194
Қорыта келе, жобалау барысындағы педагогтың іс-
әрекеттерін
жобалау әрекеті және басқару әрекеті
деп екіге
бӛлуге болады:
–
білім берудің жаңа нәтижелерін (оқушылардың
жаңа
сападағы
қабілеттерін
дамытуды)
жобалайды;
–
оқушылардың жобалау
әрекетін басқарады;
Сондай–ақ, бұл екі әрекет бір–бірімен бірге, айтылмай
жүргізіледі. Айта кету керек, оқушылардың жобалау әрекеті
жобалау түсінігінің қалыптасқан тәртіптеріне түгел жауап
бермейтінін бүгінгі ғалымдар сӛз етіп келеді. Оны
квазижобалау деп атау керек деген ұсыныстар да бар. Оның
себебі, жобалаушы жобаны белгілегенде ӛз мақсатын қойып,
алатын ӛнімін белгілейді. Ал, оқушылар ӛз мақсаты емес,
педагогтың немесе педагогикалық мақсат пен міндеттерді
орындайды. Солай бола тұра, оқушылардың жобалау әрекеті
педагог тарапынан «сауатты», тиімді ұйымдастырылса
жоғарыдағы педагогикалық мақсатты емес, оқушылардың
жобасының мақсатын олармен бірге анықтауға және
орындауға әбден болады.
Оқушылар жоба жасаудағы ӛз әрекеттерін еркін
тыңдап, ӛз бетімен оның мақсаты мен міндетін, әдіс –
құралдарын күтілетін нәтижеге сай анықтауға мүмкіндік
жасалса–жобалау олардың ӛз әрекеттеріне айналады. Демек,
олардың жауапкершілігі мен ӛз бетіндік әрекеттері
дамытылады.
Педагогикалық психологияда ӛзі үшін құнды мақсат
қою және әрекеттерді ӛзі белгілеуі, нәтижеге жетуге
ұмтылуы–оның
субъектілігін
білдіреді,
яғни,
бұл
жобалаудағы субъектіліктің кӛрінісі болып табылады.
Сонымен, оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастырудың
бір–бірімен ажыратуға болмайтын екі түрі бар –
білім
берудегі жобалау және оқушылардың жобалау әрекеттері
.
Олардың қалыптасқан түсініктегі жобалау әрекетіне
жатқызуға болатын тӛмендегі жобаға тән белгілері бар:
–
мақсат – міндеттері
еркін қойылады;
–
орындау жолдары еркін таңдалады және іске
асырылады;
–
күтілетін нәтиже алдын–ала анықталады;
195
Жобалау кеңістігіне қарасты алатын болсақ: педагогтың
білім беруді жобалауы-әлеуметтік білім беру жобасы
кеңістігінде орындалып, сол деңгейде қадағаланатын болса,
оқушылардың жобалау әрекеттері – педагогтың білім беру
кеңістігінде орындалып, сол деңгейде қадағаланады,
басқарылады.
Бұл жағдай жобалау әрекетін қарастыру барысында
оның шеңбері мен аясын белгілеу үшін маңызды болады.
Жобалау әрекетінің құрылымы.
Жобалау әрекетінің
белгілерін тӛмендегідей анықтауға болады:
–
нақты нәтиже алуға
бағытталуы;
–
алынатын
нәтиженің,
ӛнімнің
алдын
ала
сипатталуы;
–
эскиз түрінде тұтас және бӛлігінің нақтылануы
–
нәтиженің
орындалу
мерзімдерінің
қатаң
белгіленуі;
–
нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті шаралардың
алдын ала жоспарлануы;
–
жобаның түпкілікті нәтижесін қамтамасыз ететін
жеке жұмыстардың нәтижелерімен олардың
орындалу мерзімдері кӛрсетілген жоспарлы
бағдарлама болуы;
–
әрбір әрекеттің барысын қадағалау мониторингі
мен түзетіліп отыратын жағдай болуы;
–
жобалау әрекетінің нәтижесі ретінде алынған
ӛнімнің алдын ала белгіленген нәтижеге сәйкестігі
тексерілуі, талдануы және одан арғы жұмыстың
жоспарлануы;
Жобалау әрекеті барысында аталған жұмыстар
бірінен кейін бірі кезекпен орындалады деп түсінуге
болмайды. Жобаны жүзеге асыруда бірнеше әрекеттер бір
мезгілде жасалып, олар бір–бірімен үйлестіріліп отырады.
Бірақ олардың ішінде негізгі әрекеттер мен қосымша
әрекеттер болатыны, әрқайсысының жобадағы орны
қатысушыларға түсінікті болуы тиіс.
Жобаның
ең
маңызды
ерекшелігі–жобалау
алдындағы нақты жағдайдың талдану қажеттігі. Атап
айтқанда, жобалау арқылы жүзеге асырылатын жұмыста сол
кезге дейін қалыптасқан жағдайды талдау оны ӛзгертуге,
196
орындауға деген қажеттіктің нақтылануына мүмкіндік
береді.
Жобалаудың түпкі идеясы қалыптасқан жағдайды
ӛзгертуге және түйінді мәселелерді шешуге бағытталады.
Сондықтан жобалау алды талдау ӛзгеріс енгізілетін нысанды
жан–жақты зерделеуді қажет етеді. Олай болмаған жағдайда
жобалау арқылы алынған нәтиже жобаның мақсатына сай
болмайды.
Жобалаудың түпкілікті нақты нәтижеге бағытталу
ерекшелігі оның модельдеумен ұқсастығын кӛрсетеді.
Қалыптасқан жағдайды ӛзгерту немесе белгілі бір
құбылыстарға ықпал ету үшін, ең алдымен, оларды кӛз
алдына елестету қажет. Осылайша, болашақ нәтиженің (жоба
ӛнімінің) сұлбасы пайда болады. Берілген сұлбаны (бейнені)
нақтырақ кӛрсету үшін оның мақсаты, орындау жолдары, т.б
анықталады. Бұл – модельдеу үдерісі. Белгілі бір жағдайды
модельдеу үшін оны толық білу, яғни ақпарат жинақтау
қажет болады. Ақпараттың жеткіліксіз болу модельдің толық
бейнесін құрастыруға мүмкіндік бермейді, осы себепті
жобалау мақсаты орындалмайды.
Достарыңызбен бөлісу: