Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет87/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   129

 
174 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
ӘОЖ 373.1.02:37.035.6:78(=512/122) 
 
СТУДЕНТТЕРДІ САУЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЯРЛАУДЫҢ МӘНІ МЕН 
МАҢЫЗЫ 
 
Рысбекова Р.М., Тұрлыбеков Б. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
Ryszhan_rysbekova@mail.ru 
 
Мақалада  бүгінгі  таңда  студенттердің  денсаулығы  өзекті  мәселе  болып 
қарастырылады,  сондықтан  студенттерді  сауықтыру  жұмыстарына  даярлау  үлкен  рөл 
атқарады. 
Кілттік  сөздер:  студенттердің  денсаулығы,  сауықтыру  жұмыстары,  салауатты 
өмір салты, гипокинезия, қажеттілік, қозғалыс әрекетіне қажеттілік. 
В статье рассматривается актуальность здоровье студентов на сегодняшний день, 
поэтому большую роль играет подготовка студентов к оздоровительной работе.  
Ключевые слова: здоровье студентов, работа в области здравоохранения, здоровый 
образ жизни, гипокинезия, потребность, потребность в движении. 
The  article  discusses  the  relevance  of  the  student’s  health,  so  preparation  of  students  for 
health work plays a great role.  
Key  words:  students'  health,  health  work,  healthy  lifestyle,  hypokinesia,  need,  need  for 
movement. 
 
Дені  сау  да,  тұлға  бітімі  жақсы  дамыған  студент  жастарды  тәрбиелеудегі 
қоғамымыздың қажеттілігі өзінің маңыздылығы жағынан жыл сайын кең арналы сипатқа ие 
болып  келеді.  Өйткені,  студенттердің  денсаулық  жағдайы  мен  тұлға  –  бітімінің  дамуы 
төмендей  түсуде,  мұның  өзі  дәрігерлердің,  ұстаздардың,  дене  тәрбиесі  мамандарының 
алаңдаушылығы мен абдыраушылығын туындатуда. 
Біз негізге алып отырған  студенттерге дене тәрбиесін беру  жүйесінің әдістемесі мен 
Президенттік  тест  кешенінің  нормативтерін  орындау  –  салауатты  тұрмыс  жағдайындағы 
дене  тәрбиесімен  өздігінше  айналысуға  деген  тәрбиелік  мәнді  талаптар  сияқты  ең  басты 
міндетті шеше алмай отыр. 
Сондықтан  да  «Дене  тәрбиесін  дамыту  концепциясының  бірінші  бөлімінің 
«Адамдарымыздың дене тәрбиесін жетілдірудегі қажеттілігін қалыптастыру» деп аталуы, ал 
студент  жастар  үшін  «Халыққа  дене  тәрбиесін  беру  бағдарламасы»  бөлімінде  «Дене 
тәрбиесін  өз  бетінше  жетілдіру  мен  салауатты  өмір  салтын  орнату  талабын  қалыптастыру» 
[1]  міндетінің  қойылып  отыруы  кездейсоқ  жағдай  емес.  И.В.Муравов  пен  оның  қосарлы 
авторлары  дене  тәрбиесін  берудің  академиялық  сабақтары  қозғалыс  жүйелері  белсенді 
жұмыс  істейтін  студенттердің  небәрі  20-25-%-ын  қамтитындығын  айта  келіп,  олардың  бос 
уақыттарында  дене  тәрбиесінің  сауықтырғыш  мүмкіндігін  барынша  белсенді  пайдалану 
қажеттілігіне назар аударады [2]. 
Дене тәрбиесі әдістерінің сауықтырғыш мүмкіндіктері мен қоғамдық мәнін аша келіп, 
И.В.Муравов  :  «  Адамзат  тарихында  дене  тәрбиесі  дәл  қазіргі  жаппай  гипокинезияның 
халықтың денсаулығын нашарлатып тұрған кезеңдегідей  күндері  қозғалыс әрекетіне деген 
қажеттілікті арттырған емес… » деп атап көрсетеді [2]. 
 «Қажеттілік»  ұғымы  философиялық  энциклопедиялық  сөздікте  «Адам  ағзасының 
тіршілік қызметін, адамның жеке басын, әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамның саулығын 
қолдап  отыру  үшін  белгілі  бір  қажеттіліктің  тапшылығы  мен  жетіспеушілігі»  деп  түсінік 
беріледі  және  оның  қозғалыс,  биологиялық,  рекреациялық,  эстетикалық  және  басқа 
қажеттіліктерін қанағаттандыруымен айқындалатын дене тәрбиесіне тікелей функционалдық 
қатысы бар. 


 
 
175 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
 В.М.Выдрин  болса,  дене  тәрбиесін  қоғамның  қозғалыс  әрекетіне  қажеттілігіне 
ерекше реакциясы және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілі ретінде қарау мүмкіндігін 
атап көрсетеді [3]. 
Дене  тәрбиесін  қажеттілік  теориясы  тұрғысынан  қарай  келіп,  ғалым  оған  өз 
кітабында:  «дене  тәрбиесі  жаттығуларына  қажеттіліктер  мен  мүмкіндіктерді  және  оларды 
қанағаттандыру  …дамыту  процесін»  ашып  көрсететін  «Дене  тәрбиесі  –  қоғам  қажеттілігі» 
тарауын арнаған [4]. 
Дене  тәрбиесінің  жалпы  адамзат  мәдениетінің  құрамдас  бөлігі  ретіндегі  әлеуметтік 
қызмет  туралы  толғай  келіп,  С.Э.Александров  оның  «Жеке  адамның  әлеуметтік    және 
мәдени  ұғымдағы  қажеттілігі  ретінде  тұлғаны  жетілдіруге  деген  жеке  бастың  мүддесін 
толықтырып,  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін-жеке  қызмет  ерекшелігі»  екендігін  бөліп 
айта  келіп:  «дене  тәрбиесіне  жалпы  адамзаттық  қажеттіліктің  артуы»  заңдылығының  өсу 
мүмкіндігі туралы пікірін білдіреді [4].  
Адам  дене  тәрбиесі  жаттығуларымен  айналысқаннан  кейінгі  дене  тәрбиесі-спорттық 
қызметі мен бұлшық еттер сезімталдығын талдауға деген қажеттілігін қалыптастыруға И.И. 
Пономарев пен В.М.Райзендер де,1989 ж., өз зерттеулерін арнады, онда олар дене тәрбиесі – 
спорттық  қызметтегі  қажеттілік  реакциясына,  3  оның;  қанағаттанушылық,  тартымдылық, 
міндеттілік өлшемі, жауапкершілік өлшемі, сондай-ақ «бұлшық еттер қуанышының» ләззаты 
мен  сезіміне  бөлену  сияқты  негізгі  сапалық  қасиеттеріне  назар  аудара  келіп,  нақты 
теориялық талдау жасайды [4].  
Адами  қажеттіліктің  мәнін  осылай  түсіну  философия  мен  психология 
мамандықтарының  өкілдерінде  де  кездеседі.  Мысалы:  Ласло  Гараи  «негізгі  адами 
қажеттіліктерді  онтогенетикалық  жағынан  арттыру  және  оны  қанағаттандыру  үшін  кез 
келген  адами  қызмет  жарамды…»  деп  есептейді.  Одан  әрі:  «Секіру,  тосқауылдан  өту  үшін 
қажет  әрекет,  ол  негізінен  ешқандай  сезім  тудырмайды;  сол  секіру  жабысқақ  жүйке 
ауруының  әсері,  ол  жапа  шектіреді,  ал  спорттық  жаттығу  ретінде  ол  қызмет  бабындағы 
ризашылық сезімі болуы мүмкін» -деп жазады [5].   
Тұлғалық рекреацияға дене тәрбиесінің түрі ретінде жалпы сипаттама бере келіп, В.М. 
Выдрин,  1989  ж.,  тағыда  қажеттілік  теориясын  сөз  қылады,  онда  ол  қозғалыс  әрекетінің 
мынадай  жақтарын  атап  өтеді:  1  –  қозғалыс  белсенділігінің  биологиялық  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру;  2  –  қанағат,  ләззат  алу  қажеттілігі;  3  –  қызмет  түрінің  бірінен  екіншісіне 
ауыстырып  отыру;  4  –  қозғалыс  арқылы  ағза  қызметін  жандыру;  5  –  адамдар  ағзасын 
қолайсыз  әсерден  сақтандыру;  6  –  адам  ағзасының  төмендеп  кеткен,  немесе  уақытша 
жоғалтқан қызметін қалпына келтіру. Мысалы, В.М. Выдрин, 1980., дене тәрбиесі процесінің 
нәтижесі  «жан-жақты  жетілу  адамдардың  қоғамдық  объективтік  қажеттіліктерін 
қанағаттандырады...» деп атап көрсетеді [3]. 
Студенттердің  оқу  құралы  және  қоғамдық  құрылыс  ретіндегі  дене  тәрбиесіне  дене 
мәдениетінің  /сауықтырғыш,  тәрбиелік,  қолданбалы,  эстетикалық,  рекреациялық, 
интернационалды/  қызметтері  тән  болып  келеді,  ол  дене  тәрбиесінің  өзінің  қызметіндегі 
оның басым маңыздылығын айқындауға мүмкіндік туғызады. 
Дене  тәрбиесі  қашанда  қоғамдық  қажеттілік  болып  келді  және  солай  болып  қала 
береді, алайда, қазіргі кезде дене тәрбиесінің әртүрлі саласына қажеттілік процесін дамыту,  
бүгінгі  күрделі қаржылық  және басқа проблемаларға байланысты тежеліп қалу мүмкіндігін 
есте  сақтаған  жөн.  Осыған  байланысты  жастарға  дене  тәрбиесін  беруде  көбіне  халық 
шаруашылығы мен білім беру жүйесінің болашақ мамандарына дене тәрбиесі мен оған деген 
қатынасты дұрыс түсіне білу міндетті екеніне баса назар аудару керек. 
Жоғарғы  оқу  орындарында  дене  тәрбиесі  жаттығуларымен  айналысудың  негізгі 
себептері мыналар: дене тәрбиесі сабағынан сынақ тапсыру кезекті спорттық атақ алу үшін 
жоғарғы  спорттық  нәтижеге  жету,  сондай-ақ,  шеберлік  таныту  жарыстары  /спорттық  оқу 
бөлімі/, денсаулық ақаулығын жою, оны орнықты дәрежеде сақтау қажеттілігі. Студенттерде 
дене  тәрбиесінің  қажеттілігін  барынша  тиімді  де  тұрақты  түрде  қалыптастыру  спортпен 
айналысу  барысында  жүзеге  асырылады,  мысалы,  ондай  студенттер  Қазақстанның  жоғары 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау