182
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» сияқты «ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен
музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда
мәңгі қалуға тиіс», деп айқын көрсеткен болатын.
Абай поэзиясы-өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті мәселелерін толғаған
поэзия. Оның өлеңдерінде, қарасөздерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей
шындығы бар, бәсекеге қабілетті мемлекет, ұлттық білім беру жүйесі, жаңғырту, дәстүрлі
жүйе, бағалау жүйесі..
Ақын поэзиясын идеялық, көркемдік-эстетикалық, жанрлық, құрылымдық, тілдік-
бейнелілік, стильдік тұрғыдан талдап, қазақ өлеңіне енгізген жаңалығын, реформаторлығын,
ұлттық әдебиетті дамытудағы ролін, аударма саласындағы талғамын, ұстанымдарын,
жетістіктерін, еркіндігін, талантын, поэма жазудағы мақсатын, нәзиралық дәстүрді
жаңаша жаңғыртуын таныту, талдап түсіндіру, қара сөздеріндегі сыни пікірлерін, тәлімдік
өсиеттерін, діни танымдық уағыздарының сырына қанықтыра түсу ақын мұрасын бүгінгі
күн талабы тұрғысынан оқытудың басты мақсаты да.
Ақын поэзиясындағы ұлттық көркемдік ойлау өзгешелігін өмір құбылыстарын
сөзбен мүсіндеу шеберлігінің жарқырап көрінуін, шығарма құрылымы-ның жүйесін,
көркемдік, тілдік, эстетикалық ерекшелігін, текстологиялық зерттелуін Білім беру
бағдарламасы талабы деңгейінде теориялық тұрғыда талдай білуге үйрету, зерттей оқу
дағдысын, құзіреттілігін қалыптастыру-оқытудың бірден-бір алғышарты болуы тиіс.
Абайтану оқытуда ақынның өмірі мен туысы, ата тегі, ақындық мектебі - ақындық
нәр алған арналары мен ақын шәкірттері, әдеби мұрасының жиналуы, жарияланымы,
алғашқы зерттеушілердің қосқан үлестері, М.Әуезовтың абайтану ілімін қалыптастырудағы
зор еңбегі, абайтану тарихы, абайтану ғылымының бағыт-бағдары жайында да толыққанды
мағлұмат берілуге тиіс.
Ақынның әлеуметтік, саяси лирикасы, басты тақырыптарының идеялық нысанасы,
өмірді суреттеушілік тәсілі, сыншылдық бағыты, қазақ әдебиетінде реалистік көркемдік
әдісті қалыптастыруы, аудармалары, орыс классиктерімен үндестік сарындары, Лермонтов
шығармаларына аса ден қоюының себеп-салдары, шығармаларының танымдық, көркемдік,
эстетикалық мәні, тақырыптық негізгі арналары, адамгершілік сарын әуендері, өлеңдерінің
тіл бейнелілігі, өмірді бейнелеудің жаңа көркемдік әдісі – сыншыл реалистік әдісті
қалыптастыруы, әдеби тілдің образдық - бейнелеу мүмкіншіліктерін биік сапаға көтеруін,
өлең поэтикасына енгізген жаңалығын игеру барысында абайтанушы ғалымдардың зерттеу
еңбектері мен монографиялары арқылы түсінік, пайымдарымын тереңдете түсу қажет. Абай
ұлылығының сырын ұғыну, абайтану ғылымының тарихын, жетістіктерін, бүгінгі бағытын
аңдатып, Абай мұрасының көркемдік-эстетикалық, поэтикалық мәнін, әлеуметтік, идеялық-
моральдық, тәлімдік–тағылымдық маңызын оқып тану арқылы ақынның әдеби мұрасын
өсиетұлағат тұтуға тәрбиелеу де ақын мұрасына және абайтану ғылымына жастардың
қызығушылығын арттырып, шығармашылық тұрғыдан зерттеу дағдыларын қалыптастыру да
маңызды міндет.
Қазіргі кезде республиканың жалпы білім беретін ұйымдарында Қазақстан
республикасы Білім және Ғылым министрлігінің міндетті оқуға ұсынған таңдауы бойынша
курстары оқытылады, олар: – «Абайтану» – 9-11 сыныптар; – «Дінтану негіздері» – 9-сынып;
– «Өлкетану» – 7-сынып. 9-11-сыныптарға арналған «Абайтану» курсы таңдау пәнінің
бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы
идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған
Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42- тармақтарына сәйкес әзірленді.
«Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген және 2013- 2014 оқу жылында мектептердің оқу
үдерісіне енгізілді. Жалпы білім беретін мектептердің 9-11-сыныптарына арналған
«Абайтану» курсы таңдау пәнінің жылдық оқу бағдарламасына 34 сағат бөлінген. Оның 31
сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды
183
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде
қорытындылауға беріледі.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын
жоймайтын рухани қазынасы. Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту қоғамдық ой-санада
тың серпілістер туғызары анық. Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа
қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасау, ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі
жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ. Келер ұрпақты елін, жерін
сүйетін елжанды, отансүйгіш етіп тәрбиелеу міндеті білім беру саласындағы мемлекеттік
саясаттың басым бағыты болып табылады. Абайтануды оқытудың негізгі мақсаты – Абай
Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық
әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігін, ойшыл, кемеңгерлігін танытуға
бағытталған.
- оқытудың міндеттері–қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын
тану;
абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға концепциясына
қатысты өзекті мәселелерді айқындау;
Абайдың шығыс пен батыс әдебиетін терең меңгеруінің мәні мен маңызын жан-жақты
ашу;
ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі
көшбасшылық орнын көрсету;
ақын шығармаларындағы ғылым, білім, ақындық өнер, елдік мәселелердің
маңыздылығын түсіндіру;
Абай шығармаларын оқып-білудің өзектілігін,
Абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес
екендігін ұғындыру;
қазіргі Абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау,
насихаттауын;
Абай шығармашылығындағы толық адам тұжырымын айқындау;
Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні
мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту;
Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау;
ақын қарасөздерінің, өлеңдерінің, поэмаларының, аудармаларының, ән мен күйлерінің
мазмұны адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты,
бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету.
ақын поэзиясына тереңдеп үңілу үшін алдымен мәтінді оқыту, талдау,
қарасөздеріндегі заман, әлеумет, дін жайын толғаған философиялық ойларының сырын
ұғынуға, жұмбақ қыр-сырын түсінуге талап қылу, қалауы бойынша өлең, қарасөз жаттау.
«Абайтану» курсы ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі,
Абайтану мәселелері, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, поэмалары және
поэзияға қойған биік мақсаттары топтастырылып берілді. Абайдың шығыс пен еуропа, орыс
әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуы, оның шығармашылық, ақындық
өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғанын
шәкірттердің санасына жеткізу. Абайдың әдеби мұрасы дүниежүзі халықтары әдебиетінің
алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін жас буын ұрпаққа үлгі- өнеге ету.
Мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне
жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты саралай отырып терең ғылыми негізде
ұғындыру. Абайтанудың тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуге баулу. 9-
сыныпта жас ерекшеліктеріне қарай берілген Абай шығармаларының мазмұны 10-11-
сыныптың «Абайтану» курсының оқу бағдарламасында кеңейтіліп, спираль тәріздес
дамытылып берілген. 9-сыныпта Абайдың өмірі, Абай ақындығының бастаулары, Абай
шығармаларындағы шығыстық сарындар, Абай және орыс, батыс әдебиеті, Абай мұрасының
орыс және өзге тілдерде танылуы, Абайтану мәселелері, Абай шығармаларындағы ғылым,
Достарыңызбен бөлісу: |