Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
129
ол газет сол кездегі жалғыз мұсылман баспасөз органы ретінде, мұсылмандар тұратын барлық жерлерде
таратылды /2/. Оны Қырымда, Кавказ, Орталық жəне Шығыс Ресейде, Қазақ даласында да оқыды.
И. Гаспринский «Тəржімəн» газетін шығарып, Ресейдің түркі тілдес халықтары арасында ортақ
əдеби тілдің қажеттілігі мəселесін алғаш рет көтерді. Ортақ түркі тілін жасаудағы мақсаттың бірі түркі
халықтарын бір-біріне жақындастыра түсу еді /3/. Əзербайжан халқының ХХ ғасыр басындағы көрнекті
саяси қайраткері Расул Заде: «Түрікшілдік саяси қозғалыс емес, ол ғылыми-философиялық, этикалық
мектеп. Мəдени бірігу жолындағы күрес тəсілі»-деп көрсетеді /4/.
И. Гаспринскийдің жолын ұстаған кісілердің мұсылмандар арасында саны күннен күнге көбейе
берді. Мəселен, Татарстанда А. Баязитов, Д. Кильдиеев т.б. «Иттіфақ əл-муслимин» («Мұсылмандар
одағы») құрылды. Орталық Азиядағы жəдидтердің басшылары ақындар Абдур-Рауф Фитрат пен Махмуд
Бехбудилер, Файзулла Ходжаев, Мунауар Абдурашидов өлеңдерінде Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің
қаһармандық күресін дəріптеп, зиялыларды Тұран елінің бұрынғы беделі мен абырой атағын қайтадан
қалпына келтіру үшін, күреске шақырды. Бір кездерде Орталық Азияны мекендейтін түркі халықтарының
бəріне ортақ əдеби тіл болған-ескі шағатай тілін қайтадан жандандыру жəдид мектептері мен жас
ұстаздардың халық зиялыларының қасиетті міндеті деп түсіндірді /5/.
1906 жылы тамыз айында Нижний Новгород қаласында мұсылман халықтарының Бүкілресейлік
ІІІ-сьезі шақырылып, онда қабылданған талаптардың негізіне жəдидтердің ұсынысы алынды. Мəселен,
сьезд мұсылман елдері мектептерінде сабақты оқушылардың өз ана тілінде барлық мұсылман
мектептеріне ортақ тұрақты оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жасауды жəне мұсылмандар үшін,
жалпыға бірдей міндетті бастауыш білімді жүзеге асыруды талап еткен 33 тармақтан тұратын қаулы
қабылдады. Онда мұсылман балалары үшін барлық елді мекендерде бастауыш жəне орта мектептер
ашылсын, оқу араб графикасы негізінде ана тілінде өткізілсін, балалар 8 жастан оқуға барсын деп
көрсетілді. Тек оқу ғана емес оқыту мəселесі де сьезд делегаттары назарынан тыс қалмады. Қарарда
Ресейдің мұсылман мектептерінде бірдей оқу бағдарламасы болу қажет, ол үшін 1907 жылдың мамыр
айында Қазан, Қызылжар, Ташкент, Бақшасарай, Омбы қалаларында мұғалімдер сьезі шақырылсын
делінді. Мұсылмандар бірлігін арттыра түсу мақсатында сьезд «ортақ түркі тілі» барлық жəдидтік
мектептерде арнайы пəн ретінде оқытылсын деп шешті /6/.
И. Гаспринский мектеп, медреселерде діни сабақтармен қатар, дүниауи ғылымдар- математика,
жағрафия, тарих, биология секілді т.б., пəндерді оқыту заман талабы екенін насихаттады. Сондай-ақ жас
баланың тəрбие алатын жері мектепті түзеп, оның ішіндегі заттарды: парталар, жазу тақтасы, тарихи жəне
жағрафиялық карталар, глобустар т.б. көрнекі құралдар, сол сияқты оқулықтар класс журналы, сабақ
кестесі Еуропа елдері мектептерінің үлгісімен жабдықталып, ұлтшылдық тəрбиесін мектептен бастау
керектігін баса көрсетті. Ол осы мақсатта алдымен араб алфавитін түркі халықтарының тіліне лайықтап,
дыбыстық естілу ерекшелітеріне сəйкес бір ізге түсірілген жазу ісін-ескі «қадымшылықтан» «усул
жəдидке» көшуді ұсынды /7/.
Жалпы алғанда жəдид мектептерінде қолданған əліппелер мен оқулықтардың екі түрі болды: ал
əдебиеттен, ана тілінен оқу кітаптары жалпы саны оншақты. Олардың ерекшеліктерін аңғару үшін
біразының аты жөніне тоқталайық.
Мəселен, əліппелер қатарына жататындары: Мұхамедораз Нұрбаевтың «Қазақша əліппесі» /Уфа
1910/. И. Арабаев пен Қ. Сəрсекеевтің «Əліппе, яки төте оқуы» /Уфа, 1911/, Ж. Амандосовтың «Қазақша
ең жаңа əліппесі» /Уфа, 1912/, К. Ғабдулиннің «Қазақ балаларына жəрдем», «Қазақша əліппе кітабы»
/Қазан, 1913/ т.б. К. Ғабдуллин əліппесінің қазақ мектебі оқулықтары тарихында алатын орны ерекше.
Өйткені ол, дидактиканың көрнекілік принциптеріне сəйкес құрастырылған, алғашқы қазақ əліппесі. Онда
шəкірттерге əріптердің суреттердің көмегімен үйрету, таныстыру жолдары баланың ұғымына оңай 27
түрлі суреттердің көмегімен жүзеге асатындығы көрсетілген еді /8/.
Исмаил бек Гаспралы «Тəржіман» газетіне қосымша ретінде жариялаған «Мектеп жəне
жəдидшілік деген не» атты кітапшада реформа жасауды қалаған ескі əдісті қолданатын мектептердің
қателіктерін былай деп көрсетіп берді. Оның пікірінше, бір кездері озық мəдениеттің бесігі болған мектеп
медреселерде уақыт өте келе мынадай қателіктерге жол берілген.
1. Мектеп медреселерде белгілі бір оқу жүйесі жоқ.
2. Дəрістер оңайдан емес, керісінше, күрделіден басталады.
3. Шəкірттер ешқандай сынақ немесе тексеруден өткізілмейді.
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
130
4. Шəкірттер қабылдауына жəне қабілетіне қарай сыныптарға бөлінбейді.
5. Ана тілінде оқу, шығарма, есеп сияқты пəндер жеке пəн ретінде оқытылмайды.
6. Негізгі кітаптың орнына қажетсіз түсініктемелерге көп орын берілген.
Исмаил Гаспралының айтуына қарағанда уақыт өте келе əл-Фараби, Ибн-Сина, Ұлықбек,
Хорезми, Али-Құсшы жəне тағы басқа ғұламалардың еңбектері медреселерде қажетсіз болып табылып,
жаратылыстану пəндері оқу бағдарламасына енгізілмеген еді.
Исмаил Гаспралының ұсынысы бойынша:
1. Бастауыш мектеп медреседен бөлінеді.
2. Бастауыш мектептің жее мұғалімі болады.
3. Мұғалім садақа емес, айлық алады.
4. Басталып оқудың жеңіл түрі қолданылады.
5. Тек оқуға емес, сондай ақ жазуға да мəн беріледі.
6. Қыз балалар үшін де бөле бастауыш мектептер ашылады.
7. Білім беру белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі, оқулықтар жас ерекшеліктеріне қарай
қолданылады.
Бірқатар қиындықтарға байланысты бастапқыда тек 12 оқушы ғана қабылданған бұл мектеп 45
күннен кейін болған сынақ барысында үлкен жетістікке қол жеткізді. Осы уақыт аралығында мұғалім
Бəкір мырза жаңа əдіспен шəкірттерге оқу жазуды үйретті. Бұрынғы əріпті жаттатып, сөзді буын-буынға
бөліп, дауыстап оқытатын ескі əдістің орнына дыбыстарды қосып оқытатын жаңа əдіс арқылы шəкірттер
45 күннің ішінде оқу-жазуды толық меңгеріп шықты. Бұл оқиғаны өз көздерімен көріп, таң-
тамашақалғандар үлкен əсерге бөленіп, емтихан күні мектепке тағы 40 бала қабылданды.
Сонымен, жəдид қозғалысы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында, ресейдегі түркі тілдес
халықтардың əлеуметтік-педагогикалық санасына үлкен ықпал еткен тарихи оқиға болды. Олардың
мұсылманның қадими мектептерінде ғасырлар бойы өзгеріссіз өмір сүріп келген оқу-тəрбие
жұмыстарының жүйесін жаңа заманның қажеттеріне сəйкес қайта құру жөніндегі талаптары сөз жоқ
прогрессивтік роль атқарды.
Алайда, олардың өз талаптарын жүзеге асыру жолындағы шаралары, көп аймақтарда жергілікті
халықтардың талап-талғамына, артқан үмітіне толық жауап бере алмады. Мəселен, Қазақстанда жадид
мектептерінің көбісі, негізінен қалаларда ашылды. Кең далада мал бағып өскен қарапайым қазақ
шаруалары, қадими жəне жəдид мектептерінің бір-бірімен басты айырмашылықтарын жөнді ажырата
білген жоқ. Олар үшін, бұл мектептердің екі түрі де кəдімгі қатардағы діни мектептер болып есептелінді.
Жəдидтердің тағы бір көтерген маңызды мəселесі, діни мектептерінде баланың өз ана тілінде
оқуына тиым салу өте үлкен мəдени кемшілік, əлеуметтік əділетсіздік деп, дұрыс түсінгендігінде. Олар
қадими мектептерде ғасырлар бойы түркі тілдес халықтарды балаларын зорлап түсініксіз араб не парсы
тілінде оқыту, өте үлкен педагогикалық қараңғылық, ол баланың танымдық қабілеті мен психологиялық
дамуына, ұлтжандылық сезімінің қалыптасуына кедергі жасайтынын айтып дəлелдеді. Бұл маңызды талап,
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде толық жүзеге аспады.
Ал, жəдидтердің қазақ тілі мен əдебиеті жөнінде жазған оқулықтарының кемшіліктері көп болды.
Олай дейтініміз, жəдидтер өзі қазақтың кіршіксіз таза табиғи тілін жөнді білмеді. Олардың оқулықтары
араб, парсы немесе шағатай тілдерінің халыққа жат сөздерімен орынсыз шұбарланды. Оқу материалдарын
түсіну қазақ балаларына қиынға соқты. Сондықтан, жадид оқулықтары қазақтың тіл шеберлігінің інжу
маржаны болып табылатын Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» жəне А. Байтұрсынов
оқулықтарымен бəсекелесе алмады.
Жадидтер қадими мектептеріндегі оқыту, сауат ашу əдістеріндегі кемшіліктерді де атап көрсетті.
Олар қадими мектептерде бағы замандардан бері қолданылып келе жатқан баланың түсінуіне өте қиын
əдіс-əріптерді ежелеп қосып оқыту тəсілінің орнына, баланың хат тану процесін əлдеқайда оңайлататын
жолы-дыбыстарды қосып оқытатын жаңа əдісті ұсынды. Бұл күнде барлық дүние жүзі ұстаздары
мойындаған дыбыстарды қосып оқытатын əдісті-ол кезде төте оқу əдісі деп атады.
Жəдидтер, сол сияқты, қадими мектептерде дін оқуынан басқа дүниелік пəндердің
оқытылмайтынын үлкен педагогикалық қателік екенін де атап көрсетті. Осы кемшіліктерді жою үшін,
діни мектептерде бала жоғарыда атап көрсеткендей өз ана тілі мен əдебиетіне қоса, өз халқының тарихы
Достарыңызбен бөлісу: |