78
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Республикасы авиациясының қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995
жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат) және "Қазақстан
Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Әуе кеңiстiгiн
пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитет туралы" 1996 жылғы 19
желтоқсандағы N 1563 P961563_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiнің
1998 ж. 21 қаңтардағы № 31 «Қазақстан Республикасының Азаматтық және эксперименттік
авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы
Мемавиақадағалау және Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрі
«Мемавиарегистр туралы» қаулысымен реттелген. Алайда, бұл қаулы 1999 жылы 12
наурызда «Қазақстан Республикасы көлік-коммуникациялары кешенінің Ақпараттық-
презентация орталығы мемлекеттік мекемесін» қайта ұйымдастыру туралы қаулысымен
күшін жойған болатын
6
.
Мемлекеттік бақылау инспекциясы – азаматтық аваицияны тексеру шараларын
алдын-алып, Халықаралық азаматтық ұйымдардың басшылығымен өтетін тексеру
аудиттарының мүмкін болар жетіспеушіліктерін олардың осы ұйымдарымен анықталып
үлгермей жөндеуі болып табылады. Алайда еліміздегі азаматтық авиация жағдайы осы арада
қорғансыз болып келеді. Мысалы, 2009 жылғы ИКАО-мен жүзеге асырылған тексеру
аудитінде азаматтық кемелерінің халықаралық ұшуларына ғана емес, жалпы ұшу
бағдарламасында біраз кемшіліктер табылған еді. Тексеріс нәтижесінде ИКАО
инспекторлары орын алған жағдайды дұрыстауға 5 жыл уақыт көлемін берді. 5 жыл өтті,
қазақстандық инспекторлар мен Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация
Комитетінің болжамы бойынша еліміздің азаматтық авиациясы толыққанды орнына түсті.
Алайда 2014 жылғы тексеріс нәтижесі айтарлықтай үміттерді ақтамады. Бұл қорытындының
басты салдары инспекторлардың тиісті дәрежедегі жұмысының болмауы. Осыған
байланысты ИКАО инспекторлары Азаматтық авиация Комитетіне бұл жағдайды дұрыстау
үшін келесідей ұсыныстар жасады:
- түрлі техникалық мамандықтар бойынша мамандандырылған әрі құзіретті
инспекторлар санын жеткілікті түрде жинау;
- ұшу-ұшып келу жолағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелерін бекіту және
аэродромдардың сертификатталған операторлары үшін заңи күші бар актілерді бекіту;
- авиациялық инспекторлар құзіретінің айқын шекарасын анықтау;
- экзаменаторлардың біліктілігі мен шеберлігін көтермелеудің жүйесін құру;
- авиациялық оқу ордаларындағы оқытушылардың мамандандығы мен біліктілігін
қамтамасыз ету жүйесін енгізу;
- құжаттамалық қағаздарды бақылауға алу және т.б.
Ағымдағы жылдың жаз айларына таяған уақытта авиациялық биліктер жасалған
жұмыстар жөнінде есеп беруі жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасындағы азаматтық авиация аясында бірыңғай оператор –
басқарушы компания құрылатындығы жайлы алғаш рет ҚР-ның премьер-министрі 2013
жылдың көктемінде хабарлаған болатын. Айта кетерлігі, 2014 жылдың 26 шілдесіне дейін
Азаматтық авиация саласындағы құзіретті орган ретінде ҚР-ның көлік және ақпарат
минстрлігі танылған, кейіннен Инвестиция және Даму министрлігіне ауысып кетті.
Осылайша, бұрынғы атымен көлік және ақпарат министрі Аскар Жумагалиевтің пресс-
қызметінің мәлімдеу бойынша: «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, қазіргі таңда
барлық мемлекеттік әуежайларды нығайтатын және халықаралық стандарттарды енгізумен
қатар, қызмет көрсетудің сапасын көтеретін бірыңғай оператор – басқарушы компания
құрылып жатыр». Ақпарат қызметінің мәлімдеуі бойынша ҚР премьер-министрі ұшулардың
қауіпсіздігі мен әуежайлардың дамуы мәселелері қарастырылған жиналыс өткізілді. 2014
жылы Қазақстан Республикасындағы барлық аэропорттарын басқару бойынша бірыңғай
оператор құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы №
616 «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік
79
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» қаулысының негізінде,
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 4 наурыздағы №207 «Мемлекеттік меншіктің кейбір
мәселелері туралы» қаулысы жарыққа шыққан. Аэропорттарды басқару бойынша
бірыңғай операторды құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен, Ақмола, Солтүстік-
Қазақстан, Қостанай облыстарының және Астана қаласының коммуналдық
меншіктерінен, осы қаулы қосымшасында көрсетілген акционерлік қоғамдарды
республикалық меншікке алуға қаулы етеді
7
.
Қазіргі уақытта халықаралық стандарт талаптары негізінде әуе кеңістігінің құрылымы
мен бағыттар желісін қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешені белсенді іске асырылуда.
Қазақстанның аэронавигациялық жүйесін дамытуға бағытталған негізгі бағыттар
белгіленген: байланыс және қадағалау жүйелерін жаңарту; автоматтандырылған әуе
қозғалысын басқару орталықтарын құру; диспетчерлік құрам мен ұшуды радиотехникалық
қамтамасыз ету қызметінің мамандарын жоғары деңгейде даярлауды қамтамасыз ету.
Мысалы, 2014 жылы Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы әуе кемелерінің транзиттік
қозғалысы 164,5 млн. ұшақ-километрді құрады. Аэронавигациялық жүйені одан әрі дамыту:
1) ИКАО-ның перспективалы моделі негізінде болашақтағы аэронавигация жүйесінің
прототипі болып табылатын Қазақстанның аэронавигациялық жүйесінің ішкі жүйелерін
бірыңғай кешенге біріктіру; 2) Еуропа мен Америкада жедел қарқынмен дамып отырған
және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын ғарышта орналасатын
навигациялық жүйелер элементтерін енгізуді бастау және спутниктік навигацияға көшуді
қоса алғанда, неғұрлым алдыңғы қатарлы және перспективалық технологияларды енгізу
есебінен іске асырылады
8
.
Жоғарыдағыларды ескере келе, халықаралық әуе қатынастарының ілгері дамуы үшін
азаматтық әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын құқықтық реттеу шараларын
халықаралық ұйымдар құзіретіне ғана емес, сонымен қатар отандық құқықтық реттеу
объектісіне айналдыру қажет, яғни «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану
және авиация қызметі туралы» ұлттық заңнамасында Халықаралық азаматтық авиация
ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ азаматтық
авиация саласындағы басқа да халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын барынша
кең көлемде енгізу керек. Мәселен, заңның 10-2-бабы бойынша Ұшу қауіпсіздігі мен
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын
қызметте әуе кемелерінің техникалық байқауын қадағалайтын қызмет түрін қосса болады.
Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік
талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу тәртібі туралы 11 бапта, авиация
инспекторыларымен қоса мемлекеттік құқық қорғау және апаттық қызметтер
органдарымен бірлесе қызмет ету, қадағалау жиілігі мен түрін көбейтуді қарастыру жөн
болар еді. 76-бапта Коммерциялық әуемен тасымалдау саласындағы негізгі ережелерді
толықтыру, рәсімдеу кезінде уақытты үнемдеу, тиімді қызмет көрсету мәселесіне мән беру
ұсынылады. Азаматтық авиация қызметімен байланысты міндетті сақтандыру туралы 87-
бапты, сақтандыру туралы заңдарының талаптары мен ратификациялаған халықаралық
шарттарға сәйкес ұлттық заңнамада нақты көрсету керек себебі, реттеуші шараларды жүзеге
асыру барысында мемлекет оларды алдын-ала болжауды үйренеді. Сонымен қатар,
аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуде, аэронавигациялық ақпаратты регламенттеу
және бақылау(АІRАС) жүйесінің мерзімінде аэронавигациялық ақпаратты жариялауды және
таратуды тиімді орындау, бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер ұсынған
аэронавигациялық деректерді сақтау, аэронавигациялық деректердің сапасына рұқсат беру
дәрежесімен аэронавигациялық деректерді өндеу үшін мамандар мен арнайы техникалық
құралдарды толықтырып, сапалы қамтамасыз ету, апаттық жағдайларда адам шығының
азайту үшін мемлекеттік арнайы органдармен аэронавигациялық ақпаратпен жедел бөлісу
қызметтерін жетілдіру керек. Азаматтық авиация жұмысының тиісті дәрежеде орындалуын
шетел инспекциясының тексеру мәселесі, бұл арада мемлекет ішіндегі инспекторлар
Достарыңызбен бөлісу: |