186
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
ӘОЖ 330.342
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Сейдахметова А.А., Сейдахметов А.А.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Мақалада елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік екені
қарастырылған. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және өңірлік
монополизмді жоюға, рынокта тауарлар мен қызметтерді көбейтуге, жаңа жұмыс орындар
ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, қоғам тұрақтылығының
кепілі болып табылатын орта тап қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер бар екенің
талқыладым.
Кілттік сөздер: шағын және орта бизнес, монополизм, сала, өңір, экономика,
технология, ғылыми-техникалық прогрес.
В статье рассматривается, что основой экономики страны являются малый и средний
бизнес. Благодаря развитию малого и среднего бизнеса, что существует большой потенциал
для устранения отраслевой и региональной монополии, увеличения товаров и услуг на рынке,
создания новых рабочих мест, использования научно-технического прогресса, создания среднего
класса, который является ключом к стабильности в обществе.
Ключевые слова: малый и средний бизнес, монополия, промышленность, регион,
экономика, технология, научно-технический прогресс.
The article considers that the basis of the country's economy is small and medium-sized
businesses. Through the development of small and medium-sized businesses, I have discussed that there
is great potential for eliminating branch and regional monopoly, increasing the goods and services in
the market, creating new jobs, utilizing scientific and technological progress, building a middle class,
which is the key to stability in society.
Key words: small and medium business, monopoly, industry, region, economy, technology,
scientific and technical progress.
Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Дамыған
елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен
дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орынға ие. Шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, рынокта тауарлар мен қызметтерді
көбейтуге, жаңа жұмыс орындар ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін
пайдалануға, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптастыруға үлкен
мүмкіндіктер бар. Бұл туралы Президентіміз Н.Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
атты биылғы жолдауында: «Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру
ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін
арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды.
Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы
орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан
126 мың долларға дейін арттыру керек. Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты
бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына
шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан
халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне
орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге
дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық
түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады» – дейді. Алдымен экономика, сосын саясат
формуласын ұстанатын президентіміздің шағын және орта кәсіпкерлікке деген ынта-ықыласын
бүкіл халық қолдауда.
187
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
Президентіміз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды жүзеге асыру арқылы
мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді және
біледі. Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында да атап
өтілгендей, шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің жүйелі іс-қимылдары баяндала
отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта
кәсіпкерліктің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни
несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық
банктердің жағдайына да тоқталып өтеді.
Мемлекет бүгінде кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің нарық экономикасының
толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асырылуына қажетті жағдайды
қамтамасыз етіп отыр. Міне, аз жылда республикамыз бойынша шағын және орта
кәсіпорындармен жұмыс істеуді көздейтін жалпыұлттық институттар құрылып үлгерді.
Сонымен қатар, «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры» құрылып, табысты да талапты
жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлікті қолдау үшін бір емес, бес бірдей бағдарлама жасалып,
кәсіпкерлерімізге мемлекет тарапынан үлкен басымдықтар берілген. Кәсіпкерлікті дамыту үшін
қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін
құруға бағытталған «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Кәсіпкерлердің белсенділігін ынталандыруды көздейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер
заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және
салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, осылайша
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары
жөнінде бағдарламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде. Дәл осы процеспен кете
берсек, аз жылда-ақ Қазақстан әлемдегі кәсіпкерлік жасауға ең қолайлы мемлекеттердің
қатарынан табылады. Әрине, бұл жұмыстардың басында тек бір ғана адам тұр: ол –
президентіміз Н.Назарбаев.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін мемлекетіміз
алдағы уақытта да көптеген жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырмақшы. Жоспарланған
түрде, шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымындағы үлесінің айтарлықтай артуына қол
жеткізіп, сол арқылы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығының берік іргетасы –
орта тапты нығайту қажеттілігі күн санап артуда және бұл жолда президентіміз көптеген
мәселелерді шешуде. Жалпы, алдағы уақытта Еуразиялық интеграцияда, сонымен қатар ДСҰ-да
Қазақстан шағын және орта бизнес арқылы бәсекеге төтеп беріп, ел экономикасын шарықтата
алуы тиіс. Бұл біздің президентіміздің, мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып табылады.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың пайдасы, мемлекетімізге алып келер үлесі
орасан зор. Дәл осы кәсіпкерліктің түрлерін дамытпай еліміздің экономикасын жандандыру,
халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Жұмыссыздықты жоюда, жалақы
мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке
өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген
аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес шешуші фактор. Қазақстанда
шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6
наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді
жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды. Шағын және орта
кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді
жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды. Міне,
жыл сайынғы жолдауында елбасымыз шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа
тәсілдерін ұсынып келеді. Биылғы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында да
шағын және орта кәсіпкерлікке ерекше назар аударылған.
Шын мәнінде, шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының ұтқыр әрі нәтижелі
секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек
Достарыңызбен бөлісу: |