген жоқ. Әуезов эстетикасындағы театр, 
драматургия  мәселелері,  Әуезов  драматургиясындағы  халықтық 
арналар, 
Әуезов 
және 
драмалық 
классика, 
Әуезов 
драматургиясындағы 
кейіпкер 
мұраты, 
Әуезов 
прозасындағы 
драматизм  –  осы  алуандас  проблемаларды  шешкенде  ғана,  біз  ұлы 
қаламгер  шығармашылығы  басты  үш  арнасының  бірін  ғылыми 
тұрғыдан түсіндірдік, жан-жақты тиянақтадық деп айта алар едік. 
Сондықтан  Әуезов  драматургиясының  мәнін  сахнада  қойылып 
жүрген  пьесалармен  ғана  шектеу  дұрыс  емес,  бай  материалдарды 
түгел  қамтып,  ой қорыту іргелі әлеуметтік мәселелерді  көтеруде  осал 


 
85 
соғып  отырған  бүгінгі  театрдың  жаңа  өрістерге  шығуына  себепші 
болары сөзсіз. 
Оқырман Әуезовтің ғалымдық-сыншылық келбетімен “Әр жылдар 
ойлары”,  “Уақыт  және  әдебиет”,  “Абай  Құнанбаев”  атты  кітаптар 
арқылы кеңінен таныс. 
Мұхтар  Әуезов  –  қазақ  топырағында  ең  өнімді,  ұлттық  өнердің 
классикалық туындыларын берген драматург болу үстіне, театр, драма 
жайлы  терең  толғамды,  ғылыми  салмақты  пікірлер  айтқан  теоретик. 
Оның  бұл  саладағы  мол  еңбегін  “М.Әуезов  театр  туралы”,  “М.Әуезов 
актер  өнері  мен  спектакль  туралы”,  “М.Әуезов  драматургия  туралы” 
деген жүйелерге бөлуге болады. 
Осы  орайдағы  тырнақалды  “Жалпы  театр  өнері  мен  қазақ 
театры”  (1926)  атты  мақаласында  театр  өнерінің ерекшеліктері,  шығу 
тарихы, даму жолдары сөз етіледі. Енді дүниеге келген қазақ театрына 
арқау 
болар 
халық 
қазынасындағы 
арналар 
жан-жақты 
қарастырылған.  “Қазақстан  мемлекет  театры”  (1928),  “Театр,  музыка 
кадры”  (1933),  “Мемлекеттік  театрдың  алдағы  міндеттері”  (1933), 
“Үзінділер”  (1934),  “Қазақтың  халық  музыкасы  мен  халық  театры” 
(1936)  алуандас  еңбектерде  қазақ  театрының  даму-қалыптасу,  өсу-
өркендей  жолындағы  көкейкесті  мәселелері  қозғалады.  Әуезов 
тұжырымында  халық  өнерінде  бұрыннан  бар  мазмұнды  формаларды, 
дәстүрлерді  жаңа  заман  мақсатына  орай  лайықтап,  реалистік 
мәдениеттен үйреніп өсі – даму шарты. 
Актерді  Әуезов  театрдың  алтын  діңгегі  деп  түсініп,  үнемі 
назардан  тыс  қалдырмаған:  “Қазақстанның  көркем  өнері”  (1935), 
“Біздің  актерларымыз”  (1935),  “Елубай  Өмірзақов”  (1936),  “Халық 
артисі” (1946) секілді мақалаларында Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, 
Қалыбек  Қуанышбаев,  Елубай  Өмірзақов,  Серке  Қожамқұлов  сынды 
қазақ  өнерінің  саңлақтарының  өнерпаздық  портреттерін  жасаған. 
Актерлік өнердің табиғатына, оның ақындық стихиямен жақындығына, 
шеберлікке байланысты қызықты тұжырымдар бар. 
Драматургияның  жанрлық  ерекшеліктері,  даму  сипаты  жайлы 
пікірлерін  М.Әуезов  “Қыз  Жібек”  қандай”,  (1934),  “Мемлекет 
театрында”  “Астық”  пьесасы”  (1934),  “Тарғын  туралы”  (1936),  “Қазақ 
сахнасында  аударма  пьесалар”  (1937),  “Ревизордың  аудармасы 
туралы”  (1936),  “Дінді  әшкерелейтін  пьеса”  (1938),  “Марабай  мен 
Мардан”  (1940),  “Бағалы  еңбек”  (1949),  “Бұл  күлкіге  дән  ырзамыз” 
(1959) 
тақылеттес 
жеке 
спектакльдерге 
арнап 
жазылған 
рецензияларында  да,  “Жақсы  пьеса  –  сапалы  әдебиет  белгісі”  (1935) 
секілді, іргелі, көлемді мақалаларында да, зерттеулерінде де айтқан. 
Қазақстан 
жазушыларының 
тұңғыш 
съезінде 
жасаған 
“Драматургияның  бүгінгі  жайы  мен  алдағы  міндеттері”  атты 
баяндамасында  М.Әуезов:  “Жаңа  үлгідегі  социалдық  реализм 


 
86 
драматургиясының  жаңаша  саяси-таптық  мағынасы  оның:  1) 
тақырыбынан,  2)  драмалық  түйінінен,  3)  тұлғасынан  (образынан),  4) 
сюжетінен (әңгіме өнерінен) көрінетін болады” – деген творчестволық 
әдіс проблемасын терең пайымдаған тұжырым жасаған. 
Автор типтік жағдай мен типтік характер жайлы Энгельс сөздерін, 
Толстой  жайлы  Ленин  ойларын,  драмадағы  сюжет  мәселесі  хақында 
Белинский,  Горький,  Кирпотин  байламдарын  өз  пікірін  дәлелдеуде 
нұсқа,  тірек  етіп  алған.  Қазақ  пьесаларындағы  жағымды  тұлғаның 
соқталанып  көріне  алмауы,  таптық  тартыстың  үстірт  жалаңаш 
бейнеленуі,  кейіпкер  тілінің  дараланбауы,  психологизмнің  жетіспеуі 
секілді  олқылықтарды  аша  отырып,  жаңа  нышандарға,  сәтті 
туындыларға  қуанады.  “Майдан”  драмасын  жан-жақты  талдай  келіп, 
оның  әдебиеттегі  орнын  анықтау  үстінде  маңызды  ой  тұжырымдаған: 
“Драмалық  құрылыс  жағынан  Бейімбет  пьесалары  біздегі  үлгі  беріп 
отырған пьесалар”, “Майдан” айналасында  талай “Майдандар” туады. 
Бұл  ірі  белгі.  Жоғарыда  айтылған  социалдық  реализм  шарттары 
көбінше  орындалады.  Тақырып,  драмалық  түйін,  сюжет  жақтары 
Бейімбетті  социалдық  реализм  үлгісіндегі    драматург  қып  шығарды  . 
Тағы  бір  пікір:  “Сахнада  қызықты  пьеса  шығару  Жұматтың  қолынан 
келіп жүрген іс еді”. 
Кейіпкер  мен  авторды  тепе-тең  қарамау,  оларды  шатастырмау, 
актерлерді,  режиссерлерді  драматургияға  тарту,  классикалық 
шығармаларды  аудару,  жастар,  клуб  театрларына  репертуар  жасау, 
киносценарий  жазумен  айналысу  –  бұл  төңіректерде  кенеулі 
пайымдаулар, салмақты ойлар қозғалған. 
СССР  жазушыларының  пленумында  сөйлеген  сөзі  негізінде туған 
“Драматургия  заңы  туралы  кейбір  ойлар”  (1953)  еңбегінде  М.Әуезов 
совет  әдебиетіне  түгел  ортақ  жайларды,  жанр  табиғатынан  шығатын 
ерекшеліктерді, драматургияны тану, зерттеу проблемаларын көтерді.  
Москвада ұлттар театрын ашу жайлы ұсыныс бар. Драма теориясында 
конфликт,  тартыс  мәселесі  пьесаның  жанрлық  белгісін  көрсететін 
негізгі 
элемент 
екендігін, 
мазмұнды 
форманың 
айрықша 
маңыздылығын 
ғалым 
шегелеп 
айтады. 
Горький, 
Тренев 
драматургиясындағы  жаңашыл  сипаттарды  қысқа  қайыра  отырып, 
автор  реализм  әдебиетіндегі  классикалық  үлгілерді  жан-жақты,  терең 
зерттеп үйрену – шеберлік мектебі деп біледі. 
Мұхтар Әуезовтің қазақ драматургиясына, оның жеке өкілдерінің 
пьесаларына,  жанрдың  даму  тенденциясына  қатысты  өнімді  ойлары, 
жинақты  пікірлері,  тиянақты  байламдары  1954  жылы  Қазақстан 
жазушыларының  съезінде  жасалған  баяндамада  айтылған.  “Реалистік 
драма  жолында”  деген  атпен  қазақша  толық,  орыс  тілінде 
қысқартылып  жарияланған  бұл  еңбек  –  ұлы  жазушы,  үлкен 
оқымыстының  драматургия  жайлы  ең  соңғы  көлемді,  іргелі  зерттеуі. 


 
87 
Мұнда  көтерілген  басты  мәселе  -  әдеби  әдіс,  реализм  проблемасы. 
“Қазақ  совет  драматургиясын  біз  социалистік  реализм  драматургиясы 
дейміз.  Бұның  ең  іргелі  негіздері:  советтік  патриотизм,  биік  идея, 
партиялық  зор  сана,  халықтық  мол  сипат  және  мейлінше  өмірлік 
шындығы  терең  драматургия  болуы  керек”,  -  деген  ойларын  автор 
таратып  айтады.  “Еске  ала  кетейік,  тегінде  реализм  -  әрбір  анық 
бағалы көркем шығарманың ең сенімді іргесі. Сондықтан ол жайындағы 
проблема,  жеке  бір  стильдің  ғана  мәселесі  емес,  одан  әлдеқайда  кең 
проблема.  Ал  сол  реализмнің  ең  үлкен  шарт,  өлшеуі  –  шындық. 
Шындықты  көркем  өнер  критерийі,  бірден-бір  және  өзгеше  терең, 
ғылымдық критерий деп білу керек”. 
Әдебиеттану  ғылымында  реализм  әдісінің  ұлы  әдебиеттеріндегі 
тағдырын  зерттеу    мәселесі  күн  тәртібіне  қойылып  отырғанда, 
М.Әуезовтің  “Реализм  адам  баласының  көркемдік  жолындағы 
дамуының ең жоғарғы сатысы болуымен қатар, жалпы реализм түсінігі, 
реализм  дейтін  ұғым  ол  өзі  де  үдеп,  дамып  отыратын  ұғым.  Реализм 
бұрынғы  әдебиетте  де  болған”  деген  байламның  теориялық, 
методологиялық  мәні  бар.  Көп  уақытын,  мол  еңбегін  сахналық 
шығармалар  тудыруға  жұмсаған  қазақ  әдебиетіндегі  ең  атақты 
қаламгердің  өмірлік  материал  мен  көркемдік  шындықтың  қабысуы, 
идеяның  бейне  арқылы  берілуі,  тартыс,  әрекет  бірлігі,  күлкінің  мәні 
жайлы 
пікірлері 
әлемдік 
эстетикалық 
ойдың 
корифейлері 
тұжырымдарымен  сабақтасып  жату  үстіне,  автордың  өзіндік 
творчестволық тәжірибелерін де қорытындылайды. 
Қашанда  ұлы  суреткердің  шыққан  ұясы,  қоғамдық  ортасы, 
тырнақалды  туындылары  зерттеушілер  үшін  де,  қалың  көпшілік  үшін 
де  қызықты  объекті.  Қайнар  көзі  таза  болса,  көлденеңнен  қосылған 
жылға  суды  лайлап  жібере  алмақ  емес.  М.Әуезовтің  алғашқы 
туындыларымен,  әр  түрлі  тақырыпқа  жазған  публицистикалық 
мақалаларымен  танысу  мүмкіндігі  енді  туып  отыр.  “Лениншіл  жаста” 
жарияланған  “Адамдық  негізі  -  әйел”,  “Қазақстан  мұғалімінде” 
жарияланған  “Оқудағы  құрбыларыма”,  “Қайсысын  қолданамыз?”, 
“Бүгінгі  зор  міндет”  тәрізді  жеке  мақалалары  демесек,  жас  Әуезов 
публицистикасы  ертеректе  шыққан,  қазір  библиографиялық  сирек 
дүниелерге  айналған  газет-журнал  беттерінде  шашылып  жатқан-ды. 
Жазушы неден бастады, немен тынды – осы екі аралықтағы өзгерістер, 
түлеу,  жаңғыру  процестері,  эволюция  кезеңдері  тек  қана  салыстыра 
зерттеу әдістерімен ашылмақ. 
Әуезовтің  суреткерлік  өсу  сатыларын  оның  дүние  танымымен, 
ғылыми 
ойының 
кемелденуімен 
диалектикалық 
байланыста 
қарастырғанда, жалпы теориялық мәні бар өнімді пікірлер шығары хақ. 
Әдеби фактілер, тарихи деректерді мол білетін эрудиция, ақ пен қара 
былай  тұрсын,  қызыл  мен  қызғылт,  көк  пен  көгілдір  бояулардың 


 
88 
жігіндегі титтей нюанстардың өзін қалт жібермей, дәл көретін өте нәзік 
эстетикалық  талғам,  шала-шарпы  құлағы  шалған,  ат  үсті  көзі  түскен 
жәйттер  емес,  өз  көкірегінде  шымырлап  қайнап  жатқан  тылсым  өнер 
тәжірибесінен  алған  нәрлі  сәуле  қосылып  келіп,  аталы  ойлар,  көсем 
сөздер  туған.  Қысқасы,  Әуезов  эстетикасында  ғалымдық  тереңдік, 
сыншылық  өткірлік,  жазушылық  көркемдік  әсем  келісім  тапқан 
гармониялық бірлікте. 
Жазушының 
осы 
басылымға 
енген 
шығармаларының 
қолжазбаларын,  түрлі  нұсқаларын  салыстыру  деген  оңай  шаруа 
еместігі  түсінікті,  бұрын  қате  басылып  жүрген  бірталай  мәтіндер  осы 
жолы қолжазбалар негізінде түзетілген. 
Бірақ  түсінік  берушілер  кейде  ғылыми  өреден  күрт  төмендеп, 
тыныс  белгісін  төңіректеп,  ұсақ  фактілерге,  көлденең  әңгімеге 
бұрылып кетеді. “Жалпы театр өнері мен қазақ театры” - әйгілі мақала. 
Құрастырушылар  еңбектің  газетте  басылған  алғашқы  нұсқасын  дұрыс 
негізге ала отырып, көпке мәлім фактіден қате жібергені қынжылтады. 
Мақаланың бұрынғы басылымдарында Италияның “Дель арте” театры 
– “дель ерте театры” боп, бір-ақ әріптен қате кетсе, енді “де Льертенің 
театры” болып бұрмаланған. 
Алғашқы  тәжірибе  салдары  шығар,  ескермегендіктен  шығар, 
көптомдықтың  ғылыми  аппаратында  олқылық  мол.  Әр  кітапқа 
Әуезовтің  әр  кезеңде  түскен  суреттерін  тауып  берген  жөн  еді.  Ісләм 
Жарылғаповтың  ыждахатты  редакциясымен  шыққан  “Қараш-Қараш” 
жинағындағы  жас  Әуезов  суреті  көз  алдыңнан  кетпейді.  Жазушының 
шығармашылық  лабораториясымен  таныстырарлықтай  автографтар, 
қолжазбалар үлгілері өте сирек. Ал соңғы, он екінші кітапта қай еңбек 
қай томда екендігін айтатын көрсеткіш болмауы өкінішті. Шығарманың 
жазылған яки тұңғыш басылған жылы да көрсетіле бермейді. 
“Октябрь үшін”, “Ақан – Зәйра”, “Ақ қайың”, “Намыс гвардиясы”, 
“Қынаптан  қылыш”  пьесалары,  “Тұман  айығарда”  романының  эскизі, 
“Қилы заман”, “Хан Кене” секілді туындыларды осы жолы жариялауға 
болатын еді.  
Мұхтар  Әуезовтің  тіл  ерекшелігін  аңғарту  үшін  бірер  мысалға 
назар аударайық. 
1.  Көбей.  Кебек  қырық  қана  жігітпен  бар  матайды  бидайықтай 
бүрген кеп. (М.Әуезов. Шығармалар, 8-том, 10-бет). 
2.  Қараменде.  Содан  байқағанымды  айтайын:  азған  заманның 
белді  биі  бойлауық  жылқы  секілді  бой  бермейтін  қисық  болады  екен 
(8-т., 36-б.). 
3.  Жапал.  Мұрнын  тескен  тайлақтай  қып  Есенді  былай  келе 
жатса, былай бұрып салып, қаңғытып қоя беруші ем. (8-т., 27-б.). 
4. Жапал. Тауда Еңлік әні естілсе болды, қоянды қуған қасқырдай 
салаң ете түседі. (8-т., 16-б.) 


 
89 
Қазақ халқының тұрмысына, тіршілігіне ет-жақын дүниеге – аңға, 
малға байланысты жасалған теңеулер. 
1.  Еспембет.  Тасқын  судай  кемеріңнен  асып  отырсың,  сен. (8-т., 
35-б.) 
2. Қарагөз. Сенің даусың биік қалың тоғайдың басын теңселткен 
қатты дауылдай аңқып ессін. (8-т., 14-б.). 
3. Есен. Еңлікжан,  ақылың  асқар  таудай  емес пе  едің?  (8-т.,  24-
б.). 
Табиғат құбылыстарына қатыстырылып жасалған теңеулер. 
1.
 
Би. Неге келдің жел аударған қаңбақтай? (8-т., 39-б.). 
2.
 
Абыз. Не тұрсың... мұтылып қу томардай?.. 
Жапа-жалғыз қу сояудай? (8-т., 40-б.). 
Өсімдіктерге орайластырылып жасалған теңеулер. 
М.Әуезов тұрақты эпитеттерді де жиі қолданған. Бір жағынан, ақ 
сәуле,  ақ  тілек,  ақ  бата,  ақ  құс,  ақ  жүзі,  ақ  адал  мал,  ақ  тоты,  ақ 
боран, ақ күмбез,  ақ марал деген  сөздер, екінші  жағынан, қара  көңіл 
би,  қара  жер,  қара  қойтас,  қара  түн,  қара  тас  деген  сөздер  кескін 
өнеріндегі контраст принципін еске түсіреді. 
М.Әуезов  қаламгерлігінің  алғашқы  дәуірін  эстетика  тұрғысынан 
терең  талдап,  дәл  бағаламау  салдарынан  ұлы  суреткердің  күрделі 
прозалық  туындыларының  бірі  “Қилы  заман”  –  қазақ  халқы 
тарихындағы  атышулы  кезең  –  1916  жыл  көтерілісін  бейнелейтін 
шығармасы қайта жарияланбай келді. 
Көлемі  араб  әрпімен  басылғанда  175  бет  болған  бұл  кітап  1928 
жылы Қызылордада шықты. 
Хикаят  “Новый  мир”  журналының  1972  жылғы  6  санында  қайта 
жарияланды. Орыс тіліне аударған Алексей Пантилеев. Қысқартылған, 
алған-қосқан  нәрсе  жоқ,  бұрын  “Көксерек”,  “Өскен  өркенді” 
аударғандағы принциптерін қаламгер бұл жолы да ұстанған. Әуезовтің 
стильдік ерекшеліктері жақсы сақталған. 
Шыңғыс  Айтматов  жазған  алғы  сөзінде  былай  дейді:  “Әуезов 
шығармасы  –  патшалы  Ресей  халықтар  түрмесі  болғандығының  тағы 
бір  дәлелі,  әлеуметтік  революция  Россия  империясының  барлық 
түкпірлерінде  сөзсіз  қажет  болғандығының  тағы  бір  дәлелі,  біздің 
шындығымыздың 
– 
социалистік 
интернационализм 
халықтар 
арасындағы  қарым-қатынастар  дамуының  адал  жолы  екендігінің  тағы 
бір дәлелі”. 
Айтылмыш  туындыны  М.Әуезовтің  жиырмасыншы  жылдарда 
жазған 
публицистикалық 
мақалаларынан, 
пьесаларынан, 
әңгімелерінен  жырып  алып,  оқшау  қарауға  болмайды.  Шығарманы 
бағалағанда,  суреткер  дүниетанымының  қалыптасу  кезеңіндегі 
ерекшеліктерді ескеру шарт. 


 
90 
Бірақ  осы  ретте  Әуезовтің  белгілі  хатын  көлденең  ұстауға 
болмайды.  (М.О.Әуезов  әдеби-мемориалдық  музейінің  архиві,  271-
папкадағы материалдарды қараңыз) Түрмеде жатқан автор зорлықтың 
күшімен,  еркіндікке  шығуға  себеп  болар  ма  деп  “Еңлік-Кебек”, 
“Бәйбіше 

тоқал”, 
“Қарагөз” 
трагедияларынан, 
көптеген 
әңгімелерінен, хикаяттарынан ат-тонын ала қашып, безініп шықты. 
Автордың  өзі  мансұқ  етіп,  бойын  аулақ  салған  сол 
шығармалардың  кейінгі  тағдыры  не  болды?  “Еңлік  -  Кебектің”, 
“Қарагөздің” алғашқы нұсқалары көп редакцияға ұшырады. Екінші рет 
1960  жылы  жарияланған  “Бәйбіше  -  тоқалдан”  бір-ақ  көрініс 
қысқартылған.  Қалың  қауымды  мол  қуанышқа  кенелтіп,  әдебиетіміз 
үшін  ерекше  бағалы  олжа  болып,  1960  жылы  шыққан  әйгілі  “Қараш-
Қараш” жинағына енген туындыларды алып қарайық. 
Бұрын  романнан  үзінді  деген  айдармен  жарияланған  “Заман 
еркесі”  (1923-25)  әңгімесінің  аты  “Сөніп  жану”,  “Қазақ  қызы”  (1925) 
әңгімесінің  аты  “Кінәмшіл  бойжеткен”  боп  қайта  қойылды.  “Қараш-
Қараш  оқиғасы”  хикаятының  алғашқы  эпизоды  жаңадан  жазылды. 
Әңгімелер, хикаяттар стильдік өзгерістерге түсті. 
Жазушының 
жиырмасыншы 
және 
кейінгі 
жылдардағы 
шығармаларындағы  алшақтық  деген  пікірді  қабылдауға  болмайды.  Ал 
ашық хат М.Әуезовтің күрделі бай мұрасын талдап, зерттеп, бағалауда 
дәйекті, ден қояр құжат бола алмайды. 
Автор  “Қилы  заманды”  тарихи  хикаят  деп  көрсеткен,  баспаның 
алғы  сөзінде  роман  делінеді.  Көтерген  мәселелерінің  күрделілігі, 
өмірлік 
материалының 
аумағы, 
сюжет 
тармақтылығы, 
қаһармандарының  молдығы,  характерлер  кесектігі  –  шығарманы 
повесть шеңберінен шығарып, роман деуге де негіз бергендей. 
Өмірлік факті ретінде 1916 жылғы Жетісу Албандары көтерілісінің 
тарихи оқиғалары негізге алынған. Ленинград университетінің студенті 
болған  кезінде  Мұхтар  фольклор  нұсқаларын  жинау  үшін  Жетісуға 
әдейі  келіп,  оның  әсем  жерлерін,  заңғар  таулары  мен  жасыл 
жайлауларын  аралап,  тамашалап  көреді.  Бірнеше  шығармаға  арқау 
еткен  дүниеліктерді  ол  осы  сапарларында  жинаған.  Көтеріліске 
қатысқан тірі көздермен жолығып, олардың бастан кешкен жайттарын 
ауызба-ауыз  естіген.  Әуезовтің  іргелі  шығармаларын  жазар  алдында 
дерек жинаудағы осындай принципі “Абай жолы” эпопеясы мен “Өскен 
өркен”  романы,  “Тұман  айығарда”  романы  эскизінен,  басқа  да 
туындылары жоспарларынан мәлім. 
Алатаудың белгілі, атақты Қарқара, Асы, Үшмерке, Дөңгелек саз, 
Сырт, Лабасы, Талғар сияқты жерлері өз қалпында алынып, әсем, сұлу, 
тамаша  пейзаж  болып  қағазға  түскен.  Дәлдік,  орта  нақтылығы 
Әуезовтің  тарихи  шығарма  жазудың  кейбір  принциптерін  сол  кездің 
өзінде жақсы меңгере бастағанын айғақтайды. 


 
91 
Публицистикалық  мақалаларында,  әңгімелерінде,  повестерінде, 
пьесаларында  революциядан  бұрынғы  қазақ  өмірінің  сан  алуан 
сферасын  реалистікпен  бейнелеп  келген  Мұхтардың  зор  тарихи 
әлеуметтік  маңызы  бар  1916  жылғы  көтеріліс  тақырыбына  бой  ұрып, 
оны  көлемді  прозалық  туындысына  арқау  етуі  отаршылдыққа 
қарсылық,  тәуелсіздік  идеясын  көтеруі,  сом  бейнелер  жасауы, 
жазушының  шығармашылық  ғұмырындағы  ілгерілеуі,  жаңа  сатыға 
басқаны еді. 
Бірден  айту  керек,  кейбір  мақалаларында,  “Еңлік  -  Кебек”, 
“Қарагөз”  трагедияларының  алғашқы  варианттарында  көтерілген 
жалпы  адамгершілік  сарындар  мұнда  да  бар.  1916  жыл  көтерілісінің 
тарихи шындығы шығармада, негізінен, дұрыс бейнеленеді. 
Оқиға  Жетісудың  атағы  жер  жарған  Қарқара  жәрмеңкесін 
суреттеуден  басталады.  Салғаннан  жазушының  эпикалық  құлашы, 
қаламгерлік  диапазонының  кеңдігі,  палитрасының  сан  алуан  бояуға 
байлығы  көрінеді.  Төгілген  тіл,  келісті  картина.  Бірақ,  Әуезов 
жәрмеңкенің  дырду  қызығын,  ақтарылып  шашылып,  судай  ағып 
жатқан  байлығын  тамашалап,  таңдай  қағып,  тамсанудан  аулақ. 
Сахараны  қанды  ауыз  обырлардың,  майға  қонған  шыбынның  сирағын 
жалайтын  сараң,  жарты  тиын  үшін  жанын  сататын  саудагерлердің 
қалай  алдап,  шырғалап,  жет  жатқандығы  алғашқы  көріністерден-ақ 
белгілі болып қалады. Жазушы бір детальмен көп сыр аңғартады. 
“Базар  ортасында  ұзын  биік  ағашқа  аспандатып  көтерген  ақ 
жалаудан  екі  басты  самұрықтың  суреті  желкілдейтін.  Бұл  қомағай 
қыранды, жалмауыз тілекті ертегі озбырының айқын тұрған белгісі еді. 
Озбырды туғызған ана жат пішінді, жалмауыз түсті ұлық. Соның айқын 
таңбасы  ертегі  айдаһарындай  екі  басты,  жайын  түсті  самұрық.  Бұның 
жәрмеңке  басында  тірі  жүрген  құлдары,  атқан  оқ,  шапқан  қылышы  – 
жемқор,  семіз  қарынды  пристав  “ақ  желке”  Падпаруев  те, 
айналасындағы  жорға  құлдары  –  ұсақ  тілмаштар.  Бұның  ішінде 
қазақтан шыққан өңі жылтыр, қарны томпақ тілмаштар”. 
Әуезов  патша  чиновниктерінің,  қазақ  тілмаштарының  кейпін 
осылай  суреттейді.  Қазақ  эпосындағы  дәстүрлі  әдісті  -  гиперболаны 
пайдаланған.  Ұлықтар  мен  тілмаштардың  есіл-дерті  –  баю.  Ол  үшін 
қандай қадамнан болсын тайынбас. Зорлық көріп, бастарына күн туған 
Қартбай, Құсайындар ұлыққа арыз айта келеді. Оларға берген пристав 
жауабы:  “Сендерде  бас  жоқ,  сендер  ит...”  Бір  асағанда  300  қой.  50 
қара алып отырған ұлықтың жуандар сөзін сөйлеп, солардың сойылын 
соқпасқа шамасы жоқ. Өңкей жалмауыз. 
Жыл он екі айда бір оралатын жәрмеңке қыр қазағы үшін керек-
жарақ  алатын  сауда-саттық  орталығы  ғана  емес,  ескі  көз,  кәрі 
жолдаспен кездесетін, ел-елден келгендермен ұшырасып, әңгіме-дүкен 
құрып,  ойын-сауық  көріп,  сайран  кешетін  қызық  думан  ордасы.  Кең 


 
92 
қолтық  қазақ  жүзді  беріп,  бірді  алса  да  өкініп  жатқан  жоқ.  Қарқара 
жәрмеңкесінің  осындай  қан  базарына  июнь  жарлығы  атылған  оқтай 
дүңк ете қалды. 
Абыржу. Дүрлігу. Дал болу. 
Сұмдық хабар елді екіге жарған: Рақымбай болыс, Оспан тілмаш 
бір  жақта,  Жәмеңке  қария,  Ұзақ  батыр  бір  жақта.  Дауылды  күнгі 
теңіздей  астан-кестен  боп,  бүлініп  алған  халық  басты  тауға,  тасқа 
соғып,  ақыры  солдатқа  жігіт  бермеске  бекінеді.  Көтерілістің  білек 
сыбанып  шыққан  басшысы  жоқ.  Түптеп  келгенде,  елдің  аузына 
қарайтын  адамы  –  қарт  Жәмеңке.  Ол  –  көпті  көрген  көне,  талайды 
бастан  кешкен  естияр.  Бөрліккен  көпшілік  бас  қосып,  не  істеудің 
амалын іздеген, ақылдасқан шақта төрелік – Жәмеңкеде. Екінші көшелі 
кісі – Ұзақ.  
Бұл  екеуінің  сөздерінде  алыстан  орағыту,  тұспалмен  білдіру, 
айшықты  өрнек,  кейде  шүйлігіп,  қадап,  тіреп  айту  сияқты  қазақтың 
ежелгі  шешендік  өнеріне  тән  қасиеттер  мол.  Жәмеңке  толғауларында 
даналық,  ақылгөйлік    басым  жатса,  батыр  Ұзақ  кесіп,  пішіп,  түйіп 
айтады.  Оның  сөздері  қорғасындай  салмақты.  Кітаптың  бірнеше 
жерінде  персонаждар  аузында  монолог,  диалогтарда  айтылатын, 
патша  отаршылары,  байып  кеткен  казактар  деген  мағынада 
қолданылатын  жеке  сөздер  бар.  Кезінде  шығарманы  сынаушылар 
соған  жармасып,  теріс  байлам  жасаған.  Отаршылдықты  айыптап, 
азаттықты  дәріптеген  жазушыны  “ұлтшыл”  деп  қаралаған.  Кітапты 
жинатып алдырған. 
Қолға  түсіп,  прокурор  алдында  тергеуге  келген  Жәмеңке 
жауаптарына құлақ асайық. 
“Жерді алды. Қонысты алды. Ел күн көріп отырған суды алды, өз 
жерімізді сатты”, - дейді Жәмеңке. Отаршылар жасаған зорлық, істеген 
сұмдықтарды жіпке тізгендей етіп ұлықтың бетіне соғады. Халық ашуы, 
халық  ызасы  кескекті  ердің  аузынан  оттай  ыстық  сөз  болып  шығады. 
Осы тергеу үстінде Жәмеңкенің характері, оның азаттық сүйгіш үлкен 
жүрегі, ешкімнен шайлығып, жасып, тізе бүкпес асқақ ерлігі көрінеді. 
Жазалаушылар  Жәмеңке,  Ұзақ,  Әубәкірлерді  абақтыға  қамап, 
көтерілісті басшыдан айырып, олардың тобын ірітпекке қадам басқан. 
Ашық  өлтіруге  халық  қаһарынан  қорқып,  Жәмеңкенің  тамағына  у 
қосқызады.  75-тен  асқан  ақ  бас  қарияның  азапты  өлімін  суреттейтін 
беттерді  оқығанда,  төбе  құйқаң  шымырлап,  жүрегің  сыздағандай 
болады.  Трагедиялық  сцена!  Даласының  еркіндігі  үшін  шәһит  кеткен 
қарттың рухани күшіне, құрыш беріктігіне разылықпен бас иесің. 
Қара  жүрек  жендеттер  абақты  ішінде  қазақ,  қырғыз  жігіттерін 
аямастан  қынадай  қырып,  қаны  сорғалаған  зұлымдық  жасайды.  Бұл 
оқиға  онсыз  да  бүлініп-жарылған  ел  ішіне  құйындай  құтырынып 
жеткен. Ер-азамат атқа қонады тағы да. 


 
93 
Таудан  құлаған  сел  тасқынындай  көтеріліс  екпіні,  өрт 
жалынындай  ашу-ыза  Қарқара  жәрмеңкесіне    шабуыл  жасаған  кезде  
шарасынан  шығып,  асқынып  кетеді.  Соғыс  сценаларын  бейнелегенде 
Әуезов  суреткерлік  шеберлік  танытқан:  жеке  адамдардың  ішкі  күйі, 
қас-қабағы,  жағдай  атмосферасы,  әр  түрлі  жандар  арасындағы  қым-
қиғаш қарым-қатынастар, өлім мен өмір тартысы шегіне жеткен сәттегі 
хал-халет  реалистікпен  көрсетілген.  Көтерілісшілерді,  солдаттарды 
шындық аясында бейнелеген, жазушы бір жағын орынсыз аспандатып, 
бояп  көпіртпесе,  екінші  жағын  бекерге  сүмірейтпейді.  Тұрақты  армия 
мектебінен  өткен  солдаттармен  ұрыс  салғанда  әскери  тәртіптен 
хабарсыз  қыр  ұлдары  қарудың  жоқтығына  қарамай,  нәр  тәуекелге 
басып, құр қайратқа мінеді. Көп адам құрулы пулеметке қарсы шауып, 
бекерге науат болып, өлім жастанады. 
Түн жамылып, солдаттар Қарқараны тастап кетіп қалады. Оларды 
қапыда  босатып,  өкінішпен  сан  соққан  ереуіл  тобы  бар  пәлі  осыдан 
дегендей,  жәрмеңкеге  от  қояды.  Жазалаушы  топ,  патша  әскерлері 
тұқымдарына  балта  шабарын  сезген  қалың  ел    үркіп,  шошып  ауа 
көшеді. 
Шығарма  ерекшеліктерінің  бірі  –  көпшілік  сценалары  айрықша 
шеберлікпен жазылған. Адамдар психологиясы, әр түрлі толқын, алты 
бақан ала ауыздық, стихиялық – осы сияқты көтеріліс характеріне тән 
сипаттар, көптеген жайттар көпшілік көріністері арқылы бейнеленген. 
Қазақ  ауылындағы  таптық  жіктеліс  Рақымбай  болыс,  Оспан 
тілмаш,  оған  қарсы  топ  Жәмеңке,  Ұзақ,  Жанпейіс,  Ыбырай 
араларындағы қайшылықтан танылады. Рақымбай – орта жастардағы, 
шала-шарпы  орысшасы  бар,  пысық  болыс.  Патша  отаршыларымен 
оның  ым-жымы,  ұрлық-қарлығы  бір,  солардың  қолтығында  жүреді. 
Жігіт  алу  кезінде  халықты  көзге  алдап,  сыртынан  сатып  жіберу  – 
табиғатына жарасымды қылық. Рақымбай мен Оспан тілмаш та опасыз. 
Бір  әкенің  баласы  батыр  Ұзақ,  Түнқатар  арасы  кереғар.  Ұзақ  – 
көтеріліс басшысының бірі. Түнқатар мал беріп, пара беріп жанын алып 
қалу  пендешілігімен  әуре.  Бұл  екеуі  туысқандай  емес,  бір-бірімен  ата 
жаудай. 
Әлеуметтік  маңызы  зор  тартыстар  аумақты  қалпында,  тарихи 
шындыққа  сәйкес  көрсетіледі.  Көтерілістің  отаршылдыққа  қарсы 
сипатын шебер бейнелеген автор қазақ ауылындағы әлеуметтік күресті 
соқталы арна, өзекті сюжет етіп бермеген. 
Үлкен  табыс  –  жазушының  өрнекті,  бейнелі  көркем  тілі.  Автор 
диалогқа  драмалық  жүк  артады.  Олар  мінез  қырларын  жақсы  ашқан. 
Көпшілік  сценаларында  бірер  диалогтың  өзімен-ақ  әр  түрлі 
психологияның тамырын басып қаламыз. Шығармада Жетісу табиғаты 
ерекше бір ілтипатпен, зор махаббатпен суреттеледі. Автордың Алатау 
өңіріне деген ыстық ықыласы әсіресе пейзаждан сезіліп тұрады. 


 
94 
Бірінші мысал: 
“Асы – Алатаудың қыр арқасында ойып алған астаудай ұзын, кең 
жасыл  өлке.  Төсін  жоғары  беріп,  керіле  түскен  сұлудың  оң  иығын 
басқан қалың қара бұйра шаштай болып, Асының оң жағын қарағайлы 
таулар  басады.  Өлке  бойына  көк  жал  болып  аққан  Асы  суына 
айналадағы  қатпарлы,  ұлы  биік,  қыртыс-қыртыс  ұзын  жоталардан 
сала-саламен тұщы бұлақтар, мөлдір көк сулар сарқырайды”. 
Сурет.  Деталь  дәлділігі,  күрделі  теңеу,  дөп  басқан  бояу  көз 
алдымызға табиғаттың тамаша бір үзігін, әсем бөлшегін қаз-қалпында 
алып келіп қолмен қойғандай әсер қалдырады. 
Екінші мысал: 
“Ауылдың  желкесі  тіп-тік  жасыл  биіктер.  Өне  бойларын  селдір-
селдір  қарағай  басқан.  Кей  биіктің  жота-жотасынан  етегіне  қарай 
құлдырай  біткен  қарағай  қазақтың  иегіне  шыққан  қара  бұйра  шоқша 
сақал сияқты. Маңайдағы биік таулардан кешкі көлеңке созылып түсіп, 
өлке  бойын  аламыштап,  көлеңкелі,  сәулелі  қылып,  құйылып  тұр. 
Жасыл  дүние  көрікті  нұрын  әлі  жоғалтқан  жоқ.  Алдыңғы  таулар 
көлденең  созылған  жасыл  белдер  қарағайсыз,  жалаңаш.  Бірақ  ол  да 
жасыл”. 
Табиғат  құбылыстарын  атау,  бас-басына  түгендеу  емес, 
өзгермелі,  құбылмалы  қалыптағы  тіршілік  кейпі  бар.  Өзің  ішінде 
араласып жүрген секілдісің. 
Үшінші мысал: 
“Беттері  жаңбыр  суы  сойып  өткен  айқын-айқын  әжімдей  айғыз-
айғыз. Су жолы жіңішке жыландай ұзыннан созылып, кей жерінде ғана 
аз-аз иірілгендей, барлығы да биік, тік кезеңнің етегінен басына шейін 
шұбатылады. Түйілген қабақтың арасындағы ежелгі суық әжімдей.  
Өлкенің  жазығында  әр  жерде  су  сойған  жіңішке  сызықтар  бар. 
Алдыңғы  белдердің  кейбірінің  жотасынан  арғы  беттегі  қарағайлардың 
бастары қылтиып көрініп, иек артып, баспа қылып қарап тұрғандай”. 
Жазушы  тас  жарықшағының  өзіне,  ағашқа  дем  салып,  жан 
бітірген,  енді  тауды,  мынау  қарағайды  Әуезов  көзімен,  басқа,  бұрын 
сезбеген, аңғармаған күйде көретін боласың. 
Осы хикаяттың Әуезов стилін қалыптастырудағы мәні зор. Үлкен 
тартысқа,  әлеуметтік  күрес  арнасына  көптеген  адамдарды  шығарып, 
олардың бақ-талайына, тағдырына ойластырып кең тынысты прозалық 
шығарма  жазудағы  Әуезовтің  алғашқы  қадамы  осындай  еді.  Бұл 
шығарманы  талдау  арқылы  дүниетаным  мен  авторлық  ықылас 
арасындағы диалектикалық байланысқа көз жеткізуге болады. 
Көп  томдыққа  кірмей  қалған  өткен  ғасырдағы  дүрбелең  жайлы  
пьеса, көптеген мақалалар, достарға, көңілдес жандарға жазған хаттар 
– баршасы қызық, қымбат дүниелер. 


 
95 
Мұхтар Әуезов сынды дана перзент өзін тудырған дархан жүректі 
халқының  алдында  мол  мұрасын  жайып  салып  отыр.  Алғашқы 
тәжірибе  –  алғашқы  қарлығаш,  келесі  кездесулер  бұдан  да  ыстық 
болмақ. 
 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау