Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
144
мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
- «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі (2017жылғы
маусым-қыркүйек).
«Технология»
пәні
бойынша
оқушылардың
үй
тапсырмасын
орындаулары
оқу
процесінің
қажетті
элементтерінің
бірі.
Дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге
және тереңдетуге, сабақтарда қарастырылатын тақырыптарға деген
қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Технология» пәні бойынша сағаттар саны:
- 6-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты;
- 8-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты;
- 9-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты құрайды.
«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады.
Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып,
білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгізі болып табылады.
Пәнді оқыту мақсаттары:
–
логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;
–
геометриялық білімді негізінде тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;
–
еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және
интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;
–
функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;
–
шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.
Оқыту міндеттері:
–
бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау
негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар
мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
–
әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары
мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін
орындауды және оқуды үйрету;
–
заттың пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы,
онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша
суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және
динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;
–
оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді,
Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;
–
кескіні бойынша затты ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін
қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;
–
графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық
компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
145
музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында
орындалады.
Бағдарлама міндетті графикалық жұмыстардың тізімін қамтиды, ол
негізгі білік, дағдыларды анықтауға бағдар береді.
Заттың пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция
жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық
денелерді, тетік бөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін
анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қажет.
Графикалық жұмыстың өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек
(мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды
орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.
Салуларды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет
алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де
өзекті мәселе болып табылады.
Оқу уақытының көбі практикалық жұмыс орындауға бөлінуі тиіс.
Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі
графикалық есептерді қолданған дұрыс. Білім алушылардың танымдық
қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және
сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады
Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін
(дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың
интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеру керек. Түрлі оқу құралдарын
кеңінен пайдалану ұсынылады (карточка-тапсырмалар, анықтамалықтар,
плакаттар, кестелер, модельдер, тетік бөлшектер жиынтығы және ақпараттық
технологиялық құралдар).
Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» оқу пәнінің
аса маңызды бағыты ол білім алушылардың компьютерлік графикалық
сауаттылығын қалыптастыру (мектептің мүмкіндігіне қарай, жергілікті
жағдайға лайықты компьютерлік бағдарламаны оқытуға болады).
Үй тапсырмасын орындау оқу процесінің қажетті элементтерінің бірі.
Дұрыс ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді
бекітуге және тереңдетуге, оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын тұжырымдау барысында келесі
жағдайларды ескеру қажет:
-
орындалуының
түрлілігімен
ерекшеленетін
шығармашылық,
эксперименттік, проблемалық сипаттағы есептерді, тапсырмаларды және
жаттығуларды кеңінен қолдану;
- оқушыларды өздерінің оқу әрекеті нәтижелеріне талдау жасауға
бағыттайтын элементтері бар үй тапсырмаларын енгізу;
- үй тапсырмасын анықтау барысында оқушылардың жеке және жас
ерекшелігін ескеру.
«Сызу» пәні бойынша апталық оқу жүктемесі – 2 сағат, оқу жылында
барлығы 68 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |