Литература
1. Патриотический акт «Мәңгілік Ел», Астана, 2014
2. Послание Президента Республики Казахстан Лидера Нации Н.А
Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан 2050»: новый
политическии курс состоявщегося государства», Астана, 2012
3. Шаламова Е. Патриотическое воспитание. // Ребёнок в детском саду.
№5
4. Сакавичене О. Патриотическое воспитание дошкольников // Ребёнок в
детском саду. №3 – 06.
5. Алёшина Н. В. «Патриотическое воспитание дошкольников»
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ
БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІ
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Уразбаева Гүлнұр Жалғасқызы
«Алтын ұя» балабақшасының тәрбиеші
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
«Театр – адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы,
сахна өнері – тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу,
яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»
Шәкен Айманов
Республикамыздағы соңғы жылдардағы мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың дамуы жалпы білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының
біріне айналды. Елбасының бастамасымен іске асырылған «100 мектеп 100
аурухана» және«Балапан» сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беру
мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекетік
бағдарламалары мектепке дейінгі ұйымдар санының шарықтап өсуіне тың
серпін берді. Оның айғағы ретінде Қызылорда облысы бойынша мектепке
дейінгі ұйымдар саны бүгінгі күні 791-ге жеткенін және 3 жастан 6 жасқа
дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 100 % құрап
отырғанын, ал өзім қызмет ететінҚызылорда қаласындағы «Алтын ұя»
балабақшасы 2009 жылы «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы аясында
320 орынға арналып салынғанын, ал сол жылғы қараша айында балабақшаны
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі келіп ашқанынмақтанышпен айтқым
келеді.
112
Сондай-ақ бүгінгі күні білім берудің мазмұнды аспектілерін дамытуға
айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
жалпыға міндетті стандарты жаңартылды. Аталған Стандарт негізінде біріңғай
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы әзірленіп,
жаңа оқу жылынан қолданысқа енгізілді.
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуда театрландырылған
әрекеттің рөлі ерекше екені бәрімізге мәлім. Ал осы аталған әрекеттің
жаңартылған Стандартта «Коммуникация» білім беру саласына жеке «Драма»
ұйымдастырылған
оқу
қызметі
болып
енгізілуі
осы
бағыттағы
жұмыстарымызды жандандырып әрі қарай жалғастыруымызға ықпалын тигізді.
Балалардың тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік
көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл
атқарады.Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен
мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып,
адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Театр әр балаға қуаныш, қызық,
ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын
дамытады.
Өзім қызмет ететін «Алтын ұя» балабақшасында Үлгілік бағдарламаны
және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын тиімді іске асыру және балаларды жан-
жақты бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу мен дамыту мақсатында «Драма»
ұйымдастырылған оқу қызметін ғана емес сондай-ақ осы театрландырылған
әрекетті жүйелі түрде жүргізу үшін балабақшада «Ертегіде қонақта» үйірме
жұмысын ұйымдастырдым. Мен сол аталған үйірменің жетекшісімін.
Үйірменің мақсаты: театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке
дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуін
қалыптастыру, өмірге оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Осы мақсатты орындау барысында алдымызға мынадай міндеттерді
қойдық. Олар:
-
балаларды театр түрлерімен таныстыру;
-
театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту және
сөздік қорларын байыту;
-
ауызекі сөйлегенде дыбыстар мен сөздерді анық айтуға үйрету;
-
кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс
сөйлеуге баулу;
-
байланыстырып сөйлеуге үйрете отырып, шығарманың мазмұнын толық
ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету.
Алға қойған мақсат-міндеттерді орындау кезінде мынадай әдіс-тәсілдерді
басшылыққа алдық:
-
балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
-
қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
-
қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды: ширма,
атрибуттар, костюмдер т.б дайындау.
Осы
жұмыстарды
ұйымдастыруда
алдымен
балалардың
жас
ерекшеліктеріне сәйкес халық ауыз әдебиеті мен шетелдік және отандық
113
авторлардың шығармаларының қоры жинақталды. Бұл балабақшадағы
педагогтардың өзбетінше ізденуі мен танымдық қызығушылықтарын арттыруға
мүмкіндік берді.
Балабақшадағы педагогтармен бірлесе отырып, театр әрекетіне қажетті
атрибуттар, көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар қолдан жасалып дайындалды.
Ал осы жұмысымызға ата-аналарды тарту үшін түрлі шараларды ұйымдастыру
оларды балабақшаның тәрбиелеу-оқыту процесіне белсенді араластыруға және
ата-аналармен ықпалдастықты дамытуға үлесін қосты.
Үйірме жұмысымда мынадай театр түрлерін қолданамын :
Қуыршақ театры.
Саусақ театры.
Көлеңке театры.
Үстел - үсті театры.
Желілі-рөлді театры.
Су - хауыз театры.
Балалармен театр әрекетін театрдың алуан түрлерін қолданып және
түрліше сипатта ұйымдастыру балалардың осы әрекетке деген қызығушылығы
мен белсенділігін арттырды. Мен балабақша хауызын театр алаңы ретінде
пайдаландым. Мысалы: «Алтын балық», «Алтын кілт» ертегілерін сахналадым.
Осы хауыздағы ұйымдастырылған театр қойылымы балалардың салауатты өмір
салты дағдыларын қалыптастыра отырып, жағымды көңіл-күй және ұмытылмас
әсер сыйласа, аталған жұмысқа әріптестерімнің де, басқа топтың балаларының
да, қызығушылығы артқанын байқадым.
Сондай-ақ сөйлеу барысында
Достарыңызбен бөлісу: |