«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет9/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

3) жерге тұйықталатын пышақтарын ӛшіру мен тасымалды жерге тұйықтауды алуды 

кезекші  немесе  жедел-жӛндеу  персоналының  ішінен  ІІІ  топтағы  бір  жұмыскер  орындай 

алады. 

110.  Жӛндеуге  тапсыру  үшін  ӛшірілген  ӘЖ  тасымалды  жерге  тұйықтау  орнату  мен 



алуды  және  тіреулердегі  жерге  тұйықтау  пышақтарын  қосуды  кезекші  немесе  жедел-

жӛндеу персоналының қызметкерлері: біреуі IV топтағы (1000 В-тан жоғары ӘЖ) немесе 

ІІІ  топтан  (1000  В-қа  дейінгі  ӘЖ),  ал  екіншісі  ІІІ  топтағы  қызметкер  орындайды.  ІІІ 

топтағы  жӛндеу  персоналынан  екінші  адамды,  ал  тұтынушыны  қоректендіретін  ӘЖ-ға  - 

тұтынушы персоналынан пайдалану рұқсат етіледі. 

Жерге тұйықталатын пышақтарды ажырату ІІІ топтағы кезекші немесе жедел-жӛндеу 

персоналының ішінен бір жұмыскерге рұқсат етіледі. 

ӘЖ  жұмыс  орындарында  тасымалдауды  жерге  тұйықтауды  ІІІ  топтағы  бригада 

мүшелерімен  жұмыс  жетекшісі  (ӛндіруші)  орнатады.  Осы  тасымалдаушы  жерге 

тұйықтауды жұмыс жетекшісінің (ӛндірушінің) нұсқауы бойынша ІІІ топтағы екі бригада 

мүшелерімен алады. 

111.  ӘЖ  кернеудің  жоқтығын  тексеру,  жерге  тұйықтауды  алу  немесе  орнату  кезінде 

екі жұмыскердің біреуі жерде екіншісін бақылап тұруы тиіс. 

112.  Кернеу  қатысындағы  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерді  уақытша  қоршау  үшін,  ағаштан 

немесе оқшаулаушы материалдан дайындалған қалқанды қолдануға болады. 

Кернеуді  ӛшірмей  уақытша  қоршау  орнату  кезінде  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерге  дейінгі 

арақашықтық  осы  Қағидаларға 

4-қосымшасындағы 

1-кестесінде  кӛрсетілгеннен  кем 

болмауы керек. 6-10 кВ электр қондырғыларындағы бұл арақашықтық 0,35 метрге дейін 

қысқартылуы тиіс. 

Уақытша қойылған қоршауларда «Тоқта! Кернеу» деген жазу жазылады немесе тиісті 

қауіпсіздік плакаттары ілінуі тиіс. 

113.  6-20  кВ  электр  қондырғыларында  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерді  қалқанмен  қоршауға 

болмайтын  жағдайда,  ӛшірілген  және  кернеулі  тоқ  ӛтер  бӛліктерінің  арасына 

орналастырылатын  оқшаулаушы  бастырмаларды  қолдануға  болады  (мысалы,  ӛшірілген 

ӘЖ ажыратқыш түйіспелер арасына). Бұл оқшаулаушы бастырмалар кернеу қатысындағы 

тоқ ӛткізгіш бӛліктерге ғана жатады. 

Бастырмаларды  орнату  мен  алуды  IV  және  ІІІ  топтардағы  (біреуі  -  кезекші  немесе 

жедел-жӛндеу  персоналдарынан)  диэлектрлік  қолғаптарды,  оқшаулаушы  қарнақтарды, 

қармауыштарды пайдаланумен екі жұмыскер орындайды. 

114.  Камераларда,  шкафтарда,  панельдерде  және  жұмыс  орнымен  шекараланған 

қоршауларында «Тоқта! Кернеу» деген плакаттары ілініп тұрады. 

115.  АТҚ-да  жерде,  іргетастар  мен  жекелеген  конструкцияларда  орнатылған 

жабдықтарда  жұмыс  істеген  кезде,  жұмыс  орындары  майлы  не  синтетикалық 

талшықтардан  жасалған  арқанмен,  жіппен  немесе  баумен  (ӛтетін  жол  қалдыра  отырып) 

кеңістікті  қоршап,  онда  қоршалған  кеңістіктің  ішіне  назар  аудартатын  «Тоқта!  Кернеу» 

деген плакаттар ілінеді. 

Жұмыс орны аймағына қосылмаған арқанды ілу үшін конструкцияларды пайдалануға 

болады. 


Желілерде ӘЖ ажыратқыштардан басқа барлық АТҚ кернеуді ӛшіру барысында АТҚ 

арқанмен  қоршалып,  сыртқы  кеңістікке  «Тоқта!  Кернеу»  деген  плакаттар  ілінеді.  АТҚ 

екінші  реттік  тізбектерінде  жұмыс  істеу  кезінде  нұсқау  бойынша  жұмыс  орнын  қоршау 

талап етілмейді. 

116.  ӘЖ,  КЖ  басқа,  электр  қондырғыларында  дайындалған  жұмыс  орындарында 

«Жұмысты осы жерде істе!» плакаты ілінеді. 

117. Жұмыс орындарынан кернеулі учаскелермен шекараласқан АТҚ конструкциялар 

учаскелерінде  жақсы  кӛрініп  тұратын  «Тоқта!  Кернеу»  деген  плакаты  ілінеді.  Бұл 

плакаттарды  жіберушінің  басшылығымен  жӛндеу  персоналынан  ІІІ  топтағы  жұмыскер 

орната алады. 




Кӛтерілуге  рұқсат  етілетін  конструкциялардың  тӛменгі  жағында  «Ӛрмелеме!  Мерт 

боласын!» плакаттары ілінеді. 

Жұмыс  жүргізуге  рұқсат  етілетін  конструкциялар  мен  стационарлы  баспалдақтарда 

«Осы жерден ӛрмеле» плакаты ілінеді. 

118. Жұмысты толық орындамайынша плакаттарды ілуге, алуға тыйым салынады. 

  

  

3. Жеке жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары 

  

119.  Электр  қондырғыларында  еңкейіп  жұмыс  істеуге  болмайды,  егер  кернеулі  тоқ 



ӛткізгіш  бӛліктерінің  арақашықтығында  түзелу  осы  Қағидалардың 

4-қосымшасының 

1-

кестесінде  кӛрсетілген  арақашықтықтан  аспайды.  6-110  кВ  станциялары  мен  қосалқы 



станциялардағы  электр  қондырғыларында  қоршалмаған  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерде  жұмыс 

істеу кезінде осы бӛліктер артқы жақта немесе екі жақта орналасуы қажет. 

120.  Кернеулі  жабдықтардың  оқшаулаушы  электр  қорғау  құралдарын  пайдаланусыз 

жақындауға тыйым салынды. 

121.  ӘЖ  мен  БӘЖ  жалғау  және  ажырату  учаскелерінде  (сымдарды,  тростарды)  осы 

учаскелердің  әлеуетін  түзету  керек.  Әлеуеттерді  түзету  осы  учаскелердегі  сымдарды 

жалғаумен  немесе  бір  жерге  тұйықтағышқа  (жерге  тұйықтау  құралына)  қосылуымен 

ажыратылудың  (мүмкін  болатын  ажыратылудың)  екі  жақтарынан  қосылуды  орнатуды 

жерге тұйықтау жолымен жүзеге асырылады. 

122. Электр қорғау құралдарын (оқшаулаушы штангалар, қыспақтар, электр ӛлшейтін 

штангалар  мен  қыспақтар,  кернеу  кӛрсеткіші)  пайдалана  отырып,  жұмыс  істеу  кезінде 

адамның  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктерге  жақындауы  құралдардың  оқшаулаушы  бӛліктерінің 

ұзындығына сәйкес болады. 

123.  АТҚ  мен  ӘЖ  арақашықтығының  қиылысында  сымдарды  (тростарды)  ауыстыру 

кезінде  және  кернеулі  сымдардан  (тростардан)  тӛмен  тартылған  оларға  қатысты 

оқшаулаушы  мен  арматура  тізбектердегі  ауыстырылатын  сымдар  арқылы  сымдардан 

жоғары  тартылған  тізбектегі  кескіндерді  алдын  алу  синтетикадан  жасалған  арқандардан 

жасалады.  Арқанды  екі  жерден  лақтыру  керек  -  екі  жағын  қиылысқан  жерден  олардың 

ұштарын зәкірге, конструкцияларға байлау керек. Сымдарды (тростарды) кӛтеру ақырын 

және асықпай жүзеге асырылады. 

124.  Сымдарда  жұмыс  істеу  кезінде  кернеу  қатысындағы  сымдардан  жоғары 

тартылған  оларға  қатысты  оқшаулаушыда,  арматураларда  сымдардың  түсіп  кетуінің 

алдын алу мен тума кернеуден қорғау үшін шаралар орындалады. Осы жұмыстар кезінде 

қиылысқан сымдарды кернеуді ӛшірмей сымдарды (тростарды) ауыстыруға болмайды. 

125. Персонал электр қондырғыдан кернеудің жоқ болып, содан кейін ескертусіз қайта 

берілетінін есінде сақтауы керек. 

126.  Тәуліктің  түнгі  уақыттарында  жұмыс  учаскелері,  жұмыс  орындары  мен  жолдар 

жарық  болуы  керек.  Жарықтандыру  біркелкі  болады,  жұмыскерлердің  кӛздеріне  дұрыс 

әсерін тигізуі керек. Қараңғы жерлерде жұмыс істеуге тыйым салынады. 

127.  Найзағайдың  жақындаған  кезде  ӘЖ,  БӘЖ,  АТҚ,  ЖТҚ  ұшпақтары  мен  ӘЖ 

учаскелеріне  қосылған  ӘЖ,  КЖ  желілерінің  ажыратқыштарында,  сондай-ақ  байланыс 

тораптардың үй-жайлардың БӘЖ кірмелерінде жұмыстар тоқтатылады. 

128.  Электр  станциялардағы,  қосалқы  станциялардағы  КЖ  1000  В-қа  дейінгі  электр 

қондырғыларында кернеумен жұмыс істеу кезінде мыналар: 

1)  жұмыс  орындарының  жанында  орналасқан  кездейсоқ  тиіп  кетуі  мүмкін  кернеу 

қатысындағы басқа да тоқ ӛткізгіш бӛліктерін қоршау; 

2)  диэлектрлік  галоштар  киіп  немесе  оқшаулаушы  тіреулердің  үстінде  не  резинадан 

жасалған диэлектрлік кілемдердің үстінде тұрып жұмыс істеуі; 

3)  оқшаулаушы  ұстағыштары  (бұрағыштарда,  бұдан  басқа  ӛзекті  оқшаулау) 

құралдарды пайдалану; 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау