C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет85/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

 
 
Сҧрақтар мен тапсырмалар 
 
1.
 
Жобалау–оқушылардың 
ӛз 
бетіндік 
оқу  
белсенділігін арттыру технологиясы ретінде. 
2.
 
Оқушылардың 
жобалау 
әрекетін 
ұйымдастырудағы педагогтың рӛлі. 
3.
 
Оқушылар–жобалау әрекетінің субьектісі ретінде. 
4.
 
Жобалау барысындағы педагогтың іс – әрекеттері. 
5.
 
Оқушылардың жобалау әрекетінің түрлері. 


 
200 
6.
 
Оқушылардың жобалау
 
әрекетінің құрылымы. 
7.
 
Жобалау және ғылыми зерттеу. 
8.
 
Жобалау және жобалауға қабілеттілік. 
9.
 
Оқушылардың  жобалау  әрекеттерін  ұйымдастыру 
тақырыбы ұсынып, негізгі кезеңдерін анықтаңыз.  
10.
 
Глоссарийді толықтырыңыз. 
 
 
 
2. Жобалау – оқу әрекетінің ерекше тҥрі ретінде  
Бүгінгі  таңда  білім  беру  нәтижелері    бүгінде  жаңаша 
қарастырылуда,  олар:  ӛз  бетімен  білу  алуға,  әлеуметтік 
ортада ӛмір сүруге қабілеттілігі, шешім қабылдауға, мәселені 
шешуге 
қабілеттілігі, 
ақпараттық, 
қарым–қатынастық 
(коммуникативтік) 
құзіреттілігі, 
жауапкершілігі 
мен 
белсенділігі, т.б. 
Бұл нәтижелер оқушылардың жобалау әрекеті негізінде 
қалыптасатын  нәтижелер,  соған  орай, 
жобалау  мектептің 
барлық  сатыларындағы  оқыту  барысын  түгел  қамтитын 
әрекет
 деп айтуға әбден болады. 
Жобалау  әрекетінің  жасӛспірімдер  үшін  маңыздылығы 
зор.  Бұл  жобалаудың  басқа  жастағы  балалар  үшін  қажеттігі 
болмайды дегенді білдірмейді. Жасӛспірім шақтағы жобалау 
осы  кезеңдегі  бала  дамуының  психологиялық  және 
әлеуметтік  міндеттеріне  сай  келеді.  Ал,  білім  беру 
міндеттеріне  келетін  болсақ,  жобалау  әрекетін      білім  беру 
нәтижелеріне қол жеткізу құралы ретінде қарастыру қажет. 
Бастауыш  мектепте  оқушыларға  қысқаша  ғана 
тапсырмалар  немесе  шығармашылық  тапсырмаға  ұқсайтын 
микро – жобалар
 беріледі. Шығармашылық деп аталу себебі 
–  жоба  барысында  оқушы  қалыптасқан  әдіспен  орындауын 
қажет етпейтін, дәстүрден тыс, ой–қиялын қозғайтын жағдай 
туғызады.  Бұл  тапсырмалар  жеке  оқушыға,  не  шағын 
топтарға  да  берілуі  мүмкін.  Әрине  микрожобалар  оқу 
әрекетінде түгелдей ӛз бетіндік жұмысты әзірше қамтамасыз 
етпейді,  бірақ  оның  пайда  болуына,  дамуына  ықпал  ете 
бастайтыны  сӛзсіз.  Солай  бола  тұрса  да,  бұл  жағдайда 
дәстүрлі  оқытудағыдай  оқушының  жекелік  ерекшелігі,  ой  – 
қиялы  шектелмейді,  бірін–бірі  тыңдауға,  бірлесіп  оқуға, 
шешім қабылдауға мүмкіндік жасалады. Бастауыш мектепте 


 
201 
қалыптасқан  ӛзара  қарым–қатынас,  бірін–бірі  тыңдау, 
бірлесіп  оқу,  үйрену  мәдениеті  қалыптасуы,  кейін  негізгі 
мектепте жобалау әрекетін жүргізудің басты құралдары бола 
алады. 
Микрожобаларды 
ұйымдастыру 
оқыту 
ситуациясындағы 
жекелік 
тұрғыны 
жүзеге 
асыруға 
мүмкіндік 
береді. 
Педагогикалық 
әдебиеттерде 
жиі 
кездесетін тапсырманы таңдау, жұмыс түрін, топ мүшелерін 
таңдау аз қолданылатыны белгілі. Ал, кішкене ғана, қысқаша 
және  аз  уақытта  орындалатын  тапсырмалар  балалардың 
ӛзіндік ерекшеліктерін, ӛз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін 
ашуға мүмкіндік береді. 
Бастауыш  мектепте  жобалау  әрекеттерін  пайдалану 
бала  бойында  жаңа  сапаларды  дамытып  қана  қоймай,  осы 
жаста  ойын  үстінде  дамитын  еркін  ойлау,  ой  белсенділігі, 
елестету  –  қиялдау  қабілеттерінің  сақталуына  оң  әсер  етеді. 
Сондай–ақ,  микрожоба  барысында  олардың  мінез–құлқында 
пайда  болатын  ӛз  әрекетін  ұйымдастыру,  ӛзін  -  ӛзі  басқара 
білу, 
ӛзгелермен 
санасу 
сияқты 
дағдылары 
да 
қалыптасатыны сӛзсіз. 
Жоғарғы сыныптарда жобалау әрекеті
 оқу барысында 
ӛзінің  мінез–құлқын  реттеу,  ӛзіндік  әрекетін  басқару 
құралына  айналады.  Оқушылар  жобалау  әрекеті  арқылы 
жоғары  сыныпта  ӛзінің  білім  алу  траекториясын  таңдауға 
жауапкершілікпен,  саналы  түрде  келуіне  жағдай  жасайды 
және  ӛзінің  оқу  әрекеттері  мен  әлеуметтік  қызметтерін 
басқаруға қабілеттілігіне айналады. 
Жоғары  сынып  оқушылары  үшін  жобалау  әрекеті 
қызметтік  рӛл  де  атқарады,  яғни,  оқушылар  жобаны  жүзеге 
асыруда  қалыптасқан  тәжірибелері  мен  қабілеттерін  оқу 
әрекетінде,  қарым–қатынаста,  ақпаратпен  жұмыс  жасауда, 
мәселені шешуде, шешім қабылдауда пайдалана алады. Бірақ 
бұлар негізінен оқу үдерісінде ғана қолданылады. 
    Жобалау  субъектісі  және  объектісі  ұғымдары. 
Субъект  ұғымына  келсек,  мысалы,  біреуді  субъект  атанды, 
субьект  болады  деуге  болмайды.  Субъектілік–адамның 
сипаттамасы  емес,  ол  оның  іс-әрекетінің,  ӛз  әрекеті  иесі 
екендігінің  сипаттамасы.  Егер  адам  ӛз  бетімен,  еркін 
әрекеттер  орындау  үстінде  болса,  осы  жерде  ол  субъектілік 


 
202 
әрекет  иесі.  Осыған  орай,  субъектіліктің  орнын,  субъектілік 
жағдайын белгілеуге болады. 
 
Жобалау  әрекетіндегі  субъект  ұғымы  әрекет 
теориясы  негізінде  қарастырылуы  тиіс.  Оны  кеңінен 
талдамастан,  тақырып  шеңберінде  тӛмендегідей  қысқаша 
түсіндіруге болады. 
 
Біріншіден,  әрекет  субьектісі  ӛзгеріп  отырады. 
Оқытудағы  жобалаудың  бастамасында  ондағы  әрекеттердің 
субъектісі  –  педагог  қана.  Әрекет  оқушыларға  әлі  берілген 
жоқ, ӛйткені, оқушы оны әзірше ӛзі құрастыра алмайды. 
 
Жобалауды  ұйымдастырудың  алғашқы  кезеңінде 
оқушы ӛз бетіндік әрекеттерді ӛзі ұйымдастыру деңгейін әлі 
игермегендіктен бұл педагогтың субъектілігін талап етеді. 
 
Жобалау  объектісі  де  ӛзгеріп  отырады.  Әрекет 
басында  ол  нақты  белгіленеді,  яғни  мұғалім  оқушыларға  не 
істеу  керек  (мақсат),  нені  ӛзгерту,  жасау  (обьект)  екенін 
анықтап  береді.  Одан  әрі  бұл  элементтер  нақтыланады, 
оқушылар  сол  объектіге  қатысты  мәліметтерді  талдау, 
жағдайды  бағалау  арқылы  күтілетін  нәтижелерді  одан  әрі 
нақтылайды.  Жоба  субъектілігі  де  ӛзгере  алады,  бұл  жерде 
екі  жоба  және  екі  субьект  болатынын  атап  айту  қажет 
болады.  Біреуі-оқушылар  жобасы,  оның  бастамасында 
балалар  тек  қатысушы  ретінде  болғанымен,  одан  әрі  нақты 
әрекеттер  орындау  барысында  жобалау  субьектісі  бола 
алады.  Әр  оқушыға  жеке  тапсырмалар  беріліп,  оның 
орындалуы оқушының ӛз тарапынан жүзеге асырылса, бұл – 
нақты  оқушы  субьектілігінің  кӛрінісі.  Ол  тапсырма 
орындалмаса субъектілік жүзеге асырылмауы да мүмкін. 
 
Субъектілік  жағдайды  кеңейтуге,  дамытуға  да 
болады,  ол  жобаны  жеке  немесе  топпен  орындаудағы  ӛз 
бетіндік 
әрекеттердің 
нығаюы, 
қалыптасуы 
жүзеге 
асырылады.  Жобалау  әрекетін  топпен  орындаудың  маңызы 
зор,  ӛйткені,  топтың  субъектілігі  жоғары  болады.  Ӛйткені, 
жобаны  орындауда  жобаның  субъектілігі  ретінде  топтың 
қолдауы ерекше рӛл атқарады.  
 
Келесісі – педагогикалық (білім беру) жоба. Оның 
жобалау субъектісі әуел бастан педагог: педагог субъектілік 
болатын  жағдайды  жобалайды,  педагог  ӛз  жобасын–
оқушылардың  жобалау  әрекетін  ұйымдастыруды  жүзеге 


 
203 
асырады,  оқушылардың  дамуын  қамтамасыз  ететін  оқу 
жағдайын тудырады, басқарады. Жоғарыда кеңінен берілген 
екі жобаның объектілері де екі түрлі болады. 
 
Оқушы  жобасында  бұл–пәндік  ситуация,  сол 
ситуацияға байланысты жобалау мақсаты, әрекеттері, идеясы 
жүзеге асырылады. 
 
Ал, 
педагогикалық 
жобалаудың 
обьектісі– 
оқушылардың 
жобасы. 
Педагог 
бұл 
жағдайда 
ұйымдастырушылық  қызмет  атқарады.  Айта  кету  керек, 
оқушылар  жобасының  кӛлеміне  қарай  педагогикалық 
басқару  бір  педагог  шеңберінен  шығып,  мектепшілік 
қолдауды  қажет  етуі  мүмкін.  Мысалы,  сабақ  кестесін 
ӛзгерту,  аудиториялар  мен  класс  кеңістіктерін  бӛлу, 
ақпараттық  ресурстардың  қолжетілімділігін  ұйымдастыру 
т.б.  Ол  жағдайда  жобаның  субъектілері–тұтас  команда, 
педагогикалық ұжым да бола алады. 
      
 
Жобалау  әрекеті  және  оқыту  мазмұны. 
Жобалау 
әрекетін  оқыту  мазмұнына  сәйкестендіре  жүргізу–мектеп 
әдістемесіндегі жаңа тұрғы. Ӛйткені, білім беру мазмұны ӛз 
заңдылығы  бойынша  жылдар  бойында  қалыптасқан  тұтас 
білім  беру  жүйесінің  маңызды  бір  компоненті.  Мазмұндық 
компоненті  ретінде  ол  оқыту  әдістемесі,  білім  беруді 
ұйымдастыру  кеңістігі  мен  уақыты,  оқулықтар  мен 
бағдарламалар,  басқару  мен  қадағалау  сияқты  басқа  да 
элементтермен  үйлестіріліп,  реттеліп  отыратын  тұтас 
құрылым немесе жүйеге қызмет етеді. 
 
Сондықтан,  білім  беру  мазмұнына  ӛзгеріс  ендіру 
білім беру жүйесінің барлық компоненттерін ӛзгертуді қажет 
етеді. Бұған қоса білім беруді  басқару жүйесі,  педагогтарды 
даярлау  және  қайта  даярлау  жүйесі  құрылымдары  да  бұл 
жағдайда бұрынғы күйінде қала алмайды. 
 
Бүгінгі  білім  беруге  қойылатын  жаңа  талаптар 
оның  мазмұнына  ӛзгерістер  ендіру  қажеттігін  тудырып 
отырғаны белгілі. 
 
Барлығымызға  белгілі,  қазіргі  білім  пәндік 
принциппен  құрылған,  атап  айтқанда,  белгілі  бір  пәннің 
ғылыми–теориясы 
негізге 
алынып, 
ол 
мектеп 
бағдарламасына  енгізілген.  Оқушылар  мектептен  әр  пәннің 


 
204 
ғылыми  негізін  игеріп,  ӛз  таңдаулары  бойынша  одан  әрі 
тереңірек, кеңірек білуге мүмкіндік алады. 
 
Оқушының  игеретін  білімі  оқулықтарда  негізінен 
теориялық,  білімдік  тұрғыдан  құрылып,  алған  білімдерін 
пайдаға  асыру  жолдарына  берілетін  уақыт  шектеулі  болып 
келеді.  Мысалы,  физика  сабағынан  ток  ӛткізгіштік 
теориялары  мен  формулаларын  ӛте  жақсы  игерген  оқушы 
сол  білімі  негізінде  радиоқабылдағыштарды  қандай  жағдай 
алады  деу  қиын.  Яғни,  оқушылар  «таза»  білім  алады:  газ 
туралы біледі, элементтер қасиеттерін игереді, атмосфералық 
қысымның  ережелерін  жатқа  айта  алады,  текстерді 
жаттайды, физикадағы заңдарды жақсы біледі, т.б.   
 
Жобалау 
әрекетінің 
білімдік 
тұрғыдағы 
әдістемелерден  айырмашылығы  сол,  оның  барысында 
оқушылар  алған  білімдерін  тәжірибеде  пайдаланады,  яғни, 
білім алу, жатқа білу – мақсат емес, теориялық білім жобалау 
әрекетін жүргізудің құрамына айналады. 
 
Сол  себепті,  жобалау  әрекетін  ұйымдастыру  үшін 
білім мазмұны практикалық жұмысты ұйымдастыруға құрал 
ретінде  қарастырылуы  тиіс.  Бұл  ӛз  кезегінде  сыныптың  – 
сабақтың оқыту жүйесіне де, оқулықтар мен бағдарламаға да, 
оқушылар  мен  мұғалімдердің  ӛзара  қарым–қатынасы  да, 
бағалау  мен  бақылауға  да,  басқару  жүйесіне  де  ӛзгерістер 
енгізуді қажет етеді. 
 
Шынайы  ӛмірдегі  қалыптасқан  жағдайды  біле 
отырып, дәл бүгін осы ӛзгерістер бола қалады дей алмаймыз, 
ӛйткені,  білім  мазмұны  стандарттар  арқылы  ендіріледі,  ал 
елімізде 
12–жылдық 
білім 
берудің 
құзыреттілікке 
бағытталған  нәтижелерін  кӛздейтін  жаңа  стандарттар  2015 
жылдары дайын болады деп күтілуде. 
 
Біз  жарқын  болашақтың  келетініне  сене  отырып, 
дәл  бүгінгі  таңдағы  білім  мазмұны  негізінде  жобалау 
әрекетін ұйымдастырудың екі бағытын талдаймыз. 
 
Біріншісі,  мектептерде  негізге  алынып  жүрген 
оқыту 
бағдарламаларының 
ішінен 
оқушылардың 
зерттеушілігін  еркін  ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін 
тақырыптар  таңдай  білу.  Яғни,  жоба  арқылы  жүргізуге 
мүмкіндік 
беретін 
ауылдың, 
ауданның, 
қаланың 
ландшафттың  картасын  жасау  немесе  аудан,  ауыл 


 
205 
мақтанышы 
(адам, 
табиғат 
немесе 
ғимарат, 
т.б.) 
тақырыптарындағы  жобалар  пәндік  мәселелерді  шешумен 
қатар,  оқушылардың  сабақтағы  игерген  біліміне  қоса 
(ландшафт  туралы  теория,  карта  туралы  ұғымдар,  шартты 
белгілер, ӛз ойын жаза білу, мәтін құру т.б.) ӛзіндік қажетті 
коммуникативтік, 
ақпараттық, 
т.б. 
қабілеттерін 
қалыптастыруға негіз болады. 
 
Келесі  бағыт–жобалаудың  тұтас  құрылымын 
орындауды  мақсат  етіп  қоймастан,  жобалауға  тән  – 
қалыптасқан  жағдайды  талдау,  шағын  тапсырмалар  беру 
арқылы  жаңа  ақпаратты  ӛз  бетімен  игеруге  қызығушылық 
туғызу  т.б.  Яғни,  бұл  жерде  тұтас  жоба  жасау 
маңыздылығынан  гӛрі,  оқушының  әрекетін  ұйымдастыруға 
еркін  кеңістік  беру  маңыздылығына  кӛңіл  аударылады. 
Оқушы  берілген  тапсырманы  орындау  барысында  сабақта 
алған  теориялық  білімін  тапсырманы  орындау  құралына 
айналғанда  ғана  оның  тұлғалық  дамуы  жүзеге  асырылады. 
Жоба  шағын  болуы  мүмкін,  бірақ  ол  біздің  дәстүрлі 
түсініктегі  жаттығу  орындау,  ереже  жаттау  емес.  Жобаның 
ӛнімі  қолмен  ұстайтын,  кӛрінетін  де  болмауы  мүмкін,  бірақ 
ол  дәстүрлі  сабақтан  ерекше  шығармашылық,  еркіндік 
тұрғыдағы тапсырмалар болуы тиіс. 
Сыныптан тыс жобалар. 
 
Жоғарыда  сӛз  болған 
білім  беру  мазмұны  логикасында  қарайтын  болсақ, 
жобалауды  толыққанды  орындау  мүмкіндігі  сыныптан  тыс 
жұмыстарда  мол  болады.  (Мысалы,  әлеуметтік  мәнді 
жобалар, тәжірибелік жобалар, т.б.) 
 
Бұл  жерде  кӛңіл  аударарлық  нәрсе–ондай 
жобалардың  білім  беру  міндеттерін  орындауға  қаншалықты 
қатысты екені. Тереңге бармай, бір қарағанда сыныптан тыс 
жобалар білім беруге құрылмайды, олардың алатын ӛнімдері 
ӛзгешелеу.  Атап  айтқанда,  оқушылар  жоба  барысында 
коммуникативтік  қатынас,  топпен  бірге  жұмыс  істеу, 
әлеуметтік 
мәселелерді 
шешуге 
араласу 
дағдылары 
қалыптасады.  Мектеп  газетін  құрастыру,  спектакль  қою, 
мектеп  ауласының  дизайнын  жасау,  т.б.  жобалау  ӛнімдерді 
де  жасауға  болады.  Осыларға  қарап,  сыныптан  тыс, 
мектептен тыс жобалау оңайырақ және жобалау талаптарына 
кӛбірек сай келеді деген пікір тууы да мүмкін. 


 
206 
 
Алайда,  жобалауды  тек  тәрбие  жұмысына  ғана 
қатысты  қарастыру  оқушыларды  білім  беру  мазмұнына 
қатысты  жобаларға  қарсы  қоймауы  тиіс.  Оқушының  пәндік 
білімін  қолдануға  мүмкіндік  берілмесе,  онда  оқушының 
білім  алуға  қызығушылығы  тӛмендейді,  оның  ӛз  білімін 
дамыту  мүмкіндігі  шектеліп,  адамның  даму  потенциалы 
азаяды. 
  Жобалау 
және 
рефлексия. 
Джон 
Дьюидің 
еңбектерінде  жобалау  әдісінің  негізі  қаланып,  оның 
«тәжірибе»  ұғымы  арқылы  таратылғаны  белгілі.  Бұл  ұғым 
мәнісі  күрделі  болғандықтан  философиялық  категорияға 
жатады  және  оған  дәл  анықтама  беру  де  оңай  емес. 
Қарапайым  түсінікпен  айтқанда,  «тәжірибе»  дегеніміз  –  бұл 
белгілі  бір  әрекет  немесе  құбылыс,  оның  нәтижесі  одан  әрі 
болатын  іс  -  әрекеттер  мен  оқиғаларды  дамытудың  шарты 
болып  табылады.  Мысалы,  кез  келген  адамның  басында 
болатын жағдайлар ізсіз кетпейді, белгілі бір әсерін тигізеді, 
ал  кейбірі  адамның  бір  нәрсеге  үйренуі,  сезінуі  сияқты 
эмоциялық  іздер  қалдырады.  Сонда  ғана  ол  адамның  ӛз 
тәжірибесіне  айналады.(Мысалы,  адам  сүрініп  кетті,  сол 
жерде  қиналып,  одан  кейін  жолдың  басқа  тегістеу  жағымен 
әрі қарай кетті.) 
 
Дж.  Дьюи  түсіндірмесі  бойынша  адамның 
«тәжірибесі»  барлық  іс-әрекеттерінін  әсері  деуге  болмайды, 
сондай-ақ,  ол  адамның  бір  нәрсемен  танысуы,  тоқталуы, 
талдау  барысында  қалыптасады.  Бұл  жердегі  маңыздысы  – 
тоқталу, назарын бӛлу, жағдайды талдау әрекеттері. 
 
Жобалау  әрекеті  оқушылардың  практикалық 
жұмыстары  сияқты  ӛзіндік  тәжірибе  алуына  негіз  болады. 
Жоба  ӛзінен-ӛзі  тәжірибеге  айналмайды.  Жобалау  тәжірибе 
алуға кепілдік бермейді, ӛйткені,  ол рефлексия бола ма жоқ 
па,  жобаға  қатысушылар  жобалық  іс-әрекеттердің  мән  – 
маңызын  жете  түсініп  те  қамтамасыз  ететіні  белгісіз. 
Тәжірибе ретінде қалыптаспаған жоба ӛмірде болған оқиғаға 
ғана айналады. 
 
Тәжірибе  алу  үшін–рефлексия  деп  аталатын 
тоқталу,  қайта  қарау,  оқиғаны,  құбылысты  түсіну 
әрекеттерінің жүйесі қажет. Рефлексия–тек ойлану әрекетіне 
қарағанда күрделірек. 


 
207 
 
Сондықтан, 
жобалау 
әрекеттеріне  қосымша 
ретінде  арнайы  ұйымдастырылатын  рефлексиялық  сессия  – 
жоба  алдындағы,  жоба  барысындағы  толқулар,  т.б. 
жұмыстарды қажет етеді. 
 
«Рефлексия»  ұғымы  педагогикалық  әрекеттерде 
соңғы  жылдары  қолданыла  бастады.  Бірақ  олардың  кӛбінде 
ойлану,  еске  түсіру  ұғымдары  ретінде  түсіндіріледі. 
Рефлексия - әрекеттердің, оқиғаның болған ретін еске түсіру 
ғана емес, олай болу себебі мен мағынасын анықтау әрекеті. 
 
Ал, 
мағынаны 
түсіндірудің 
ӛзі 
түрліше 
болатындықтан,  рефлексия  да  түрліше  болады.  Бұл  жерде 
болып 
жатқан 
оқиғаға 
рефлексиялық 
кӛзқарасты 
қалыптастыру да маңызды. 
Жобалау  әрекетіндегі  рефлексиялық  кӛзқарас  сол 
жобаның  негізгі  мағынасын  тани  білуді  қажет  етеді. 
Жобаның негізгі мағынасын құрайтын элементтер – жобалау 
идеясы мен іске асыруының байланыстылығы немесе мақсат 
пен  нәтиженің  бірлігі.  Бұл  байланыстар  іс-әрекет  туралы 
шешім қабылдау, оны орындау құралдарын таңдау, жобалау 
кезеңдерін 
құру, 
топ 
ішінде 
міндеттерді 
бӛлісу 
жұмыстарынан 
тұрады. 
Осылардың 
барлығы 
да 
рефлексияның пәні ретінде қарастырылады. 
Эмоциялық  тұрғыдан  алғанда  рефлексияны  «тас  - 
талқан» қылып талдау, «шашып тастау» деген сӛз тіркестерін 
білдірсе,  рационалистік  тұрғыда–жоба  идеясын  дамытудың 
маңызды  бӛліктерін  анықтау  деуге  келеді.  Тӛмендегі  13- 
суретте  кӛрсетілгендей,  әрбір  бӛліктің  ӛзінде  бірнеше 
нұсқалар  жатыр,  ал,  таңдап  алған  нұсқа  нәтижеге 
қаншалықты тиімді әсер етті, басқаша болса нәтижеге қалай 
әсер  етеді, одан  нәтиже ӛзгере ме, мерзімі қысқара ма, ӛнім 
барлық  талапқа  сай  ма?  Міне,  осы  сұрақтар  арқылы 
рефлексиялық кӛзқарас анықталады. 
 
  
Мақсат      
қою 
 
    
Жоба  
кезеңдері 
 
  
Нәтиже,      
ӛнім 
 
 13- сурет 
Жоба идеясын дамытудың маңызды бӛліктері 


 
208 
 
Рефлексияның  мәні  -  жобаны  қорыту  емес.  Ол, 
біріншіден,  жобалау  барысын  түгел  талдайды;  екіншіден, 
жобаның  тәжірибеге  айналуына  ықпал  етеді,  жобаны 
бағалауға негіз болады. 
Рефлексия  бақылау  арқылы  жасалады.  Жобаның 
бақылау  барысында  негізге  алынатын  дайын  үлгісі 
болмайтындықтан,  рефлексияның  іске  кірісетін  жері  – 
мәселенің  пайда  болуы.  Бұл  педагогтың  жұмысы,  ӛйткені, 
оқушылар  мәселені  байқамайды,  не  қиынсынып  басқа  оңай 
іске  ауысып  кетуі  мүмкін.  Педагог  осы  жағдайларды 
қадағалай  отырып,  рефлексия  пайда  болатын  жерлерді 
белгілейді. 
Тәжірибеге  айналған,  аяқталған  жоба,  болашақ 
жобаларға негіз болады, ондағы мәселелер алдағы жобаларда 
ескеріледі. 
     Оқыту  үдерісіндегі жобалау
 
әрекетін ұйымдастыру 
біздің  педагогикалық  қауым  үшін  жаңа,  үйренбеген  жұмыс, 
ӛйткені,  ол  оқыту  үдерісінің  құрылымын  түгелдей  жаңаша 
құруға  бағытталған.  Жобалау  әрекеті  білім  беру  кеңістігі  - 
әрекет субъектілерінің қарым–қатынасы, әрекеттері, әрекетке 
қатысушылар  құралы  мен  әрекет  ұйымдастырылатын 
бӛлмені де құрайды. 
 
Дәстүрлі 
білім 
беру 
жағдайында 
кеңістік 
мұғалімнің  оқушыға  тікелей  білім  беру  мақсатына  қызмет 
етеді,  соған  ыңғайластырады.  Онда  білім  беруші,  білім 
алушы рӛлдері ӛте нақты болғандықтан, оның техникасы мен 
әдістемесі бір жақты болады. 
 
Класс  кеңістігінің  ұйымдастырылу  принципі 
педагогты  басты  тұлға  ретінде  ала  отырып,  оның  кӛмекші 
құралдары тақта, демонстрациялық стол, соған қарама–қарсы 
отыратын  оқушылар  да  мұғалімге  ыңғайлы  болуы  үшін 
құрылады. 
 
Оқушылардың 
қатар–қатар 
отыруы 
сабақ 
барысында  бірлесіп  әрекет  етуге  мүмкіндік  бермейді,  бұл 
кеңістік  оқушы  мен  мұғалімнің  қарым–қатынаста  ғана 
қолайлы.  Мұндай  құрылымдық  кеңістік  дәстүрлі  оқытудың 
міндеттеріне  сай  құрылған  және  онда  оқушы  сабақты 
түсіндіруші, балалар жазып алушы, орындаушы. 


 
209 
 
Парталардың  орналасуы  да  мұғалімнің  кез  келген 
оқушыны  кез  келген  уақытта  дәптерлерін  оқуға,  қателерін 
қарап  жүруге  құрылған.  Ал,  жобалау  әрекеті  білім  беру 
кеңістігінің басқаша түріне, атап айтқанда:  

 
біріншіден,  типпен  жұмыс  түріне  лайық  болуын 
қажет етеді; 

 
екіншіден,  әр  топ  ӛз  жобасын  орындайтын 
болғандықтан,  әр  топтың  жұмыс  орны  бӛлек 
болғаны жӛн; 

 
үшіншіден, 
жобаны 
орындауда 
ақпараттар, 
мәліметтер  жинау  және  оларды  талдау  қажет 
болғандықтан,  жұмыс  орны  компьютер  желісіне, 
кітапханаға,  медиатекаға  т.б.  ақпараттар  кӛзіне 
шыға алатындай болуы керек; 

 
тӛртіншіден,  жобалау  әрекеті  негізінен  белгілі  бір 
ӛнім  алумен  байланысты  болғандықтан,  зертхана, 
шығармашылық  шеберханасы,  т.б.  оқушылардың 
ӛз  қолдарымен  ӛнім  жасауға  мүмкіндік  беретін 
орындар болғаны жӛн; 

 
бесіншіден,  жобалау  қызметі  міндетті  түрде 
ӛнімді, нәтижені презентация жасаумен аяқталады. 
  Сондықтан  оқу  коммуникациясының  жаңа  түріне  
конференц-залдар,  байқаулар,  есеп  беру  шараларын 
ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  кеңістік  қарастырылады. 
Жоба  презентациясы  басқа  да  оқушылар,  педагогтардың 
жаппай қатысуын талап етеді. 
Бүгінгі  таңда  мектептердің  құрылымы  класс  –  сабақ 
жүйесіне  негізделгендіктен,  аталған  жобалау  кеңістігін 
мектептегі  бар  мүмкіндік  арқылы  ұйымдастыру  қажет 
болады.  Мысалы,  сабақ  кестесіне  ӛзгерістер,  кітапхана  мен 
зертханаларды жаңаша ұйымдастыру, т.б.  
 
Қорыта  айтқанда  жобалау  әрекеті  барысында  оқу 
әрекеттері  дәстүрлі  сынып  кеңістігімен  кеңірек  жүргізіліп, 
сынып – сабақ жүйесін жаңаша құруға ықпал етеді.   
  
Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы        
Оқытудың  құрылымдық  кеңістігінің  тағы  бір  бӛлігі  – 
уақыт.  Білім  беруде  уақыт  ӛте  нақты  белгіленгені  белгілі, 
мысалы,  сабақтың  сыныпта  немесе  үйде  орындалу  уақыты 
бар, мектепте және мектептен  тыс орындалатын  шаралар да 


 
210 
уақыты,  сабаққа  даярлану  уақыты,  сондай–ақ  жеке  ӛзіне 
арналған  уақыттары  белгіленген.  Тиімді  ұйымдастырылған 
жобалау  қызметінде  қатысушылардың  уақытты  тиімді 
пайдалану  жоспарланады.  Ӛйткені,  жобаға  қызығу  деңгейі 
жоғары  болған  жағдайда  оқушылар  беріле  кірісіп,  ӛз 
уақыттарының  кӛбін  оған  арнауы  мүмкін.  Осы  жағдайда 
оқушыларға  уақытты  пайдалану,  ӛзге  де  маңызды  істерді 
уақытында орындалуы қадағаланады. 
 
Сондықтан,  педагогтар  жобаны  орындаудағы 
компоненттері–жұмысты 
ыңғайлы 
кестемен 
орындау, 
уақытын,  кӛлемін,  ұзақтығын  ескеруі  қажет.  Одан  басқа, 
ресурс  ретінде  оның  әрекеттері  мен  жобалау  әрекеттерінің 
бірін–бірі  толықтырып  отыратын  ерекшелігін  пайдалануға 
болады. 
 
Мысалы,  жобаның  барлық  компоненттерін  тұтас 
сақтау  бастауыш  мектептерде  мүмкін  емес.  Ондағы  басты 
мүдде–оқушыларға шағын шығармашылық тақырыптар беру 
арқылы сабақ оқуға маңызын арттыруға болады. Бұлар қысқа 
мерзімді тапсырмалар, мини–жобалар–кіші жастағылар үшін 
сабақ  үстінде  ӛткізіліп,  оқу  жоспарына  енгізілсе  –  олар 
оқушыларды дамытуға мүмкіндік береді. 
 
Негізгі  мектепте  5–6  сыныптарда  нақты  жоба 
жасау басталады, олар жобаның ӛзін жасауға кіріседі. Міне, 
осы  кезден  бастап  оқушылар  үшін  ӛз  уақытын  басқару 
қажеттігі пайда болады. 
 
Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары 
негізінен  жоспарлау  және  бақылауды  орындауда  қойылады. 
Мысалы,  белгілі  бір  әрекеттерді  орындауда  жүргізілетін 
мониторинг 
кейбір 
жұмыстардың 
ӛз 
мерзімінде 
аяқталмайтынын,  кейбір  әрекеттердің  бірін–бірі  қайталауға 
әкелетіні,  ал  кейбірін  орындауға  аз  уақыт  қажет  болатыны, 
яғни,  тәжірибеде  тиімсіз  деп  табылған  істерді  ӛзгерту 
керектігі анықталады. Одан кейін тиімділікпен ұйымдастыру 
қарастырылып, жаңа нұсқамен жұмыс істеуге болады. 
 
Оқушылардың 
жобалау 
әрекетінің 
бірнеше 
қарапайым  ережелері  оқушыларға  түсіндірілсе,  олардың 
игеріп алуына жағдай жасалады. 
Біріншісі,  ең  алғашқы  жасайтын  жобаларынан  бастап, 
оның  орындалу  мерзімін  анықтап  алу  қажет.  Соңғы  нәтиже 


 
211 
(ӛнім)  тек  қана  белгіленген  мерзімде  қабылданады,  кешігу 
болуы  тиіс  емес.  Педагогтар  оқушыларға  жоба  мерзімінен 
кешіксе олардың бағалары тӛмендейтінін ескертуі керек; 
Екіншісі,  жобалау  кезеңдерін  белгілеп,  оның  әр 
кезеңінің  аяқталу  уақыттары  анықталады.  Сонымен  қатар, 
осы  жерде  әрбір  кезеңнің  нәтижесі  белгіленеді  (мысалы, 
жоба  идеясын қорғау, эскизін қорғау, орындалу құралдарын 
таңдау, т.б.); 
Үшіншісі,  оқушыларға  педагогтан  кӛмек,  кеңес  алу 
мүмкіндігі  беріліп,  оның  кестесі  де  күні  бұрын  келісіліп, 
белгіленеді; 
Тӛртіншісі, бұл педагогтың міндеті–оқушылардың жоба 
жұмысын  бастан–аяқ  қадағалап  отыру,  топпен  жұмысты 
бақылау,  пән  бойынша  немесе  басқа  адамдармен  қарым–
қатынасы жобалау барысы, т.б. түгел қамтылып отыруы тиіс, 
қажет болған жағдайда, араласу, қолдау қажет; 
Жалпы  алғанда,  жобалық  жұмыс  сабақ  үстінде, 
сабақтан  тыс,  бос  уақыттарын  да  қамтып,  кеңей  беретін 
әрекет  екенін  түсінгенде  оның  уақыттық  талаптарын 
сақтауға болады. 
 
 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау