82
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
мұсылман дінінде болғандықтан, бұл шешімдер Құран талаптарына қарама-қайшы болмай,
қайта ондағы талап-тілектермен астарласып жатты. Афоризмдік сөздер, мақал-мәтелдердің
көбейе түсуін осы билердің билік шешімі әсерінен десек ағат айтпаған болар едік. Мысалы,
«алдына келсе, әкеңнің құны болса да кеш», «бір қойдан екі тері ірелмейді», «иілген басты
қылыш кеспейді», «әділ билік алтын таразы», «тура биде туған жоқ», «арадан шыққан жау
жаман», «қара қылды қақ жарған» т.б.
Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп ұқққан, білген халық. Кез келген қазақ сөзге
тоқтаған. Өз тарихын да, тағдырын да, тәлім тәрбиесін де, заңын да, даналығын да, қуанышы
мен қайғысын да аз сөзге сыйғызған халық. Осындай тәрбие көзін беруші де билер. Биді
байлық та, барлық та қызықтыра алмаған. Би – таразы басын теңұстап, қара қылды қақ
жарушы. Олар халықтын әдет-ғұрып, дәстүрін көп білуімен, сөз таласында шешендігімен,
даулы істі қарағанда тапқырлығымен көзге түскен. өйткені билік шешімге екі жақ та разы
болуы керек. Жеңілген де, жеңген де әділеттікті мойындауы тиіс. Әйтпесе, ол әділ билікке
жатпайды. Билік, шешім, тек бір жақты болса, онда іс әділетсіз шешілді деп саналып, бидің
беделі көпшілік алдында күрт кемиді. Ал әділеттікпен шешілген әрі нақыл сөздермен
түрленген қағидаларға толы болса, онда ол ел арасына сот преценденті ретінде тарап,
басқаларға үлгі-өнегеге айналады. Билер сотының шешімі тек әділдікке негізделген және
құқық жасау сипатьша ие болған.Би істі қарағанға дейін, дауласушы екі жақ, өзара сыйлы
ақсақалдар алдында бітімге, келісімге келулері мүмкін. Бұл әдеттік құқықта «салауат» деп
аталады. Мұнан соң істі билер қарамаған. Бітімге келгеннен сон, қайта қарауға ешкімнің де
құқы болмаған [3]. Тунгатова У.А., Алтынбекова З.Т., Аккулиева А.Е. Көшпелі қазақ
қоғамы: әдеп-ғұрып заңдары және шариғаттың әсері.- pps.kaznu.kz/ru/
Сондықтан қазақ қоғамында мәмілеге келу, екі елдің ажыраған ортасын жақындату,
кешірімділікке шақыру ежелден келе жатқан дәстүрлердің бірі болып саналады. Мәміле,
бітімге келуді жүзеге асыруды жүзеге асырушылар ортада беделі бар, сөзі жүретін, халықты
ымыраға келтіретін билердің орыны ерекше болды.
Белгілі академик Салық Зимановтың сөзімен айтқанда, «...көне дәуірдің мұрасы
ретінде ұрпақтар үшін қазақтар екі мәңгі құндылықты сақтап қалды – ол Сөз құдіреті мен
Заң құдіреті». Билік пен шешендіктің арасындағы мұндай тұтастықты бірнеше факторлармен
түсіндіруге болады.
Бірінші, биліктің қоғамдық жүйенің негізгі қажетті атрибуттарының бірі ретінде
мойындалуы, екінші, дәстүрлі қазақ қоғамындағы саяси өмір әлеуметті дамудың біртекті
айналымы және оның қауымдасқан формасына тәуелді болуы. Үшінші, биліктің беделі мен
саяси биліктегі діни түсініктерге байланысты болуы. Төртінші, қоғамдық қатынастағы
әлеуметтік тұтасуға нұқсан келтіретін ауытқуларды реттей отырып, әлеуметтік ыдырауға
тосқауыл қойып, халықты белгілі бір этникалық-саяси шеңберде ұстап тұру қажеттілігі.
Бесіншіден, қазақтың дәстүрлі қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымының өз ерекшелігі.
Алтыншы, қазақ қоғамындағы «Дала заңының» үстем билігі, оның рухани қорының
сақтаушысы. Реформаторы да, жүзеге асырушысы да – билер болды. Жетіншіден, дәстүрлі
қазақ қоғамындағы билер билігін, олардың қоғамдағы беделінің жоғары болуымен
негіздеуге болады [4].
ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. №3 (71). 2014.- 19- 23 бб. Ә. Бердібаева қазақ
қоғамында шарттардың болғандығы туралы анағұрлым ауқымды мәліметтер
Ш.Уәлиханов, Н. Гордекова, А.И. Левшин сияқ-ты қазақ және орыс ғалымдарының
еңбектерінде көрініс тапқандығын атап көрсетеді. Олар қазақ қауымында жасалып
отырған шарттар жүйесінің нақты әрі реттелген күйде,
оның мән-мағынасы, түрлері мен
нысандары туралы, сондай-ақ бұл қатынастардың объектісі мүлік болғандықтан,
бұл қатынастар тек мүліктік сипатта көріне-тіндігін куәландырады. 1886 ж.
Семей статис-тикалық комитетімен жинақталған қазақтың әдет-ғұрып құқығының
материалдары Рим және Ресей империясындағы мүлік жылжи-тын және жылжымайтын
болып бөлінген жоқ.
Осылардың ішінде анағұрлым жиі кездесетіндері:
83
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
1)
мұраға алу жолымен,
яғни ата мұрасы;
2)
өз-табысы,
яғни игілікке ие болу;
3)
бұрышты мал, яғни азаматтық мәмілелер (сауда-саттық, құда түсу, жалдау).
Бұдан қазақтың әдет-ғұрып құқығында мүліктік құқықтықтарға ие болу негізі
ретінде келісім-шарт қаралғандығы анық екендігін көреміз. Олар еркіндік қағидасы
негізінде жасалып, шынайы және тиісті негізде бұлжытпай орындалатын.
Бұдан басқа шарттар қалыңмал мен құда түсуге байланысты отбасылық
қатынастарда қолданылды. Жетісу облыстық баспаханасында жарық көрген қырғыздың
әдет-ғұрып құқығы жинағында: «Неке – әйелді некелік бірге тұру үшін алу мақсатында
жасалатын шарт», – деп тікелей айтылған [5].
Қазақтың әдеттегі құқығы бойынша шарттар ауызша жасалатын, оның негізгі
объектісі мал болатын. Шарттың негізгі түрлері айырбас, қарыз және несие. Айырбас шарты
қолөнер товарлары үшін пайдаланатын. Айырбас өлшелі болып мал есептелетін.
Қарыз шарты – бір жылға және одан төмен уақытқа жасалады. Кредитор кепіл
болуын қажет ететін. Несие шарты сауын түрінде жасалатын. Яғни сауын мал уақытша
пайдалануға берілетін. Алушы малдың сүтін пайдаланып, малды күтуге және төлімен
қайырып беруге міндеттенеді. Аманат – малды бай мал иелері кедейленген қауым
мүшелеріне уақытша бағып – күтуге береді. Жылу – күйзеліске ұшыраған ру мүшелеріне
жалпылама көмек жасау, мысалы стихиялық апатқа байланысты. Жұртшылық немесе
ағайыншылық – штрафты, құнды, айыпты, қалымды өтейтін, жасауды дайындау үшін қауым
мүшелері қосылып төлейтін. Асар – үй салуға, шөп шабуға, құдық қазуға, қойды қырқуға т.б.
байланысты көмек жасау міндеті [6]. Қазақтардың XV-XVIII ғғ. әдеттегі құқығы.-
http://kazorta.org.
Қазақ қоғамы өмірінің реттеушісі болған қазақтардың әдет-ғұрып құқығының
ғасырлар бойы өмірдің талай ағымына төзіп келуін:
– руханият
пен әдептілік қағидаларын
дәріптейтін тайпалық және қауымдық өрке-ниеттің құқықтық әдет-ғұрпын ұзақ
уақыт
бойы қолданылуымен;
– адамның рухани болмысы мен әділдік және бостандыққа талпынуымен;
–
халықтың өзіне анағұрлым жақын шаруашылық-тұрмыстық көзқарасын қалыптас-
тыруға әсер ететін көшпенді өмір сүру ерек-шеліктерімен сипаттауға болады.
Бітімгершілік институты бүгінгі қылмыстық кодекстің 68-бабына сәйкес, қылмыстық
теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы
орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның
ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтірген зиянды қалпына келтірсе,
қылмыстық жауаптылықтан босатуға жататыны қарастырылған. ҚР-ның АІЖК-нің 49-
бабының 1-бөлігіне сәйкес талапкер талап қоюдың негізін немесе нысанын өзгертуге, талап
қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға
құқылы. Талап қоюдың негізін немесе нысанын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін
ұлғайту немесе азайту істі мәні бойынша қарау аяқталғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы
жүргізіледі. Талап қоюдан бас тартуға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін
жазбаша арыз беру арқылы жол беріледі. Жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы бұл
жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі татуласу немесе дауды (жанжалды) медиация
тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтай алады, оларға тараптар қол қояды және оларды
сот бекітеді [7]. Қаржауов А. Билер мұраты – бітім // Заң, 2015.-№4.-11-13 бб.
Қорыта келгенде, қазақ қоғамындағы мәмілеллер, әдет-ғұрыптық шарттық құқық
белгілі бір қисынға, ішкі байланыс пен басқа нормалармен өзара байланысқа бағынатын
нормалар
жиынтығын құрады;
шарттық қатынастарды реттеген әдет-ғұрып құқығы нормалары өздерінің мазмұны
бойынша әртүрлі қатынастарда қолданылуы
олардың әмбебаптығын көрсетеді;
қазақ қоғамында қолданылған шарттар түрлері көп болмасада олар қазақ қауымы
тұрмысын толықтай дерлік реттеп отыра алды;