«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет18/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

Жүкті  кӛтеру  схемасын  таңдау  және  кӛтерілетін  блоктарды  орналастыру  кезінде 

тіреуді бұзатын күш түсірмейтін жағдайды қарастыру керек. 

297. ӘЖ-де кемінде 240 шаршы миллиметр және арқансым  - қима бойынша кемінде 

70 шаршы миллиметрмен адамдарды орналастыруға рұқсат етіледі. 

Сақтандырғыш  белбеудің  ілмегін  ағытылған  сымдар  мен  арқансым  арқылы 

жылжытқан кезде соларға, ал арнайы арбаны қолданған кезде арбаға бекіту керек. 

298. Тіреуді бояуды оның ұшар басына дейін кӛтеріліп II-тобы бар бригада мүшелері 

орындайды.  Тіреуді  бояу  кезінде  бояу  оқшаулағышқа  және  сымға  жағылмауын 

болдырмау үшін (мысалы, табандық қолданылған) шара қолданылады. 

299. Кернеудегі ӘЖ-дегі жұмыстар: 

1)  «электр  сымы-адам-оқшаулау-жер»,  егер  жұмыс  істеуші  электр  сымының 

әлеуетінде болса және жерден бӛлектенген болса; 

2)  «сым-адам-оқшаулау-жер»,  жұмыс  істеуші  сымның  әлеуетімен  жерден 

оқшауланған болса екі схемамен жүргізіледі. 

300.  Әлеуеті  бар  сыммен  жұмыс  істеуге  мынадай  жағдайларда:  адамды  жерден 

оқшаулаған  жағдайда,  экрандалатын  киім  жиынтығын  қолданған  және  экрандайтын 

жиынтық әлеуетін, жұмыс алаңы мен сымды теңестіру кезінде рұқсат етіледі. 

Әлеуетті теңестіру әлеуетті кӛшіруге арналған арнайы штангамен жүзеге асырылады. 

Жұмыскерді  сымға  кӛтеру  басталғанға  дейін  егер  ол  пайдаланылатын  болса, 

экрандайтын  жиынтық  әлеуетті  кӛтеру  үшін  штангамен  және  монтер  кабинасымен 

жалғанады. 

Бұл жұмыс кезінде адамнан жабдықтың жерге тұйықталған бӛлігі мен элементтеріне 

дейінгі  қашықтық  осы  Қағидаларға 

4-қосымшаның 

1-кестесінде  кӛрсетілгеннен  кем 

болмауы керек. Жұмыстың нақты бір түрі сымның әлеуетімен арнайы нұсқаулыққа сәйкес 

технологиялық карталар бойынша орындалады. 

301. Кернеудегі жұмыстар адамды сымнан оқшаулап тиісті кернеуге арналған электр 

қорғаныс құралдарын қолдана отырып жүргізіледі. 

302. Сым әлеуетіндегі жұмыстарды орындауға құқығы бар бригада мүшелерінің (тоқ 

жүретін  бӛліктерге  тікелей  жанасатын),  IV-тобы,  ал  бригаданың  қалған  мүшелерінің  III 

тобы болуы керек. 

303. Әлеуетпен жұмыс істеген кезде оқшаулағышқа және сымға қарағанда ӛзге әлеуеті 

бар  оқшаулағыш  аспа  арматурасына  жанасуға,  сондай-ақ  сым  әлеуетіндегі  оқшаулағыш 

құрылғы  алаңынан  жұмыстарды  орындаған  кезде  сол  жұмыс  алаңында  болмаған 

жұмыскерлердің құралды немесе тетікті алуына және оларға беруге рұқсат етілмейді. 

304. Оқшаулағыш аспада жұмысты бастар алдында аспалы оқшаулағыштардың электр 

беріктігін  және  арматурада  барлық  сіргелер  мен  құлыптардың  болуын  ӛлшегіш 

штангамен  тексеру  қажет.  Жіберіп  тұратын  қысқыш  болған  жағдайда  оны  жұмыс 

жүргізілетін  тіреуге  және  егер  ол  трасса  рельефіне  қажет  болса,  жанындағы  тіреуге 

сыналау керек. 

305.  Оқшаулағыш  аспада  оны  қайта  тіркеу,  оқшаулағыш  құрылғылардағы  немесе 

траверстердегі  монтер  атқаратын  оқшаулағыштарды,  арматураны,  ауыстырғанда, 

аспадағы жарамды оқшаулағыштар кемінде 70 %, ал 1150 кВ ӘЖ-де бір аспада бесеуден 

аспайтын ақаулы оқшаулағыш бар болған жағдайда рұқсат етіледі. 

306. Траверстен орындалатын 500 кВ және одан жоғары ӘЖ-де оқшаулағыш аспаны 

қайта  тіркеген  кезде  қажетті  тетіктерді  орнатуды  және  траверстен  ағытуды  диэлектрлік 

қолғаппен және экрандаушы жиынтықта орындау керек. 

Оқшаулағыш аспада екі жарамды оқшаулағыш болған кезде бірінші оқшаулағыштың 

телпегіне - 35 кВ ӘЖ-де, ал бірінші және екінші оқшаулағыштардың телпектеріне 110 кВ 

және  одан  жоғары  ӘЖ-де  ұстап  кӛруге  рұқсат  етіледі.  Оқшаулағыштардың  есебі 

траверстен жүргізіледі. 




307. Кернеуі 35-110 кВ ӘЖ-де түтік тәрізді разрядтауышты орнатуға разрядтаушының 

сыртқы  электроды  берілгеннен  аз  қашықтықта  сымға  жақындау  мүмкіндігін 

болдырмайтын оқшаулағыш аспалардың габаритін қолданған жағдайда рұқсат етіледі. 

Разрядтаушының  сыртқы  электроды  сымға  немесе  разрядтаушыны  алу  кезінде 

электродты  бұрғанда  жақындаған  жағдайда  газ  шығуы  мүмкін  аймақта  болуға  рұқсат 

етілмейді.  Разрядтаушының  сыртқы  электродына  оқшаулағыш  штанганың  кӛмегімен 

жақындау немесе кету керек. 

308.  Тіреуден  оқшауланған  найзағайдан  қорғайтын  сым  арқанға  кемінде  1  метр 

қашықтықта жақындауға рұқсат етілмейді. 

Арқанды  кӛктайғақты  еріту  схемасына  пайдаланған  кезде  сымарқанға  жақындаудың 

рұқсат етілген арақашықтығы еріту кернеуіне байланысты анықталады. 

Найзағайдан  қорғау  арқанына  бір  ұшы  жерге  тұйықталған  сымды  ажырату  және 

тұйықтау операциясы алдын ала арқанның бір ұшын жерге тұйықталған соң ғана рұқсат 

етіледі. 

309. Тұман, жаңбыр, қар жауған, тәуліктің қараңғы кезінде, сондай-ақ тіреуде жұмыс 

істеуге  қиындық  туғызатын  жел  кезінде  кернеудегі  ӘЖ  және  ӘЖС-де  жұмыс  істеуге 

рұқсат етілмейді. 

310.  Қолданыстағы  ӘЖ-мен  қиылысу  аралығындағы  сымдарды  монтаждау  және 

ауыстыру  кезінде  жұлқымай,  баяу  жаю  керек,  тарту  арқанын  кернеулі  сымдарға 

жақындамайтындай  және  қиылыспайтындай  етіп  бағыттау  керек.  Арқанды  тарту  үшін 

және  оны  созбақтамау  үшін  ӛсімдіктен  немесе  синтетикалық  талшықтан  жасалған 

арқанды, оның ең қысқа ұзындығын таңдап және босатпай тартып қолдану керек. 

Жұмыс  істеу  кезінде  қолданылатын  шығыр  және  болат  арқанның  бір  ұшы  жерге 

тұйықталады. 

311.  Тума  кернеумен  жұмыс  істеген  кезде  әрбір  барабанның  сымы  жаяр  алдында 

жерге тұйықталады. 

Сымды тікелей барабаннан жерге тұйықтау міндетті емес. 

Телескопиялық мұнарамен орындалатын тума кернеудегі сыммен жұмыс істеген кезде 

қимасы кемінде 10 мм иілгіш мыс сыммен әлеуетті тасымалдау үшін мұнараның жұмыс 

алаңы  арнайы  штанганың  кӛмегімен  жалғанады,  ал  мұнараның  ӛзі  жерге  тұйықталады. 

Сым бұл ретте жақын жердегі тіреуге немесе аралық ӛткінге жерге тұйықталады. 

Мұнараның  кабинасына  кіруге  және  одан  шығуға,  сондай-ақ  телескопиялық 

мұнараның жұмыс алаңы сыммен жалғанғаннан кейін жерде тұрып мұнараның корпусына 

сүйенуге рұқсат етілмейді. 

Металл арқанды шексіз арқан ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді. 

Тума  кернеудегі  ӘЖ  анкарлы  тіреуіндегі  ілмекті  осы  тіреумен  анкар  аралығында 

монтаж жұмыстары біткен соң ғана тұйықтау керек. 

110 кв ӘЖ және одан жоғары анкарлы тіреуде ілмек жалғанғанға дейін сымға немесе 

керулі,  оқшаулағыш  аспаға  бекітіледі,  бірақ  траверсадан  бастап  санағанда  тӛртінші 

оқшаулағыштан  жақын  болмау  керек,  ал  35  кВ  және  одан  тӛмен  ӘЖ  -  сымға  ғана 

бекітіледі. 

312.  Кернеудегі  басқа  ӘЖ-мен  қиылысу  аралығында  ӘЖ  сымдарында  жұмысты 

орындаған кезде жұмыс жүріп жатқан жердегі тіреуге жерге тұйықтауды орнату керек. 

Егер  осы  аралықта  сым  ілінсе  немесе  ауыстырылса,  онда  қиылысқан  жерінің  екі 

жағынан  жерге  тұйықтау 

123-124-тармақтарға

  сәйкес  жалғануы  керек.  ӘЖ  қызмет 

кӛрсету персоналын, сӛндірілген кейін бағытталған кернеуде болатын желілер тізбегімен 

таныстыру қажет. 

313. Тума кернеудегі ӘЖ жерде жұмыс істеген кезде тіреуден жерге дейін түсірілген 

сымға  жанасуға  байланысты  электр  қорғаныс  құралдарын  пайдаланып  (қолғап,  штанга) 

немесе  әлеуетті  теңестіру  үшін  жалғанған  ӛткізгіш  пен  электр  сымы  металл  алаңмен 

жүргізіледі.  Жерден  электр  қорғаныс  құралдарын  және  металл  алаңды  қолданусыз 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау