ИС BestProfi©
3
2. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
балалардың ӛмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етуге қажетті физикалық, тҧлғалық, зияткерлік қасиеттерін дамытуға, негізгі
қҧзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.
6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту:
1) баланың ӛмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды, толыққанды физикалық
дамуын, Қазақстан Республикасы халықтарының ҧлттық салт-дәстҥрлері негізінде салауатты
ӛмір салтының қҧндылықтарын қалыптастыруды;
2) мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуының толыққанды кеңістігін қҧруды және
кешенді сҥйемелдеуді қамтамасыз етуді;
3) тілді және ана тілін, қатынас мәдениетін дамытуды, сауаттылық негіздерін меңгеруге
дайындауды;
4) мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік, қҧндылық бағдарын адамның оң
мінез-қҧлқы, мінез-қҧлық нормалары мен ережелері, қазақстандық қоғамда қалыптасқан
халықтық салт-дәстҥрлер мен әдет-ғҧрыптар ҥлгісінде қалыптастыруды;
5) ӛз Отанына, туған ӛлкесіне сҥйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге қҧрметпен
қарауға, қоршаған орта, отбасы, тҥрлі ҧлт ӛкілдеріне деген ізгі қарым-қатынасқа тәрбиелеуді;
6) балада қоршаған ортаның тҧтас бейнесі, ӛзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы
тҥсініктерді қалыптастыруды;
7) баланың танымын дамытуды, интеллектуалдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруды,
білуге қҧштарлықты дамытуды;
8) баланың бейнелеу, кӛркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін,
шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.
7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмҧны мынадай бес білім беру саласын
қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
8. Білім беру салаларының мазмҧны ҧйымдастырылған оқу іс-әрекеті, балалардың
ӛзіндік іс-әрекеті және ересек адам мен баланың бірлескен іс-әрекеті арқылы іске
асырылады.
9. «Денсаулық» білім беру саласы
Мақсаты: ӛз денсаулығына саналы қарауды, денсаулықтың адамға табиғаттың берген
басты қҧндылығы екенін тҥсінуді тәрбиелеу, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту және
физикалық сапаларын қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласындағы ҧйымдастырылған оқу қызметі:
1) дене шынықтыру;
2) қауіпсіз мінез-қҧлық негіздері, валеология.
10. «Коммуникация» білім беру саласы
Мақсаты: ана тілінің базалық қҧндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа
тілдерде мәдени-әлеуметтік ӛзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және
ауызша емес қҧралдардың кӛмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі
кӛптілді тҧлғаны тәрбиелеу.
«Коммуникация» білім беру саласының ҧйымдастырылған оқу қызметі:
1) тіл дамыту;
2) кӛркем әдебиет;
3) сауат ашу және жазу негіздері;
4) мемлекеттік, орыс және басқа тілдер.
ИС BestProfi©
4
11. «Таным» білім беру саласы
Мақсаты: танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тҧтас бейнесін тҥсінуге
және ақпаратты ӛмірлік маңызды проблемаларды шешуде қолдануға қабілетті мектеп
жасына дейінгі тҧлғаны қалыптастыру.
«Таным» білім беру саласының ҧйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
1) сенсорика;
2) қарапайым математикалық ҧғымдарды қалыптастыру;
3) қҧрастыру;
4) экология негіздері;
5) қоршаған ортамен таныстыру.
12. «Шығармашылық» білім беру саласы
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік-эмоционалдық саласы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен қиялын дамыту.
«Шығармашылық» білім беру саласының ҧйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
1) сурет салу;
2) мҥсіндеу;
3) жапсыру;
4) музыка.
13. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
Мақсаты: әлеуметтік ортадағы жағымды мінез-қҧлық пен қарым-қатынасқа қабілетті
әлеуметтік-бейімделген, шығармашылық тҧлғаны тәрбиелеу, Отанға деген сҥйіспеншілікке,
ҥлкендерді қҧрметтеуге тәрбиелеу.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының ҧйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
1) ӛзін-ӛзі тану;
2) қоршаған ортамен таныстыру;
3) экология;
4) кӛркем әдебиет.
Мемлекеттік тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ҧйымдары мен топтарында
«Қазақ тілі» пәні ҧйымның қалауымен басқа пәндерге ауыстырылады.
3. Тәрбиеленушілердің және білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне
қойылатын талаптар
14. Тәрбиеленушілер мен білім алушылардың апталық оқу жҥктемесінің жол берілетін
ең жоғары кӛлемі мен ҧйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ҧзақтығы баланың денсаулығы
мен психикасын қорғау мақсатында енгізіледі.
15. Мектепке дейінгі білім берудің барлық жас сатысындағы оқу жҥктемесі мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын әзірлеуге қойылатын
техникалық талаптарда белгіленген санитариялық-гигиеналық нормалар мен ережелерге
сәйкес болады.
Ҥлгілік оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жҥктемесінің шегі
белгіленген.
16. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының
негізінде аптадағы нормативтік оқу жҥктемесі білім беру ҧйымдарындағы мектепалды
сыныптары педагогикалық қызметкерлердің айлық жалақысын есептеу ҥшін 24 сағатты
қҧрайды, оған: