Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет57/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
113
Онда мына фактілерді қараған:  
1.  Риддер  қаласында  өндірісте  істейтін 552  жұмысшы  қазақтар  бірге  тұратын 1686 адаммен  
қарастырғанда, тек 40 жанұя тұрғын үймен қамтамасыз етілген, ал 15-26 адам жағдайы келмейтін жерде 
тұрады (жерден қазылған землянкаларда).  
2.  Қазақтар  арасында  партиялық  бұқаралық  жұмыстар  жүргізілмейді.  Нəтижесінде  қазақтар 
есебінен  партия  қатарынан  өткендердің  саны  өспегендігі  ескеріледі.  Осы  фактілерді  қарастыра  отырып, 
аудандық  комитет  бюросы  Риддер  қалалық  жұмысшы-шаруа  инспекциясының  бақылау  комиссиясының 
төрағасы Масленниковқа, комбинат директоры Солдатовқа, комитет меңгерушісі Кубышкинге қатаң сөгіс 
жариялаған.  
Сонымен  қатар,  комиссия  мүшелері  мен  дəрігерлері  «Риддерзолото»  комбинатының  жұмыстан 
қуылып,  пəтерден  шығарылған  жұмысшылардың  тұрмыстық  жағдайын  тексерген [15, 4б.].  Оны 1933 
жылдың  ақпан-наурыз  айларында  жүргізген.  Актіде  "Балхашстройдан"  келіп,  Журавлиха  орман 
учаскесінде істеген 26 жұмысшының еңбек нормаларын орындамағаны үшін жұмыстан босатылғандығы, 
бірақ  есеп  айырысу  болмағандығы  жəне  ақша  төленбегендіктен 8-і  аштан  өлгендігі  жəне  баспанасыз 
қалғандықтан  сүзек  ауруына  арналған  № 6 барақтың  бөлмесіне  кіріп,  үсіген  капуста  жəне  тағы  басқа 
тамақ  қалдықтарымен  тамақтанғандығы  көрсетілген.  Өлген  адамдардың    денелері  тоңғандықтан  кигізге 
оралған  күйінде  табылған.  Осы  жұмыстан  шығарылғандардың  бəрі  қазақтар  екендігі  таң  қалдырады. 
Сонымен  қатар  ашыққандардың  да  тізімі  белгіленген.  Олар  Құрықұсаев, 20 жаста,  Балқаштан  келген, 
жұмыстан нормасын орындамағаны үшін шығарылған. Екі баласы бар, əйелі аштан өлген. Оразақова 25 
жаста, күйеуі балалары аштықтан өлген. Міне, осындай тізім жалғаса береді.   
Босқыншылықтың 1930-1933 жылдар  арасында  кең  көлемде  болуы,  көшпелі    жəне  жартылай 
көшпелі  қазақ  шаруалары  өмірінде  терең  касіретті  із  қалдырғаны  белгілі.  Босқыншылық 
отырықшыландыру шараларының бір құрамдас бөлігі болып табылады жəне ашыққан халықтың қолайлы 
жерлер іздеп, босқыншылыққа ұшырауына əсер етті. Босқыншылық тек Қазақстан территориясында ғана 
емес етек алған жоқ, сонымен қатар, қазақтардың шет елдерге кетуіне де мəжбүр етті. 
Отырықшыландыру  барысында  қазақ  шаруасының  дəстүрлі  шаруашылығын  күйрету,  əуелі  мал 
шаруашылығын,  одан  кейін  шаруалардың  өзіне  орасан  зор  апат  əкелді.  Халықтың  табиғи-тарихи  даму 
заңдылықтарын  дер  кезінде  ескермеудің  қандай  қасіретке  ұрындыратыны  большевиктер  жүргізген 
көшпелі  жəне  жартылай  көшпелі  қазақ  шаруаларының  күштеп  ұжымдастыру  жəне  сол  негізде  жаппай 
отырықшыландыру  саясатында  нақты  көрініс  берді.  Қазақтың  дəстүрлі  мал  шаруашылығын  күйрету,  ет 
жəне  астық  дайындау  науқандарындағы  зобалаңдар,  байлар  қожалықтарын  тəркілеу  жəне  оларды 
əлеуметтік  топ  ретінде  жойып  жіберу  саясаты,  күштеп  ұжымдастыру  жəне  зорлап  отырықшыландыру 
қазақ шаруаларын босқыншылыққа ұрындырды.  
 
1. История советского крестьянства.  - М., 1967. - 2-Том.-202-б. 
2. Ш Қ Ө М. КП нв. -  7536. - 1 б. 
3. Ш Қ Ө М. КП нв. - 7528. - 1 б. 
4.  Ш Қ О М А.  752-қор,  2-тізбе,  362а-іс.  15 б.         
5.  Ш Қ Ө М. КП нв. - 7527. – 2 б.                       
6.  Шаумян М. От кочевья к  социализму /М.Шаумян. -  Алма-Ата, 1965.-158 б. 
7. Ш Қ Ө М. КП нв. - 7537. - 1 б. 
8. Ш Қ Ө М. КП нв. - 7532. - 3 б. 
9. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті /Т.Омарбеков.-Алматы, 1997. – 263 б. 
10. Ш Қ О  Қ З Т Қ О. 578-қор, 1-тізбе, 17-іс. 2-б, 22 б. 
11. Ш Қ О  Қ З Т Қ О. 578-қор. 1-тізбе, 40-іс, 3-б, 93 б. 
12.  Омарбеков  Т.  Қазақстанда  босқыншылыққа  қарсы  күрес  қашан  басталды? /Т.Омарбеков 
//Қазақ тарихы.-.1991. - № 1. – 46 б. 
13. Ш Қ О  Қ 3 Т Қ О,   578-қор, 1-тізбе, 8-іс, 1-б, 10 б. 
14. Ш Қ О М А. 752-қор, 2-тізбе, 362-іс, 18 б.        
15. Ш Қ О М А. 40-қор, 2-тізбе, 102-іс, 4-б. 
16. Ш Қ О Қ З Т Қ О. 578-қор, 1-тізбе, 8-іс. 10-б. 
 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
114
Резюме 
Данная  статья  посвящена  истории  насильственной  коллективизации  в  Восточном  Казахстане.  В 
статье рассматриваются социально-экономические и демографические последствия коллективизации. 
 
Summary 
This article deals with the history of forcible collectiviz ation in Eastern Kazakstan. This article considers 
socialeconomic and demographic collectivization consequences. 
 
 
 
 
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
ОҢТҮСТІК ӨЛКЕСІНДЕГІ КЕРУЕН ЖƏНЕ ҚАТЫНАС ЖОЛДАР 
(Сырдария облысы материалдары негізінде) 
 
Б.ШСейдібаева–  
Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ Тараз институты ізденушісі 
 
М.Х.  Асылбековтың  еңбегінде  көрсетілгендей,  көлік  жəне  қатынас  жолдар,  капитализмде 
материалдық  өндіріс  саласының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады. «Тау-кен  өнеркəсібі,  жер  өңдеу  жəне 
өңдеу өнеркəсібінен бөлек материалдық өндірістің төртінші саласы бар ... ол көлік өнеркəсібі». Расында 
да,  тауардың  өзіндік  құнының  (себестоимость)  құрамына  тасымалға  кеткен  шығындар  да  кіреді, 
сондықтан қатынас жолдар,  өндірісте маңызды орын алған  факторлардың бірі. 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  мен XX ғасырдың  басында  Қазақстанның  оңтүстік  өлкесі,  Орта 
Азия  жəне  Ресей  араларында  сауданы  дамытуда    едəуір  роль  атқарған.  Бұл  елдерді  бір-бірімен 
байланыстыратын, сондай-ақ  Қытаймен жалғастыратын сауда жолдары осы өлкеден  өткен [1]. 
Оңтүстік  өлке  қарастырып  отырған  кезеңде  Қазақстанның  өзге  жерлеріне  қарағанда  сауда-
экономикалық қатынастардың жоғары дамуымен еркешеленді. Оған аймақтағы қала мəдениетінің дамуы, 
Ұлы  жібек  жолы  тəрізді  сауда  жолдарының  көптеген  тармақтарының  осы  аймақты  қамтуы,  халықтың 
тығыз орналасуы тəрізді бірнеше себеп-салдарға байланысты болды. 
Жалпы,  қатынас  жолдар,  су  жолы  жəне  құрлық  жолы  деп  екіге  бөлінді.  Зерттелініп  отырған 
кезеңдері, сауда тасымалы, құрлықтағы жолдар: керуен жолдар, тас төселген жолдар, темір жолдар  жəне 
кеме жолдары арқылы жүзеге асты. 
Керуен жолдар. Темір жолдар жүргізілгенге дейін сауда-саттықта керуен жолдардың алған орны 
ерекше болды. Ресей мен Қазақстан, Орта Азиялық хандықтар жəне басқа да Шығыс елдері арасын ұлан 
байтақ,  шөлді,  құмды  жерлер  алып  жатты.  Шөл  «кемесі»  аталған,  түйе  малынан  басқа  ешбір  мал  бұл 
жолға шыдамаған. Сондықтан керуен жолдар осы кезеңдері тиімді бірден-бір жол торабы болды.  
Түркістан  өлкесінде  ежелгі  замандардан  бері,  Европа  мен  Азияны  байланыстыратын  сауда 
жолдары  өткен.  Страбонның  мəлімдеуінше  Қытай  мен  Үндістанның  қымбат  тауарлары  (дəмдеуіштер, 
жібек, хош иісті шайыр) Византия мен Римге Орта Азия арқылы келген. 
Страбон,  Александр  Македонскийдің  əскерінің  құрамында  болған  Аристобулдың  сөзінен  жазып 
алғанындай: «Окс (Əмудария) өзені кемелердің жүзуіне өте қолайлы өзен. Индиялық тауарларды аталған 
өзенмен  Гиркан  (Каспий)  теңізіне  тасымалдап,  ары  қарай  өзендер  арқылы  Эвксин  понтына  (Қара  теңіз)  
шығарды». 
Арабтардың  кезеңінде,  араб  жазушысы  Хирдадбенің  айтуынша (865 ж.),  орыс  көпестері  құндыз 
мен  қара  түлкілердің  терілерін  Еділ,  Каспий  жəне  Орта  Азия  жерлері  арқылы  Үндістан  мен  Қытайға 
шығарған.  Географ  Массудидің (943 ж.)  айтуынша,  Еділ  арқылы  балтық  жағалуына  бет  алған  үлкен 
ховарезмийлік (хиуалық) тауарлар тиелген кемелер жүзген. 
Орта  ғасырларда  Шығыс  елдерімен  жүргізілген  сауда  итальяндық  республикалар  Венеция  мен 
Генуяның  қолына  көшкен  кезде,  генуездіктер  Қытай  елімен  Тану  (Қара  теңіздің  жағасындағы  қала), 
Сарай, Астрахань, Сарайшық, Үргеніш, Отырар жəне Құлжа арқылы сауда байланысын орнатты. 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау