«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет15/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

226.  Аккумулятор  үй-жайында  шылым  тартуға,  оған  отпен  кіруге,  электрмен 

қыздырғыш аспаптарды, ұшқын шығаратын аппараттар мен құралдарды қолдануға рұқсат 

етілмейді  (ерекшелік  осы  Қағидалардың 

235-тармағының

  талаптарын  орындау  кезінде 

болуы мүмкін). 

Аккумулятор үй-жайының есігінде: «Аккумулятор бӛлмесі», «Ӛрт қауіпті», «Шылым 

шегуге тыйым салынады» деген жазулар жазылады немесе ашық отты пайдалануға және 

шылым  шегуге  жол  бермеу  туралы  12.4026-76  Мемлекеттік  стандартына  сәйкес  тиісті 

қауіпсіздік белгілері ілінеді. 

227.  Ішке  сору-сыртқа  шығару  желдеткіші  бар  аккумулятор  үй-жайында  соңғысы 

зарядтауды бастар алдында қосылады және газды шығарғаннан кейін ажыратылады, бірақ 

зарядтау аяқталғаннан кейін кемінде 1,5 сағаттан кешіктірмей ажыратылады. 

228. Әрбір аккумулятор үй-жайында: 

1)  электролит  дайындау  және  оны  ыдыстарға  құю  үшін  сыйымдылығы  1,5-2  литр 

шүмегі бар шыны немесе фарфор саптаяқ (немесе құмыра); 

2) қышқыл батареялары үшін ас содасының бейтараптандырғыш ерітіндісі және сілті 

батареялары үшін бор қышқылы немесе сіркесу эссенциясы болуы тиіс; 

229.  Электролит,  тазартылған  су,  бейтараптандырғыш  ерітінді  құйылған  ыдыстарда 

тиісті жазулар (атауы кӛрсетілген) жазылады. 

230.  Қышқылды  тығыны  сүртілген,  оның  атауы  бар  биркамен  жабдықталған  шыны 

бӛтелкелерде  сақтаған  жӛн.  Батареяларды  пайдалану  үшін  қажет  мӛлшерде  қышқыл 

құйылған бӛтелкелер және бос бӛтелкелер аккумуляторлық батареялардың жанында жеке 

үй-жайда болады. Бӛтелкелерді еденге себетке немесе ағаш торға салып қою керек. 

231.  Қышқылмен,  сілтімен  және  қорғасынмен  арнайы  оқытылған  адамдар  жұмыс 

істеуі керек. 

232. Қышқыл немесе  сілті  құйылған шыны бӛтелкелерді  екі  жұмысшы тасымалдауы 

керек. Бӛтелкелерді себетпен бірге тұтқасы бар арнайы ағаш жәшікпен немесе ортасында 

тесігі бар арнайы зембілмен және 2/3 бӛлігі себетпен бірге бекітіп торламамен тасымалдау 

қажет. 


233.  Электролит  дайындаған  кезде  қышқылды  баяу  (ерітінді  интенсивті  жылымау 

үшін)  жіңішке  ағыспен  саптаяқтан  тазартылған  суы  бар  фарфор  немесе  термотӛзімді 

ыдысқа  құю  керек.  Бұл  ретте  электролитті  сырықпен  немесе  шыны  түтікшемен  не 

қышқылға  тӛзімді  пластмассадан  жасалған  араластырғышпен  үнемі  араластырып  отыру 

керек. 

Электролитті қышқылға су құйып даярлауға рұқсат етілмейді. Ал дайын электролитке 



су құюға болады. 

234.  Қышқыл  және  сілтімен  жұмыс  істеген  кезде  костюм  (қышқылға  арналған 

қылшық  жүнді  және  сілтіге  арналған  мақта-мата),  резеңке  етік  (шалбардың  астынан) 

немесе  галош,  резеңке  алжапқыш,  қорғанысқа  арналған  кӛзілдірік  және  резеңке  қолғап 

кию керек. 

Сілтіні алдын ала оларды қапшыққа орап арнайы бӛлінген жерде ұсақтау керек. 

235.  Аккумуляторлық  үй-жайда  пластилинді  дәнекерлеу  жұмыстарын  мынадай 

жағдайларда жүргізуге рұқсат етіледі: 

1)  дәнекерлеу  заряд  аяқталғаннан  кейін  кемінде  2  сағаттан  кешіктірмей  жүргізіледі. 

Үнемі  зарядтау  әдісімен  жұмыс  істейтін  батареялар  жұмыс  басталғанға  дейін  2  сағат 

бұрын разряд режиміне ауыстырылады; 

2) үй-жай жұмыс басталғанға дейін 2 сағат бойы желдетіледі; 

3) дәнекерлеу кезінде үй-жай үздіксіз желдетіледі; 

4) дәнекерлейтін орын басқа батареялардан отқа тӛзімді қалқанмен қоршалады; 

5) қорғасыннан және оның қосындыларынан улануды болдырмау үшін арнайы сақтық 

шаралары  қолданылады  және  аккумуляторлық  батареяларды  пайдалану  және  жӛндеу 

нұсқаулықтарына сәйкес жұмыс режимі белгіленеді; 

6) жұмыс наряд бойынша орындалады. 




  

  

Кәбіл желілері 

  

236.  Жерасты  құрылыстары  мен  коммуникациялар  орналасқан  аймақта  кәбілді 



жӛндеумен  және  тӛсеумен  байланысты  жер  жұмыстары  жұмыстардың  басшысын 

тағайындаумен  және  қарамағындағы  осы  құрылыстар  мен  коммуникацияларды 

пайдаланатын кәсіпорын немесе цех басшыларының жазбаша келісімімен жүргізіледі. 

Жазбаша келісімге рұқсатнама қағазына коммуникациялардың орналасуы мен салыну 

тереңдігі кӛрсетілген жоспар қоса тіркеледі. 

237.  Жоспарда  белгіленбеген  кәбілдер,  құбырлар,  жерасты  құрылыстары,  сондай-ақ 

оқ-дәрі  табылған  кезде  жер  жұмыстарын  табылған  құрылыстың  кімге  тиесілігі 

анықталғанға  және  тиісті  ұйымдардан  жұмысты  жалғастыруға  келісім  алғанға  дейін 

тоқтату керек. 

238.  Соққымен  әсер  ету  машиналары  мен  механизмдерін  кәбіл  жолына  5  метрден 

жақын  қашықтықта,  ал  жер  қазатын  машиналарды  КЖ  күзет  аймағы  шегінде  қолдануға 

рұқсат етілмейді. 

239. КЖ күзету аймағының шегінде жер қазатын машиналарды қолдануға осы желіні 

пайдаланатын персонал жүргізетін қазба жұмыстары кезінде ғана рұқсат етіледі. Тікелей 

кәбілдің  үстінен  қазу  жұмыстарын  жүргізген  кезде  жер  қазатын  машиналарды  және 

пневматикалық  құралдарды,  сондай-ақ  қайла  мен  сүйменді  кәбілге  немесе  қорғаныс 

жабынына дейінгі тереңдікте топырақ қабатына кемінде 0,3 м қалғанда ғана пайдалануға 

рұқсат етіледі. Жерді одан әрі қазу жұмысы қолмен күрек арқылы атқарылады. 

240.  Қысқы  мезгілде  күрекпен  жер  қазуға  оны  жылытқаннан  кейін  ғана  кірісуге 

болады.  Бұл  ретте  жылу  кӛзінің  кәбілге  15  см-ден  артық  жақындатылуына  рұқсат 

етілмейді. 

241.  Қазаншұңқырларды,  орларды  немесе  шұңқырларды  қазатын  жұмыс  орны 

А.3.2.5.-96.  Қазақстан  Республикасының  құрылыс  нормалары  мен  ережелерінің 

талаптарын  ескере  отырып  қоршалады.  Қоршауларда  ескерту  белгілері  мен  жазулар,  ал 

түнгі уақытта жарық болуы тиіс. 

242.  Әлсіз  немесе  ылғал  топырақты  жерлерден  ор  қазған  кезде  олардың  құлау  қаупі 

бар қабырғалары сенімді бекітілуі керек. 

Сусымалы топырақта жұмысты бекітусіз, бірақ табиғи еңістің тиісті бұрышын еңіспен 

жүргізуге болады. 

243.  Табиғи  ылғалды  топырақта  ыза  су  мен  жақын  жерде  орналасқан  жерасты 

құрылыстары  болмаған  жағдайда  тік  қабырғалы  қазаншұңқырлар  мен  орларды 

қабырғаларын бекітусіз тік қазуға себілген, құмды және ірі құлама топырақта - 1 метрден; 

саз топырақ пен балшықта - 1,5 м-ден аспайтын тереңдікте рұқсат етіледі. 

Жылдың  қыс  мезгілінде  бекініссіз  топырақты  (құрғағынан  басқа)  қату  тереңдігіне 

дейін бекітусіз қазуға рұқсат етіледі. 

244. 


243-тармақта

  келтірілгеннен  ӛзгеше  жағдайларда  қазаншұңқырлар  мен  орларды 

бекітусіз  еңіс  арқылы  немесе  барлық  биіктікке  бекітілген  тік  қабырғалар  арқылы  қазу 

керек. 


245. Қазаншұңқырлар мен орларды бекіту мүкәммалдық болуы және үлгілік жобалар 

бойынша орындалуы тиіс. 

246.  Ашық  муфталар  ор  арқылы  лақтырылған  бӛренеге  сымның  немесе  тростың 

кӛмегімен  ілінген  тақтаға  бекітіледі  және  қораппен  жабылады.  Қораптың бір  қабырғасы 

алмалы-салмалы болуы және шегесіз бекітілуі тиіс. 

Қазылған  кәбілді  жабатын  қорапқа  ескертпе  плакаттар  немесе  қауіпсіздік  белгілері 

ілінеді. 

247.  Кәбілдерді  ілу  үшін  кӛрші  кәбілдерді,  құбырларды  және  басқа  заттарды 

пайдалануға рұқсат етілмейді. Кәбілдерді олардың ығысуына жол бермей ілу керек. 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау