Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 3 (26), 2010 ж.
41
Одақ көлемінде буржуазиялық жазушыларларды əшкерлеу, айыптау жəне жазалау троцкишілерге
қарсы кең ауқымды ұйымдастырылған шаралармен байланысты өтті. Қазақстан пролетариат жазушылары
да троцкизмді айыптап, оған қарсы күреске өз үлесін қосты. 1937 жылдың басында Москвада
троцкишілерге сот үкімі шыққанда, оны қолдап – он төрт жазушы С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Əуезов,
С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ə.Тəжібаев, М.Қаратаев жəне басқалары «Қазақ əдебиеті» газетіне жарияланған
«Жауға мейірім жоқ» деген мақалаға қол қойды.
Себебі, 1936-37 жылдары Кеңес Одағын елеңдеткен бірнеше саяси айыптауларға негізделген сот
процесстері өтті. Оған жұмысшылар мен колхозшылар, кеңестік мекемелер тартылды. Əртүрлі қоғамдық
ұйымдар, солардың ішінде, шығармашылық одақтар да тыс қалмағаны белгілі. 1936 жылы 19-24 тамыз
аралығында КСРО Жоғарғы Сотының Əскери Коллегиясы «Антисоветтік біріккен Троцкийшіл-
зиновьевтік орталықтың» ісін қараған ашық сот процесі өтті [7, 171-б.]. Ал, 1937 жылы қаңтарда
«антисоветтік троцкийшіл орталықтың» ісі қаралды [7, 210-б.]. Олардың кеңес өкіметіне қарсы іс əрекетін
айыптауға Қазақстан жазушылары да тартылды. Троцкийшілерді, оларға пікірлестерді əшкерлеу, іздеп
табу, айыптау мен жазалау шаралары Қазақстанда да жүрді.
Осы 20 жылдардың екінші жартысы мен 30 жылдары А.Байтұрсынов, Ə.Бөкейханов, М.Дулатов,
М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытовты т.б. қазақ зиялыларын ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деп
сынаған, танымал кеңестік сыншылардың бірі саналған, кезінде Голощекин қолдауына ие болған
Ғ.Тоғжанов та троцкийшіл уклонмен айыпталды. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты қорында
Ғ.Тоғжановқа қатысты мынадай құжат сақталған: «Тоғжанов əдебиет пен өнер ұйымының басшысы бола
отырып, басқарма жұмысына ешқандай араласқан жоқ жəне əдебиет жөніндегі кітаптарында толып
тұрған, өзінің троцкийшіл ұлтшыл қателіктері жнінде бір ауыз да сөз айтқан жоқ. «Абай» кітабында қазақ
халқының қас жаулары – Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов есімдері аталып, оларды қазақ əдебиеті
негізін қалаушы Абайдың заңды мұрагерлері ретінде көрсетеді. Осылай істеу арқылы алашордалық
шайкаға Абайдан кейінгі қазақ əдебиетінің қозғаушы күші деген жалған ролін таңады. Ол алашордашыл
жазушыларды қылмыспен пара пар түрде дəріптейді, Жазушылар Одағы жұмысын бүлдірді, сынды тежеді
... бандитка Г.Серебрякованың «Маркстің жастық шағы» кітабын бастырды», – делінеді [8].
М.Ақынжанов Ғ.Тоғжановтың «Абай атты кітабын «алашордашыл контробанда» атады. Шоқан
мен Ыбырайға да дұрыс баға бермеді. «Абайды қосақтап отырған Уалихановы барып тұрған реакцияшыл
хандардың бірі, предатель екенін, Алтынсаринның Орынбор генерал-губернаторының жалдама тыңшысы
болғанынын Тоғжанов айтпады, – деп сынады [9].
Қазақ жазушылары арасындағы саяси-идеялық талас, тартыс, айтыс өзара сынау мəселесінен
москвалық басшылық та тыс қалмады. КСРО халықтары əдебиеті бойынша маман И.Анур (нақты аты
жөні – Аршалиус Михайлович Аршаруни) деген біреу 1937 жылы КСРО Жазушылар Одағы басқармасына
Қазақстан Жазушылар ұйымының қызметі жөнінде «əшкерлеген» анықтама дайындады. Онда, мынадай
мəліметтер келтірді. «Ұзақ жылдар бойы С.Сейфуллин əдебиетші ретінде, бірнеше саяси қателіктер
жіберді. Революцияның алғашқы жылдарында С. Сейфуллин «сейфуллиншілдік» деп аталған қазақ
əдебиеттіндегі ұлтшылдық топты басқарды. Автордың көңіл күйін айқын білдіретін оның «Азия» (1922)
өлеңі. Сейфуллин «алашорданың қасқыры» – Байтұрсыновты дəріптеуде Қазақстан Жазушылар
Одағының төрағасымен толық бəсекелесе алады (шамасы Сəбит Мұқановты айтқаны болуы керек)».
1937 жылдың 7 қыркүйегінде Алматыда ақын-жазушылардың кезекті «Əдебиеттегі ұлтшыл-
фашистердің зиянкестік істерімен күресу жəне жас кадрларды өсіру» жөніндегі жиналысы өтті.
Жиналысқа С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов қатыспады, І.Жансүгіров бұл кезде
тұтқындалды. Баяндаманы М.Қаратаев жасады. Ол баяндамада: «Əдебиеттегі ұлтшыл-фашист элементтер
осы күнде көп жерден табылып жатыр. Қазақстан елінде де, əдебиет майданында да ұлтшыл фашистердің
агенттері бар. Байділдин, Тоғжанов секілді адамдар əдебиетімізге зияндық жасады. Ол өзіне Жансүгіров,
Тайшықов секілді күшіктерін ертіп, əдебиетті бүлдірді. Жансүгіров, Қоңыратбаев деген бұзылғанды алды.
...Сəкен, Бейімбет, Сəбиттердің қателерін көрсетіп келеміз – дей келе, И.Жансүгіровтың осы кезде
тұтқындалғанынынан хабардар баяндамашы Ілиясты оның шығармаларын да айыптау нысанасына
айналдырды. «Жансүгіровтың «Құлагері», «Жорығы», «Күйші», «Жолдастары» халыққа зиянды нəрсе
болса да, кейбір сыншылар мақтап жүр, – десе оның сөзін іліп əкеткен, Т.Жароков те «Жансүгіровтер
жастардың еңбегін жоймақ болды», деп айыптады [10]. Қабылданған қаулыда, «жазушылар ұйымында
халық жауларының екіжүзді іс əрекеті, олардың зиянкестік жұмыстары ұзақ уақыт бойы əшкерленбей
келді. Сондықтан, жолдас Сталин көрсеткендей «саяси бейқамдық орын алды». Сейфуллин, Майлин,
ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», № 3 (26), 2010 г.
42
Мұқанов жолдастар өз уақытында халық жауларын ақыр соңына дейін əшкерлемеді, олардың іс əрекетіне
баға бермеді, либералдық, келісімпаздық көрсетті жəне өздері де көптеген саяси қателіктер жіберді ... деп
атап өтілді [11]. «Казахстанская правда» газетінің 1937 жылдың 16 қыркүйегіндегі №213 санында жарық
көрген «Выкорчевать национал – фашистску мразь из союза писателей Казахстана» деген мақала қазақ
əдебиетінің сол кездегі көрнекті тұлғалары С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжановқа қарсы бағытталды.
Мақалада: « ... Сəкен Сейфуллин 1936 жылы өз мұрағатынан «Қызыл сұңқарлар» пьесасын алып, онда
ешқандай бір түйірде ұялмастан өзін өзі мақтаумен айналысқан, азамат соғысы жылдарындағы қазақ
бұқарасының ерлік істерін қисық айнамен көрсетіп, қазақ халқының азаттық күресіндегі орыс
пролетариатының жетекшілік ролін пасықтықпен бұрмалады», – деп жазды [12, 326-327-бб.].
Тоталитарлы диктаттың, үстемдік пен саяси-идеологиялық шырмаудың қуаты мен ахуалын
бағымдау үшін бірқатар құжаттарға назар аударалық. 1937 жылдың 13 шілдесінде өткен партия
жиналысында қабылданған қаулыда атап өтілді:
«...Қазақстан жазушылар Одағы Басқармасы жетекшілері əдебиеттегі контреволюциялық-ұлтшыл
контрабандамен аяусыз күрес жүргізудің негізгі жəне басты міндеттерін түсінбеген.
3. Жолдас Сейфуллин мен Жансүгіровтың Одақты саяси басқаруға селқос қатысуы, өзін өзі
сынаудан қорқуы, қазіргі кезеңдегі саяси тақырыптардан бас тартуы, өмірден қол үзіп қалуы секілді Одақ
басшылығы жұмыстары мен шығармашылық жұмыстарында жіберген өздерінің қателіктері мен
кемшіліктерін мойындағындығы жөніндегі өтініштері есепке алынсын» [5, 82-83 –бб.].
Сонымен қатар, С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың «Адасқандар», «Бай
баласы», «Шығармаларының І томы», Б.Майлиннің «Шығармаларының І-ІҮ томы», І.Жансүгіровтың
«Шығармаларының І томы», М.Əуезовтың «Өткеннің көлеңкесі», «Қараш Қараш оқиғасы»,
Ғ.Тоғжановтың «Абай», Ж.Сəрсеновтың «Əке баласы», «Тоғжан» шығармалары зиянды деп саналып
таралымнан тез арада жинап алуды талап етті.
Пролетариат жазушылары саналып келген Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов те қудалануға
түсті. Жазушылар ұйымында өткен жиналыста олардың шығармашылығын тек қана сынау, қателіктері
мен кемшіліктерін көрсету емес, саяси көзқарасының солқылдақтығын, тұрақсыздығын əшкерлеп
Б.Майлинді ашық түрде «халық жауы» деп айыптады. Қазақстан коммунистік большевиктер партиясы
қатарынан Б.Майлинды шығару жөніндегі Қазақстан Жазушылар Одағы бастауыш партия ұйымының
1937 жылдың 8 қазанындағы жиналысы хаттамасында былай делінген:
«Тыңдалды»: Майлин жөнінде. Қаулы қабылданды: а) Б.Майлин халық жауы ретінде, ҚК(б) П
қатарынан шығарылсын. б) Ұлтшыл-контрреволюционер Майлин əшкерлеу жөнінде бірнеше рет мəселе
көтерілгеніне қарамастан, жолдас Ғ.Мүсірепов Жазушылар Одағы Басқармасы мүшесі жəне ҚК(б)П
Мəдени ағарту бөлімі меңгерушісі бола отырып, маусым айында Одақ жазушыларының партия
жиналысында халық жауы Майлинді ашық түрде қорғап сөйледі; оның сыртында Майлин ұлтшыл ретінде
əшкерленген мақала жарық көретін газеттің шығуын (редакторы болмаса да) тоқтатып, бұл мақаланы
Майлиннің пайдасына қайта жөндеді.
... Жолдас Мүсіреповтың Майлинмен жəне басқа да халық жауларымен (Сейфуллинмен,
Лебеденкомен, Тоғжановпен, Хұсайыновпен, Нұртазинмен, Ғатаулинмен, Жаманқұловпен, Айсаринмен
жəне басқалармен) байланысын дəлелдейтін басқа да көптеген бірнеше фактілер бар. Мүсіреповтың ісін
оның партиялығы жөніндегі мəселені қарау үшін ҚК(б)П ОК партия ұйымына берілсін» [5, 111-б.]
Қуалану мен сынға ұшыраудан Абай, М.Жұмабаев жəне Ж.Аймауытов шығармаларын
алғашқылардың бірі болып сынаған Ғ.Тоғжанов та тысқары қалмады. С.Сейфуллин, Б.Майлин жəне
С.Мұқанов еңбектерін талдаған Ғ.Тоғжанов, олардың шығармашылық қызыметін ауқымды түрде көрсете
алмады, сонымен қатар негізсіз сынап қателіктер жіберді, көрнекті тұлғалар шығармаларынан саяси астар
іздеп, сынап-мінеп орынсыз тұқыртты. Төңкеріске дейін патша өкіметіне қарсы күрескен қазақ
зиялыларын, оның ішінде айрықша А.Байтұрсыновты ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деп большевиктік
тұрғыда сынап жазған шығармасы да өз басы дауға түскенде қорған болмады.
Оның «Əдебиет жəне сын мəселелері» кітабы əдебиеттанудың əдістемесі мен теориясындағы
күрделі мəселелерді көтерген алғашқы еңбек. Ғ.Тоғжановтың əдеби-сын еңбектері қазақ əдебиеті дамуына
елеулі ықпал жасады. Өз жұмысында қазақтың əдеби мұрасын классификациялап, жіктеді жəне
əдіснамасын талдап, ұсынды. Бірінші кезекте қазақ эпосын, фольклорын, халық ауыз əдебиетін қойып,
одан кейін кеңес əдебиетін ұсынды. Өзінің кеңес əдебиетіне сын көзбен қарауын Ғ.Тоғжанов, қазақ
жазушылары пролетариат жазушысы болып саналмайды, себебі, өздерінің нақты шығу тегіне байланысты
Достарыңызбен бөлісу: |