Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет14/44
Дата04.12.2017
өлшемі1,48 Mb.
#2915
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

                            ИС BestProfi©

 

 



 

27 


 

5)  бейнелеу  ӛнері,  техникалық  және  кӛркем  еңбек  бойынша,  оның  ішінде  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияларды  қолдана  отырып  шығармашылық  жобаларды;  негізгі 

және  аралас  техникада  алуан  тҥрлі  материалдар  мен  қҧралдарды,  жҧмыс  істеудің  тәсілдері 

мен  амалдарын  қолдана  отырып  кӛркем  жҧмыстарды;  музыкалық  шығармалардың 

қарапайым  импровизациясы  мен  аранжировкаларын;  зерттеулер  нәтижесі  бойынша 

шығармашылық идеяларды жинақтайды;

 

6) кӛркем жҧмыстардың және музыкалық шығармалардың негізгі мақсатын, образдары мен 



идеяларын;  жеке/ҧжымдық  орындалған  кӛркем  және  техникалық  еңбек  туындыларын, 

музыкалық шығармаларды, импровизациялар мен аранжировкаларды бағалайды.

 

18. «Дене шынықтыру» білім беру саласы бойынша оқытудың кҥтілетін нәтижелері.



 

Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:

 

1)  ағзаның  дамуына  ықпал  ететін  негізгі  дене  шынықтыру  жаттығуларын,  оларды 



орындаудың  қағидалары  мен  техникасын;  дене  шынықтыру  жаттығуларын  орындау 

барысындағы  техникалық  қауіпсіздік  қағидаларын;  сергіту  жаттығулары  мен  ширатып 

шынықтыру  жаттығуларын  орындау  қағидаларын;  дене  жаттығуларын  орындау  кезіндегі 

ағзадағы ӛзгерістерді бақылау тәсілдерін; дене даярлығын жақсарту ҥшін дене бӛліктері мен 

бҧлшық еттерді дамыту әдістерін біледі;

 

2)  дене  шынықтырудың  денсаулықты  нығайтудағы  маңызын;  дене  шынықтыру  мен 



спорттың  елдің  дамуындағы  және  сол  ҥшін  мақтаныш  сезімін  қалыптастырудағы  рӛлін; 

орындалатын  жаттығулардың  кҥрделілік  деңгейін;  тҥрлі  физикалық  жҥктемелердің  талап 

етілетін  қарқындылығына  қол  жеткізу  қажеттілігін;  дене,  психикалық  және  эмоциялық 

саламаттылықты сақтау мен қолдаудың маңызын; тҥрлі дене жаттығуларын орындау кезінде 

туындайтын тәуекелдерді тҥсінеді;

 

3) келісілген мақсаттарға қол жеткізу ҥшін ӛзіндік/бірлескен жҧмысты орындау дағдыларын; 



кешенді  дене  жаттығуларын  орындау  кезінде  қолданылатын  композициялық  амалдар  мен 

ережелер  туралы  білімін;  уақытты,  кеңістікті,  дағды  мен  қозғалыс  координацияларын 

тҥсінетінін  кӛрсете  отырып,  дене  жаттығуларын  орындаудың  дҧрыс  бірізділігін;  дене 

дамуындағы  кемістіктерді  және  денсаулық  ҥшін  ықтимал  тәуекелдерді  жоятын  арнайы 

жаттығуларды; дҧрыс тамақтану мен қозғалу режимінің негізгі қағидаттарын қолданады;

 

4)  болашақ  оқуды  және  мінез-қҧлқын  басқару  ҥшін  топта  дене  шынықтыру  жаттығуларын 



орындаудағы  ӛзінің  жетістіктері  мен  тәжірибесін;  дене  шынықтырудың  әр  тҥріндегі  жеке 

қабілеттерін  және  сенімділігін  жақсарту;  ортақ  мақсатқа  қол  жеткізудегі  ынтымақтастық 

және әділ жарыс жағдаяттарын талдайды;

 

5)  қозғалыс  тҥрлерінен  тҧратын  белгілі  бір қозғалыстар  комбинацияларын,  сондай-ақ  тҥрлі 



спорт  тактикаларын  пайдалана  отырып  стратегияларды;  дене  шынықтырудың  алуан  тҥрлі 

жағдаяттарына бейімделу ҥшін білім мен дағдыларды жинақтайды;

 

6)  әртҥрлі  физикалық  жҥктемелерді  орындау  кезінде  туындайтын  қиындықтар  мен 



тәуекелдерді;  ӛзінің  және  ӛзгелердің  физикалық  мҥмкіндіктерін;  мектепішілік  және 

мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысу ҥшін ӛзінің мҥмкіндіктерін бағалайды.

 

19.  Білім  алушыларға  ҥй  тапсырмалары  олардың  орындау  мҥмкіндіктерін  ескере  отырып 



беріледі, 2-3-сыныптарда 1,5 сағаттан, ал 4-сыныптарда – 2 сағаттан (астрономиялық сағатта) 

аспайды.


 

20. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлік бағалау арқылы жҥзеге асырылады. 

Критерийлік  бағалау  нақты  айқындалған,  оқу  процесіндегі  барлық  оқушыларға  алдын  ала 

белгілі  бағалау  критерийлерімен  (формативті  бағалаудағы  табыс  критерийі  және  жиынтық 

бағалаудағы  балдарды  қою  критерийі)  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  білім  берудің 

тиісті мақсаттарымен және мазмҧнымен салыстыруға негізделген.

 

21.  Бағалау  әр  тақырыптық  бӛлім  бойынша  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  тексеру 



негізінде нақты оқу пәні бойынша оқу жоспарларында кӛрсетілген оқу мақсаттары жҥйесіне 

сәйкес жҥзеге асырылады.

 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

28 


 

22. Критерийлік бағалау жҥйесі ҥш бағалауды қамтиды: формативті бағалау, ішкі жиынтық 

бағалау, сыртқы жиынтық бағалау.

 

23.  Бастауыш  білім  беру  деңгейінде  бағалау  формативті  және  ішкі  жиынтық  бағалауды 



пайдалану  арқылы  жҥзеге  асырылады.  Бастауыш  білім  беру  деңгейінде  сыртқы  жиынтық 

бағалау жҥргізілмейді.

 

24.  Бастауыш  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын  жҥзеге  асыратын  білім  беру 



ҧйымдарындағы  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  критерийлік  бағалау  тәртібін  білім 

беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

25. Даму мҥмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бҧзушылықтарын тҥзету 



және әлеуметтік бейімделуі ҥшін жағдай жасалады.

 

3. Білім беру мазмҧнына қойылатын талаптар



 

26.  Бастауыш  білім  беру  білім  берудің  барлық  деңгейлеріне  ортақ  болып  табылатын  және 

білім  алушы  тҧлғасының  мінез-қҧлқы  мен  қызметін  ынталандыратын  ӛмірлік  тҧрақты 

бағдарлары  болуға  арналған  білім  алушылардың  бойында  ҧлттық  және  жалпыадамзаттық 

қҧндылықтарды дарытуға бағытталған.

 

27. Бастауыш білім беру мазмҧнында:



 

1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;

 

2) қҧрмет;



 

3) ынтымақтастық;

 

4) еңбек пен шығармашылық;



 

5) ашықтық;

 

6) ӛмір бойы білім алу базалық қҧндылықтар болып айқындалған.



 

28.  Бастауыш  білім  берудің  мақсаты  мынадай  кең  ауқымды  дағдылар  негіздерін  меңгерген 

білім алушы тҧлғасының ҥйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін 

жасау болып табылады:

 

1) білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу;



 

2) сын тҧрғысынан ойлау;

 

3) зерттеу жҧмыстарын жҥргізе білу;



 

4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу;

 

5) коммуникацияның тҥрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;



 

6) топпен және жеке жҧмыс істеу дағдылары.

 

29.  Бастауыш  білім  берудің  базалық  мазмҧны  мынадай  бағдарларды  ескере  отырып 



айқындалады:

 

1) заманауи қоғамның динамикалық сҧраныстарына сәйкес болуы;



 

2) сын тҧрғысынан, шығармашыл және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;

 

3) оқу пәндері мазмҧнының ықпалдасуын кҥшейте тҥсудің орындылығы;



 

4) оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртҧтастығын қамтамасыз ету.

 

30.  Бастауыш  білім  берудің  базалық  мазмҧны  ҥштілді  білім  беру  саясаты  шеңберінде  іске 



асырылады. Ҥштілді білім берудің мақсаты кӛптілді тҧлғаны  – кемінде ҥш тілді меңгерген, 

қызметтің  алуан  тҥрлі  саласында  ҥш  тілде  диалог  жҥргізе  алатын,  ӛз  елінің  мәдениетін 

бағалайтын,  басқа  елдердің  мәдениетін  тҥсінетін  және  сыйлайтын  Қазақстанның  азаматын 

қалыптастыруға негізделеді.

 

31. Ҥштілді білім беру іс жҥзінде мынадай жолдармен іске асырылады:



 


жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау