«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет12/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

167.  Сутегіні  құрайтын  газ-май  жүйесінің  учаскелерінен  10  метр  аспайтын 

арақашықтықта  ашық  отпен  жұмыс  істеу  кезінде  (электрлік  дәнекерлеу,  газбен 

дәнекерлеу  және  т.б.)  наряд  бойынша  орындалуы  тиіс  және  «Жеке  нұсқаулар»  деген 

жолда  қауіпсіздікті  сақтайтын  қосымша  шаралар  (қоршаулар  орнату,  үй-жайларда 

сутегінің жоқтығы тексеру және т.б.) жазылады. 

Сутегі  толған  генератордың  корпусында,  газ-май  жүйесінің  аппараттары  мен 

құбырларда тікелей отпен жұмыс істеуге тыйым салынады. 

Генераторлар  мен  газ-май  жүйесінің  құрылғысының  маңайына  «Сутегі.  Ӛртке 

қауіпті!» плакаттарын ілу керек. 

168.  Газ-май  жүйесіндегі  тоқтатылған  генератордағы  жӛндеу  жұмыстары  нұсқау 

бойынша жүргізілуі керек. 

169.  Электролизді  қондырғыны  пайдалану  кезінде  сутегі  мен  оттегінің  жарылуға 

қауіпті қоспасы мен ауаның болуына жол бермеу керек. Сутегінің тазалығы 98,5%-дан, ал 

оттегінікі 98%-дан тӛмен болмауы керек. 

170.  Қысым  реттегіштердің  кӛрінетін  әйнектерінде  сұйықтың  деңгейі  болмаса 

электролизерлермен жұмыс істеуге тыйым салынады. 

Сутегі  мен  оттегі  жүйелерінің  арасындағы  рұқсат  етілген  жоғары  қысымының 

айырмасы 1961,4 паскальдан (су бағанының 200 миллиметрден) аспауы керек. 

171. Электролизді қондырғылардың аппараттары мен құбырлар (ресиверлерден басқа) 

жұмыс алдында азотпен үрленеді. Бұл аппараттарды кӛмірқышқыл газбен үрлеуге тыйым 

салынады. 

Электролизді  қондырғылардың  (бұдан  әрі  -  ЭҚ)  ресиверлерін  азотпен  немесе  кӛмір 

қышқыл  газбен  үрлеуге  болады.  Ішін  қарау  кезінде  бір  ресиверді  немесе  тобын  азотпен 

немесе  кӛмірқышқыл  газымен  сутегіні  шығару  үшін  үрлейді,  ресивердің  басқа  тобын 

бекітуші арматурамен және ернемектерден артқы жағы шығып тұрса, темір тығындармен 

жауып, содан кейін таза ауамен үрлеу керек. 

Ресиверлерді  инертті  газбен,  ауамен,  сутегімен  үрлеу  концентрациясы  осы 

Қағидалардың 

4-қосымшасындағы 3-кестеде

 кӛрсетілген. 

Ресиверді  үрлеу  үшін  кӛмірқышқыл  газдың  0,05  %  кӛміртегі  окисін  құрайтын 

техникалық  сортын  пайдалану  барысында  оны  кӛмір  қышқыл  газдың  астық  сортынан 

бӛлек сақтау керек. 

172.  ЭҚ  4  сағаттан  астам  ӛшірсе  аппараттар  мен  құбырларды  азотпен  үрлеу  керек. 

Егер  де  қондырғы  1  -  4  сағатқа  ӛшірілсе,  жүйе  (9,807,19,614)х10  куб.  Паскаль  (0,1-0,2 

кгс/см  кв.)  шамасында  оттегі  мен  сутегі  қысымы  қатысында  қалып  қалуы  мүмкін. 

Қондырғы  1  сағаттан  аспайтын  уақытқа  ӛшірілсе,  аппаратты  газдардың  атаулы 

қысымымен  қалдыруға  болады,  мұндай  жағдайларда  сутегі  мен  оттегінің  қысым 

реттегішінде  қысымның  жоғарлау  айырмашылығының  сигнализациясын  ӛшіруге 

болмайды. 

Техникалық  режимге  байланысты  ӛшірілсе,  азотпен  міндетті  түрде  үрлеу  керек,  ал 

ажыратудан кейін электролитті электролизерден шығарып алу керек. 

173.  Электролизді  қондырғыдан  жабдықтарды  ашуға  байланысты  жӛндеу  немесе 

біріктіру жұмыстарын ӛткізу барысында үрлеуді сутегі жоқ болғанша жүргізу қажет. 

174.  ЭҚ  үй-жайларында  ашық  отпен  жұмыс  істеу  қондырғы  ӛшіргеннен  кейін  және 

сутегінің  жоқтығын  тексеріп,  үзіліссіз  желдеткішпен  қамтамасыз  етілгеннен  кейін  ғана 

орындалады. 

Жӛнделіп жатқан қондырғылардың аппараттарында ашық отпен жұмыс жүргізу үшін 

жұмыс  істеп  тұрған  қондырғының  құбырлардың  жұмыс  істеп  тұрған  қондырғылардан 

ажыратып,  артқы  жағы  бар  тығындар  орнату  керек.  Отпен  жұмыс  істеу  орындары 

қалқанмен қоршалу керек. 

Сутегі толтырылған аппараттарда жұмыс істеуге болмайды. 

175.  Қатып  қалған  құбырлар  мен  ысырмаларды  бумен  немесе  ыстық  сумен  еріту 

керек.  Жалғаулардан  газдың  жылысуын  арнайы  жылысіздеу  құралдарымен  немесе 




сабынды  ерітіндімен  анықтауға  болады.  Жылыту  немесе  жылысты  анықтау  үшін  ашық 

отты пайдалануға болмайды. 

176.  ЭҚ  үй-жайларында  және  ресиверлердің  маңайында  тасымалды  шамдарды, 

электрлік жылу аспаптарын, ашық отты пайдалануға, темекі тартуға болмайды. 

Жӛндеу мен қарау жүргізу барысында аппараттарды іште жарықтандыру үшін жарылу 

қауіпсіздігімен  орындалған  кернеулігі  12  В-тан  аспайтын,  темір  сеткамен  қоршалған 

тасымалды шамдарды қолдануға болады. 

177. ЭҚ үй-жайларының ішінде және есіктерінде «Түрлі-түсті сигналдарға қойылатын 

талаптар,  ӛндіріс  объектісінің  қауіпсіздік  белгілерімен  таңбалары»  техникалық 

регламентіне  сәйкес  ашық  отты  пайдалануға  болмайтын  қауіпсіздік  белгілері  ілінеді, 

сутегі ресиверінде «Сутегі. Ӛртке қауіпті» жазбасы жасалады. 

178.  ЭҚ  үй-жайларында  тез  жанатын  және  жарылатын  құралдарды  сақтауға 

болмайды. 

179.  Электролитпен  жұмыс  істеу  кезінде  арнайы  қорғау  киімдерін  (мақта-мата 

костюм, резеңке етік, резеңкелі фартук, резеңке қолғап) және кӛзілдірік пайдаланылады. 

180. Тығыздықты тексеру үшін электролитті кӛру тек қысым жоқ кезде болады. 

181.  Электролизерлерге  плитаның  ұштарына  қорғау  құралдарсыз  жақындауға 

болмайды.  Тартылған  болттардың  оқшаулағыш  тӛлкелер  мен  монополярлық  пештердің 

астындағы  оқшаулағыштарға  сілтілердің  түсіп  кетуіне  жол  бермеу  керек.  Осы 

элементтердің оқшаулағышы бұзылса, электр доғасы пайда болып, ол ӛртке немесе апатқа 

әкеп соғуы мүмкін. 

Электрлизердің еденінде диэлектрлік резеңкелі кілемдер болуы тиіс. 

182. ЭҚ жабдықтары мен құбырлар, ресиверлер мен құбырлар ресиверлерден машина 

залына  дейін  ұзын  үзіліссіз  электр  тізбегін  құрап,  жерге  тұйықталатын  құрылғыға 

жалғануы  керек.  ЭҚ  аппараттары  мен  құбырлар  кемінде  екі  жерден  жерге  тұйықталуы 

тиіс. 


183.  Сақтандырғыш  клапандарды  тексергенде  қондырғы  ӛшірулі  немесе  азотпен 

үрленуі тиіс. Қондырғы жұмыс істеп тұрғанда клапандарды сынауға болмайды. 

184.  Қысым  қатысындағы  арматура  және  аппараттардың  болттары  мен  гайкаларын 

бұрауға болмайды. 

185.  Монтаждан,  күрделі  жӛндеуден  немесе  ұзақ  тоқтатудан  кейін  ЭҚ-ны  іске 

тұйықтауға жауапты маманның қадағалауымен жүргізіледі. 

Қондырғыда жӛндеу жұмыстары наряд бойынша орындалады. 

  

  

Электр қозғалтқыштары 

  

186. Электр қозғалтқыштардың жұмыс істеу кезінде немесе тоқ ӛткізгіш бӛлшектеріне 



қатысты механизмдерін қозғағанда электр қозғалтқыштың кернеуі ажыратылады. 

187. Электр қозғалтқышта жұмыс істеп жатқанда жерге тұйықтауды ТҚ жалғанған кез 

келген  кәбілдік  желі  учаскесіне  орнатуға  болады.  Механизмдердегі  айналып  жатқан 

бӛлшектеріне қатысы жоқ жұмыстарда, егер де жалғанған муфта ажыратылған жағдайда 

кәбілді желіні жерге тұйықтау талап етілмейді. 

Егер  ӛшірілген  электр  қозғалтқышта  немесе  бірнеше  күн  жұмыс  жүргізілмей  тұрса, 

одан  ажыратылған  кәбілдік  желіні  электр  қозғалтқыш  жағынан  жерге  тұйықтау  керек. 

Егер  қимасы  тасымалды  жерге  тұйықтауға  келмейтін  болса,  пайдалануға  электр 

қозғалтқыш  кернеуі  1000  В-қа  дейінгі  кәбілді  желісті  қимасы  кәбілдің  қимасынан  кем 

емес  мыс  ӛткізгішпен  жерге  тұйықтауға  болады.  Мұндай  жерге  тұйықтау  тасымалды 

жерге тұйықтау ретінде жедел құжаттамаға жазылуы тиіс. 

188.  Сорғылардың,  түтінсорғылар  мен  желдеткіштерінің  электр  қозғалтқыштарына 

жұмысқа  жіберу  алдында  жалғанған  механизмдері  электр  қозғалтқышты  айналдырмау 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау