Microsoft Word История. №3,2010



жүктеу 5,07 Kb.
Pdf просмотр
бет53/66
Дата28.11.2017
өлшемі5,07 Kb.
#2117
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ,  «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж. 
 
 
105
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР 
ПЕРСОНАЛИИ 
 
 
 
 
ТҰРАР ЖƏНЕ ƏЛИХАН 
 
О.М. Қоңыратбаев –  
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Магистратура жəне PhD докторантура 
институтының Гуманитарлық мамандықтар кафедрасының доценті, т. ғ. к. 
 
Қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысының  көшбасшылары  Тұрар  Рысқұлов  пен  Əлихан  Бөкейхановтың 
өмірбаяндары жақсы зерттелінгеніне қарамастан, өкінішке орай, əлі де тереңдете, жан-жақты аша түсетін 
жайттар  жеткілікті[1].  Сондай  келелі  мəселенің  бірі – аталған  қайраткерлердің  бір-біріне  деген  өзара 
қамқорлығы болып табылады. 
Əлихан  Бөкейханов - ұлт  зиялыларының  аға  буын  өкілдерінің  көшбасшысы  ретінде  патшалық 
монархиялық билік тұсында-ақ қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын идеологиялық жəне практикалық 
тұрғыдан  негіздеген  саяси  тұлға  болса,  ал  Тұрар  Рысқұлов – тоталитарлық  кеңестік  билік  жағдайында 
егемендік үшін күрес жүргізген жас буынның жетекшісі болды. Ə. Бөкейхановтың қазақ мемлекеттілігін 
қалпына келтіруге күш салып, бұл мақсатта либералдық бағыттағы орыс партияларының бірі – кадеттерді 
жақтағаны  белгілі,  бірақ  Ресей  кадеттері  тарихи  мүмкіндікті  тиімді  пайдалана  алмай,  революциялық 
дүрбелең  дəуірінде  саяси  аренадан  ығысып  қалды  да,  оларды  қолдаған  ұлт  қайраткерлерінің  көпшілігі 
азамат  соғысы  жылдарында  большевиктермен  тайталасуға  мəжбүр  болды.  Қызыл  армияның  жеңісі 
либералдық бағыттағы ұлт зиялыларының үмітін сөндіріп, жаңа билікті амалсыз мойындауға мəжбүр етті. 
Алашорда  жетекшісі  Ə.  Бөкейханов  бұл  тұста  Семейден  Қарқаралыға  қоныс  аударып,  жергілікті  билік 
орындарының қырағы бақылауына алынады.  
Түркістан  өлкесінде  де  осы  сипаттағы  процестер  өріс  алды.  Түркістан  зиялыларының 
бастамасымен  өмірге  келген  Түркістан  Мұхтарияты 1918 жылы  Ташкент  большевиктері  тарапынан 
талқандалды[2].  Өлкедегі  саяси  билік 1919 жылдың  ортасына  дейін  толығымен  орыс  большевиктерінің 
қолында  болды.  Мұхтарият  талғандалғаннан  кейін  саяси  билік  пен  əскери  күшке  ие  болып  отырған 
Ташкент  большевиктерімен  ымыраға  келу  мақсатында  жаппай  партия  қатарына  өте  бастаған  түркі-
мұсылман жастары Т. Рысқұлов (жаңадан табылған тарихи деректердің мəліметіне қарағанда Т. Рысқұлов 
РК(б)П қатарына, жиырмасыншы жылдары өзі жазып көрсеткендей 1917 жылдың қыркүйегінде емес, 1918 
жылдың  басында    өткен[3])  құрған  Мұсылман  Бюросының  ұйымдастырумен  шовинистік  ниеттегі  орыс 
большевиктерін  республикадан  ығыстырып  шығарып,  Түркістан  Республикасының  егемендігі  мен 
Түркістан конфедерациясы туралы мəселе қояды. «Тұтас Түркістан» идеясын көтергені үшін Т. Рысқұлов 
Орталық тарапынан қатты қуғын-сүргіңге ұшырап, Түркістаннан Мəскеуге «жер аударылды». 
Осылайша,  қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысының  қос  жетекшісі  де  Мəскеу  үшін  сенімсіз    саяси 
тұлғаларға  айналған  болатын. 1920-1922  жылдары  Ə.  Бөкейхановтың  ашық  саясатпен  айналысуына 
ешқандай  мүмкіндік  болған  жоқ.  Ал  РК(б)П  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросының  шешімімен    И. 
Сталин басқаратын РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатына қызметке жіберілген Т. Рысқұлов 
үшін  аталған  жылдар  аса  ауыр  болды.  РК(б)П  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросы  Т.  Рысқұловты 
Мəскеуде  қызметте  қалдырудың  өзін  қауіпті  санап, 1921 жылы  комиссариаттың  Азербайжан 
Республикасындағы  тұрақты  өкілі  етіп  алыстағы  Бакуге  жіберді.  Теңіз  жағасында  орналасқан  Бакудің 
климаты  Түркістанның  құрғақ  ауа-райына  үйренген  Т.  Рысқұлов  үшін  жайсыз  болып,  оның  үстіне  ол 
Балқан,  Кіші  Азия,  Кавказ  аймағында  кең  тарай  бастаған  жұқпалы  өкпе  ауруын  жұқтырып,  қатты 
науқастанады  да,  азық-түлік  пен  қаржы  тапшылығы  жағдайында  бір  жылдай  емделуге  мəжбүр  болады. 
Денсаулығы  түзелгеннен  кейін  Т.  Рысқұлов  комиссариаттың  орталық  аппаратына  оралып,  коллегия 
мүшесі, артынан комиссардың орынбасары болып сайланады. 


ВЕСТНИК  КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г. 
 
 
106
Жиырмасыншы  жылдардың  басында  толық  саяси-əскери  жеңіске  жеткен  большевиктер  арнайы 
репрессиялық органдар (ВЧК, ішкі істер бөлімдері, əскери округтар мен майдандардың ерекше бөлімдері, 
трибуналдар  жəне  т.б.)  арқылы  азамат  соғысы  жылдарындағы  саяси  қарсыластарын  іздестіріп,  жаппай 
жазалау саясатын бастайды. Репрессиялық саясат ең алдымен большевиктерге жау жалпыресейлік саяси 
партиялар  (кадеттер,  эсерлер,  монархистер  жəне  т.б.)  мен  ұлттық  ұйымдарға,  ақтар  жағында  соғысқан 
əскерилерге,  үстем  əлеуметтік  топ  пен  дін  қызметкерлеріне,  сондай-ақ  партия  ішіндегі    оппозициялық 
топтарға  қарсы  бағытталды.  Амнистия  жариялағандарына  қарамас-ақ  бұрынғы  алашордашылардың  да 
алғашқы кезекте репрессияға ұшырайтыны анық еді. Осыны сезген алашордашылардың көпшілігі түрліше 
мүмкіндікті  пайдаланып  Қазақстан  аумағынан  Түркістан  өлкесіне  қоныс  аударып  үлгерген  болатын. 
Арнайы органдардың қырағы бақылауында жүрген Ə. Бөкейханов та 1922 жылы Сарыарқадан Түркістанға 
кетуді жоспарлай бастайды.  
Ə.  Бөкейхановтың  құпия  түрде  Ташкентке  кетуінен  қауіптенген  ГПУ-дің  (Мемлекеттік  Саяси 
Басқарма)  Қарқаралыдағы  жергілікті  бөлімшесі 1922 жылы 14 қазанда  оны  тұтқынға  алады.  ГПУ-дің 
Қарқаралы  бөлімшесінің  іс-əрекетіне  наразылық  білдіріп,  өзін  босатуды  талап  еткен  Ə.  Бөкейханов 
түрмеден  таныстары  арқылы  қол  жалғап  Мəскеуге,  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссариатына 
«Алиханов»  деп  қол  қойылған  шұғыл  жеделхат  жолдайды.  Жеделхаттың  «Алиханов»  деп  атпен 
жіберілуінің  өзіндік  сыры  бар,  өйткені  оның  нағыз  иесі  кім  екенін  білсе  Қарқаралының  телеграф 
бөліміндегі ГПУ агенттері тəркілеп алары сөзсіз еді. Жеделхат үш кісінің -  РКФСР Ұлт істері жөніндегі 
халық комиссары И. Сталиннің, халық комиссарының  орынбасарларының бірі Тұрар Рысқұловтың жəне 
РКФСР  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  мен  Еңбек  жəне  Қорғаныс  Кеңесі  төрағасының  орынбасары  А.Д. 
Цурюпаның  атына  жолданған: «16-10-22  Москва    Каркаралов  т.  Сталину  копия  Зампредсовнаркома 
Цурюпе  Замнаркомнац  Рыскулову  По  распоряжению  ГПУ  арестован 14 Отправляют  Семипалатинск 
Прошу разрешит самому приехат Москву Алиханов»[4]. 
Ə.  Бөкейхановтың  жеделхатын 16 қазанда  қабылдап  алған    РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық 
комиссариатының  пошта-байланыс  бөлімі  мəтін  жазылған  телеграф  лентасын  жеке  параққа  желімдеп, 
№13873-ші қатынас нөмірімен мөрлеп, 1922 жылы 17 қазанда комиссар И. Сталинге жолдаған. И. Сталин 
1917-1923 жылдар аралығында Кремльдегі басқа да қызметімен қатар РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық 
комиссары  қызметін  қоса  атқарғанымен  де,  комиссариаттың  істеріне  араласпаған,  өйткені  ол  осы 
жылдары  комиссариат  коллегиясының  небəрі 20 мəжілісіне  ғана  тікелей  қатынасқан  екен [5].  
Комиссариаттың  жұмысын  түрлі  уақыттарда  орынбасарлық  қызмет  атқарған  Пестковский,  Нариманов, 
Рысқұлов, Сұлтан-Ғалиев, Бройдо, Павлович, Клингер, Гусейнов жəне тағы басқалар жүргізіп отырған. 
И.  Сталин    арнайы  үкіметтік  байланыс  арқылы  Кремльге  жеткізілген  Ə.  Бөкейхановтың 
жеделхатымен танысқан соң, «Алиханов»  деген кісінің Ə. Бөкейханов екенін бірден түсінген жəне оның 
тұтқындалуы  қазақ  қайраткерлері  ортасында  жағымсыз  реакция  туғызып  отырғанын  аңғарған  да,  нақты 
көңіл-күйді  білу  үшін  жеделхат  желімделген  параққа  қара  қаламсаппен  «Қазақстан  мен  Түркістаннан 
сұралсын»  деп  жазып,  комиссариатқа  кері  қайтарған.  И.  Сталин  жеделхаттың  бір  көшірмесі  жолданған   
А.Д.  Цурюпаның    фамилиясын  бұл  мəселеде  оның  пікірінің  қажеті  жоқ  деген  ниетпен  белінен  сызып 
тастаған. Жеделхаттың бір көшірмесі жолданған Т. Рысқұлов бұл күндері Мəскеуде емес еді. 14 қазанда 
Қарқаралыда  тұтқындалған  Əлихан  аталған  мезгілде  Тұрардың  қайтадан  Түркістанға  қызметке 
ауыстырылып жіберілгенін естімеген.  
Кеңес елі азамат соғысынан арылып, жаңа экономикалық саясат арқылы қираған шаруашылықты 
қалпына  келтіруге  жанталасқан  қысылтаяң  шақта  большевик  көсемдері  мақта  өнеркəсібі  шоғырланған 
Түркістан  сияқты    аса  маңызды  стратегиялық  аймақтың  экономикасын  жандандыру  үшін  Т.  Рысқұлов 
сынды  талантты  ұйымдастырушыға  зəру  болып,  оны  Түркістанға  кері  қайтару  туралы  мəселе  қояды. 
РК(б)П Орталық Комитетінің Орта Азия Бюросының төрағасы Я. Рудзутак РК(б)П Орталық Комитетінің 
Саяси  Бюромен  келісе  отырып,  РК(б)П  Орталық  Комитетінің  Ұйымдастыру  Бюросының 1922 жылы 25 
қыркүйектегі мəжілісінде Түркістанның саяси-экономикалық жағдайы туралы арнайы баяндама жасайды. 
Түркістанның  қираған  шаруашылығын  қалпына  келтіру  үшін  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық 
комиссарының орынбасары Т. Рысқұловты Түркістанға қайтару, оны РК(б)П Орталық Комитетінің Орта 
Азия  Бюросының  мүшелігіне  өткізіп,  Түркістан  Республикасының  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 
төрағасы етіп тағайындау туралы ұсыныс білдіреді. РК(б)П Орталық Комитетінің Ұйымдастыру Бюросы 
Я. Рудзутактың ұсынысын қабыл алып, Т. Рысқұловты Түркістанға қайтару туралы шешім шығарады[6]. 


жүктеу 5,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау