«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет50/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   296
materialy resp chteniy

 

Әдебиеттер 

1.

 



«Мәңгілік ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік 

құрал. Астана 2016 ж. 

2.

 

Сағындыков Е. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы, 1991  



3.

 

Қозыбеков М. Наурыз жаңғырған салт-дәстүрлер. - Алматы,1991  



4.

 

Құралұлы С. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. – Алматы, 



1998  

5.

 



Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Сейіт Кенжеахметұлы. 

Алматы. «Алматы кітап» 2006.  

 

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ 

 

Шекен Жанбота, 

«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі 

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы 

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы-



2050»    Жолдауында:  «Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»,  –  деген  болатын. 

«Мәңгілік  ел»  ата-бабамыздың  сан  мың  жылдан  бергі  асыл  арманы  екені 

барлығымызға  мәлім.  Бүгінгі  қоғам  мүддесіне  лайықты,  жан-жақты  жетілген 

парасатты  жас  ұрпақты  тәрбиелеу,  өсіру  –  отбасының,  балабақшаның,  барша 

елдің  міндеті.  Осы  міндетті  орындауда  мектепке  дейінгі  тәрбие  мекемесінің 

атқарар рөлі зор. 

Бүгінгі таңда баршамызға мәлім балабақша мен ата-ана арасындағы ортақ 

басты  мәселе  –  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  балабақшадан  бастау  алып,  балаға 

білім  мен  тәрбиені  қатар  меңгерту.  Әрбір  ата-ана  өз  үмітін  ең  алдымен 



103 

 

ұрпағымен  байланыстырады.  Міне,  сондықтан  жас  ұрпаққа  жан-жақты  тәрбие 



беруде отбасымен балабақшаның біріккен маңызды жұмысы өте зор. 

Әрбір  педагог  қауым  өз  ісін  педагогикалық  процесте  жас  ұрпаққа  білім 

мен тәрбиені қатар меңгертумен қоса, баланың жас шамаларына, деңгейлеріне 

қарай  жаңа  инновациялық  технологияларды  қолданып,  өз  білімін  үнемі 

жетілдіріп отыру қажет. 

Ұлттық  құндылықтарымызды  қастерлеу  арқылы  мәңгілік  елдің  іргетасын 

берік  қалауы  керек.  «Мәңгілік  ел»  идеясын  негізге  алып,  ересек  тобында 

«Ұлттық  тәлім-тәрбие»  атты  вариативтік  бөлім  жүргіздік.  Жүктемесі  жыл 

бойына 36 сағатты құрайды, сонымен қатар технологиялық карталар жазылып, 

даму  диогнастикасы  жүргізіліп  отырады.  Бұл  жерде  балаларды  ұлтжанды, 

отансүйгіштікке,  адамгершілік  сезімге  тәрбиелеуде,  балаларға  қамқор  болу, 

олардың жеке қызығушылығын сыйлау маңызды рөл атқарады. 

Елбасымыз:  «Біз  Қазақстанның  барлық  азаматтарының  отаншылдық 

сезімімен  өз  еліне  деген  сүйіспеншіліктерін  дамытуға  тиіспіз  және  оларды 

қалыптастыру  басты  міндеттеріміздің  бірі»,  –  деген  еді.  Сондықтан  «Біздің 

алғашқы  Елбасымыз»,  «Тәуелсіздік  –  теңдігім»  атты  ертеңгіліктер  өткізіп, 

Тәуелсіздіміздің  25  жылдығына  орай  көрме  ұйымдастырдық,  қалалық 

мұражайға саяхатқа бардық. 

Өз  балабақшамызда  да  мұражай  бұрышын  ұйымдастырдық.  Өсіп  келе 

жатқан  ұрпақты  тәрбилеуде  қойылған  мақсаттардың  бірі  –  қоғамға  пайдалы, 

үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін жан-жақты дамыған жеке 

тұлғаны қалыптастыру, ал бұл жолда халық педагогикасының маңызы зор. Ата-

бабаларымыз  өмірдегі  бар  асылын  ұрпағына  арнаған,  оның  келешегін  әріден 

ойлап, нәрестенің дүниеге келген сәтінен-ақ шәлдехана, бесік тойы, тұсау кесу, 

тілашар  рәсімдерін  жасауды  ойлап  тапқан.  Оны  өлең-жырларымен  кестелеп, 

баланың  құлағына әуен  еткізіп  жеткізе  білген.  Әр ұлттың ұлттық киімдерімен 

таныстырып  отыру,  мұражайларда  қазақ  батырының  бес  қаруы  мен  ат 

әбзелдерін  және  халықтың  ежелден  қолданып  келе  жатқан  тұрмыстық 

бұйымдарымен таныстыру-баланың бойына рухани құндылықтарды сіңіреді.  

Қаламыздағы  Ұлы  Жеңістің  мәңгілік  алауына  гүл  шоқтарын  қойып, 

тағызым  етіп,  игі  істерді  өз  көзімен  көру  баланың  өз  Отанын,  елін  сүйетін 

патриот болып тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 

Батыр  Бауыржан  Момышұлы:  «Ешкім  іштен  батыр  болып  тумайды: 

батырлық  та  мінез  секілді  өскен  орта,  көрген  тәрбиеге  байланысты 

қалыптасады», – деп ұлы ой айтқан болатын. 

Балаларды тәрбиелеу үрдісінде «Теңге алу» , «Бәйге » , «Орамал тастау», 

«Ханталапай»  т.б  осы  ойындарды  ойнату  арқылы  баланың  тапқырлыққа, 

жылдамдыққа,  шапшаңдыққа,  батылдыққа,  үйрету  іске  асырылды.  Ұлттық 

ойындар  бала  тәрбиесінде  негізгі  екі  жауапты  қызмет  атақарады.  Біріншіден, 

ұлттық  ойындарды  ойнаған  кезде  дене  дамуы  жақсарса;  екіншіден,  ұлттық 

ойындарының  мазмұнын  ойнау  тәртібін  түсіндірген  кезде  ұлттық  әдет 

ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. 




104 

 

Халықымыздың  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге 



болады, ал үлкен ағаш болғанда түзете алмайсың» дегеніндей, баланың бойына 

жастайынан,  мейірімділік,  ізгілік,  қайырымдылық,  бауырмалдық  яғни 

адамгершілік  құнды  қасиеттерін  сіңіргенде  ғана  елін  сүйер  бүлдіршін,  ұлтын 

ұлық  тұтар  ұлан  мақтанышымызға  айналар  отаншыл  азамат  тәрбиеленетіні 

сөзсіз.  Осы  бағытта  нәтижеге  жету  үшін  жұмысты  жандыра  инновациялық 

идеяларды қолдана береміз. 

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік! 

 

Әдебиеттер 

1.  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  жолдауы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа 

бастар жол» 2014ж 

2. «Мәңгілік ел» идеясы 

3. «Бала мен балабақша»-2015, №3 

4. «Балабақша: тәрбиелеу және оқыту»-2015, №3 

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау