«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет20/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

және  т.б.),  сондай-ақ  тәуліктің  қараңғы  кезінде  ӘЖ  қарауды  II  топтағы  екі  жұмыскер 

орындау керек. 

Басқа жағдайда ӘЖ тексеру кезінде II топтағы бір жұмыскер қарай алады. 

ӘЖ  қарау  кезінде  сымның  астымен  тәуліктің  қараңғы  мезгілінде  жүруге  рұқсат 

етілмейді. 

ӘЖ  бұзылған  жерін  іздеушілер  іздеу  кезінде  ӛздерімен  бірге  ескерту  плакаты  болуы 

керек. 

337.  110  В  және  одан  жоғары  ӘЖ-де  жерде  жатқан  сымға  8  метр  кем  қашықтықта 



жақындауға рұқсат етілмейді. Мұндай сымның жанынан оған адамдар мен жануарлардың 

жақындауын  болдырмау  үшін  күзет  ұйымдастыру,  мүмкіндік  болған  жағдайда  ескерту 

плакаттарын орнату, электр желісі кәсіпорнында болған жағдайларды хабарлау керек. 

338. Оқшаулағыштың зақымдануы нәтижесінде жерге тиіп тұрған тоғының ағынының 

белгілері болған кезде сымның тіреу бойына тиіп тұрған және т.б. (топырақтың ылғылы 

булануы,  кӛлденең  жерге  тиіп  тұрған  жерінде  электр  доғасы  пайда  болуынан  және  т.б.) 

тіреуге  кем  дегенде  8  м  қашықтықта  6-35  кВ-қа  темірбетон  тіреумен  жақындауға 

болмайды. 

339.  ӘЖ  кӛлік  магистралімен  (теміржол,  кеме  жүретін  ӛзендер  мен  каналдар) 

қиылысқан учаскелердегі жұмыс кезінде кӛлік қозғалысын уақытша тоқтату керек болса 

не олардың қозғалысы кезінде кернеуді ӘЖ-нен алу кезінде жұмысты тоқтату қажет болса 

наряд  берген  жұмыскер  жұмыс  орнына  кӛлік  магистралі  қозғалысы  қызметінің  ӛкілін 

шақыруы керек. Бұл ӛкіл қажетті уақытқа дейін кӛлік қозғалысын тоқтатуды қамтамасыз 

етуі  және  жол  бойы  бригадасына  жақын  келген  кӛлік  туралы  ескертуі  керек.  Кӛлікті 

ӛткізу үшін қозғалысқа кедергі келтіретін сым қауіпсіз биіктікке кӛтеріледі. 

340. Қиылысу  учаскесіндегі жұмыс кезінде немесе ӘЖ тасжолмен не сүрлеу жолмен 

жанасу  кезінде  кӛлік  жүргізушіні  ескерту  үшін  немесе  оның  қозғалысын  жол 

полициясының  келісімімен  тоқтату  үшін  жұмыс  жүргізуші  тас  жолға  немесе  жолға 

сигналшы қою керек. Қажет болған жағдайда жол полициясының ӛкілі шақырылады. 

Сигнал  берушілер  қиылысу  немесе  ӘЖ  жолға  жақын  жерден  екі  жаққа  100  метр 

қашықтықта болуы және күндіз - қызыл жалау, ал түнде қызыл шам ұстау керек. 

341.  Кӛшеге  жарық  беру  желісі  қызмет  кӛрсеткен  кезде  мына  жағдайларда  ӛкім 

бойынша кернеуді алмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі: 

1)  шырақтардарды  ағаш  тіреудегі  сымнан  тӛмен  ағаш  тіреуден  немесе  ағаш  саты 

сүйеп түсіру тіреуден жерге тұйықтау шаппасынсыз орналастырған кезде; 

2) телескопиялық мұнараны оқшаулағыш буынмен пайдаланған кезде

3) ӘЖ-де ӛзі таситын сыммен жұмыс істеген кезде. 

Қалған жағдайда тіреуге ілінген барлық сымды ажырату және жерге тұйықтау керек. 



  

  

Күштік трансформаторлар, майлы реакторлар 

  

342.  Күштік  трансформаторлар  мен  реакторлары  қарау  жерден  немесе  тұтқасы  бар 



стационар  басқыштардан  орындалады.  Жұмыстағы  және  резервтегі  трансформатор  мен 

реакторларға қарайтын алаңға кіретін жер «Шықпа! Ӛлтіреді» деген ескерту плакатымен 

жабылады. 

343.  Газды  реледен  газ  алу  трансформаторды  (реакторды)  ажыратқаннан  кейін 

орындалады. 

344.  Трансформатордың  (реактордың)  белсенді  (активті)  бӛлігін  суырып  алу  немесе 

қоңырауын кӛтерумен байланысты жұмыстар арнайы зерттеп дайындап ерекше жағдайы 

үшін әзірленген ЖОЖ орындалады. 

345.  Трансформатордың  (реактордың)  ішіне  кірумен  байланысты  жұмыстар  кезінде 

жұмыс  істеушілерді  қажетті  арнайы  киіммен,  аяқ  киіммен,  каскамен,  ал  жұмыс  орнын 

қауіпсіз жарықпен және еріксіз желдетумен қамтамасыз ету қажет. 



346. Кернеуі 110 кВ және одан жоғары күштік тансформаторларға (реакторларға) май 

құю  не  тӛгу  кезінде  трансформаторлардың  (реактордың)  кірмесі  сымдары  жерге 

тұйықталған  болуы  керек,  оларға  электр  статикалық  зарядтың  пайда  болуын  болдырмас 

үшін жерге тұйықталады. 



  

  

Сынау және өлшеу 

  

347.  Басқа  кӛзден  жоғары  кернеулі  тоқ  беріп  сынау  жүргізуге  арнайы  дайындықтан 



және  осы  бӛлімнің  талаптарын  білуін  тексеруден  ӛткен  персоналға  рұқсат  беріледі. 

Жұмыс  жүргізуші,  бұдан  басқа,  тәжірибелі  жұмыскердің  бақылауымен  бір  ай 

тағылымдамадан ӛтуі қажет. 

348.  Электр  жабдықтарын,  байқау,  оның  ішінде  электр  қондырғысынан  тыс  (жұмыс 

істемейтін  электр  қондырғысында),  қоймада,  кәсіпорын  аумағында,  алаңда  және  т.б.) 

жылжымалы  сынау  қондырғысын  пайдаланып  жүргізілетін  сынаулар  жұмыс  басшысын 

міндетті түрде тағайындаумен наряд бойынша орындалады. 

Электр  қондырғысынан  тыс  сынауға  рұқсатты  жұмыс  басшысы  жүзеге  асырады. 

Сынауға  нарядты  бұл  жағдайда  оны  жүргізу  қажеттігі  туралы  шешім  қабылдаған  және 

кәсіпорын  басшысының  бұйрығымен  (ӛкімімен)  жұмысты  қауіпсіз  жүргізуге  уәкілеттік 

берілген жұмыскер береді. 

Монтаж  немесе  жӛндеу  барысында  сынау  жүргізу  нарядта  «тапсырылады»  деген 

жолда айтылады. 

1000 В дейінгі электр қондырғыларындағы сынауды ӛкім бойынша орындауға рұқсат 

етіледі. 

349.  Сынауды  жұмыс  жүргізушінің  IV  тобы,  бригада  мүшесінің  III  тобы,  күзетке 

шығарылған жұмыскерлердің II тобы бар бригада жүргізеді. 

350.  Сынау  жүргізетін  бригаданың  құрамына  дайындық  жұмысын  орындауға  және 

жабдықты бақылауға тартылатын жӛндеу персоналының жұмыскерлері енгізіледі. 

Сынау  жүргізу  үшін  жабдықты  жӛндеу  немесе  монтаж  жұмысын  орындайтын 

бригаданың құрамына реттеу ұйымдарының немесе электр зертханасының персоналынан 

қызметкерлер  енгізіледі.  Бұл  жағдайда  сынауларға  басшылықты  жұмыс  басшысы,  не 

оның  нұсқауымен  зертхана  немесе  жӛндеу  ұйымының  персоналынан  IV  топтағы 

жұмыскер жүзеге асырады. 

351.  Тоқ  жүргізетін  бӛлігі  тұтас  және  торлы  қоршаумен  жабылған,  ал  есігі 

бұғаттаумен жабдықталған 1000 В-тан жоғары электр қондырғысынан тыс стационарлық 

сынау қондырғысын пайдаланып жүргізілетін оқшаулағыш материалдар мен бұйымдарды 

жаппай  сынауды  (қорғаныс  құралдары,  әртүрлі  оқшаулағыш  бӛлшектер  және  т.б.)  III-

топтағы  жұмыскер  жеке  оқшаулағыш  материалдар  мен  бұйымдарды  сынау  жӛніндегі 

жергілікті нұсқаулыққа сәйкес орындайды. 

352.  Сынау  және  оларға  дайындық  жұмыстарын  жүргізуге  берілген  наряд  бойынша 

рұқсат  тек  сынауға  жататын  жабдықтармен  жұмыс  істейтін  басқа  бригадалар  жұмыс 

орнынан  шығарылғаннан  және  олардың  рұқсат  етушілерге  нарядтарын  бергеннен  кейін 

ғана  орындалады.  Электр  қондырғыларында  жергілікті  кезекші  персоналсыз  жұмыс 

жүргізушіге  бригада  кеткен  соң  жұмыста  үзіліс  деп  жариялап,  нарядты  ӛзіне  қалдыруға 

рұқсат етіледі. 

353.  Сыналатын  жабдықтың,  сынайтын  қондырғының  және  жалғастыратын  электр 

сымның  арасы  қалқандармен,  арқандармен  және  сырты  жағында  «Сынақ  ӛтуде.  Ӛмірге 

қауіпті»  деген  плакаттары  бар  ӛзге  қоршаулармен  қоршалады.  Қоршауды  сынақ 

жүргізуші персонал орнатады. 

354. Қажет болған жағдайда, сынайтын қондырғысына, жалғастырушы электр сымына 

және сыналатын жабдыққа бӛтен адамның жақындауы үшін II топтағы бригада мүшелері 

ішінен  күзет  қою  керек.  Күзететін  бригада  мүшелері  қоршаудан  тыс  тұруы  және 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау