«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет2/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

желілерінің  бӛлімшелері,  айтылған  адамдардың  орынбасары  және  де  әкімшілік 

функциялары жүктелген мамандар; 

18)  кезекші  персонал  -  жедел  басқаруға  және  жедел  ауыстырып  қосу  мүмкіндігі  бар 

және  кезекшілікте  болатын  жұмыскерлер:  диспетчерлер,  кезекті  инженерлер  және 

техниктер,  ауысым  басшылары,  үйдің  және  басқару  тақтасындағы  кезекшілер,  жедел-

шығу  бригадаларының  мүшелері.  Егер  Қағидалар  мәтінінде  бӛліну  талап  етілмесе 

«кезекші» термині қолданыла береді

19)  жедел-жӛндеу  персоналы  -  бекітілген  кӛлемдегі  электр  қондырғыларына  жедел 

қызмет  кӛрсетуге  арналған,  арнайы  оқудан  ӛткен  және  үйретуден  ӛткен  жӛндеу 

персоналы; 

20)  жӛндеу  персоналы  -  электр  станциялары  мен  қосалқы  станциялардың  электр 

қондырғыларын,  ӘЖ,  КЖ,  ӘЖС,  КЖС,  релелік  қорғанысты,  автоматиканы,  ӛлшеу 

құралдарын,  найзағайдан  қорғау  мен  оқшаулағышты,  диспетчерлік  мен  технологиялық 

басқару құралдарын пайдалану-жӛндеу қызмет кӛрсетумен айналысатын кәсіби мамандар 

және жұмысшылар, электр зертханалардың персоналы; 

21)  жұмыс  орнын  дайындау  -  жұмыс  орнындағы  қауіпсіз  жұмысты  қамтамасыз  ету 

бойынша техникалық іс-шараларды орындау; 

22) кәсіпорын - кәсіпорындар, ұйымдар мен басқа да заңды адамдар; 

23) біріктіру - бір мақсаттағы, атауы және кернеуі, тарату құрылғыларының (бұдан әрі 

-  ТҚ),  генераторының,  тақтасының,  құрастыру  шиналарына  біріккен  және  электр 

станциясының,  қосалқы  станциялардың  және  басқа  да  аймағында  орналасқан  электр 

тізбегі (жабдық және шиналар); 

24)  кернеумен  жұмыс  -  тоқ  ӛткізетін  бӛліктерге  жанасумен,  жұмыстық  кернеуде 

орналасқан немесе аралығында тоқ ӛткізетін тӛмен мүмкіндікті бӛліктерімен атқарылатын 

жұмыс; 

25) биіктікте атқарылатын жұмыстар - жинақтау керек-жарақтарымен немесе тікелей 



конструкциялар элементтермен, жабдықпен, машиналар және механизмдермен, биіктігі 5 

метрде  және  топырақтың,  жабындардан  немесе  жұмыс  тӛсенішінен  жоғарыда 

атқарылатын жұмыстар. Бұл ретте жұмысшыны жұмыстың барлық сәттерінде және орын 

ауыстыру кезінде биіктіктен құлаудан сақтаудың негізгі құралы сақтандыру белдігі болып 

табылады; 

26) жұмыс орны - жұмысты орындау үшін персоналдың кіруіне рұқсат етілетін электр 

қондырғы учаскісі; 

27) нұсқау - жұмыстың қауіпсіз орындалуы үшін берілген ауызша тапсырма және ол 

жұмыстың құрамын, орнын, қауіпсіздік шараларын (егер қажет болса) және оны орындау 

тапсырылған тұлғаны анықтайды. 

28) тоқ ӛткізетін бӛлігі - кернеуі бар электр қондырғының бӛлігі; 

29)  тоқ  ӛткізбейтін  бӛлігі  -  апаттық  жұмыс  тәртіптерінде  кернеу  ӛрісінде  болатын 

электр қондырғының бӛлігі, мысалы, электр машина корпусы

30)  электр  қондырғы  -  электр  энергиясы  шығарылатын,  ӛндірілетін,  жеткізілетін, 

таратылатын, тұтынылатын қондырғы; 

31) жергілікті  кезекші персоналсыз электр қондырғысы  - ӘЖ және КЖ, жедел-шығу 

бригадалары  немесе  жедел-жӛндеу  жұмыстарының  персоналы  арқылы  қызмет 

кӛрсетілетін электр қондырғысы

32) жұмыс істеп тұрған электр қондырғы - коммутациялық аппаратқа берілетін кернеу 

немесе кернеулі электр қондырғысы немесе оның учаскісі; 

33) қарапайым және кӛрнекті схемасы бар электр қондырғысы - 1000 вольт кернеуден 

жоғары  ТҚ  жеке  секцияланған  немесе  секцияланбаған  жүйе  шиналары,  салқын  жүйесі 

жоқ  шиналар,  барлық  ӘЖ  және  КЖ,  1000  вольтқа  дейін  жететін  барлық  электр 

қондырғылары; 

34)  күрделі  схемасы  бар  электр  қондырғысы  -  кернеуі  1000  вольттан  жоғары, 

қарапайым схемасы бар электр қондырғыларына қарағанда, шина жүйесі дамыған ТҚ. 




4. 

Қызметі 


электр 

қондырғылармен 

байланысты 

жұмыскерлердің 

осы 

Қағидалардың 



1-қосымшасына

  сәйкес  электр  қауіпсіздігі  бойынша  тобы  болуы  қажет. 

Электр қауіпсіздігі бойынша топты беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен 

Тұтынушылардың 

электр 

қондырғыларын 



пайдалану 

кезіндегі 

қауіпсіздік 

техникасы қағидаларында кӛрсетілген. 

5. «Арнайы жұмыстар» қауіпсіздігі бойынша қосымша талап қойылатын жұмыстарды 

орындауға жіберілетін адамдардың біліктілік куәлігінде жазу болуы тиіс. 

Арнайы жұмыстарға мыналар жатады: 

1) жоғары ӛрмелейтін жұмыстар; 

2)  тоқ  жүретін  бӛліктердегі  кернеуі  бар  жұмыстар:  тазалау,  оқшаулағыштарды 

ауыстыру, жуу және қыспақтарды жалғау, тростарды майлау

3) құдықтарда, шурфтарда, қазылған жерлерде және тереңдігі 2 метрден асатын қазан 

шұңқырлардағы жұмыстар; 

4)  қысым  қатысында  жұмыс  істейтін  ыдыстарды  жӛндеу:  жоғарылатылған  кернеу 

жабдықтарын (мегаомметрлермен жұмыс істеуден басқа) сынау. 

6.  Электр  станцияларының  және  қосалқы  станциялардың  жұмыс  істеп  тұрған  электр 

жабдықтары  бар  (басқару,  релейлік  және  соған  ұқсас  қалқандарды  қоспағанда)  үй 

жайларда,  жабық  тарату  қондырғыларында  (бұдан  әрі  -  ЖТҚ)  және  ашық  тарату 

қондырғыларында  (бұдан  әрі  -  АТҚ),  құдықтарда,  туннельдерде  және  орларда  болатын, 

сондай-ақ  ӘЖ  қызмет  кӛрсетуге  және  күрделі  жӛндеуге  қатысатын  барлық  персоналға 

қорғаныс каскаларын пайдалану қажет. 

7. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларындағы кезекші жұмыскерлер немесе электр 

қондырғыларына  жеке  ӛзі  қызмет  кӛрсететін  жедел-жӛндеу  персоналына  және  ауысым 

бойынша аға жұмыскер IV топты, қалғандары ІІІ топты иеленуі тиіс. 

1000  В-қа  дейінгі  электр  қондырғыларындағы  кезекші  жұмыскерлер  немесе  электр 

қондырғыларына жеке ӛзі қызмет кӛрсететін жедел-жӛндеу персоналы III тобын иеленуі 

қажет. 


8.  Электр  қондырғыларында  кернеулі  қоршалмаған  тоқ  жүретін  бӛлшектерге 

адамдардың,  жүк  кӛтергіш  машиналарының,  механизмдердің  осы  Қағидалардың 

4-

қосымшасының 



1-кестесінде  кӛрсетілген  аз  ара  қашықтықтан  жақындауына  тыйым 

салынады. 

9.  Электр  станциялары  мен  қосалқы  станцияларындағы  электр  қондырғыларын 

кезекшіліктен  немесе  жедел-жӛндеу  персоналы  кезекшілікте  тұрған  III  топтағы  бір  адам 

ғана немесе әкімшілік-техникалық персоналына V топтағы жұмыскер де қарауды жүргізе 

алады. 


10.  Осы  электр  қондырғыларға  қызмет  кӛрсетпейтін  жұмыскерлерді  тек  1000 

Вольттан  жоғары  электр  қондырғыларындағы  IV  топтағы  немесе  1000  Вольттағы 

кернеуліктегі  электр  қондырғыларындағы  III  тобы  бар  кезекші  мен  жедел-жӛндеу 

персоналының  не  жеке  ӛзінің  тексеруге  құқығы  бар  жұмыскердің  бірге  жүруімен  ғана 

жіберуге болады. 

Бірге  ілесіп  жүруші  электр  қондырғыларына  жіберілген  адамдардың  қауіпсіздігін 

қадағалап  отыруы  қажет  және  Қағидалардың 

4-қосымшасының

 1-кестесінде  кӛрсетілген 

аз  қашықтықтағы  тоқ  жүретін  бӛліктерге  оларды  жақын  келмеуі  туралы  ескертуге 

міндетті. 

11. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларын тексеру барысында қоршаумен немесе 

тосқауылмен жабдықталмаған бӛлмелердегі тоқ ӛтетін бӛлшектерге осы Қағидалардың 

4-

қосымшасының 



1-кестесінде  кӛрсетілгеннен  аз  ара  қашықтықта  жақындауға  тыйым 

салынады.  Қоршалған  жердің  есігін  ашуға  және  тосқауылдан  немесе  қоршаудан  асуға 

тыйым салынады. 

1000 В-қа дейінгі  электр қондырғыларын  тексеру барысында  қалқандардың, басқару 

пульттерінің және басқа да қондырғылардың есіктерін ашуға болады. Тексеру барысында 

кез келген жұмыс түрлерін орындауға тыйым салынады. 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау