Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Білім мазмұнына қойылатын талаптар



жүктеу 464,48 Kb.
Pdf просмотр
бет8/49
Дата09.01.2022
өлшемі464,48 Kb.
#32019
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
общеобязательных стандартов образования

2. Білім мазмұнына қойылатын талаптар
      7. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға 
ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: 
негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің,
тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік 
дағдыларын дамытуға бағытталған.
      8. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның 
қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын 
және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
      9. Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: "Тіл және әдебиет", "Математика", "
Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру".
      10. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың 
ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық 
қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ретінде өзін-өзі билеуіне және кәсіптік
бағдарлануына бағытталады.
      11. Негізгі орта білім білім алушының базистік ғылым негіздерін меңгеруін, жоғары 
рухани-адамгершілік және тұлғааралық, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуын, 
тұлғаның өмірде өз орнын табуын және өзін-өзі билеуін, функционалдық сауаттылығының қалыптасуын
, бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      12. Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: "Тіл және әдебиет", "
Математика және информатика", "Жаратылыстану", "Адам және қоғам", "Өнер", "Технология", "Дене 
шынықтыру".
      13. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе 
отырып, саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
      14. Жалпы орта білім білім алушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған 
білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, 
рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу 
негізінде болашақ мамандығының бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді.


      15. Жалпы орта білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: "Тіл және әдебиет", "Математика 
және информатика", "Адам және қоғам", "Жаратылыстану", "Технология", "Дене шынықтыру".
      16. Әрбір білім саласы ұқсас оқу пәндерін қамтиды.
      17. "Тіл және әдебиет" білім саласына енетін пәндер: "Сауат ашу (оқу, жазу)", "Әдебиеттік
оқу", "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті" (қазақ тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін, оқыту 
тілі қазақ тілінде емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), "Орыс тілі", "Орыс әдебиеті" (орыс 
тілінде жалпы білім беретін ұйымдар үшін), "Орыс тілі", "Орыс әдебиеті" (қазақ тілді және басқа
да орыс тілді емес жалпы білім беретін ұйымдар үшін), "Шетел тілі".
      18. Қазақстан аумағында тұратын этностың тілінде оқытатын жалпы білім беретін ұйымдарда "
Тіл және әдебиет" білім саласына осы этностың "Ана тілі мен әдебиеті" қосымша енеді. Нақты 
этностың шоғырланып орналасқан жерлерінде олардың тілін оқыту мәселесін шешу білім саласындағы 
жергілікті атқару органдары құзырына беріледі. "Ана тілі" ("Ұйғыр тілі", "Өзбек тілі", "Тәжік 
тілі") мен "Әдебиет" ("Ұйғыр әдебиеті", "Өзбек әдебиеті", "Тәжік әдебиеті") пәндері үлгілік оқу
жоспарының инварианттық компонентіне енеді.
      19. "Математика және информатика" білім саласына енетін пәндер: "Математика", "Алгебра", 
"Алгебра және анализ бастамалары", "Геометрия", "Информатика".
      20. "Жаратылыстану" білім саласына енетін пәндер: "Дүниетану", "Жаратылыстану", "
География", "Биология", "Физика", "Химия".
      21. "Адам және қоғам" білім саласына енетін пәндер: "Қазақстан тарихы", "Дүниежүзі тарихы
", "Адам. Қоғам. Құқық", "Өзін-өзі тану".
      22. "Өнер" білім саласына енетін пәндер: "Музыка", "Бейнелеу өнері".
      23. "Технология" білім саласына енетін пәндер: "Еңбекке баулу", "Сызу", "Технология".
      24. "Дене шынықтыру" білім саласына енетін пәндер: "Дене шынықтыру", "Алғашқы әскери 
дайындық".
      РҚАО-ның ескертпесі!
      25-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 
 (01.09.2017 бастап 
№ 292
 енгізіледі) қаулысымен.
қолданысқа
      25. "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсының мазмұнын 2-4-сыныптарда дүниетану оқу 
курсының шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 2-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан 
бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады; 5-9-сыныптарда "Дене шынықтыру" оқу курсының 
шеңберінде 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімі іске асырады; 10-11-
сыныптарда "Алғашқы әскери дайындық" оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен 
алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары іске асырады. Өмір қауіпсіздігінің 
негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу уақытында жүргізіледі.
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 
 (01.09.2016 бастап 
№ 327
қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


      РҚАО-ның ескертпесі!
      26-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Үкіметінің 13.05.2016 
 (01.09.2017 бастап 
№ 292
 енгізіледі) қаулысымен.
қолданысқа
      26. "Жолда жүру ережелері" оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда мынадай оқу курстарының 
шеңберінде іске асырылады: "Ана тілі", "Музыка", "Бейнелеу өнері", "Технология"; 5-8-сыныптарда
сабақтан тыс уақытта, сынып сағаттары мен факультативтер есебінен іске асырылады.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 
 (01.09.2016 бастап 
№ 327
қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
       27. Стандартта ұсынылған орта білімнің базалық мазмұны:
      1) Қазақстан Республикасындағы білім беру кеңістігінің біртұтастығын, орта білім беру 
деңгейлері және білім салалары бойынша орта білім мазмұнының жүйелілігін, сабақтастығын және 
үздіксіздігін;
      2) барлық білім алушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең қолжетімділігін;
      3) жалпы орта білім беретін ұйымдардың типіне, оқыту нысанына және түріне қарамастан
орта білім мазмұнының бірыңғай талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      28. Орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал 
вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында жүзеге асырылады.
      29. Орта білімнің іргелілігін сақтау және орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын 
мемлекеттік талаптарды орындау мақсатында инварианттық компонент жалпы сағат көлемінен бастауыш 
білім деңгейінде 90%-дан, негізгі орта білім деңгейінде 85%-дан, жалпы орта білім деңгейінде 
75%-дан төмен болмайтын мөлшерде белгіленеді.
      30. Міндетті оқу бағдарламалары орта білімнің базалық мазмұнын іске асырады және орта 
білім беру деңгейлеріне сәйкес білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптарды анықтайды. 
Вариативті оқу бағдарламалары вариативті компонентке кіретін оқу пәндері мен курстарының 
мазмұнын іске асырады.
      31. Жалпы орта білім екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары 
бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады. Саралап оқыту және білім алушылардың танымдық
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқытудың осы екі бағыты аясында жекелеген пәндерді 
тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес аралас (ұқсас) 
пәндер бойынша бейіндендіру енгізіледі.
      32. Барлық ҮОЖ-да инварианттық компоненттің оқу пәндері өзгермейді, бұл жалпы білім 
беретін ұйымдардың барлық типтері мен түрлері үшін орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын 
бірыңғай талаптарды қамтамасыз етеді.
      33. Негізгі орта білім мен техникалық және кәсіптік білім мазмұндарының сабақтастығы 
жекелеген және аралас пәндерді, оның ішінде технологиялық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқыту 
арқылы бейіналды оқыту аясында іске асырылады. Жалпы орта білім мен жоғары білім беру 


мазмұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейінді оқыту
аясында іске асырылады.
      34. Білім алушылардың негізгі орта білім деңгейінде бейіналды оқытудың, жалпы орта білім 
деңгейінде бейіндік оқытудың бағыттарын таңдауы олардың ата-аналары мен қамқоршылар кеңесінің 
қатысуымен жүргізіледі.

жүктеу 464,48 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау