[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет66/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   164

131 
 
из  них  в  данном  коммуникативном  акте.  Автор  отмечает,  что  цель  некоторых 
коммуникативных  тактик  предопределена  заранее,  тогда  как  цель  некоторых  из  них 
изменяется  в  процессе  коммуникации  в  зависимости  от  условий  и  характера  общения 
коммуникантов. Автор дает характеристику основным коммуникантам коммуникативного 
акта и определяет характер их общения.  
 
Ключевые  слова:  коммуникативный  акт,  коммуникант,  коммуникативные  тактики, 
коммуникативная цель, стереотипный фрейм,  казахская лингвокультура. 
 
Поскольку  в  казахстанской  лингвистике  не  проводились  исследования  по 
коммуникативным  тактикам  на  материале  сложных  по  структуре  и  содержанию,  объемных 
речевых 
актов, 
мы 
сочли 
возможным 
подвергнуть 
лингвокогнитивному 
и 
лингвокультурному анализу ряд коммуникативных актов из художественных текстов разных 
авторов. 
Цель  работы  –  выявить  по  возможности  полный  корпус  коммуникативных  тактик, 
используемых  в  казахской  лингвокультуре.  Подобное  исследование  дает  возможность 
описать  варианты  тактик  и  эксплицирующие  эти  тактики  вербальные  и  невербальные 
средства. 
В данной статье для анализа нами выбран отрывок из романа С. Бакбергенова «Қайран 
шешем»,  главной  героиней  которого  является  выдающаяся  казахская  домбристка  и 
композитор Дина Нурпеисова. Приведем отрывок полностью. 
...Нұралының  жылдығын  бергенсін  бір  жетіден  кейін  Нұрпейістің  жамағайын  інісі 
Жәпек Динаға кісі салды. Дина мұны күтпеген  Арада біраз күндер өтті. Қасына елдің бір 
ақсақалын  ерткен  Жәпек  келді.  Дина  оларды  кәдімгі  үйреншікті  қонақша,  асып  саспай, 
сабырмен  қабылдады.  Ас  алдында  ауыл  ақсақалы,  қазанбас  Мендіқара  суыртпақтап, 
жайымен ғана сөз бастады: 
- Дина қалқам, әрі келін, әрі баламсың. Келін дейтінім мен осы елдің баласымын. Балам 
дейтінім әкеңнің көзін көрдім. Мұның үстіне өнеріңе, ақылыңа туған әкеңдей көп сұйсінген 
жанмын. (1) Әке баласына ақылын айтады. Сонда оны жаман болсын, қатар құрбыдан кем 
болсын деп айтпайды. Қайта, солардан артық болсын, бағы ассын, өнері ассын, мәртебесі 
жоғары болсын деп айтады. Мен әкең болсам, нақ сол ниеттемін. (2) Осы келісімді жақсы 
тілекпен, ұғысармыз деген үмітпен келген жайым бар... (3) 
Дина тағдырына мойын ұсынып, не етсең де қолыңдамын деп отырған адамша, басын 
төмен салып, жерге қараған бойы шал сөзін үнсіз тыңдады.  
-  Сақаламды  қырау  басқан,  көз  алдымды  сағым  шалған,  төрімнен  көрім  жақын  боп 
отырған шағымда сені, анау жүрген қанатсыз балапандар, сенің бес балаңды, жамандыққа 
қиып,  азапқа  қарай  айдайын  деген  ниетім  жоқ.  (4)  Қайта,  кешегі    Нұрпейістің  орынына 
қайын ата болып, Кенженің орынына туған әке болып, бұған қоса өнеріңе сүйсінген жақсы 
көрер қалыс, жамағайын болып, жаным аши келген жайым тағы бар. (5) 
Шалдың    көмейін  Дина  ұғып  отыр.  Содан  да  болар  кестелеп  айтқан  Меңдіқара 
сөздерін  салғырт  тыңдады.  Өткені  ол  бұл  кезде  іштей  толғана  отырып,  өз  жауабын 
жұбатпаған еді. (6) 
Бұл бір жағынан Мендіқара мен  Жәпекке жаттау көрінді. Сөзімізді құп алмас па екен 
деген  күдік  салды.  Жайды  осылай  болар  деп  өзінше  ұққан  ақсақал  күн  қақты,  тарамыс 
саусақтарымен әжімді жүзін қайта-қайта сипап, аз-кем ойлы отырды да, сөзді қайтадан 
алыстан орағыта бастады. (7) 
-  Дина  келін,  баламсың  дедім.  Әке  сөзін  зейін  қойып,  мән-жайын  шаға  отырып 
тыңдаған абзал, - деп шал Динаға шуқшиып қадала қарады. (8) 
-  Ата,  айта  беріңіз,  сөзіңізді  тыңдап  отырмын.  Сіз  мені  жесір  еді  деп,  есіркеп 
отырсыз, жұбату айтып отырсыз. (9) 


132 
 
- Ие, айнашым Дина, жұбату – жұбату ғой. Оның да дұрыс. Бұл да жұбату. Ал, оның 
бер  жағында  жақында,  Нұралының  жылдығын  бердің,  ең  соңғы  жұбату  сонда  айтылды. 
Ендігі сөз басқа сөз... (10) 
- Сонда қалай, ата-ау, бұл сөзіңіз жұбату болмаса, жылату ма еді? Менің осы күнге 
дейін түсінігім жесір әйелді не жұбатады, не жылатады. Бұл екеуінен басқа жол жоқ. (11) 
Мендіқара  шал  Динаның  суырыла  сөйлегенін  ұнатпағандай  иығын  бір  рет  қиқаң 
еткізіп, жанындағы Жәпекке қарады. Бірақ ол жайын ұққан жоқ. (12) Одан гөрі Дина тез 
түсінді де, сөзін іле жалғады. 
-  Басына  ақ  орынына  қара  салған  жесір  әйелге  де  керегі  сол.  Ол  не  жылауға,  не 
жұбануға  лайық.  Жаны  ашыған,  әке  орынына  әке  болдым  деген  адам  жұбатады,  қаралы 
жесірдің  жарасын  аямай  тырнағысы  келген  қаныпезер  жылатады.  (13)  Қатты  айтсам 
кешіре  көр,  ата,  жесір  адам  кейде  осылай  оқыс  та,  шалыс  та  сөйлей  береді.  (14)  Бірақ, 
жесірлігімді  жамылып,  бет  тырнасқалы,  жер  жыртысқалы  отырғаным  жоқ.  (15) 
Сөзіңізді  іркелмей  айта  беріңіз.  Жесірдің  бәрі  ессіз,  қорғансыз  қалады  деген  бекер.  Қайта 
жесір көңілі бүтін, төрт жағы түгел, құбыласы сай әйелден есті де, ойлы да, сақ та келеді. 
(16) Қанаты бүтін сұңқардан, тұяғы бүтін тұлпардан асқақ аңның айла асырар шағы көп 
болады деп Құрман ақа айтушы еді... (17) 
Өзін бір тайпаның биі, ақылшысы, шешені, білгірі, санайтын Мендіқара мүдіріп қалды. 
Біріншіден,  ол  Динаны  өнерпаз,  әнші,  күйші,  ақ  жарқын,  сымбатты  сұлу  әйел  санағанмен, 
сөзге  ділмар,  ойлы  адам  деп  ұқпайтын.  Екіншіден,  алдап-арбау  емес,  сөз  таластырып, 
иландыра алғанда ғана жеңуге боларын сезді. (18) 
Іркелмеңіз,  ата,  іркелмеңіз!  Сөз  сіздікі.  Мен  тыңдаушымын,  ұғушымын,  -  деп  Дина 
Жәпекке  қарады.  Оның  осы  жерде  бар-жоғыда  белгісіз  еді,  бүк  түсіп,  жер  шұқып  отыр 
екен,  бет  әлпетін  көре  алмады.  –  Тыңдаушы  көнімпаз,  ұғымпаз  болса,  сөйлеуші  шешен 
болар. Мен көнімпаз болмағанмен, ұғымпазбын. (19) 
Дина жүзін жылытып, шалға рай бере қарады. Сөзден мүдіріп, неден бастарын білмей 
отырған кәрі тарлан нақ осы жерден шап ете түсті. (20) 
- Сөзің суық болғанмен, өңің жылы. Алыс кетпесіңді содан ұғам, Дина! (21) Менің бір 
білместігім  бопты,  кешіре  гөр!  Жесірмен  емес,  терезесі  тең,  сөз  жарыстырар  ақыл 
адамымен  сөйлесіп  отыр  екенмін.  Қате  менікі.  Кешір,  қалқам!  (22)  Жұбату  мен  жылату 
туралы айттың! Өте  дұрыс айттың, жесірді не жұбатады, не жылатады. Мен сені бұл 
жолы  да  жұбатқалы  келдім.  Екі  деп  айтарым  мынау,  (23)-  деп  шал  алдында  жатқан 
дастарханның  шетін  сұқ  қолымен  нұқып  қойды.  –  Шайнап  берген  балаға  ас  болмайды. 
Сондай-ақ  сөз  ұғар  пендеге  езбелеп  көп  айтқаннан  жаман  нәрсе  жоқ.  (24)  Ендігі  сөзім 
қысқа.  Ол  мынау:  «дүниенің  көп  азабының  бірі,  ең  ауыры  –  жесірлік  азабы,  жалғыздық 
азабы, әкесіз бала өсіру азабы». Мұнымды құптармысың, Дина? (25) 
- Көрер азабы көптіктен де жесір-жетім деп атаған ғой, ата! – деді Дина. (26) 
-  Дұрыс  айтасың,  Дина,  солай,  нақ  солай.  Атамын  деп,  әкемін  деп  келгенде  сол 
азабыңды  құлан-таза  құртпағанмен,  аздап  та  болса  жеңілдетуге  жарасам,  бір  парыздан 
құтылғандай болар ем. (27) Міне, мына отырған Жәпек, әрі құрбың, әрі қайының, әрі нағыз 
әменгерің. Осының тілегімен келген жайым бар. Хабарсыз, тосын сөз емес, бұрын да шет 
жағалап айтылса керек. (28) Осыған ойлаған жауабынды бер! Сөз сенікі, Динажан! (29) 
-  Ата-ау,  айтылған  сөзде  айып  жоқ.  Айтқаныңыз  дұрыс.  Бірақ  о  заманда,  бұ  заман, 
жесір  қатын  тоқал  боп,  әйел  үстіне  барса,  оның  жұбанғаны  қайсы?  (30)  Қайта  мұныңыз 
жұбату  емес,  «жығылған  үстіне  жұдырық»  деп,  жылатқан  үстіне  жылату  болмай  ма? 
Қаралы басымды дауға, далбайға салып, қайта саудаға салудың жөні болар ма екен? (31) 
Ауызына су толтырып алғандай ділмар қарт тағы да үнсіз қалды. Дегенмен, тағы да 
жеңілдім  деуден  бұл  жолы  аулақ  еді.  (32)  Содан  да  болар,  өзінің  ішкі  толқының 
қымтағандай, қымың етіп, бетіне күлкі үйіріп келді де, сөзін бастады. 
-  Бұл  сөздің  жаны  бар.  Бірақ,  Дина  аты  тоқал  дегенмен,  әділіне  келсек,  тоқалдың  – 
тоқалы  бар  емес  пе?  «Ұлы  сөзде  ұят  жоқ»  деген,  өзіміз  осы  жасымызда  бәйбішемен 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау