8
Мониторинг нәтижелері ғылыми қызметкерлермен, мектепке дейінгі
білім беру саласының мамандары және тәжірибелі педагогтарымен түрлі
республикалық және өңірлік іс-шараларда талқыланды.
Нәтижесінде республикадағы білім беру жүйесін жаңғырту аясында,
нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді қажет ететін мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың мазмұнын және білім беру үдерістерінің әдістерін жаңарту
туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті
Мемлекеттік стандарты жаңартылды, оның негізінде 1 жастан 6(7) жасқа
дейінгі құрылымды толық қамтитын Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік бағдарламасы (ҚР БҒМ №499 бұйрығы 2016 ж.) әзірленіп, еліміздегі
мектепке дейінгі 77 ұйымда сынақтан өткізіліп, 2016 жылдан бастап, еліміздің
барлық өңірлеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда қолданысқа енгізілді.
Аталған Үлгілік бағдарламаның мазмұны жоғарыда зерделенген білім
беру бағдарламаларының ұтымды тұстары мен ғылыми зерттеулерге сүйене
отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін «Мәңгілік ел»
идеясына негізделді, заман талабына сай баланың дамуына қажетті жағдай
туғызуды қарастыратын дидактикалық ұстанымдарға сәйкес құрылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының
құрылымы мен мазмұнындағы және оның әдістемелік кешенінің басты
ерекшеліктері:
- балалардың жас кезеңдерінің ескерілуі;
- білім беру салаларының өтпелі тақырыптар арқылы кіріктірілуі;
- баланың білім, білік және дағдыларының жасына сәйкес даму деңгейінің
көрсеткіші - күтілетін нәтижеге бағдарлануы;
- білім беру үдерісінің өтпелі тақырыптар жүйесімен ұзақ мерзімді
(перспективалық) және қысқа мерзімді (циклограмма) жоспарлануы;
- баланың бағдарлама мазмұнын игеру деңгейін анықтаудың әдістемелік
ұсынымдарының жүйеленуі.
Осы бағыттағы тәрбие мен оқыту мазмұнын балаға игерту, оларды
тәрбиелей отырып, мектепке оқуға даярлау кәсіби қалыптасқан педагогтың
құзырындағы жауапты қызмет екені баршамызға мәлім. Іске сәт, әріптестер!
Әдебиеттер
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпығаміндетті стандарты,
2015 ж.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы, 2016
ж.
3. Ильясова А.Н. Становлние и развитие педагогической теории
Казахстана (1900-1960 гг), Алматы, 1997.
4. Храпченков Г.М. К вопросу о методологических основах историко-
педагогических исследований. – Қайнар, 1997.
Достарыңызбен бөлісу: