«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет54/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   296
materialy resp chteniy

з,  р,  с,  ш

    дыбыстарын  айта  алмайтын 

балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын-жаттығулар, тақпақтар 

қолданылды.  Мысалы:  «З»  дыбысын  бекіту  мақсатында  сазгер  Ақтоты  

Райымқұлованың  «Ауыл маңында» өлеңін айтқыздым. 

Ауыл маңы саз, саз - саз, 

Жайылады қаз, қаз - қаз. 

Тоймай қалса қаз, қаз - қаз, 

Шашқан дәнің аз, аз - аз. 

Саусақ  театрында  –  саусақтардың  көмегімен  қандайда  болмасын  ертегіні 

немесе  өлең  -  тақпақ  шумағын  сахналауға  баулимын.  Саусақ  театры  арқылы 

баланың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  дамып,  ынтасы  артады  және 

шығармашылық  әрекетіне  жол  ашылады.  Саусақ  ойынын  ойнай  отырып, 

балалар  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жан-жануарларды, 

құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына 

қарап,  бала  қуанады,  шаттанады,  сөз  айтуға  тырысады  және  өлеңде  үйренген 

сөз  шумақтарын  қайталап  айта  отырып,  есінде  сақтайтын  болады.  Сонымен 

қатар  балалар  екі  қолын  қимылдата  отырып,  оң,  сол,  жоғары,  төмен  т.  б. 

түсініктерді бағдарлай алуды да үйренеді. 

Үстелүстіндегі  театры  –ІІ-ші  кіші  тобынан  бастап-ақ  тақпақ  пен  қысқа 

өлеңдерді  айтқызғанда  көркем  сөздер  әсерлі  естілу  үшін  үстел  үстіндегі 

театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш 




114 

 

кедергісіз  жүретін  ойыншықтар  қолданылады.  Үстел  үстіндегі  қуыршақтар 



театрдың  бірнеше  түрі  бар:  әр  түрлі  биіктегі  конустан,  цилиндрдан, 

қораптардан  жасалған  ойыншықтар;  таяқшадан  жасалған  театр;  «киндер- 

театр»; ағаш ойыншықтар.  

«Қасқыр мен жеті лақ»,»Үйшік», «Бауырсақ»,  «Қарағайлы ормандағы аю» 

атты ертегілерді балалар үстел үсті театры арқылы ата-аналарға қойып берді.   

Көлеңкелі  театр  -  жарық  өте  жақсы  түскен  экранда  адамдар,  жануарлар 

және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. 

Ертегі, әңгіме, өлең көлеңке театры арқылы айтуға болады.Көлеңке театрында 

балалардың  өздері  де    қызығушылық  таныта  отырып  қатысады.  Себебі  үлкен 

сахнада  балалардың  дене,  би  қимылдары  арқылы    ертегідегі  кейіпкерлерді 

сомдауды    үйренді.  Театрландырылған  іскерлік  ойындар    арқылы  шешілетін 

өзімнің  педагогикалық  жұмысымнан  мысал  келтірейін.    Балалар  «Шыншыл 

бала»,  «Қолғабыс»  әңгімесін,  «Тырна  мен  түлкі»  мен  «Сәруар»  ертегісін 

балалар  ғарышкерлер  күнінде  сахналады.  Бұл  көріністер  балалардың 

шығармашылықтарын 

арттырады, 

ой 

өрістерін 



дамытады. 

Көлеңке  театрдың  қойлымын  көрсетуге  үш  бала  қатысады.  Біреуі  мазмұнын 

айтады, екеуі көріністі көрсетеді. 

Театр – балаларға арналған ең қолжетімді және демократиялық өнердің бір 

түрі және ол: 

-

 



балалардың шығармашылық тұрғыда дамуына

-

 



эстетикалық талғамының қалыптасуына

-

 



адамгершілік тәрбиесіне

-

 



тұлғаның коммуникативтік қабілеттерінің дамуына

-

 



ерік-жігерін  тәрбиелеуге,  зейінін,  елестете  білуін,  бастамашылдығын,  

қиялын, тілін (диалог және монолог) дамытуға

-

 

оң  эмоциялық  көңіл-күй  құруына,  шаршағанды  басуына,  даулы 



жағдаяттарды ойын арқылы шешуге ықпал етеді. 

Балабақшада  жүйелі  түрде  ұйымдастырылған  театр  әрекеті  арқылы 

Республика  көлемінде  «Мектепке  дейінгі  балалық  шақ»  республикалық 

орталығымен  Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  ұйымдастырылған  «Ұлы  дала 

ұрпақтары»  байқауында  «Мәңгілік  ел  перзенттері»  қойылымымен  және 

қалалық  білім  бөлімі  ұйымдастырған  «Ертегілер  елінде»  атты  сайыста  

«Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр?»,  атты  сахналық  қойылымдарға  қатысып, 

бас жүлдені иеленуімізге септігін тигізді.  

Өздері қойған сахналық ойындар балалардың ой өрісін-кеңейтіп, әңгімеге 

араласуға,  қойылым  туралы  ата-аналарына,  құрбыларына  әңгімелеп  беруге 

үйретті.  

Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, мұнда 

балаларға  арналған  көркемдік  шығармаларды  сахналық  қойылымдарға 

айналдырып,  оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.  

Баланы сахнада кейіпкер ретінде ойнату, оның жеке тұлғасын жан – жақты 

дамытуға,  оның  бойында  әдебиетке,  мәдениетке,  өнерге  деген  құштарлықты 

оятуға ықпал етеді. 



115 

 

.Балалар  сахнада  шағын  рөлдерде  ойнау  арқылы  байланыстыра  сөйлеуге, 



әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса 

білуге  үйренеді.  Жетілген  диалог  балалардың  өз  пікірін  жеткізе  білуге 

жетелейді. 

Үштұғырлы  тіл  саясатын  тиімді  іске  асыру  мақсатында  үйірмеде  «Дүние 

неліктен жақсы?» атты ертегі арқылы балалармен сахналық қойылым қойылды. 

Балалар  ертегі  кейіпкерлерінің  мінез-құлқына  ене  отырып,  үш  тілде  ертегі 

мазмұнын көрермендерге көркем жеткізе білді.  

Сондай-ақ  түрлі  тақырыптағы  ертегілерді  сахналау  нәтижесінде 

балалардың  сахналық  сөйлеу  тілі  дамыды,  ертегіге  деген  қызығушылықтары 

арта  түсті.  Ертегілер  еліне  саяхат  балалардың  қиялдау,  елестету,  тіпті  өздері 

ойдан шығару сияқты шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.  

Жоғарыда  аталған  жұмыстарды  жүйелі  түрде  жүргізу  арқылы  мынадай 

нәтижесінде қол жеткіздік.  

-

 



балалар тілі дамыды; 

-

 



сөздік қорлары байыды

-

 



байланыстырып сөйлеуге үйренді; 

-

 



дыбыстарды дұрыс айту, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасты; 

-

 



театр өнеріне деген қызығушылықтары артты. 

Жалпы  театр  балалардың  көркем  қабілеттіліктерінің  жетілдіріп  қана 

қоймай 

оларды 


тұлға 

аралық 


қарым-қатынасқа, 

өнерге 


деген 

қызығушылықтарын  арттырады.  Сонымен  бірге  сахнаға  бейімделген 

балалардың  бойында  өзіне  деген  сенім  артып,  алғашқы  қол  шапалақтауларды 

сезіне  алады.  Қалай  десекте  театр-  балалар  үшін  мереке,  демалыс  орны.  Ал 

осындай бақытқа жол ашу біздер, педагогтар үшін үлкен табыс. 

Балаларды  театрландырылған  әрекетке  мақсатты  түрде  баулу  жұмысы 

балалардың  эмоционалдық  көңіл-күйін  қамтамасыз  етуге  және  оны  жалпы 

адамзаттық  құндылықтарға  тартуға  ықпал  етеді.  Сондай-ақ  балаларды 

декорацияларды,  костюмдерді  жасауға  баулуда  түстің,  түрдің,  құрылымның 

және  олардың  қасиеттерінің  көмегімен  образды  жасауға  мүмкіндіктер 

ашылады.  

Балабақшадағы  театрландырылған  әрекетті  табысты  ұйымдастыру  білім 

беру  салаларын  кіріктіруді  қарастыратын  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын тиімді іске асыруға сол арқылы мектепке 

дейінгі білім сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.  


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау