198
міндеттерді шеше білуімен байланыстырылады. Ӛнімді
ойлаудың негізгі кезеңдері тӛмендегідей белгіленеді:
1)
тақырыптың пайда болу кезеңі (жұмысты бастауға
қажеттік), қалыптасқан
жағдайды талдау;
2)
мәселені анықтау кезеңі: тақырыпқа сәйкес
идеялық–тұжырымдамалық
немесе
бейнелік–
символикалық модель құрылуы, модель ішінде
мәселе туғызатын қайшылықтарды айқындау
арқылы мәселе нақты кӛрінеді;
3)
мәселені шешу кезеңі: бұл кезеңде болжау
жасалып қана қоймай, ол тексеріледі, дұрыс
болған жағдайда мәселені шешу жолдары
белгіленеді;
4)
мәселені
шешудің
оны
обьект
ретінде
қарастырудың, жүзеге асырудың техникалық,
орындаушылық кезеңі;
Бұл әрекеттер негізінен мәселені шешу жолдарын ойша
іздеудің сипатталуы екені кӛрініп тұр. Ӛнімді ойлауды
сипаттау барысында ең маңызды әрекет – ойлау актісі,
ӛйткені, онда ойлану
арқылы болжам құрылады, тексеріледі.
Ӛнімді ойлаудың екінші кезеңінде мәселені
анықтау, оны бейнелік, тұжырымдық немесе символдық
тілде құрастырып, қайта қарау. Бұл – модельдеу кезеңі, оны
түрліше құруға болады. Жобалаушыға қажетті Ӛнімді ойлау
қабілетінен басқа – креативтік ойлау әрекетін жүзеге асыра
алу – аса маңызды. Креативтілік мәселені шешуде белгілі
әрекеттерді орындауға бағытталған формальды түрдегі
интеллектке жатпайды, ол – жаңа идеяларға бейімділік.
Креативтілік деңгейін диагностикалау да адамның «дұрыс»
жауапты таңдай білуі емес, мәселені анықтай алуынан
бастап, оны шешудің бірнеше тың жолдарын күтпеген,
бұрын қарастырылмаған жағынан ұсына білуі бағаланады.
Креативтіліктің тағы бір ерекшелігі–қарама–
қайшылықтарын кӛре білуі және одан туындайтын мәселені,
болжамын жасай білу арқылы шешу жолдарын анықтап,
нәтижесіне дейін жеткізе білуі.
Кесте 6 - Ӛнімді ойлауға және жобалауға тән
түсініктер
199
«Ӛнімді ойлауға» тән түсініктер «Жобалауға» тән түсініктер
-
Ӛнімді
ойлау
әрекеті
-
Креативтілік
-
Проблеманы шеше
білу
-
Шешім қабылдау
-
қалыптасқан жағдайды
талдау
-
қайшылықтарды кӛре
білу
-
болжам жасау, тексеру,
қадағалау
-
нәтижеге
қол жеткізу
Жоғарыдағы 6-кестеге кӛңіл аударсақ, түсініктік,
ұғымдық ақпараттары әр түрлі болғанымен психологияның
әрекет
ретіндегі
ӛнімді
ойлаудың
бойында
ұйымдастырушылық әрекет түрі ретіндегі жобалаудың
барлық аспектілері бар екені, олардың логикалық және
бірізділік сапалары ұқсас екені кӛрінеді.
Психологтардың пікірінше, ойлаудың түрлері
туралы теориялар бірін–бірі толықтырып отырады деуге
болмайды. Ӛйткені, олар интеллекттің формальдық теориясы
сияқты бір–біріне тәуелсіз түрде пайда болады және дамиды.
Дәстүрлі білімдік парадигма XX ғасырдың аяғына қарай
қажет бола бастаған жаңа индивидтік қасиеттерді түсіндіру,
сипаттау үшін жеткіліксіздігі белгілі болды. Соған орай,
кӛптеген теорияларда индивидтің туындаған мәселеге
қатысты талдау жасау, ситуацияны модельдеу, шешім
қабылдау әрекеті және ол үшін ӛз жауапкершілігін мойындау
сияқты сапалары басым кӛрсетіле бастады.
Достарыңызбен бөлісу: