78
ауыз салушылар, көркемдіктің әліп-биін үйренбей жатып, бұрқ-бұрқ
роман берушілер көбейіп кетті. Дуалы шалдар - Әуезовтің,
Мұқановтың, Мұстафиннің, Мүсіреповтің анау жылдары одақты
дүркіреткен күрделі шығармаларының өкшесін баса шыққан жаңағы
қырықтар мен жүздердің ішінен өзге жұртқа ұялмай ұсынуға қайсысы
шыдар екен?
Бүгінгі әдебиетіміздің хал-жағдайын баян ететін тарауда сұрқай,
нашар шығармаларды сынай қамшылап, олардың тақырыбын желеу
ете сөйлеу етек алған. Автор өзі бастан кешкен өмірлік, шындық
фактілерді қаламгерлік қиялмен тербеп, мәдениетті суреткерлікпен
жазған, соғыс өмірін реалистікпен бейнелеген “Қаһарлы күндер”
сияқты шығарманың сөз арасында ғана ауызға алынуы дұрыс емес.
Жетістігі қайда, кемшілігі қайда – талдау керек еді.
Қазіргі қазақ поэзиясының белді өкілдері шығармаларындағы
негізгі тенденциялар дәлелді айтылады. Драматургияның, сынның
актуалды мәселелері орайында бірқыдыру топшылау бар.
Монографиялық портреттер әр түрлі стильдік ыңғайда жазылған:
Мүсіреповтің шеберлігі көбірек сөз болады; Мұстафиннің күрделі
шығармалары ойлы сарапқа түседі, Аманжолов поэзиясы жайлы ақын
тебіренісі бар; Жароковтың өлең өрнектері зерттеледі; Тәжібаев,
Орманов, Тоқмағамбетов шығармалары талданады.
Үлкен
ғылыми
еңбекте
жаңсақ
байламдар,
орынсыз
топшылаулар, орашолақ сөйлемдердің жиі кездесуі қынжылтады. Бірер
мысал. “Ал түбі өсетін өренге айналар ақын алғашқы шақтағы жылт
еткен шоқтарын кем-кемдеп үрлей береді де, ұзамай өз ошағынан
маздап көрінер отқа айналдырады” (І кітап, 387-бет). Не түсіндіңіз?
“С.Жүнісовтің “Жапандағы жалғыз үй” атты романының да
композициялық бітімінде жаңаша көркемдік жүрістер бар” (ІІ кітап,
108-бет). Көркемдік жүрістер? “Терең зерттеген”, “Үлкен суреткер”,
“Үлкен шабытпен жазылған үлкен табыс”, “Көрнекті шығарма”, “Көшті
жетектеген”, “Алтын қорына қосылған” деп келетін сөздерді орынсыз,
бей-берекет, жауапсыз қолдану, қажетсіз қолпаштау сарыны да әр
жерде шаң беріп қалған.
Тұтастай алғанда, екі кітапта туған әдебиетіміздің жарты
ғасырлық жолы, ұлылы-кішілі суреткерлердің өнерпаздық тағдыры
кеңінен баяндалып, кезеңдік, дәуірлік құбылыстарға, жеке жазушылар
шығармашылығына
объективті
баға
берілген.
Ғалым-
сыншыларымыздың бір тобы, Әдебиет және өнер институтының
ұжымы бағалы зерттеу жұмысын тәмамдаған.
Достарыңызбен бөлісу: