Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы



жүктеу 1,48 Mb.
Pdf просмотр
бет11/44
Дата04.12.2017
өлшемі1,48 Mb.
#2915
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44

                            ИС BestProfi©

 

 



 

21 


 

8. «Бастауыш білім беру мазмҧнына қойылатын талаптар» деген бӛлімде типіне, тҥріне және 

меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ҧйымдарында оқып білуге 

міндетті бастауыш білім беру мазмҧнының қҧрамы, қҧрылымы мен кӛлемі кӛрсетілген.

 

9.  «Білім  алушылардың  оқу  жҥктемесінің  ең  жоғары  кӛлеміне  қойылатын  талаптар»  деген 



бӛлімде  апталық  оқу  жҥктемесі,  оқу  жылының  ҧзақтығы,  бастауыш  білім  берудің  жалпы 

білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  меңгеру  мерзімі,  топтарға  бӛлу  ҥшін  сыныптардың 

толымдылығы кӛрсетілген.

 

10. Стандарт кезеңмен-кезеңмен:



 

1) 2016 жылғы 1 қыркҥйектен бастап 1-сыныптарда;

 

2-тармақша  2017  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  күшіне  енеді  ҚР  Үкіметінің  25.04.2015 

жылғы 

№ 

327 

Қаулысына 

сәйкес:

 

2) 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-сыныптарда;

 

3-тармақша  2018  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  күшіне  енеді  ҚР  Үкіметінің  25.04.2015 

жылғы 

№ 

327 

Қаулысына 

сәйкес:

 

3) 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3-сыныптарда;

 

4-тармақша  2019  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  күшіне  енеді  ҚР  Үкіметінің  25.04.2015 

жылғы 

№ 

327 

Қаулысына 

сәйкес:

 

4) 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4-сыныптарда енгізіледі.

 

2. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



 

11.  Білім  алушылардың  дайындық  деңгейі  «Тіл  және  әдебиет»,  «Математика  және 

информатика»,  «Жаратылыстану»,  «Адам  және  қоғам»,  «Технология  және  ӛнер»,  «Дене 

шынықтыру»  сияқты  бірнеше  мәндес  оқу  пәндерін  біріктіретін  әрбір  білім  саласының 

ерекшеліктері  ескеріле  отырып  жобаланған  оқытудан  кҥтілетін  нәтижелер  арқылы 

айқындалады.

 

12. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмҧны:



 

1) қазақ тілінде оқытатын сыныптарда «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу», «Қазақ тілі» пәндері, 

орыс  тілінде  оқытатын  сыныптарда  «Русский  язык»,  оқыту  қазақ  тілінде  жҥргізілмейтін 

сыныптарда  «Қазақ  тілі»,  оқыту  орыс  тілінде  жҥргізілмейтін  сыныптарда  «Орыс  тілі», 

«Ағылшын тілі» оқу пәндерінде іске асырылады;

 

2)  Қазақстан  аумағында  жинақы  тҧратын  этностардың  тілінде  оқытатын  білім  беру 



ҧйымдарында «Тіл және әдебиет» білім беру саласына осы этностың «Ана тілі мен әдебиеті» 

қосымша  енеді.  Ҧйғыр,  ӛзбек,  тәжік  тілдерінде  оқытатын  білім  беру  ҧйымдарына  арналған 

«Ана тілі» оқу пәні ҥлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентіне енеді.

 

13.  «Тіл  және  әдебиет»  білім  беру  саласы  бойынша  бастауыш  білім  беру  аяқталғанда 



кҥтілетін нәтижелер.

 

Бірінші тіл (оқыту тілі), әдебиет



 

1) тыңдалым және айтылым:

 

білім  алушы  әңгімелесудің,  оқылған  немесе  тыңдалған  мәтіннің  негізгі  мазмҧнын  тҥсінеді 



және жеткізе алады; сӛйлеушінің кӛзқарасын жеткізу жолдарын айқындайды, қорытындылар 

жасайды;  пікірталастың  тақырыбын  тҥсінеді  және  әдеби  тіл  нормасын  сақтай  отырып,  оны 

талқылауға  қатысады;  сӛйлеу  барысында  синонимдерді,  антонимдерді,  омонимдерді,  тура 

және ауыспалы мағыналы сӛздерді саналы тҥрде қолданады; мәнерліліктің эмоциялық-реңкті 

қҧралдарын  қолдана  отырып,  әңгімелеу  және  сипаттау  мәтіндерінің  мазмҧнын  баяндаудың 

тҥрлі  тәсілдерін  пайдаланады;  кӛркем  шығармалардың  мазмҧнын  баяндаудың  тҥрлі 

тәсілдерін қолданады, тыңдағандарына және оқығандарына қатысты пайымдайды, ӛз ойымен 

және  эмоциясымен  бӛліседі;  логикалық  дәйектілікті  сақтай  отырып,  ӛз  кӛзқарасын 

дәлелдейді,  берілген  тақырып  пен  коммуникативтік  берілген  нҧсқауға  сәйкес  ӛзара 

байланысқан,  логикалық  тҧрғыдан  дәйектелген  дербес  пікір  білдіреді;  тілдік  қатынастың 

әртҥрлі  тәсілдерін  қолдана  отырып,  диалогқа  қатысады;  оқылған,  тыңдалған  ақпараттың 



                            ИС BestProfi©

 

 



 

22 


 

негізінде  қазақ  халқының  және  ӛзге  де  халықтардың  рухани-адамгершілік  қҧндылықтары 

туралы тҥсінікті талдайды;

 

2) оқылым:



 

білім  алушы  халық  ауыз  әдебиеті  мен  балалар  әдебиеті  туындыларын  оқиды  және 

кейіпкерлердің  мінез-қҧлықтарын  талдайды  және  іс-әрекеттеріне  баға  береді;  кӛркем 

мәтіндерді  кӛркем  емес  мәтіндерден  ажыратады;  кӛркем  шығармалардың  негізгі  идеялары 

мен  композициясын  айқындайды;  кӛркем  туындының  жанрын  айқындайды;  ӛзінің 

жауабына/таңдауына  негіздеме  береді;  автордың  бейнені  сомдау  ҥшін  қолданған  әдеби 

кӛркемдеуіш  қҧралдарын  айқындайды;  жазушының  ӛз  кейіпкерлеріне  қатынасы  туралы 

қорытынды  жасайды;  белгілі  бір  оқу  тҥрлері  мен  стратегияларын  қолдана  отырып  оқиды; 

мәтін  тҥрлерін  (сипаттау,  әңгімелеу,  пайымдау)  айқындайды;  әңгімелерді/ӛлеңдерді 

мәнерлеп оқиды; ӛлеңді мәнерлеп жатқа оқиды; кӛркем әдебиет туындыларында адамзаттың 

ортақ қҧндылықтарын айқындайды;

 

3) жазылым:



 

білім алушы тиісті сӛздерді негізді тҥрде іріктей отырып, әртҥрлі типте, жанр мен стильде ӛз 

мәтіндерін  қҧрастырып  жазады;  меңгерген  грамматикалық,  пунктуациялық  және 

орфографиялық  нормаларға  сай  жазады;  жеткізудің  тҥрлі  тәсілдерін  (суреттер,  сызбалар, 

кескіндер,  кестелер  т.б.)  қолдана  отырып,  мәтіндер  жазады;  жазудың  гигиеналық  және 

каллиграфиялық дағдыларын сақтайды; ӛз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне, 

салт-дәстҥріне  байланысты  тақырыптарға  ӛзінің  жеке  кӛзқарасын  білдіре  отырып,  шағын 

мәтіндер қҧрастырады.

 

Екінші тіл (қазақ/орыс тілі):



 

1) тыңдалым:

 

білім  алушылар  қарым-қатынас  жасаудың  әлеуметтік-тҧрмыстық  және  әлеуметтік-мәдени 



сын ӛзекті аудиовизуалды материалдардың мазмҧнын тҥсінеді; мәтіннің тақырыбын, негізгі 

идеясын, мәтіндегі басты және қосалқы ақпараттың мағынасын барынша толыққанды, терең 

және  дәл  тҥсіне  алады;  қарым-қатынас  жасау  жағдаяттарына,  қарым-қатынас  орнына  және 

қарым-қатынасқа  (коммуникацияға)  қатысушыларға  қарай  сӛйлеу  стильдерінің  қалай 

ӛзгеретінін  тҥсінеді;  тҥрлі  пікірлерді  ескере  отырып,  оқиғаның/әңгіменің  мазмҧнын 

болжайды;

 

2) айтылым:



 

білім алушы алдын ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіменің, 

оқиғаның  мазмҧнын  жеткізеді;  оқығаны,  естігені  жӛнінде  сҧрақтар  қҧрастырады  және 

кӛзқарасын  білдіреді;  ҧсынылған  тақырып  пен  белгіленген  коммуникативтік  тапсырма 

бойынша  ӛзара  байланысқан,  логикалық  жҥйеге  қҧрылған  хабарламаны  қҧрастырады; 

қарым-қатынастың  әлеуметтік-тҧрмыстық  және  әлеуметтік-мәдени  саласында  тҥрлі  тілдік 

жағдаяттарға сай ӛзінің коммуникативтік ниетін білдіре отырып, диалогқа қатысады; әлемдік 

мҧраға ҧлттық мәдениеттің қосқан ҥлесін тҥсінеді және тҥсіндіреді;

 

3) оқылым:



 

білім  алушы  оқу  тҥрлері  мен  стратегияларын  пайдалана  отырып,  мәтіндерді  оқиды;  таныс 

емес сӛздері бар мәтіннен негізгі ақпаратты, автордың шешімі мен бағасын тҥсінеді; кӛркем 

және  кӛркем  емес  мәтіндерді  ажыратып  таниды;  алуан  тҥрлі  дереккӛздерден  қажетті 

ақпаратты  табады;  идеяны,  оқиғаларды  және  кейіпкерлер  іс-әрекеттерінің  себептерін 

тҥсінетінін кӛрсетеді; сӛздіктер мен анықтамалықтарды пайдаланып, таныс емес сӛздер мен 

фразалардың мағынасын анықтайды; қазақ және орыс әдебиетінің кӛркем туындыларындағы 

адамзаттың ортақ қҧндылықтарын айқындайды;

 

4) жазылым:



 

білім  алушы  тыңдалған  мәтіннің,  оқылған  ақпараттың  және  кӛрген  оқиғаның  (тақырыптар, 

жекелеген  деректер,  пікірлер)  қысқаша  жазбаларын  жасайды;  тыңдалған/оқылған  мәтіндегі 

ақпаратты  ҥлгі  бойынша  жинақтайды;  стильдік  тиесілігін  ескере  отырып,  мәтін 

қҧрастырады;  орфографиялық,  грамматикалық  және  пунктуациялық  нормаларды  ескере 



жүктеу 1,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау