Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет56/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
111
3. Шемонайха ауданының мынадай ауылдық  кеңестеріне  бөлу жоспары: 
    Крупская атындағы колхозға - 7 шаруашылық; 
   Ертіс  атындағы колхозға - 50 шаруашылық; 
   Фарпост атындағы колхозға - 50 шаруашылық; 
   Буденный атындағы колхозға - 50 шаруашылық. 
1933 жылы Өскемен ауданының 10 колхозына 356 көшпелі шаруашылықтар орналастырылды [4, 
15б.]. Өскемен ауданының Атқару  комитетінің  жұмысына көшпенділерді орналастыру қорынан 20  мың  
сом  аударылды.  Олардың  барлығы  тұрғын    үйлермен,  мүлікпен  жəне  тағы  басқа    заттармен  толық 
қамтамасыз  етілді  десе  де,  Шығыс  Қазақстан  облысының  өлкетану  мұражайынан  Өскемен    ауданының 
«Трактор»  коммунасының  тек 10 отбасына  тұрғын    үй  дайындап,  қалған 15 отбасына  материалдардың 
жетіспеушілігінен  үй  дайындалмағандығы  туралы  хабарлама    жасаған  коммуна  төрағасының  хаты  
табылды [5, 2б.].  Яғни  бұдан  көшіп  келушілерді  колхоздар  өздерінің  жағдайларының  нашарлығынан  
толық қамтамасыз ете алмағандығын көруге болады.  
1931-1932  жылдар  аралығында  көшпелі    жəне  жартылай  көшпелі  шаруашылықтарды  
отырықшыландыру деңгейі Шығыс Қазақстан облысы бойынша мынандай болды
 
[6, 158б.]:                        
1931 жыл 1932 
жыл 
Отырықшыланд
ыру   жоспары 
Оның ішінде 
ұжымдасқаны 
Отырықшы- 
ланған    ша-
руашылықтар 
Отырықшы- 
ландыру 
жоспары 
Оның ішінде 
ұжымдасқа-
ны 
Отырықшы- 
ланған 
ша-
руашылықтар 
27,2 
23,3 
87,9 
26,4 
25,9 
87 
   
Бұл  деректерден 1931 жылмен  салыстырғанда 1932 жылы  отырықшыланған  шаруашылықтың 
ұжымдасқаны 2,6 пайыз артық болғанын көруге болады.  
Өскемен  ауданына 1933 жылы  690 шаруашылық  орналастырмақ  болып  бірақ  тек 365 
шаруашылық  орналасқан [7, 1б.].  Соның  ішінде 1174 жеке  шаруашылық,  онда 511 еркек  жəне 663 əйел 
адамдар  болған.  Сонымен  қатар, 12 жасқа  дейінгі 229 бала  жəне 12-16 жас  аралығындағы 58 
жасөспірімдер болған. Келген шаруашылықтардан жаңадан ешқандай колхоз құрмай, оларды 10 колхозға 
орналастырды. Оларға тұрғын үй ретінде 319 үйді жөндеп берген.  
Отырықшыландыру  қорынан  мал  сатып  алуға 40 мың  сом  қаржы  бөлініп,  оған 40 жылқы, 143 
сиыр, 74 тайынша, 52 бұзау, 379 қой-ешкі сатып алынған. Сонымен бірге азық-түлік, киімдерге де 456 сом 
бөлінген.  
Бірақ 1933 жылдың 1 мамыр мен 25 шілде аралығында отырықшыландырылғандардың 20 адамы 
дизентерия мен туберкулезден қайтыс болған [8, 3б.].
 
Сонымен  бірге  Шығыс  Қазақстан  облысына 1932 жылдың 5 мамырына  дейін  Батыс  Сібірден 29 
166 қазақ босқындары көшіріліп əкелінген. Ал, І4  500 адам  сонда қалып қойған [9, 263б.]. 
Отырықшыландыру  мəселесі  бойынша  бақылау  комитетінің  баяндамасы  облыстық  атқару 
комитетінің  президиумында  тыңдалып,  қаралған.  Баяндама  бойынша  облыста 1932-1933 жылдар 
аралығында 142 000 адам көшіп жүргеніне қарамастан 78000 астамы қайтып оралған. Отырықшыландыру  
шараларына жоспар  бойынша 44000 адамға  арналғандықтан  нəтижесінде  босқындардың жаппай  келуіне 
байланысты кемшіліктер болған [10, 22б.].  
Облыс бойынша бұл шараларға қаржы бөлу мəселесі байыпты қаралмаған. 446 480 сом кредиттің 
тек 398 735 сомы, яғни 89,3 пайызы ғана колхоздарға беріліп, ал қалған қаржылар жұмсалмаған [10, 22б.]. 
Өнеркəсіп  тауарларымен  қамтамасыз  етуде  жоспарлы  түрде  жүргізілмеген.  Жоспар  бойынша 
263000  сомның  тауары  берілуі  тиіс  болса,  оның 161 172 сомының  немесе 99,5 пайызының  ғана  тауары 
берілген. Сонымен қатар, облыстық қамтамасыз ету  одағы киім, аяк-киім, қант, шай  сияқты өте қажетті 
тауарлармен қамтамасыз етпеген. Ал жоспарды печенъе  есебінен орындаған. Оның өзі бір адамға 3 сом 
04  тиын  мөлшерінде    берілсе,  кейбір  аудандарда  (Жарма  ауданында) 1 сом 69 тиыннан  30 сомға  дейін  
мөлшерінде  берілген.  Яғни  бұдан  жергілікті  органдардың  өте    қажетті  тауарлардың  жоспарын  онша 
қажетті емес товарлармен орындағанын көруге болады. 
Азық-түлік  көмегі  де  жоспар  бойынша 40 960 ц.  болса,  оның 39 505 ц.  ғана  бөлінген.  Тіпті  бұл 
көмектер  кейбір  жағдайларда  отырықшыландыратын  шаруашылықтар  бармаған  аудандарға  да  бөлінген. 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
112
Жергілікті жерлерде оларды жеке адамға бөлу шаралары да əртүрлі деңгейде жүрген.  
Осындай  деректерде  облыс  бойынша  отырықшыландыру  жоспарына  бөлінген  қордың  дұрыс 
жоспарланбай жүргізілгендігін байқауға болады.  
Мемлекет бөлген кейбір азық-түліктер жеке адамдардың қалтасына түскендігі жөнінде де фактілер 
бар.  Мəселен, 1932 жылы 26 қазанда  болған  Баян  ауыл  ауданының  босқындарына  бөлінген  азық-
түліктердің қорын тексеру актісінен көруге болады. Бұл ауданға əртүрлі азық-түліктер есебінен барлығы 
137 751 кг  аударылған [11, 93б.].  Жекелей  түрде  босқындарға 85 287 кг  беріліп,  ал  толтырылмаған 
құжаттар  негізінде 1401 кг  бөлінген  жəне  тағы  басқа  орындарға  беру  нəтижесінде,  барлығы 124 994 кг 
жұмсалған. Ал жетіспеген мөлшеріне керекті құжаттардың жоқтығына байланысты - 12 757 кг азық-түлігі 
жоқ болып шыққан.  
Орталық  комитеттің  шешімі  бойынша  басқа  облыстардан  келген  босқындар  мен  шет  елге  кетіп, 
қайтып оралған босқындардың орыс аудандарына орналастыру қолға алынғаны белгілі. Шығыс Қазақстан 
өлкесіне 7 мың  қожалық  келуге  тиіс  болған [12, 46б.].  Бұл  қожалықтардың  орналасқан  жерлеріндегі 
жағдайлары  өте  нашар  болғандығын  мұрағат  деректері  дəлелдейді.  Тұрмыс  үйлері,  азық-түлік 
жағдайлары, тіпті орыстармен қарым-қатынастары қиын жағдайда жүрді. 
 Көшіп-қонушылардың  Семей  көшіп-қону  пункті  бойынша 1929 жылдың 23 қыркүйегінің 1930 
жылдың 18 қарашасына  дейінгі  аралықта 1448 адам  өткен.  Бұлардан  басқа  журналға  тіркелмей  өткені 
қаншама. 
Мұрағат  деректеріне  үңілетін  болсақ, 1933 жылы 29 қарашада  жарық  көрінген  "Прииртышская 
правда» газетінің 275 номерінде Өскемен ауданының "Искра" колхозының төрағасы Карпов босқындарды 
орналастыру  мəселесіне  ешқандай  шаралар  қолданбағандықтан,  олар  азық-түлікпен,  тұрмыс  үйлермен 
қамтамасыз етілмегендігі туралы БК/б/ партиясының облыстық комитетінің хатшысы Стакун жазған [13, 
10б.].  Жəне  де  ол  босқындардың  жағдайларының  нашарлығына  байланысты,  оларды  жаппай  ауруға 
ұшырағандығы,  нəтижесінде 14 адам  қайтыс  болып,  І5  адам  бұл  жерден  кетіп  қалғандығын  көрсеткен. 
Сонымен қатар, Стакун «Ударник», «Красная нива», «Трактор», «Прожектор», «Иртыш»  колхоздарында 
қазақтарды, оның ішінде əйел адамдарды соққыға жығу фактілері бар екендігін жазған.  
Мемлекеттік    қордан  отырықшыландыру  үшін 1930-1932 жылдар  аралығында 17 916,1 мың  сом 
бөлінсе, 1933 жылы бұл мақсаттар үшін 2057,1 мың сом бөлінді [14, 18б.]. Оның көп бөлігі шаруашылық 
құрылыстарына,  үй  салуға,  мəдени  тұрмыстық  құрылыстар  салуға  бөлінді.  Тек  қана 1933 жылы 
республика  бойынша  отырықшыландыру  аудандарында 42 астық  қоймалары, 22 ұстаханалар, 59 
құдықтар, 4600 жаңа үйлер салынып, 56 000 ескі үйлер жөнделген.  
Отырықшыландыру барысында босқындар мəселесі де өзекті болып табылады. Босқындардың өте 
көп    қоныстанған  жері – Риддер    қаласы  болды.  Бұл  жерге 1932 жылы  Балқаштан 166 жұмысшы  жəне 
олардың  жанұясының 160 мүшесі  келген  болатын [15, 4б.].  Олардың  жағдайының  нашарлығы  жөнінде 
облыстық жұмысшы-шаруа инспекциясының  бақылау комиссиясының мүшесі Литкиннің 1933 жылы 27 
сəуірде  осы    комиссияның  төрағасы  Жұбабаевқа  құпия  түрде  жазған  дерегі  дəлел  болады.  Онда  ол 
аштықпен,  жағдайларының  нашарлығынан  əлсіреген  қазақ  жанұяларын  Риддердің  партиялық  кəсіподак 
басшылары  жергілікті  халық  алдында  тұрпайы  түрде  мазақ  еткендігін  жəне  олардың  тұрмысына  дұрыс 
жағдай жасамағандығын атап көрсете отырып, сондай коммунистерді атаған. Олар - партияның қалалық 
комитетінің бұрынғы хатшысы – Михеев , азық-түлікпен қамтамасыз ету меңгерушісі - Бершейн, орман 
бөлімінің меңгерушісі – Романенко, орман бөлімінің прорабы - Софронов, бастауыш ұйымының хатшысы 
–  Андреев.  Литкин    осы  адамдардың  тəртіптері  партиялық  жауапкершілікпен  қаралып,  қылмысты  іс 
қозғауды  Жұбабаевтан талап еткен. 
Үш  күн  өткен  соң,  яғни 30 сəуір  күні  Литкиннен  тағы  да  хат  келіп  онда  ол  Балқаш 
жұмысшыларының  ағаш  дайындау  учаскесіне  жіберілген  жерінде,  тағдыр  тəлкегіне  тасталғандығы 
жөнінде  жазған [16, 10б.].  Онда  босқындардың  жағдайы  туралы  былай  деп  жазған: "Они  умирали 
ежедневно почти на глазах партийного руководства, просили помощи, но их никто не слушал,  им никто 
не помогал". Осы мəселені атқару комитетінде қарап жауапты 13 адам сотталған [16, 10б.].  
Босқындардың  хал-ахуалдары  туралы  тексеру  жүргізген  комиссияның  баяндамасын  тыңдаған 
аудандық комитет бюросы бұдан бұрын, яғни 1932 жылдың 6 қазанында бірнеше фактілерді қарастырған 
болатын [16, 12б.].
 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау