Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар:
Құрылымы.
|
Мазмұнға қойылатын талаптар.
|
Титуль беті
|
-Жұмыс орындалған оқу мекемесінің аты.
-Автордың аты-жөні.
-Ғылыми жұмыстың тақырыбы.
-Ғылыми жетекшінің аты-жөні.
-Қала және жазылған жылы.
|
Мазмұны
|
-Бөлімдер мен тараулардың аттары.
-Материалдар жинақталған беттері жазылады.
|
Кіріспе /2-беттен кем болмауы тиіс./
|
-Шешілетін мәселенің немесе міндеттердің қазіргі жағдайына баға.
-Жұмыстың қажеттілігі жөнінде негіздеме.
|
Негізгі бөлім /он беттен кем болмауы тиіс/
|
-Зерттеудің нақты тақырыптары бойынша бөлім материалдарынан тұрады. Автор басқа авторлардың еңбектеріне сілтеме жасайды.
|
Қорытынды
|
Орындалған жұмыстың нәтижесі бойынша қысқаша қорытындылар жасалады.
|
Әдебиеттер тізімі
|
Ғылыми жұмысты жазу кезінде пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
|
|
|
Зерттеу жұмыстарының түрлері:
Түрі.
|
Құрылымы.
|
Баяндама
|
-кіріспедегі қысқаша ескерпелер;
-тақырыптың ғылыми-практикалық құндылығы;
-негізделген ғылыми ұсыныс тақырыбының мәні;
-қорытынды және ұсыныстар
|
Тезистер
|
-баяндаманың негізгі мазмұны;
-негізгі ұсыныстар мен қорытынды;
|
Ғылыми мақала
|
-тақырыбы
-кіріспедегі ескертпелер
-зерттеу әдістемесі жөнінде қысқаша мәлімет
-ғылыми нәтижелерге талдау және оларды қорыту
-ұсыныстар мен қорытынды
-сілтеме жасалған әдебиеттерді көрсету
|
Ғылыми есеп
|
-ғылыми жұмыстың біткен кезеңінің жоспары мен бағдарламасын қысқаша баяндау
-жүргізілген жұмыстың құндылығы, практика мен ғылымдағы мәні,
-қолданылған әдіс-тәсілдерге нақты сипаттама
-жаңа ғылыми нәтижелерді баяндау
-шешуші мәселеге жауап беретін зерттеу нәтижелерін қорыту.
-ұсыныстар мен қорытынды.
|
Реферат
|
-кіріспе бөлімі,
-негізгі мәтін,
-қорытынды бөлім,
-әдебиеттер тізімі.
|
Ғылыми жоба
|
-кіріспе бөлімі,
-негізгі мәтін,
-эксперимент нәтижесі,
-қорытынды бөлім,
-әдебиеттер тізімі.
|
Есімбекова Бақыт Оразайқызы «Білім мекемелерінде әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру». Алматы-2010.
Білім мекемелеріндегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
Әдістемелік жұмыс.
Нұсқа. /Үлгі/
1.Әдістемелік бірлестік - бір немесе бірнеше оқу пәндері бойынша әдістемелік, тәжірибелік және сыныптан тыс жұмысқа жетекшілікті жүзеге асыратын жалпы білім беретін мекеменің әдістемелік қызметінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.
2. Әдістемелік бірлестік мектепте бір пән бойынша 3 мұғалім немесе бірнеше оқу пәндері бойынша 3 мұғалім болса құрылады. Сынып жетекшілері үшін де әдістемелік бірлестік құрылады.
3. Білім мекемесінде сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, қосымша білім беретін педагогтардың және басқа да педагог мамандардың әдістемелік бірлестіктерін құруға болады. Әдістемелік бірлестікті тәжірибелі және білікті маман басқарады.
4. Әдістемелік бірлестік отырыстары әр бірлестік бойынша тоқсанына 1 рет өткізіледі.
5.Әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспары мектептің әдістемелік жұмысының құрамды бір бөлігі болып табылады. Жоспар бір жылға, яғни сол оқу жылындағы педагогикалық ұжымның алдында тұрған міндеттерді шешуге және өткен оқу жылының нәтижелерін талдау негізінде жасалады. Жоспарды әдістемелік бірлестіктің жетекшісі жасайды, педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны:
Жұмыстың негізгі мазмұнына:
-мемлекеттік стандарт талабын орындау;
-оқу сапасын жақсарту;
- оқу үрдісінде білім технологияларын саралап қолданудың тиімді жолдарын көрсету;
- ақпараттық технологияларды игеру және қолдану;
- республика көлеміндегі озат тәжірибелерді қолдануды жүзеге асыру;
- мектепішілік озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау, қолдану;
- оқу бағдарламалары негізінде күнтізбелік жоспардың дұрыс және толық жасалуын бақылау;
- жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізудің талапқа сәйкестігін ұйымдастыру және бақылау;
- қолданбалы курстардың бағдарламаларын жасау;
- теориялық семинарлар ұйымдастыру;
- практикалық семинарлар ұйымдастыру;
- жазба жұмыстары нормасын орындау, сапасы;
- әдістемелік нұсқаулар дайындау;
- білім сапасын бақылауға тест тапсырмаларын жасау;
- дидактикалық материалдар, дәрістер, баяндамалар дайындауды ұйымдастыру;
- ашық сабақтарды даярлау;
- ашық сынып сағаттарын дайындау;
- сыныптан тыс жұмыс түрлерін өткізуді ұйымдастыру;
- сабақтарға, сынып сағаттарына қатысу және талдау жасау;
- мектепішілік байқауларды өткізу, аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысуға дайындық жасау;
- олимпиада, байқау, конференцияларға, педагогикалық оқуларға қатысып, ғылыми жобалар жасауды жолға қою;
- жас мамандарға көмек көрсету жатады.
Әдістемелік бірлестік құжаттары:
- Оқу-әдістемелік құжаттары: мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары, типтік және жұмыс оқу жоспарлары және бағдарламалары;
- Білім мекемелеріндегі әдістемелік бірлестіктерінің ережесі;
- Әдістемелік бірлестіктерді құру және оның құрамын бекіту туралы мектеп директорының бұйрығы;
- Әдістемелік бірлестік жетекшісі лауазымына тағайындау туралы бұйрық;
- Лауазымдық міндеттер;
- Сапалық құрам;
- Әдістемелік бірлестіктер жұмысының жоспары /тақырыбы, мақсаты, міндеттері мектептің проблемасынан туындауы міндетті/;
- Жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары;
- Оқу-әдістемелік семинарларда жасалатын баяндамалар жоспары;
- Пәндік олимпиадаларды өткізу және нәтижелер монинторингі;
- ӘБ мүшелері жүргізетін пән үйірмелері, қолданбалы курстар, таңдау курстары мен элективті курстар туралы мәліметтер;
-Барлық пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейінің сапасы туралы мәліметтер;
- ҰБТ-ға дайындық материалдары;
- Дидактикалық материалдардың жинақталуы;
- Пәндік декадалар мен апталықтардың жоспарлары, өткізілу формалары;
- Ашық сабақтар мен апталықтардың жоспарлары, өткізілу формалары;
- Ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарының өткізілу кестесі және жинақталуы;
- Мұғалімдердің курстан өту кестесі;
- Мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар топтамасы;
- Озат іс-тәжірбиелер жинағы;
- Мастер класс өткізудің жоспары;
- Оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жағдайы;
- Арнайы жабдықталған пән кабинеттері мен онда жасалынатын жұмыстардың қойылған талаптан шығуы туралы;
- ӘБ жұмысына аналитикалық талдау /жыл соңында./
- Мектепте эксперименттік жұмыс жүргізілген жағдайда эксперименттік және ғылыми зерттеу қызметі туралы;
- Оқушылардың зерттеу қызметінің жобасы;
- Оқу-әдістемелік кешендер;
- Жазбаша және бақылау, практикалық және зертханалық жұмыстардың нормасының орындалуы;
- Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды және оқытудың жаңа әдістері туралы;
- Педагогтардың жетістіктері туралы материалдар;
- ӘБ отырысының хаттамалары.
Әдістемелік кеңес отырысының жоспары
Кеңес отырысының №
|
Мерзімі
|
Қаралатын мәселелер
|
1.
|
қыркүйек
|
1.20--- -20--- о.ж. мектептің жұмыс бағыттары. Жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері.
2.Әдістемелік бірлестіктердің жоспарымен танысу.
3.Педагогтармен өткізілетін оқу семинарлары.
|
2.
|
қазан
|
1.Мектепішілік пән олимпиадасын ұйымдастыру.
2.12 жылдық білім беру бағытында атқарылатын жұмыстар туралы.
3.Дарынды оқушылармен жұмыс.
4.Оқушылардың ғылыми жұмысқа дайындығы туралы.
|
3.
|
желтоқсан
|
1.Пән олимпиадаларының қорытындысы.
2.Оқушылардың білім сапасы монинторингі.
3.Оқу бағдарламасының орындалуы.
4.Баға қорының жағдайы.
|
4.
|
қаңтар
|
1.Жоғары сыныптардағы бейіндік оқытудың жағдайы.
2.Білімдік-ақпараттық орта:сабақ динамикасы.
|
5.
|
наурыз
|
1.Оқушылардың ғылыми жұмыстарының қорытындысы.
2.Оқушылардың пән олимпиадаларына қатысуы туралы.
3.Жоғары оқу орындарымен байланыс.
|
6.
|
мамыр
|
1.Оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімдер жұмысының рейтингісі.
2.Алдағы оқу жылына дайындық.
|
Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспары:
|
Мерзімі
|
Қаралатын мәселелер.
|
1
|
қыркүйек
|
1.Жаңа оқу жылының мақсаты мен міндеттері, жұмыс бағыттары.
2.Әдістемелік бірлестіктердің жаңа оқу жылындағы міндеттерін айқындау.
3.Білім мекемелеріндегі әдістемелік бірлестіктердің ЕРЕЖЕСІМЕН танысу.
4.Әдістемелік бірлестік жоспарымен таныстыру.
5.Күнтізбелік жоспарлармен, қолданбалы курс бағдарламаларымен, үйірме жұмыстарының жоспарымен танысу.
6.Оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс.
|
2
|
қараша
|
1.Пән олимпиадаларының құжаттарын дайындау /жаттығу материалдары, мәтіндер, сұрақтар, тесттер/
2.Оқушылардың ғылыми жұмыстарына дайындықты ұйымдастыру.
3.Пән мұғалімдерінің электронды оқулықтарды қолдануының жағдайы.
4.Оқу үрдісіне білім технологияларын қолдану, интерактивтік әдістерді пайдалану жолдары.
|
3
|
желтоқсан
|
1.Жарты жылдық қорытындысы:жетістіктер және кемшіліктер.
2.Педагогтарды аттестаттау : аттестаттаудан өтетін мұғалім жұмысының дайындамасы.
3.Білім сапасы мониторингі: 1 жарты жылдық бойынша жүргізілген тест қорытындысы, сараптау-талдау, кемшіліктерді түзету жұмыстары.
4.Педагогтардың өз білімін жетілдіру жұмыстарының монинторингі /1-кезең/
5.Оқу-әдістемелік әдебиеттерге шолу.
|
4
|
ақпан
|
1.Интерактивтік әдістер-оқушы мен мұғалім арасындағы диалог.
2.Озат іс-тәжірибені жинақтау, зерттеу жұмыстары .
3.Білім технологияларын қолданудың кейбір ерекшеліктері.
4.Оқушылардың ғылыми жұмыстары.
5.Пән кабинеттерінің жабдықталуы.
|
5
|
сәуір
|
1.Баяндама: «Бала білімін бағалаудың жолдары: баға туралы, оқушылардың өзін-өзі және сыныптасын бағалауы, ата-ана бағасы және сыныптасын бағалауы, ата-ана бағасы және ата -ана пікірі»
2.Жарты жылдық қорытындысы: жетістіктер және кемшіліктер.
3.Педагогтарының өз білімін жетілдіру жұмыстарының монинторингі /2-кезең/
4.Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша рейтингін шығару
5. 4, 9, 11 сыныптарда білім сапасын бақылау: сапа мониторингі
|
6
|
мамыр
|
1.Емтихан материалдарымен танысу, талдау, бекіту.
2.Мұғалімнің өзінің атқарған жұмысы бойынша өздік талдауы.
3.Дидактикалық материалдар көрмесі.
4.20…-20… оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстарға талдау.
5.Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының жобасы.
|
Оқу-әдістемелік жұмыстар
/теориялық семинарлар/
|
Мазмұны
|
Мерзімі
|
Формалары мен әдістемесі
|
Жауапты
|
1.
|
Сабақты ұйымдастырудың теориялық және технологиялық негіздері.
|
Қазан
|
Ғылыми-әдістемелік семинар
|
ОТІЖО
|
2.
|
Ұлттық тәрбие ұстанымдары негізінде оқушыларды ұлттық намысқа тәрбиелеу.
|
Қараша
|
Дәріс
|
ТІЖО
|
|
Бала білімін бағалаудың жолдары: баға туралы, оқушылардың өзін-өзі және сыныптасын бағалауы, ата-ана бағасы және ата-ана пікірі
|
Желтоқсан
|
Семинар-практикум
|
ОТІЖО
|
3.
|
Мемлекеттік кешенді бағдарламаны жүзеге асырудың ұлттық-идеологиялық ұстанымдары
|
Қаңтар
|
Ғылыми-әдістемелік семинар
|
ТІЖО
|
4.
|
Сабаққа қойылатын мақсат: нақтылық және мақсатқа жету
|
Ақпан
|
Ғылыми-әдістемелік семинар.Дәріс.
|
ОТІЖО,ӘБ жетекшілері.
|
5.
|
Қазіргі сабақ.
Сабаққа жүргізілетін әдістемелік жұмыстар.
|
Наурыз
|
Панорамалық сабақтар көрсету.
|
ОТІЖО,ӘБ жетекшілері.
|
6.
|
Оқушыларды азаматтыққа тәрбиелеу.
|
Сәуір
|
Семинар-практикум.
|
ТІЖО
|
ЖАС МҰҒАЛІМДЕР МЕКТЕБІНІҢ ЖОСПАРЫ
|
Теориялық мәселелер мен практикалық сабақтар.
|
Мерзімі.
|
Жауапты.
|
1.
|
1.Мектеп құжаттарының толтырылуы.
2.Сабақтың білімдік мақсатын қою, оқыту әдістері, оқушы қызметін ұйымдастыру формалары.
3.Тәлімгерлер бекіту.
|
қыркүйек
|
ОТІЖО
|
2.
|
1.Сынып журналының толтырылуы, оқушылардың жеке іс-қағаздарының толтырылуы.
2.Сабаққа конспект жасау.
3.Сабақтың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарын қою, оқыту әдістері, оқушы қызметін ұйымдастыру формалары.
|
қыркүйек
|
ОТІЖО
|
3.
|
Сабақтың құрылымы: кезеңдері, оқыту әдістері, оқушы қызметін ұйымдастыру формалары.
|
қазан
|
ОТІЖО
|
4.
|
Сыныптағы тәрбие жұмысы жоспарын үлгілеу/бастауыш, орта, жоғары сыныптар/
|
қазан
|
ТІЖО
|
5.
|
Жас ерекшелік психологиясының /7-11, 11-15, 15-17/өзіндік ерекшеліктері туралы.
|
қараша
|
Мектеп психологы
|
6.
|
Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың маңыздылығы.
|
желтоқсан
|
ТІЖО
|
7.
|
Оқушылардың танымдық қызметін дамытудың маңыздылығы.
|
қаңтар
|
ОТІЖО
|
8.
|
Интерактивтік жұмыс түрлерін өткізу жолдары.
|
ақпан
|
ОТІЖО
|
9.
|
Жанрлық /қалыптан тыс / сабақтарды өткізуді ұйымдастыру: кезеңдері, оқыту әдістері, оқушы қызметін ұйымдастыру формалары.
|
наурыз
|
ОТІЖО
|
10.
|
Сабаққа өзіндік талдау жасау.
|
Сәуір
|
ТІЖО
|
11.
|
Жас мұғалімдердің шығармашылық есебі.
|
мамыр
|
ОТІЖО
|
Мектептегі «Жас педагог » күні
1. Жас мұғалімдердің ашық сабақтар, тәрбие сағаттары мен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуі, оған талдау жасау.
2. Жас мұғалімдердің дайындаған әдістемелік-дидактикалық материалдарының көрмесі.
- Оқыту теориясы, педагогика, психология, тәрбие мәселелері төңірегінде дайындаған рефераттарын қорғау.
- Пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері туралы пікір алмасулар.
- Сабақ және сыныптан тыс іс-шаралар конспектілері.
- Үйірме жұмыстарының жоспары.
- Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.
- Кабинет көрмесі.
Педагогтарды аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстарының жоспары
|
Жұмыстың мазмұны.
|
Мерзімі.
|
Жауапты.
|
1.
|
20... - 20... - оқу жылында педагог қызметкерлерді аттестаттау туралы бұйрық.
|
қыркүйек
|
Директор орынбасарлары
|
2.
|
Пән бойынша аттестаттау комиссиясы мен эксперттік топтардың құрамын бекіту.
|
қыркүйек
|
Директор орынбасарлары.
|
3.
|
Әдістемелік семинар «Педагог кадрларды аттестаттау» туралы
|
қыркүйек
|
Директор орынбасарлары
|
4.
|
Нормативтік құжаттар негізінде 20.. - 20.. оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен жұмыс жүргізу.
|
қазан
|
Директор орынбасарлары
|
5.
|
Мұғалімдердің білім жетілдіру курстарына баруын ұйымдастыру.
|
Қыркүйек-желтоқсан
|
Директор орынбасарлары
|
6.
|
Пәндер бойынша эксперттік кеңес мүшелерімен «Аттестаттауға қойылатын талаптар, құжаттарды толтыру сауаттылығы» тақырыбына оқу өткізу.
|
қазан
|
Директор орынбасарлары
|
7.
|
Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің педагогикалық қызметіне талдау жасау: педагогикалық қызметін бағалау /қима бақылау жұмыстарының қорытындысы, оқу техникасы, білім сапасы монинторингі, тәрбие жұмыстарының сапасы, ата-аналармен жұмысы, т.б./
|
Қараша-қаңтар
|
Директор орынбасарлары
|
8.
|
Жеке іс тәжірибе жинақтау жөнінде кеңестер беру.
|
Қараша-қаңтар
|
Директор орынбасарлары
|
9.
|
Ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары /жоспар бойынша/
|
Қараша-ақпан.
|
ӘБ жетекшілері.
|
ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТЕР ЖҰМЫСЫ.
МАҚСАТЫ: мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін дамыту, білімін көтеру.
|
Мазмұны.
|
Мерзімі.
|
Өткізу түрі,әдісі
|
Жауапты.
|
1.
|
Күнтізбелік жоспарлармен, қолданбалы курс бағдарламаларымен, үйірме жұмыстарының жоспарымен танысу, талдау.
|
қыркүйек
|
ӘБ отырысы
|
ӘБ жетекшілері
|
2.
|
Оқу үрдісіне білім технологияларын қолдану, интерактивтік әдістерді пайдалану жолдары.
|
үнемі
|
ӘБ отырысы,өз білімдерін жетілдіруі,ашық сабақтар
|
Орынбасарлар,ӘБ жетекшілері
|
3
|
Пән апталықтарын өткізу: жоспары, мазмұны, тиімділігі
|
Кесте бойынша
|
Пән бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
|
ӘБ жетекшілері
|
4
|
Пед. кеңесте, конференцияларда, семинарларда оқылатын баяндамалармен танысу, талдау.
|
Кесте бойынша
|
ӘБ отырысы.
|
ӘБ жетекшілері.
|
5
|
Емтихан материалдарымен танысу, талдау.
|
Наурыз-сәуір
|
ӘБ отырысы
|
ӘБ жетекшілері
|
6
|
Мұғалімдердің өз білімін жетілдіруі туралы.
|
Кесте бойынша
|
Пікір алысу
|
ӘБ жетекшілері,орынбасарлар
|
7
|
Пән кабинеттерінің жабдықталуы.
|
үнемі
|
ӘБ отырысы
|
Пән мұғалімдері
|
8
|
Оқу-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс.
|
үнемі
|
ӘБ отырысы
|
ӘБ жетекшілері.
|
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАЛДАУ ПАРАМЕТРЛЕРІ
-Мектептегі әдістемелік жұмыстың бағдарламасы: мазмұны мен міндеттері
-Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиімді таңдалған нұсқасы
-Әдістемелік жұмыстың мазмұны /пәндер бойынша /
-Әдістемелік кеңестер мен бірлестіктің жұмысы
-Әдістемелік жұмыстың жүйелілігі мен реті
-Әдістемелік кабинеттің безендірілуі
-Әдістемелік жұмыс үшін жасалған жағдай
-Мұғалімнің әдістемелік жұмысын зерттеу
-Педагогикалық шығармашылықты ынталандыру
-Өздігінен жан-жақты дамуы
-«Шебер ұстаздар» класының жұмысы
-Өздігінен білімін жетілдіруі
-Өзара сабаққа қатысу
-Өзін-өзі дамытуы
-Жас мұғалімдермен жұмыс
-«Жас педагогтар» мектебінің жұмысы
-Курстан өтуі
-Мемлекеттік стандарттың орындалуы, оқу бағдарламаларының жүзеге асырылуы
-Күнтізбелік жоспарлардың дұрыстығы
-Сынып журналдарының толтырылуы
-Мектепішілік пән олимпиадаларының сапалы өткізілуі
-Жазба жұмыстарының орындалу сапасы, нормасы
-Аттестаттауға жіберілген мұғалімдермен жұмыс
-Сабаққа талдау жасаудың жүйелілігі және өздік талдау жасауы
-Мұғалімдердің аудандық семинарларға, байқауларға қатысуы
-Мектепішілік семинарлардың өткізілуі
-Оқу кабинеттерінің безендірілуі
-Пәндік үйірмелер мен факультативтердің жоспары, мазмұны, сапасы, жүргізілуі
-Ашық сабақтардың өткізілуі
-Ашық сынып сағаттарының өткізілуі
-Сыныптан тыс жұмыстардың өткізілуі
-Түлектердің ЖОО-ы мен орта арнайы оқу орындарына түсуі
Бағалау межесі /төмен, қанағаттанарлық, жоғары/ тексерушілердің қалауы бойынша қойылады.
Оқыту сапасы мониторингі
Көрсеткіштері
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
Шығуы
|
Міндетті оқытуды қалыптастырудың деңгейі
|
Сабақтарға қатысу. Әкімшілік тарапынан алынатын бақылау жұмыстары мен тестілер. Бақылау жұмыстары. салыстырмалы талдаулар.
|
Мектеп жоспарына сай, жыл бойы.
|
Директор, ОТІЖО, ӘБ
жетекшісі
|
Анықтама,
диаграмма,
директор,
ОТІЖО
|
Оқушылардың білім сапасы
|
Мемлекеттік емтихандар, олимпиадалар, байқаулар. Пән
бойынша өткен жылғымен салыстырмалы талдау.
|
Жыл бойы.
Жыл соңында.
|
ОТІЖО,ӘБ жетекшілері.
|
Педкеңес/жыл қорытындысы бойынша/,
Директор жанындағы отырыс/анықтама/.
Жылдық қорытынды бойынша талдау.
|
Жалпы үлгерімі
|
Тоқсанның және жылдың қорытындысы бойынша мұғалімдердің есебі.
Пән бойынша өткен жылғымен салыстырмалы талдаулар.
|
Тоқсанның және жылдың соңында.
|
ОТІЖО
|
Педкеңес/анықтама/
|
Негізгі мектепті бітірушілердің өз білімін жалғастыру деңгейі
|
Қорытынды - сыныптық бақылау/барлық пәндер бойынша қима жұмыстары, сауалнамалар, тестілер, әңгімелесулер/
|
Мектеп жоспарына сай.
|
ОТІЖО
|
Директор жанындағы отырыс/анықтама/
|
Негізгі мектепті бітірушілердің аттестаттауға дайындығы
|
Сабақтарға қатысу, сауалнамалар,
бақылау, құжаттарды тексеру.
|
Жыл бойы.
|
ОТІЖО
|
|
Бастауыш мектепті бітірушілердің білім алудың екінші сатысына дайындығы
|
Сабақтарға қатысу, сауалнамалар,
бақылау.
|
Жыл бойы
|
ОТІЖО, ӘБ жетекшілері.
|
Педкеңес /анықтама/
|
Мектеп бітірушілердің орналасуы
|
Колледжге, жоғары оқу орындарына түсу туралы салыстырмалы талдаулар.
|
Тамыз, қыркүйек.
|
Директор.
|
Педкеңес /анықтама/
|
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Міндеттері:
1.Дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық дамуын қадағалау.
2.Дарынды балалардың белгілі бір ғылым, өнер саласы бойынша дүниетанымының дамуына, шығармашылық бейімділіктерінің жетілуіне, көмек көрсету.
3.Қоғамдық, гуманитарлық, жартылыстану, саяси-идеологиялық, зерттеушілік, жаңашылдық жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру, бағыт-бағдар беру.
4.Өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу, практикамен ұштастыра алу, баспа деректерімен жұмыс жасауды қалыптастыру.
|
Мазмұны.
|
Мерзімі.
|
Жауапты.
|
1.
|
Балалардың интеллектуалдық потенциалын зерттеу арқылы дарынды балаларды анықтау,
«Дарын» орталығын /үйірмесін/ құру, жетекшісін тағайындау.
|
қыркүйек
|
Пән мұғалімдері,
психологтар
|
2.
|
«Дарын» орталығының /үйірмесін/ бағыттар бойынша отырыстары.
-әдеби-танымдық
-тілдік-лингвистикалық
-эстетикалық
-экологиялық-биологиялық
-өлкетану-туристік
-спорттық
|
қазан
|
ӘБ жетекшілері
|
3.
|
Дарынды балалармен жүргізілетін кеңестер.
|
қазан
|
Әб жетекшілері
|
4.
|
«Шеберлер»үйірмесінің жұмысы.
|
қараша
|
Үйірме жетекшісі
|
5.
|
Пән олимпиадалары /мектепішілік, аудандық/
|
қараша
|
Пән мұғалімдері
|
6.
|
Бағыттар бойынша шығармашылық есептер
/рефераттар, баяндамалар, ауызша журналдар, жинақтар, т.б./
|
желтоқсан
|
Үйірме жетекшілері
|
7.
|
Жас суретшілер мен қолданбалы көркемөнер материалдарының көрмесі.
|
Қаңтар
|
Үйірме жетекшілері
|
8.
|
«Білім көкжиегі» көңілділер мен тапқырлар марафоны
|
ақпан
|
ОТІЖО
|
9.
|
Мектептегі «Дарын» орталығының ғылыми-практикалық конференциясы.
|
ақпан
|
Үйірме жетекшілері
|
10.
|
Ғылыми-практикалық конференция «Планетамызды сақтайық»
|
наурыз
|
Сынып жетекшілері
|
11.
|
Жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындысы. Фестиваль «Интеллектуал»
|
сәуір
|
ОТІЖО
|
12.
|
Спорттық марафон «Отбасы күні»
|
сәуір
|
Сынып жетекшілері
|
Дарынды балалардың мінез-құлқы жөнінде*
Дарынды балалар неғұрлым көп білуге ұмтылады. Ұғымтал, естігенін ұмытпайды. Алуан түрлі мәселелерге қызығады, сұрақтарды көп қояды, тіл байлығы терең болады. Ойлауға қабілетті, ақпаратты саралай алады, шешім айта алады. Басқалар байқай бермейтін нәрселерді байқағыш, қиялы жүйрік, сезімтал болады. Мінезі тік, айтқанынан қайтпайды, алдына мақсат қоя алады, соған жетуге ұмтылады, оқыс қимылдары да болады. Тәуелсіз, өз еркімен жұмыс жасағанды жақсы көреді, бағынышты болғанды ұнатпайды. Бұндай балалардың икемділігін анықтап, бағыт-бағдар беріп, бір салаға қарай икемдеу қажет. Себебі, оған бәрі оңай көрінуі мүмкін, бір мәселе төңірегінде тұрақтай алмай өзін жоғалтып алу ғажап емес.
Сынып жетекшілерінің бірлестігі
1.Сынып жетекшілері бірлестігі мектепішілік бақылаудың субъектісі ретінде және өз алдына бірлестік ретінде айқындалады.
2.Сынып жетекшілері бірлестігінің негізгі міндеттері:
-Сынып жетекшілерінің педагогика, психология мәселелері негізінде тәрбиенің қағидалары мен ұстанымдарын оқып-үйрену, ғылыми-әдістемелік теориялық білімін көтеру.
-Оқушылар тәрбиесінде бірыңғай тәрбие бағытын ұстану.
-Сынып жетекшілерін тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
-Тәрбие жұмыстарын жоспарлау.
-Тәрбие шараларын өткізу, оған педагогикалық талдау жасауды үйлестіру
-Озат іс-тәжірибелерді іздеу, қолдану.
-Мектепішілік озат іс-тәжірбиені зерттеу, жинақтау, қолдануды ұйымдастыру.
-Білім мекемесіндегі тәрбие жұмысының қалыптасуына , дамуына ықпал ету.
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІ БІРЛЕСТІГІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІ:
Сынып жетекшілері бірлестігінің жетекшісі жауап береді:
-Әдістемелік бірлестіктің жұмысын жоспарлауға, талдау жүргізуге ;
- «Әдістемелік қор» жасауға;
-Әдістемелік бірлестіктің жұмысы мен өткізілетін шараларға дер кезінде қажетті құжаттарды дайындауға ;
Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен бірге жауап береді:
-Тәрбие жұмысының ұстанымын ұстауға;
-Сынып жетекшілерінің қызметтік міндеттерін дұрыс атқаруына;
-Тәрбие жұмысының ғылыми-тәжірибелік деңгейін көтеруге;
-Сынып жетекшілерінің педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік дамуына;
Ұйымдастырады:
-Ашық іс-шараларды, конференцияларды, отырыстарды, басқа да жұмыс түрлерін;
-Сынып жетекшілерінің пән мұғалімдерімен, психологпен өзара қарым-қатынасын;
-Озат іс-тәжірибелерді пайдалануды;
-Сынып жетекшілеріне кеңес беруді ;
-Ғылыми - әдістемелік жұмыстарға қатысуды.
Құжаттары жоғарыда берілген пән бірлестіктері құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |